"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2023 жылғы 17 тамыздағы № 144 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 24 тамызда № 33324 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерін және Аударымдардың, жарналардың және (немесе) аударымдарды және (немесе) жарналарды уақтылы және (немесе) толық төлемегені үшін өсімпұлдың артық (қате) есепке жатқызылған сомаларын төлеушілерге қайтаруды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 478 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №15361 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеу (ұстап қалу) және аудару қағидалары мен мерзімдерінде:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;

      2) аударымдар – жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төлейтін, өздеріне аударымдар төлеу жүзеге асырылған медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі медициналық көмекті алу құқығын беретін ақша;

      3) аударымдарды және (немесе) жарналарды төлеушілер (бұдан әрі – төлеушілер) – Заңда белгіленген тәртіппен аударымдарды және (немесе) жарналарды есептеуді, ұстап қалуды, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударуды, төлеуді жүзеге асыратын тұлғалар;

      4) әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры (бұдан әрі – қор) – аударымдар мен жарналарды шоғырландыруды жүргізетін, сондай-ақ медициналық көмек көрсететін денсаулық сақтау субъектілерінің көрсетілетін қызметтерін медициналық көрсетілетін қызметтерді сатып алу шартында көзделген көлемдерде және талаптармен сатып алуды және оларға ақы төлеуді және Қазақстан Республикасының заңдарында айқындалған өзге де функцияларды жүзеге асыратын коммерциялық емес ұйым;

      5) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) - Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтау, медицина және фармацевтика ғылымы, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы, медициналық қызметтер (көмек) көрсетудің сапасы саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      6) жарналар – осы Қағидалардың 3-тармағында көрсетілген жарналарды төлеушілер қорға төлейтін және медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға МӘМС жүйесіндегі медициналық көмекті алу құқығын беретін ақша;

      7) жеке көмекші – қозғалуы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамды алып жүру және объектілерге барған кезде көмек көрсету бойынша қызметтер көрсететін адам;

      8) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (бұдан әрі – МӘМС) – әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының активтері есебінен медициналық көрсетілетін қызметтерді тұтынушыларға медициналық көмек көрсету жөніндегі құқықтық, экономикалық және ұйымдастырушылық шаралар кешені;

      9) міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (бұдан әрі – МӘМС жүйесі) – МӘМС жүйесіне қатысушылар арасындағы қатынастарды реттейтін, мемлекет белгілейтін нормалар мен қағидалардың жиынтығы;

      10) жұмыс істемейтін адам (осы Қағидаларға қолданылады) – кәсіпкерлік қызметті, оның ішінде еңбек қызметін жүзеге асырмайтын және табысы жоқ адам;

      11) жеке практикамен айналысатын адам – жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, кәсіби медиатор.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. МӘМС-ге жарналарды төлеушілер:

      1) мемлекет;

      2) жұмыскерлер, әскери қызметшілерді, құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлерін қоспағанда, жұмыскерлер, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілер;

      2-1) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Салық кодексі) 776-3-бабында белгіленген арнайы салық режимдерін қолданатын және бірыңғай төлем шеңберінде қорға жарналар төлеуді жүзеге асыратын микро және шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметкерлері болып табылатын тұлғалар;

      3) дара кәсіпкерлер;

      4) жеке практикамен айналысатын адамдар;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес салық агентімен жасалған азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар (бұдан әрі – азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалар);

      6) мыналарды:

      осы тармақтың 2), 5) және 7) тармақшаларында;

      Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрғандардан немесе әрекетсіз деп танылғандардан басқа, осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) тармақшасында;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге тұрақты тұруға кеткен Қазақстан Республикасының азаматтарын және Қазақстан Республикасында өздері үшін аударымдар және (немесе) жарналар төлеу жүзеге асырылатын азаматтарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салықтық есептілікті ұсынуды тоқтата тұрғандардан, сондай-ақ Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен азаматтарынан басқа (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен азаматтар), осы тармақтың 4) тармақшасында көрестілген, жарналарды дербес төлейтін адамдар, оның ішінде Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге кеткен Қазақстан Республикасының азаматтары;

      7) Салық кодексінің 774-бабына сәйкес бірыңғай жиынтық төлемді төлеушілер болып табылатын жеке тұлғалар;

      8) жеке көмекшілер.";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Жұмыс беруші жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің аударымдарын және (немесе) жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) ай сайын жүзеге асырады.

      Қорға төлеуге жататын жұмыс берушілердің аударымдары Заңның 27-бабының 1 және 1-1 тармақтарына сәйкес есептеледі.

      Жұмыскерлердің, оның ішінде мемлекеттік және азаматтық қызметшілердің, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кіріс алатын жеке тұлғалардың, жеке көмекшілердің қорға төлеуге жататын жарналары Заңның 28-бабының 1 және 1-1-тармақтарына сәйкес есептеледі.

      Жұмыс беруші жұмыскерге тиісті кезең үшін тиесілі жалақының құрамдас бөліктері туралы ай сайын хабарлаған кезде Қорға есептелген (ұстап қалған) аударымдар және (немесе) жарналар туралы мәліметтерді ұсынады.";

      мынадай мазмұндағы 20-1 тармақпен толықтырылсын:

      "20-1. Жеке көмекшілердің жарналарын есептеуді (ұстап қалуды) және аударуды жергілікті атқарушы органдар немесе өзге де заңды тұлғалар Салық кодексінің 319-бабы 2-тармағы 31) тармақшасының тоғызыншы абзацына сәйкес материалдық игіліктерді төлеген кезде жүзеге асырады.

      Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке көмекшінің жарналары Заңның 28-бабының 1-тармағына сәйкес осы шарттар бойынша есептелген барлық кірістерден есептеледі (ұсталады).

      Бұл ретте, жарналарды есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табыс республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген ең төменгі жалақының он еселенген мөлшерінен аспайды.";

      мынадай мазмұндағы 25-1 тармақпен толықтырылсын:

      "25-1. Азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке көмекшілердің жарналарын аударуды осындай шарттар жасалған заңды тұлғалар ай сайын Мемлекеттік корпорация арқылы қордың шотына жүзеге асырады.".

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды үйлестіру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрінің м.а. Т. Султангазиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ақпарат және қоғамдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі