"Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы" Қ

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің м.а. 2023 жылғы 20 шiлдедегi № 591 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 26 шiлдеде № 33158 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау, Емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 2 желтоқсандағы № 862 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №10056 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау қағидаларында:

      1-1-тармақ алып тасталсын;

      2-тармақтағы екінші абзац алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармағымен толықтырылсын:

      "5-1. Оқыту ұйымдарын есепке алуды және оқу топтарын тіркеуді жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "Автомектеп" АЖ) арқылы жүзеге асырылады.

      Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органға оқыту ұйымынан келіп түскен жұмысының басталғаны туралы хабарлама "Автомектеп" АЖ-да оқуды ұйымдастыруды тіркеу және есепке алу үшін негіздеме болып табылады.

      Оқыту ұйымын "Автомектеп" АЖ-да тіркеу тиісті хабарлама келіп түскен күні жүзеге асырылады (хабарлама жұмыс уақытының 18.00 сағаттанкейін, демалыс және мереке күндері келіп түскен кезде "Автомектеп" АЖ-да оқу ұйымын тіркеу келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

      Оқыту ұйымы "Автомектеп" АЖ-да тіркелгеннен кейін жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган үш жұмыс күні ішінде оқыту ұйымдарына оқу топтарын тіркеу үшін "Автомектеп" АЖ-ғаавторизацияланған рұқсатты ұсынады.

      "Автомектеп" АЖ-да оқу топтарын тіркеу оқыту ұйымының бұйрығы негізінде тиісті бұйрық шығарылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

      "Автомектеп" АЖ форматты-логикалық бақылауды көздейді, ол:

      1) саны отыз адамнан асатын оқу топтарын тіркеуге;

      2) бұрын тіркелген оқу топтарында білім алушыларды қосуға;

      3) көлік құралдарының жүргізушілерін даярлаудың үлгілік бағдарламаларына сәйкес білім алушы толық оқу курсынан өтпеген жағдайда, сондай-ақ оқыту ұйымында қорытынды аттестаттау нәтижелері бойынша теріс баға алған кезде оқу курстарын аяқтағаны туралы куәлік алуға жол бермейді.

      "Автомектеп" АЖ-ғабіріктірілген сервисі арқылы қосылатын көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктердің ақпараттық жүйесін пайдалана отырып, оқу топтарын тіркеуді жүргізуге жол беріледі.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Жүргізушілерді даярлауға арналған кабинеттер (сыныптар) кабинеттің (сыныптың) оқу жабдықтарының барынша аз тізбесіне сәйкес немесе осы қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес МКҚ тиісті санатындағы жүргізушілерді даярлау үшін ақпараттық технологияларды пайдалана отырып жабдықталады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Оқытудың негізгі нысандары теориялық және практикалық сабақтар болып табылады.

      Әрбір пән бойынша теориялық сабақтар күніне екі сағаттан, ал практикалық сабақтар - алты сағаттан аспайтындай жоспарланады.

      Бір күн ішінде автомобиль жүргізу бойынша бір білім алушыға:

      1) автотренажерда кемінде бір сағат;

      2) оқу автомобилінде "Колоннада көлік жүргізу" жаттығуын, сондай-ақ төрт сағат ішінде пысықталатын, жүк тасымалдаумен байланысты жаттығуларды қоспағанда, кемінде екі сағат пысықтап үйренуге рұқсат етіледі.";

      10-тармақтағы екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Автомобильдердің құрылымы мен техникалық қызмет көрсету және ЖКО кезінде зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсету бойынша практикалық сабақтар бір немесе бірнеше тақырып бойынша тиісті теориялық материалды зерделегеннен кейін жүргізіледі.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Жол жүрісі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Жол жүрісі туралы заң) 73-бабының 1-тармағымен белгіленген әртүрлі санаттағы және оларға кіретін кіші санаттағы көлік құралдарын басқару құқығына емтихандарды қабылдау, Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ адамдарға жүргізуші куәліктерін беру тәртібін айқындайды.";

      мынадай мазмұндағы 2-тармақпен толықтырылсын:

      "2. Емтихандарды қабылдау рәсімдерін ұйымдастырушылық-технологиялық сүйемелдеуді "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) жүзеге асырады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Трамвайды немесе троллейбусты басқарудың практикалық емтиханын оқыту ұйымы қабылдайды.";

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Емтихандар мынадай ретпен тапсырылады: алдымен теориялық, содан кейін - практикалық.

