Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумағындағы әскери-көліктік міндеттілік қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 31 тамыздағы № 155 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 31 тамызда № 33362 болып тіркелді

      "Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 7-1-бабының 8-3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрілгі туралы Ереженің 15-тармағының 264-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумағындағы әскери-көліктік міндеттілік қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Жұмылдыру дайындығы департаменті белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Әділет министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Бас прокуратурасы


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ғылым және жоғары білім министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Еңбек және халықты әлеуметтік

      қорғау министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Жоғарғы Соты


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Жоғары аудиторлық палатасы


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы нарығын реттеу

      және дамыту агенттігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржылық мониторинг агенттігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қорғаныс министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мәдениет және спорт министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Мемлекеттік күзет қызметі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік қызмет істері агенттігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Оқу-ағарту министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Президентінің Іс басқармасы


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикаcы

      Сауда және интеграция министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау

      және реформалар агенттігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сыбайлас жемқорлыққа

      қарсы іс-қимыл агенттігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Сыртқы істер министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикаcы

      Төтенше жағдайлар министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық Банкі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикаcы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикаcы

      Ішкі істер министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Экология және табиғи

      ресурстар министрлігі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 31 тамыздағы
№ 155 Бұйрығымен
бекітілген

Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының аумағындағы әскери-көліктік міндеттілік қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң ) 7-1-бабының 8-3) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрілгі туралы Ереженің 15-тармағының 264-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдарын есепке алу, алдын ала дайындау және беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік органдарына көлікпен қызметтер көрсету жөніндегі іс-шаралар кешенін дәйекті орындау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) әкімшілік-аумақтық бірліктің жұмылдыру жоспары (бұдан әрі – жұмылдыру жоспары) – жұмылдыру тапсырмасын орындау үшін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) әкімдіктерінің іс-шараларды жүзеге асыруының мазмұнын, көлемін, тәртібі мен мерзімдерін айқындайтын құжаттар жиынтығы;

      2) әскери-көліктік міндеттілік – жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдарын есепке алу, алдын ала дайындау және беру, сондай-ақ көлік қызметтерін көрсету жөніндегі міндеттерді шешуге бағытталған іс-шаралар кешені;

      3) жұмылдыру тапсырмасын бөлу есебі (алып қою лимиті) – тиісті жергілікті атқарушы органның қаулысымен бекітілетін жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында заңды және жеке тұлғалардың Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға, арнаулы мемлекеттік органдарға беруге жататын көлік құралының нақты саны.

      3. Әскери-көліктік міндеттілік Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын, арнаулы мемлекеттік органдарын жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында көлік құралдарымен, оның ішінде мотоциклдермен, тракторлармен, тіркемелермен, жол-құрылыс және көтергіш-көлік машиналарымен және механизмдермен (бұдан әрі – көлік құралдары), сондай-ақ жегілетін және жүк артатын көлікпен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының аумағында белгіленеді. Жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдары Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға, арнаулы мемлекеттік органдарға әскери үлгідегі дара машиналар, партиялар мен автомобиль колонналары құрамында беріледі.

      4. Заңның 14-бабының 2) тармағында көзделген әскери-көліктік міндеттілік Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, көлік құралдары бар ұйымдар мен азаматтарға, сондай-ақ көлік құралдарының жұмысын қамтамасыз ететін өзге де ұйымдарға қолданылады.

      Әскери-көліктік міндеттілік шет мемлекеттердің дипломатиялық өкілдіктері мен консулдық мекемелеріне, артықшылықтары мен иммунитеттері бар шетелдік және халықаралық ұйымдарға, сондай-ақ шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдарға қолданылмайды.

      5. Осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша көлік құралдары Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік органдарына берілмейді.

