"Мемлекеттік меншіктегі спорт ғимараттарының қолжетімді болуын қамтамасыз ету" ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 шілдедегі № 258 бұйрығына өзгеріс енгізу

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 25 шiлдедегi № 195 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 26 шiлдеде № 33160 болып тіркелді

      БҰЙРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік меншіктегі спорт ғимараттарының қолжетімді болуын қамтамасыз ету" ең төмен әлеуметтік стандартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2015 жылғы 29 шілдедегі № 258 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11963 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      "Мемлекеттік меншіктегі спорт ғимараттарының қолжетімді болуын қамтамасыз ету" ең төмен әлеуметтік стандартында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Ең төмен әлеуметтік стандарттың нормалары мен нормативтері:

№ р/с

Норманың/ нормативтің атауы

Норманы/ нормативті реттейтін нормативтiк құқықтық акт

Норманың/нормативтің мөлшері

1

2

3

4

1.

Мүгедектігі бар адамдарға спорт ғимараттарына бара алуын қамтамасыз ету

Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексі,
"Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңы

Бюджет қаражаты есебінен

Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік

2.

Дене шынықтыру саласындағы жеңілдікпен көрсетілетін қызметтер (дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері)

"Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
"Мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда, дене шынықтыру-сауықтыру қызметтерін тегін немесе жеңілдікті шарттармен пайдаланатын азаматтар санаттарының тізбесін, сондай-ақ жеңілдіктер мөлшерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 14 мамырдағы № 178 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11322 болып тіркелген).

Көрсетілетін спорттық және дене шынықтыру-сауықтыру қызметтері құнынан 50% мөлшердегі жеңілдік

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуді;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
А. Оралов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі