Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 14 тамыздағы № 149 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 18 тамызда № 33305 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді және оны Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
А. Куантыров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мәдениет және спорт министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 14 тамыздағы
№ 149 Бұйрықпен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын және Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы № 17 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10111 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Қағидалар "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 75-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқаруға беру, оның ішінде тендер өткізу, сенімгерлік басқарушылармен шарттар жасасу тәртібін айқындайды.

      Осы Қағидалардың ережелері Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери мүлкін және пайдаланылмайтын әскери мүлкін, мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын, тарих және мәдениет ескерткіштері мен су шаруашылығы құрылысжайларын сенімгерлік басқаруға беруге байланысты құқықтық қатынастарға қолданылмайды.";

      2-тармақтың 10) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) объект – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери мүлкін және пайдаланылмайтын әскери мүлкін, мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын, тарих және мәдениет ескерткіштері мен су шаруашылығы құрылысжайларын қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорынның мүліктік кешені, бағалы қағаздар, жарғылық капиталға қатысу үлестері, жылжымайтын мүлік, мемлекетке тиесілі ақша, сондай-ақ өзге мемлекеттік мүлік;";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Тізілімнің веб-порталындағы тендер немесе жабық тендер демалыс және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабында көзделген мереке күндерін қоспағанда, сейсенбіден бастап жұма аралығында өткізіледі. Тендер Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-де басталып, 13:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі де, тендер өткізілген күні аяқталады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқарудың үлгілік шарты:

      10.6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10.6. Осы Шарт Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан бірдей заңды күші бар қазақ және орыс тілдерінде 2 (екі) данада жасалды.".

      2. "Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 212 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10467 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 74-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Мемлекеттік мүлікті мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 74-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру тәртібін айқындайды.

      Осы Қағидалардың ережелері Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бекітіп берілген жер учаскелерін, тұрғын үй қорын және мүлікті, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери мүлкін және пайдаланылмайтын әскери мүлкін, мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын, тарих және мәдениет ескерткіштері мен су шаруашылығы құрылысжайларын мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беруге байланысты құқықтық қатынастарға қолданылмайды.";

      2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6) мүліктік жалдау (жалға алу) объектісі (бұдан әрі – объект) – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бекітіп берілген жер учаскелерін, тұрғын үй қорын және мүлікті, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери мүлкін және пайдаланылмайтын әскери мүлкін, мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын, тарих және мәдениет ескерткіштері мен су шаруашылығы құрылысжайларын қоспағанда, мемлекеттік меншіктегі жылжымалы және жылжымайтын мүлік (заттар).

      Ақша, бағалы қағаздар және мемлекеттің мүліктік құқықтары мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) беру шартының объектісі (нысанасы) болып табылмайды;";

      2-тармақтың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11) Ұлттық пошта операторы – "Пошта туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген міндеттемелер жүктелген, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған, пошта саласындағы уәкілетті орган айқындайтын пошта операторы;";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Заңның 74-бабының 3-тармағына сәйкес мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын қоспағанда, республикалық мүлiктi мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) мемлекеттiк мүлiкті басқару жөнiндегi уәкiлеттi орган (республикалық мүлiктi жалдауға берушi (жалға берушi) бередi.

      Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының дене шынықтыру-сауықтыру және спорт құрылысжайларын қоспағанда, коммуналдық мүлiктi мүлiктiк жалдауға (жалға алуға) жергiлiктi атқарушы орган немесе жергілікті қоғамдастық жиналысымен келісу бойынша аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты (коммуналдық мүлiктi жалдауға берушi (жалға берушi) бередi.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері басқаруына берілген аудандық коммуналдық мүлікті жеке тұлғаларға және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға кейіннен сатып алу құқығынсыз мүліктік жалға (жалдауға) береді.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Тізілім веб-порталындағы тендер демалыс және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген мереке күндерін қоспағанда, сейсенбіден бастап жұма аралығында өтеді. Тендер Астана қаласының уақыты бойынша сағат 10:00-де басталып, 13:00-ге дейінгі кезеңде өткізіледі де, тендер өткізілген күні аяқталады.";

      5-қосымша Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтарының осы тізбесіне қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      3. "Ақпараттық құралдар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2018 жылғы 28 желтоқсандағы № 107 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18117 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 85-бабы 2-тармағының 13-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
2023 жылғы 14 тамыздағы
№ 149 Бұйрыққа
қосымша
  Мемлекеттік мүлікті мүлiктiк
жалдауға (жалға алуға)
беру қағидаларына
5-қосымша

Тұрғын емес үй-жайдың құрылыс типі, түрі, қолайлылық дәрежесі, аумақтық орналасуы, жалдаушы қызметінің түрі, жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысаны ескеріле отырып қолданылатын коэффициенттердің базалық мөлшерлемесі мен мөлшері

Базалық мөлшерлеме


Әкімшілік-аумақтық бірлік

Базалық мөлшерлеменің мөлшері

1

Астана және Алматы қалалары

Тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген 2,5 айлық есептік көрсеткіш

2

ауыл, кент, ауылдық округ, қаладағы аудан, қала, аудан, облыс

Тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген 1,5 айлық есептік көрсеткіш

Коэффициенттер түрі

Коэффициент мөлшері

1

Құрылыс типін ескеретін коэффициент (Кт):


1.1 кеңселік

1

1.2 өндірістік

0,8

1.3 қойма, гараж, қазандық

0,6

1.4 спорт құрылысжайлары (стадиондар, спорт залдары, спорт алаңдары)

0,7

1.5. басқа құрылысжайлар (ғимараттар)

0,9

2

Тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент (Кк)


2.1 жеке тұрған құрылыс

1

2.2 жапсарлас-жанаса салынған бөлігі

0,9

2.3 астыңғы (жартылай жертөле) бөлігі

0,7

2.4 жертөле бөлігі

0,6

2.5 басқа (шатыр, шатырдың іші, тамбур, мансард, лоджия, ашық спорт құрылысжайлары және басқа)

0,7

3

Қолайлылық дәрежесін ескеретін коэффициент (Кск)


3.1 барлық инженерлік-техникалық құрылғылары бар (электр энергиясы, кәріз, сумен жабдықтау, жылу) үй-жайлар үшін коммуникациялардың қандай да бір түрлері жоқ болса, әрбір түр үшін 0,1-ге азаяды

1,0

4

Аумақтық орналасуы ескерілетін коэффициент (Кр):


4.1 Астана және Алматы қалалары үшін

республикалық мүлік үшін – 3;
коммуналдық мүлік үшін – 2

4.2 облыстың және Шымкент, Байқоңыр қалаларының әкімшілік орталығы үшін

2

4.3 облыстық маңызы бар қалалар үшін

1,5

4.4 аудан орталықтары үшін

1

4.5 кент, ауыл

0,5

5

Жалдаушы қызметінің түрін ескеретін коэффициент (Квд):


5.1 банктердің, Ұлттық пошта операторының есеп айырысу-кассалық орталықтары үшін, банкоматтар, төлем терминалдары (мультикассалар) үшін (кіруге шектеу қойылатын мемлекеттік заңды тұлғалардың ғимараттарында 0,5-ке төмендету коэффициенті қолданылады)

2,5

5.2 брокерлік қызмет және кеден қызметтерін көрсету, айырбастау пункттері және қызметі бағалы қағаздар нарығымен байланысты ұйымдар, сақтандыру, инвестициялық компаниялар, нотариат кеңселері, адвокаттық кеңселер үшін

3,0

5.3 сауда, қонақүй қызметтерін, сауда автоматтарын ұйымдастыру үшін

2,5

5.4 қылмыстық-атқарушылық жүйе ғимараттарында және оқу орындарының жатақханаларында сауда ұйымдастыру үшін

1,9

5.5 қоғамдық тамақтануды ұйымдастыру үшін (асхана, буфет)

1,5

5.6 ғылым және жоғары білім беру,
орта және қосымша білім беру, мектепке дейінгі білім беру салаларында көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыру үшін

1,1 0,9
0,8

5.7 денсаулық сақтау, мәдениет және спорт салаларында көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыру

1,0

5.8 ұялы байланыс, интернет желісі саласында көрсетілетін қызметтерді ұйымдастыру (телекоммуникация жабдықтарын орналастыру және басқа)

5,0

5.9 өткізу жүйесі бар (қолжетімділігі шектеулі) мемлекеттік заңды тұлғалардың ғимараттарында қызметкерлердің тамақтануын ұйымдастыру, тұрмыстық қызметтер көрсету

0,5

5.10 оқу орындарында (мектептерде, гимназияларда, лицейлерде, колледждерде және спорт мектептерінде) және оқу орындарының жатақханаларында қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастыру (асхана, буфет) үшін

0,5

5.11. 5.1-5.10-тармақтарда көрсетілген қызмет түрлерін қоспағанда, өзге қызмет түрлері үшін

1,9

6

Жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысанын ескеретін коэффициент (Копф):


6.1 делдалдық сауда қызметін қоспағанда, өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсету саласын дамыту үшін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне

0,9

6.2 мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер) үшін

0,8

6.3 қайырымдылық және қоғамдық бірлестіктер, коммерциялық емес ұйымдар үшін

0,5

6.4 қалғандары үшін

1,0