2-тарау. Қазақстан Республикасы аумағында әскери-көліктік міндеттілікті атқару

      6. Әскери-көліктік міндеттілікті жеке және заңды тұлғалар:

      1) жұмылдыру, соғыс жағдайы және соғыс уақыты жарияланғанға дейін Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік органдарына беруге арналған көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу, тіркеуден шығару, қайта тіркеу, техникалық пайдалану және көліктік бақылау жөніндегі іс-шараларды жүргізу арқылы;

      2) жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік органдарына жұмылдыру тапсырыстарына сәйкес техникалық жарамды және жүргізуші және шанц құралымен жасақталған көлік құралдарын беру жолымен атқарады.

      7. Әуе, теміржол, теңіз, ішкі су көлігін, спорттық кемелерді, жеңіл автомобильдерді (жүріп өту мүмкіндігі жоғары автомобильдерден басқа) және мотороллерлерді қоспағанда, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді және олардың техникалық байқаудан өтуін есепке алуды жүргізетін уәкілетті органдар жүзеге асыратын мемлекеттік тіркеуді, тіркеуден шығаруды және қайта тіркеуді, сондай-ақ техникалық байқаудан өткізуді орталық атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігін хабардар ете отырып, ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылы арқылы жүргізеді.

      Ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылы болмаған кезде көлік құралдарын мемлекеттік тіркеуді және техникалық байқаудан өтуді есепке алуды жүзеге асыратын уәкілетті органдар жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдарын тіркеу туралы мәліметтерді, сондай-ақ техникалық байқаудан өтуі туралы мәліметтерді осы Қағидаларға 2 және 3-қосымшаларға сәйкес нысандар бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның) жергілікті әскери басқару органдарына жолдайды.

      8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік органдарына заңды тұлғалардың теңгеріміндегі көлік құралы санының жартысынан аспайтын (екі және одан да көп көлік құралы бар болған жағдайда) немесе жеке және заңды тұлғаның көлік құралының бір бірлігі (тек бір көлік құралы бар болған жағдайда) беруге жатады.

      9. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік органдарына берілетін көлік құралының түрлері мен саны:

      1) Қазақстан Республикасының жұмылдыру жоспарында;

      2) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумағында аудандар (облыстық маңызы бар қалалар, қалалардағы аудандар) бойынша тиісті жергілікті атқарушы органның қаулысымен бекітілетін көлік құралдарын жұмылдыру тапсырысын (алып қою лимитін) бөлу есебімен;

      3) "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабына сәйкес аумақтық-салалық қағидат бойынша азаматтық қорғаныс жоспарларын ескере отырып, тиісті жергілікті атқарушы органның қаулысымен бекітілетін көлік құралдарының иелері бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның) аумағында көлік құралдарының жұмылдыру тапсырысын бөлу есебімен айқындалады.

      10. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік органдарына көлік құралдарын беру үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) осы Қағидалардың 9-тармағының 3) тармақшасында көзделген жағдайда тиісті жергілікті атқарушы органның қаулысы негізінде бір тараптан жергілікті атқарушы орган және екінші тараптан жұмылдыру тапсырысын орындаушы (бұдан әрі – орындаушы) арасында жасалған жұмылдыру тапсырысын орындауға арналған шарт;

      2) жергілікті әскери басқару органдары жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында орындаушыға табыс етілетін аудан (облыстық маңызы бар қала, қаладағы аудан) әкімінің көлік құралдарын беруге арналған өкімі (бұдан әрі ‒ әкімнің өкімі).

      Бейбіт уақытта жеке тұлғалармен көлік құралдарын беруге шарт жасалмайды.

      11. Жұмылдыру тапсырмасын және көлік құралдарына тапсырысты бөлу есебін ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның) жергілікті әскери басқару органдары әзірлейді.

      Жұмылдыру тапсырысын бөлу есептерін әзірлеу кезінде көлік құралдарының талап етілетін түрлері болмаған жағдайда оларды ауыстыру жүргізіледі.

      12. Жұмылдыру тапсырыстарын орындауға шарттар жасасу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      Жұмылдыру тапсырысын орындауға арналған шартқа қосымша осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.

      Жұмылдыру тапсырыстарын орындауға арналған шарттарды нақтылау жарты жылда кемінде бір рет жүргізіледі.

      13. Көлік саласындағы уәкілетті орган, бір тараптан, және екінші тараптан орындаушы арасында жұмылдыру тапсырысын орындауға жасалған шарттар негізінде әуе, теміржол, теңіз және ішкі су көлігі, сондай-ақ оның жұмысын қамтамасыз ететін мүлік уақытша пайдалануға беріледі.

      14. Көлік инфрақұрылымының объектілерін, сондай-ақ олардың жұмысын қамтамасыз ететін мүлікті жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары, арнаулы мемлекеттік органдары олардың иелерімен бірлесіп пайдаланады.

      15. Автомобиль, жегілетін және жүк артатын көлікті, оның ішінде мотоциклдерді, тракторларды, тіркемелерді, жол-құрылыс және көтергіш-көлік машиналары мен механизмдерді, сондай-ақ олардың жұмысын қамтамасыз ететін мүлікті Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік органдарына жергілікті атқарушы органдар ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы ауданның) жергілікті әскери басқару органы арқылы береді.

      16. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік органдарына беруге арналған көлік құралдарын дайындауды орындаушылар (көлік құралдарының иелері) жүзеге асырады, олар мынаны қамтамасыз етеді:

      1) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік органдарына беруге арналған көлік құралдарын техникалық ақаусыз және жасақталған күйде ұстау;

      2) қолданыстағы заңнамаға сәйкес көлік құралдарының міндетті техникалық қарап тексеруден өтуі;

      3) көлік құралдарын есепке алу және техникалық бақылау жөніндегі техникалық және өзге де құжаттаманы жүргізу.

      17. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік органдарына беруге арналған көлік құралдарына қару-жарақ орнатуды және қажетті қосымша жабдықтауды мемлекеттік органдардың жинақталатын құрылымдық бөлімшелері, әскери бөлімдері (мекемелері) оларды қабылдағаннан кейін жүргізеді.

      18. Аудан (облыстық маңызы бар қала, қаладағы аудан) әкімінің көлік құралдарын беруге арналған өкімдерін ауданның (облыстық маңызы бар қала, қаладағы аудан) жергілікті әскери басқару органдары осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша әзірлейді.

      19. Жұмылдыру, әскери жағдай кезеңінде және соғыс уақытында әкімнің өкімін алған кезде көлік құралдарының иелері жергілікті әскери басқару органдарына жүргізуші және шанц құралдарымен жабдықталған, техникалық паспорттары бар (көлік құралын жасап шығарушы зауыттың пайдалану нұсқаулығына сәйкес арнайы бөлшекке арналған формулярлары бар) және межелі жерге дейін жол жүру есебінен жанармай құйылған техникалық ақаусыз көлік құралдарын береді.

      20. Арнаулы автомобильдер мен жылжымалы жөндеу шеберханалары тиісті жабдығымен, құрылғыларымен және құралымен, ал жеке құрамды тасымалдауға арналған жүк автомобильдері отырғыштарымен және оларды бекіту үшін металл бөлшектерімен, сондай-ақ сатылар мен ұзын жима сатылармен бірге беріледі.

      21. Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік органдарына беруге жоспарланатын көлік құралдарын толық жинақтауға арналған қосалқы бөлшектер мен керек-жарақтарды, арнайы жабдықты жинақтауды, ұстауды осы көлік құралдарын беру жоспарланған әскери бөлімдер (мекемелер) жүзеге асырады.

      22. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік органдарына беруге арналған көлік құралдарын дайындауды бақылау Заңның 19-1 және 19-2 баптарына сәйкес жүзеге асырылады.

  Жұмылдыру, соғыс жағдайы
кезеңінде және соғыс уақытында
Қазақстан Республикасының
аумағындағы әскери-көліктік
міндеттілік қағидаларына
1-қосымша

Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарына, арнаулы мемлекеттік органдарына беруге жатпайтын көлік құралдарының
тізбесі

      1. Пошта көлік құралдары

      2. Инкассаторлық көлік құралдары

      3. Ветеринариялық көмек көлік құралдары

      4. Сүт тасымалдауға арналған мамандандырылған көлік құралдары

      5. Трамвай-троллейбус шаруашылықтарының қалалық электр көлігі және техникалық көмек көлік құралдары

      6. Зауыт ішіндегі көлік құралдары

      _____________________

  Жұмылдыру, соғыс жағдайы
кезеңінде және соғыс уақытында
Қазақстан Республикасының
аумағындағы әскери-көліктік
міндеттілік қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдарын тіркеу туралы мәліметтер

      (20__жылғы "__" ________ жағдай бойынша)

р/с

Мемлекеттік органның атауы

Заңды тұлғаның (жеке тұлғаның (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) атауы

Заңды мекенжайы, телефоны

Тіркеу күні мен орны

Көлік құралының түрі

1

2

3

4

5

6

Көлік құралының маркасы

Шығарылған жылы

Мемлекеттік (тіркеу) нөмірі

Рұқсат етілген жүк көтергіштігі (килограмм)

7

8

9

10

      _____________________

  Жұмылдыру, соғыс жағдайы
кезеңінде және соғыс уақытында
Қазақстан Республикасының
аумағындағы әскери-көліктік
міндеттілік қағидаларына
3-қосымша

      Нысан

Жеке және заңды тұлғалардың көлік құралдарының мемлекеттік техникалық қарап тексеруден өтуі туралы мәліметтер

      (20 __ жылғы "__" ________ жағдай бойынша)

р/с

Мемлекеттік органның атауы

Заңды тұлғаның (жеке тұлғаның (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) атауы

Заңды мекенжайы, телефоны, факс

Басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Көлік құралының түрі

1

2

3

4

5

6

Көлік құралының маркасы

Шығарылған жылы

Мемлекеттік (тіркеу) нөмірі

Шанақ нөмірі

7

8

9

10

Техникалық паспорттың нөмірі, қашан және кім берді

Техникалық қарап тексеруден (куәландырудан) өтуі туралы белгілер

Жол жүрісі

Күні

Нәтиже
(түзетілді, түзетілмеді)

11

12

13

14

      _____________________

  Жұмылдыру, соғыс жағдайы
кезеңінде және соғыс уақытында
Қазақстан Республикасының
аумағындағы әскери-көліктік
міндеттілік қағидаларына
4-қосымша

      Нысан

      __________ шартқа
қосымша

      Жұмылдыру жарияланғаннан немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың, қаладағы аудан) жергілікті әскери басқару органының басшысынан өкім алғаннан бастап көлік құралдарын көрсетілген мекенжайға және мерзімінде қою

      Үлгі:

Партия нөмірлері

Көлік құралдары қандай мерзімнен кешіктірілмей қабылданады

Межелі орны және кімнің иелігіне беріледі

Көлік құралдарының түрлері мен маркалары бойынша атауы

Көлік құралдарының саны

жүргізуші, шанц құралы және жанармай құю жабдығы жиынтықтарының саны

жеткізуге тиіс

кабылданатын болады

оның ішінде жеке құрамды
тасымалдауға

1

2

3

4

5

6

7

8

Партия -760

Жұмылдыру жарияланған сәттен бастап 12 сағаттан кешіктірмей

Көлік құралдарын алдын ала жинау пункті
Абай қаласы, Капцевич көшесі, 243

Жол-құрылыс техникасы:
Бульдозер
Ер-тоқым:
Жүк көлігі
(20 тоннаға дейін)
Ауыр жүк көлігінің тіркемесі
Ауыр жүк көлігінің тіркемесі:

