"Есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және өндірушінің және (немесе) импорттаушының алкоголь өнiмiн өндіру және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесi

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 11 тамыздағы № 854 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 14 тамызда № 33272 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және өндірушінің және (немесе) импорттаушының алкоголь өнiмiн өндіру және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну қағидаларын, сондай-ақ осындай мiндеттеменi есепке алу тәртiбi мен қамтамасыз ету мөлшерiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 8 ақпандағы № 144 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16437 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Есепке алу-бақылау маркаларын алу, есепке алу, сақтау, беру және өндірушінің және (немесе) импорттаушының алкоголь өнiмiн өндіру және (немесе) Қазақстан Республикасына импорттау кезiнде есепке алу-бақылау маркаларын нысаналы пайдалану туралы мiндеттемесiн, есебiн ұсыну қағидаларында:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. "Алкоголь өніміне (толысылған шарапты және сыра қайнату өнімдерін қоспағанда) есепке алу-бақылау маркаларын беру" мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жазылған.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. "Алкоголь өніміне ( толысылған шарапты және сыра қайнату өнімдерін қоспағанда) есепке алу-бақылау маркаларын беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі.";

      7-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Көрсетілетін қызметті алушылар "Есепке алу-бақылау маркаларын және "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының басқа баспа өнімдерін бақылау, есептеу және беру" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) арқылы көрсетілетін қызметті берушіге және мемлекеттік кірістер органына ЕБМ алу жүзеге асырылатын жаңа күнтізбелік жыл басталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен немесе ағымдағы жылдың екінші жартыжылдық басталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей:";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Көрсетілетін қызметті алушылар табыс еткен өндірістік өтінімдер және импорттық өтінімдер келесі күнтізбелік жылға көшірілмейді.";

      22-тармақтың бірінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің, сондай-ақ әлеуметтік төлемдердің сомасы толық төленбеген кезде, олар бойынша Салық кодексінің 114-бабы 2-тармағының 10) тармақшасында көзделген хабарлама жолданған салық есептілігінде бұзушылықтар анықталған, сондай-ақ Салық кодексінің 114-бабы 2-тармағының 5), 7), 12) және 13) тармақшаларында көзделген орындалмаған хабарламалар болған кезде келісуден бас тартады.";

      23-тармақтың екінші абзацына орыс тілінде өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;

      35-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "35. Егер алкоголь өнімдерін ЕБМ-мен таңбалау "Толысылған шарап (шарап материалын) және сыра қайнату өнімдерін қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ есепке алу-бақылау маркаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 018 жылғы 8 ақпандағы № 143 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16444 болып тіркелді) Толысылған шарап (шарап материалын) және сыра қайнату өнімдерін қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау маркаларымен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын бұза отырып жүргізілсе, ЕБМ мемлекеттік кірістер органына қайтарылуға жатады. Бұл ретте ЕБМ үшін төленген ақша қаражаты қайтарылмайды.";

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық Банкі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
2023 жылғы 11 тамыздағы
№ 854 бұйрығына
қосымша
  Есепке алу-бақылау маркаларын
алу, есепке алу, сақтау, беру
және өндірушінің және (немесе)
импорттаушының
Қазақстан Республикасына
алкоголь өнiмiн импорттау және
(немесе) өндіру кезiнде есепке
алу-бақылау маркаларын
нысаналы пайдалану туралы
мiндеттемесiн, есебiн
ұсыну қағидаларына
2-қосымша

"Алкоголь өніміне (толысылған шарапты және сыра қайнату өнімдерін қоспағанда) есепке алу-бақылау маркаларын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптардың тізбесі

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

"Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беруді "Есепке алу-бақылау маркаларын және "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы" республикалық мемлекеттік кәсіпорынының басқа баспа өнімдерін бақылау, есептеу және беру" ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырады.

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар топтамасын тапсырған сәттен бастап:
Қазақстан Республикасында өндірілетін алкоголь өнімін таңбалау үшін шарап материалы, сыра мен сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өніміне арналған есепке алу-бақылау маркаларына (бұдан әрі – ЕБМ) жапсырылған штрих-кодпен және есепке алу-бақылау маркаларын алуға өтінішке ЕБМ нөмірлерінің диапазондарын жалғауды жүзеге асырумен есепке алу-бақылау маркаларын алуға өтініштерді мемлекеттік кірістер органы растаған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде жүргізеді.
Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын алкоголь өнімін таңбалау үшін көрсетілетін қызметті алушыға ЕБМ беруді көрсетілген қызметті беруші ЕБМ жапсырылған штрих-кодпен және ЕБМ алуға арналған өтінішке ЕБМ нөмірлерінің диапазондарын байланыстыруды жүзеге асырумен ЕБМ алуға арналған өтініштерді мемлекеттік кірістер органы растаған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде жүргізеді.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде

5

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі ЕБМ жапсырылған штрих-кодпен және ЕБМ нөмірлерінің диапазондарын байланыстыруды жүзеге асыру ЕБМ беру болып табылады.

6

Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілген қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.

7

Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі

1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген;
2) ақпараттық жүйе – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) жаңа күнтізбелік жыл басталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей немесе ағымдағы жылдың екінші жартыжылдық басталғанға дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен кешіктірмей ақпараттық жүйесі арқылы:
осы Қағидаларға 3-қосымшаларға сәйкес нысана бойынша Қазақстан Республикасында өндірілетін алкоголь өніміне ЕБМ (бұдан әрі – өндірістік өтінім) дайындауға арналған өтінімді;
осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысандар бойынша Қазақстан Республикасының аумағына импортталатын алкоголь өніміне ЕБМ дайындауға арналған өтінімді (бұдан әрі – импортық өтінім);
2) сыртқы сауда шартының (келісімшарттың) көшірмесі;
3) осы осы Қағидаларға 5, 6 немесе 7-қосымшаларға сәйкес – ақпараттық жүйе арқылы алкоголь өніміне ЕБМ алу мақсатында;
4) өндіру және (немесе) импорттау кезінде:
осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттемені;
міндеттеменің орындалуын растайтын құжатты (төлем құжаты, банк кепілдігі, кепілгерлік шарты, мүлікті кепілге қою шарты) қосымша ұсынады.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін ЕБМ дайындағаны үшін төлемнің болмауы негіз болып табылады.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар

Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайы көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналастырылған – www.pbf.kz.
Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда мемлекеттік қызметтерді ақпараттық жүйе арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушы қашықтықтан қол жетімділік режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәртебесі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс-орталығы 1414, 8800080777 арқылы ала алады.