 
1
1
1

 
1
1


 
1
1

Көлік құралдары жеткізілгеннен кейін иесіне қайтарылуы тиіс

Партия –"ФТО"

Қосымша өкім бойынша

Көлік құралдарын алдын ала жинау пункті
Абай қаласы, Капцевич көшесі, 243

Бензин сорғысы
Тара:
Бөшкелер 200 литр
Бидон 20 литр

1
6
2

1
6
2


-
-
-

Партия- "ДДҰ ерекше резерві"

Қосымша өкім бойынша

Көлік құралдарын алдын ала жинау пункті
Абай қаласы, Капцевич көшесі, 243

Арнайы:
Бензин таситын көлік
(кемінде 3,5 текше метр)
Автобус
(кемінде 35 орындық)

2
3

1
2


1
2

Партия – "Лимит қалдығы"

Партия – "Лимит қалдығы"

Көлік құралдарын алдын ала жинау пункті
Абай қаласы, Капцевич көшесі, 243

Арнайы:
Техникалық қызмет көрсету машинасы

1

1


1

Партия -988

Жұмылдыру жарияланған сәттен бастап 18 сағаттан кешіктірмей

Қорғаныс істері басқармасы
Абай қаласы, Капцевич көшесі, 243

Автобус:
(кемінде 35 орындық)

3

2

2

2

      Осы қосымша ________ жылғы_________ шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

      _____________________

  Жұмылдыру, соғыс жағдайы
кезеңінде және соғыс уақытында
Қазақстан Республикасының
аумағындағы әскери-көліктік
міндеттілік қағидаларына
5-қосымша

      Нысан

Аудан (облыстық маңызы бар қала, қаладағы аудан) әкімінің көлік құралдарын жеткізуге өкімі

Партия № ______________

Учаске № _______________
Маршрут № _______________

Қорғаныс істері жөніндегі
басқарманың (бөлімнің)
мөртаңбасы

Кімге: _____________________________________________
(орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (заңды тұлғаның атауы))


Мекенжайы: _________________________________________ Телефоны: __________________________________________

      1. ______ жылғы ________ Шартқа сәйкес Сіз өкімді алған сәттен бастап сағат _____ мекенжайы бойынша _________ (жазбаша) _____________ төмендегі көлік құралдарын жеткізуге тиіссіз:

      Үлгі:

Түрлері мен маркалары бойынша көлік құралдарының атауы

Көлік құралдарының саны

Жүргізуші, шанц құралы мен жанармай құю жабдығы жиынтықтарының саны

Белгілер үшін

беруге жатады

қабылданады

оның ішінде жеке құрамды тасымалдауға

1

2

3

4

5

6

Жол-құрылыс техникасы:
Бульдозер
Ершікті тартқыш:
Ауыр жүк таситын тіркеме
20 тонналық және одан жоғары:

 
1
1

 
1
1

 
-
-

 
1
1


1

Жол-құрылыс техникасы жеткізілгеннен кейін иесіне қайтарылуға тиіс

      2. Егер көлік құралдарын көрсетілген мекенжай бойынша жеткізу мүмкін болмаса, онда олар мынадай мекенжай бойынша жеткізілуі тиіс: __________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (көлік құралдары жеткізілетін екінші мекенжай толық жазылуы тиіс)

Әкімдіктің
мөр орны

Әкім: _____________________________________________
(қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

Жергілікті әскери басқару органдары мөр орны

Қорғаныс істері жөніндегі басқарманың (бөлім) бастығы
__________________________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

20__ жылғы "___" __________
_________


      _______________________________________ Кесу сызығы _____________________________

Қолхат

Партия № ________

______________________________________________________________________
(орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (заңды тұлғаның атауы)

      Көлік құралдарын беру туралы өкімді 20__ жылғы "___" _________ сағат ______

      алдым ________________________________________________________________

      (қолы, тегі аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

      _____________________