      Жүргізуші куәлігін алғысы келетін адам (бұдан әрі – жүргізушілікке үміткер) теориялық емтихан тапсырмаса практикалық емтиханға жіберілмейді.

      Жүргізушілікке үміткер бірнеше санаттағы жүргізуші куәлігін алу кезінде бір теориялық емтихан тапсырады, бұл ретте практикалық емтихан әрбір санат бойынша жеке тапсырылады.";

      мынадай мазмұндағы 11-1 және 11-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "11-1. Теориялық немесе практикалық емтихандарды тапсыру үшін жүргізушілікке үміткерлер электрондық үкімет порталы (бұдан әрі - ЭҮП), ақпараттандыру объектілері (екінші денгейдегі банктердің ақпараттандыру объектілері) (бұдан әрі – ақпараттандыру объектілері) арқылы немесе көрсетілетін қызметтер операторына жүгіну арқылы өтініш береді.

      Жүргізушілікке үміткер ЭҮП, ақпараттандыру объектілері арқылы жүгінген кезде адамның биометриялық деректерін мемлекеттік ақпараттық жүйелерде қамтылған мәліметтермен салыстыра тексеру арқылы сәйкестендіруден өтеді. Бұдан кейін жүргізушілікке үміткердің "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы статус көрсетіледі.

      Қызмет операторына жүгінген кезде емтихан алушы жеке басын куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжатты (бұдан әрі – электрондық құжат) ұсынады.

      Қызмет операторының қызметкері жеке басты куәландыратын құжатты немесе электрондық құжатты мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтермен салыстырады (сәйкестендіру үшін).

      Тікелей емтихан өткізер алдында, оның ішінде биометриялық салыстыра тексеру жолымен емтихан тапсыратын адамды сәйкестендірудің теріс нәтижесі болған жағдайларда ақпараттық жүйеге тиісті мәліметтерді енгізе отырып, Мемлекеттік корпорация белгілеген нысан бойынша жеке бастың сәйкестендіруден өтпегені туралы акті жасалады.

      Жүргізушілікке үміткерге көрсетілген актіні ресімдеген күннен бастап 6 ай ішінде жеке басын сәйкестендіруден өтпегені туралы акт негізінде теориялық немесе практикалық емтихандарды одан әрі тапсырудан бас тартылады.

      11-2. Жүргізушілікке үміткер теориялық немесе практикалық емтихандарды тапсыру үшін бос орындардың бар болуына сүйене отырып, оны өткізген күнге дейін бір жұмыс күнінен кешіктірмей және осы тармақта белгіленген мерзімдерді ескере отырып, теориялық немесе практикалық емтихандарды тапсыру орнын, күнін және уақытын таңдайды.

      Теориялық және практикалық қайталама емтихан алдыңғы өткен күннен бастап келесі жұмыс күніне тағайындалады.

      Теориялық емтиханды тапсырудың екі теріс нәтижесі болған кезде, әрбір келесі теориялық емтихан теріс нәтиже болған жағдайда кемінде бір айдан кейін өткізіледі.

      Практикалық емтиханды тапсырудың екі теріс нәтижесі болғанкезде келесі практикалық емтихан кемінде бір айдан кейін өткізіледі.

      Практикалық емтиханды тапсырудың үш теріс нәтижесі кезінде теориялық емтиханды тапсыру нәтижелері жойылады (талпыныстар саны нөлге тең). Теориялық емтихан тапсыруға жүргізушілікке үміткер кемінде екі айдан кейін жіберіледі.

      Жергілікті әскери басқару органдарының жолдамалары бойынша оқудан өткен адамдар күнтізбелік жеті күннен кейін қайта емтиханға жіберіледі.";

      12, 13, 14, 15-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Теориялық емтихан:

      1) кезекті басқаруға арналған аппараттық-бағдарламалық кешенмен (бұдан әрі - АБК);

      2) жүргізушілікке үміткеріні сәйкестендіруге және кездейсоқ сандарды генерациялау әдісімен алынған оның автоматтандырылған жұмыс орнының (бұдан әрі – АЖО) нөмірін көрсетуге арналған АБК-мен;

      3) жүргізушілікке үміткеріні адамның биометриялық деректерін мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтермен салыстыра тексеру арқылы емтихан алушыны сәйкестендіру жүйесімен;

      4) металл детекторымен;

      5) байланыс сигналдарын басу АБК-мен;

      6) ахуалдық орталыққа қосылған бейнебақылау АБК-мен;

      7) IP жалпы бақылау камераларымен;

      8) Ахуалдық орталыққа қосылған прокторинг жүйесімен;

      9) коммутациялық жабдықпен;

      10) бұлтты орталық серверге қосылған оператордың АЖО-мен;

      11) бұлтты орталық серверге қосылған клиенттің АЖО-менжабдықталған емтихан сыныбында өткізіледі.

      Бұл ретте жүргізушілікке үміткердің әрбір АЖО монитормен, веб-камерамен, IP-камерамен, пернетақтамен және тінтуірмен жабдықталады.

      13. Теориялық емтиханды өткізу нысаны – жеке.

      Тестілеу басталғанға дейін емтихан алушы емтихан алушыға нұсқама береді және туындаған сұрақтарға жауап береді.

      Өзін нашар сезініп тұрған жүргізушілікке үміткер теориялық емтихан тапсырар алдында бұл туралы операторға хабарлайды. Бұл жағдайда мұндай жүргізушілікке үміткерден емтиханды қабылдау осы күннің ішінде басқа уақытта немесе кестеге сәйкес басқа күні жүргізіледі.";

      14. Теориялық емтихан тапсыру залына кірер алдында жүргізушілікке үміткер биометриялық деректерді мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтермен салыстыра тексеру арқылы сәйкестендіруден өтеді.

      Бұдан әрі экранда жүргізушілікке үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі және кездейсоқ сандарды генерациялау әдісімен алынған АЖО нөмірі көрсетіледі.

      АЖО нөмірін алғаннан кейін жүргізушілікке үміткер 3 минут ішінде АЖО алады және емтиханды тапсыра бастайды."

      15. Емтихан басталар алдында мониторда көлік құралын басқару құқығын алуға теориялық емтихан тапсырылатын көлік құралдарының АЖО нөмірі, санаты немесе кіші санаты (бұдан әрі - санат), сондай-ақ жүргізушілікке үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) көрсетіледі.

      Бұл ретте жүргізушілікке үміткер биометриялық деректерді мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі мәліметтермен салыстыра тексеру арқылы емтихан басталар алдында, уақытында және соңында қосымша сәйкестендіруден өтеді.";

      19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Емтихан барысында пернелерді байқамай басып қалудан туындайтын даулы жағдайларды болдырмау үшін жүргізушілікке үміткер таңдаған жауапты тиісті пернені қайта басу арқылы қайталауға тиіс.

      Жүргізушілікке үміткерлерге басқа жүргізушілікке үміткерлермен сөйлесуге, материалдармен алмасуға, ақпаратты қағаз, электрондық тасымалдағыштарда пайдалануға, теориялық емтихан тапсыру залынан шығуға, сондай-ақ оған қабылдаушы-беруші электрондық құрылғыларды (оның ішінде ұялы телефондарды)енгізуге жол берілмейді.

      Мұндай құрылғылар теориялық емтиханды қабылдау кезінде ұяшықтары бар арнайы шкафтарда сақталады.

      Емтихан сыныбына кірер алдында жүргізушілікке үміткер қабылдаушы-беруші электрондық құрылғылардың бар болуына арнайы техникалық құралдармен тексеріледі.

      Қабылдаушы-беруші электрондық құрылғыларды пайдалануды болдырмау үшін сигнал беруді басу аппараты пайдаланылады.

      Емтихан тапсыруды тиісінше сақтауды бақылау бейнебақылау жүйесі мен прокторинг жүйесін пайдалану арқылы жүзеге асырылады. Бейнебақылау жүйесі мен прокторинг жүйесіндегі деректер ахуалдық орталыққа беріледі. Бейнебақылау жүйелерінің деректері де теориялық емтиханды қабылдау орны бойынша Мемлекеттік корпорация филиалының жалпы күту залына, сондай-ақ олардың сұрауы бойынша көлік құралдары жүргізушілерін даярлау бойынша кәсіптік бірлестіктерге (бұдан әрі – кәсіптік бірлестіктер) беріледі.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Теориялық емтиханның нәтижесі, сондай-ақ сұрақтарға жауаптардың дұрыстығы туралы ақпарат жүргізушілікке үміткердің АЖО мониторының экранында барлық сұрақтарға жауаптар аяқталғаннан кейін немесе белгіленген уақыт өткеннен кейін ғана көрсетіледі. Сонымен қатар, экранда таңдалған және дұрыс жауаптардың нөмірлерікөрсетілген емтихан парағы, сондай-ақ теориялық емтиханға жұмсалған уақыт көрсетіледі.

      Бөлінген уақыт өткеннен кейін теориялық емтихан автоматты түрде аяқталады.

      Жүргізушілікке үміткер теориялық емтихан нәтижелерімен келіспеген жағдайда жүргізушілікке үміткер уәкілетті органға теориялық емтихан нәтижелерімен келіспегені туралы апелляция беруге құқылы.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Теориялық емтиханның нәтижесі жүргізушілікке үміткердің АЖО бар емтихан парағын және емтихан нәтижелерінің хаттамасын басып шығару үшін ОП-ге осы Қағидаларға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес беріледі, оларға жүргізушілікке үміткерлер қол қояды.

      Емтихан тапсыру нәтижелері туралы мәліметтер жүргізушілікке үміткердің жеке кабинетіне ЭҮП-ге, біріктірілген сервистерге, ақпараттандыру объектілеріне, сондай-ақ мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелеріне беріледі.";

      23-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Сұраққа жауаптың жоқтығы қате болып саналады.";

      24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Егер теориялық емтихан өткізу барысында кандидат материалдармен алмасып, теориялық емтихан тапсыру залынан шығып, қағаз, электрондық тасымалдағыштардағы ақпаратты, сондай-ақ қабылдаушы-беруші электрондық құрылғыларды пайдаланса, емтиханды қабылдау тоқтатылады, емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларын бұзу туралы акті жасалады, Мемлекеттік корпорация белгілеген нысан бойынша кандидатқа "ТАПСЫРҒАН ЖОҚ" деген баға қойылады, теориялық емтиханды қайта тапсыруға жүргізушілікке үміткер кемінде 3 айдан кейін жіберіледі.";

      мынадай мазмұндағы 25-тармақпен толықтырылсын:

      "25. Теориялық емтиханды еңсерілмейтін күш (стихиялық құбылыстар, электр энергиясының болмауы) салдарынан, сондай-ақ техникалық ақаулар себебінен тапсыру мүмкін болмаған жағдайда теориялық емтиханды қабылдау уақытша тоқтатылады.

      Бұл жағдайда Мемлекеттік корпорация белгілеген нысан бойынша теориялық емтиханды өткізуді уақытша тоқтата тұру туралы акті ресімделеді, теориялық емтиханды тапсыру берілген өтінімге сәйкес осы күн ішінде не басқа жұмыс күні ішінде басқа уақытта жүргізіледі.";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Практикалық емтихан тиісті санатты көлік құралдарымен және жүргізу нәтижелерін автоматты есептейтін мамандандырылған құрылғылармен жабдықталған Мемлекеттік корпорацияның автоматтандырылған автодромында қабылданады.

      Автоматтандырылған автодромның орналасуы жол жүрісі қауіпсіздігі және экологиялық қауіпсіздік бөлігінде қағидалардың, техникалық нормалар мен стандарттардың талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

      Автодром практикалық емтихан тапсыру кезінде көлік құралдарының жоғары өткізу қабілетін қамтамасыз етеді.";

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Автоматтандырылған автодромда практикалық емтихандарды қабылдау үшін осы Қағидалардың 42, 43, 44, 45 - тармақтарының талаптарына сәйкес келетін көлік құралдары, сондай-ақ мемлекеттік және орыс тілдерінде ақпаратты қабылдау/беру жүйелерімен, авариялық тежеудің датчиктерімен, жарық және/немесе дыбыстық сигналымен, автодромның автоматтандырылған жүйесінің элементі ретінде көлік құралдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін дисплеймен жабдықталған, жүргізуші болуға жүргізушілікке үміткерге әрбір сынақ жаттығуы мен тұтастай практикалық емтиханның нәтижелерін және орындалу уақытын автоматтандырылған режимде бағалау туралы хабардар ету жүйесі пайдаланылады.Көлік құралының салоны 360 градусқа шолумен практикалық емтиханды қабылдау процесін үздіксіз бейнебақылауды және диспетчерлік пункттің жұмыс орнына және теориялық емтиханды қабылдау орны бойынша Мемлекеттік корпорация филиалының жалпы күту залына бейне ақпарат пен дыбысты беруді қамтамасыз ететін, әрі қарай мұрағаттау және сақтау мерзімі кемінде 12 ай болатын бейнебақылау жүйесімен жабдықталады.";

      36-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Сынақ жаттығуларының орындалуын бағалау және айыппұл балдарын қою Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің араласуынсыз автоматты режимде жүзеге асырылады.";

      43-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "Практикалық емтиханды қабылдау үшін оқыту ұйымдарының нұсқаушысы бар көлік құралдарын пайдалануға рұқсат етіледі.";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. "A", "A1" санатына практикалық емтихан өткізу кезінде мынадай сынақ жаттығулары орындалады:

      1) № 1 "Старт";

      2) № 2 "Габаритті дәліз";

      3) № 3 "Реттелетін қиылыстан өту";

      4) № 4 "Реттелмейтін теміржол өткелінен өту";

      5) № 5 "Габаритті жарты шеңбер";

      6) № 6 "Тік көтерілу және түсу";

      7) № 7 "Габаритті сегіздік";

      8) № 8 "Реттелетін қиылыстан кейін жаяу жүргіншілер өтпесінен өту";

      9) № 9 "Қалыптасқан жол";

      10) № 10 "Мәре".";

      49-тармақ алып тасталсын;

      50 және 51-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. "B", "В1", "C", "С1", "D", "D1" санаттарына емтихан өткізу кезінде мынадай сынақ жаттығулары орындалады:

      1) № 1 "Старт";

      2) № 2 "Тік көтерілу және түсу";

      3) № 3 "Реттелетін қиылыстан кейін жаяу жүргіншілер өтпесінен өту";

      4) № 4 "Реттелмейтін қиылыстағы бұрылыстар";

      5) № 5 "Кері бұрылу және тұраққа қою";

      6) № 6 "Артқы жүріспен паралель қою";

      7) № 7 "Реттелетін қиылыстан өту";

      8) № 8 "Реттелмейтін теміржол өткелінен өту";

      9) № 9 "Авариялық аялдау";

      10) № 10 "Мәре".";

      51. "BE", "CE", "С1Е", "DE", "D1E" санаттарына емтихан өткізу кезінде мынадай сынақ жаттығулары орындалады:

      1) № 1 "Старт";

      2) № 2 "Артқы жүріспен платформаға қою";

      3) № 3 "Платформадан жол учаскесіне шығу";

      4) № 4 "Артқы жүріспен габаритті дәлізде тура қозғалу";

      5) № 5 "Мәре".";

      53 және 54-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "53. Практикалық емтиханды мынадай:

      1) егер емтихандарды қабылдау үшін пайдаланылатын көлік құралы осы Қағидалардың талаптарына жауап бермеген;

      2) автодромның автоматтандырылған жүйесі бұзылған болса;

      3) еңсерілмейтін күш туындаған (табиғи құбылыстар, электр энергиясының болмауы)жағдайларда өткізуге жол берілмейді.";

      54. Сынақ жаттығуларын орындауды бастамас бұрын көлік құралы старт алдындағы аймаққа орнатылады, қозғалтқыш қыздырулы және сөндірулі, орталық тіректен немесе бүйірлік аялдамадан (трицикл мен квадроциклден басқа) алынады, тұрақ тежегіші қосулы, ал механикалық берілісті ауыстырып қосу қорабының рычагы бейтарап қалыпта (автоматты трансмиссия үшін трансмиссия режимдерін басқару органы "P" жағдайында) болу керек.";

      55-тармақта бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сынақ жаттығуларын орындауды бастамас бұрын жүргізуші болуға жүргізушілікке үміткерді көлік құралына отырғызуды және сынақ жаттығуларын орындағаннан кейін одан түсіруді емтихан қабылдаушы жүзеге асырады.";

      58 және 59-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "58. Емтихан қабылдаушы жүргізуші болуға жүргізушілікке үміткердің жеке басын сәйкестендіреді, жүргізушілікке үміткерді практикалық емтихан өткізу тәртібімен және оның нәтижелерін бағалау жүйесімен таныстырады.

      59. Жүргізушілікке үміткер осы Қағидалардың 64, 66, 68-тармақтарының талаптарына сәйкес сынақ жаттығуларының тиісті кешенін орындайды.";

      64 - 66-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "64. "A", "А1" санаттарындағы көлік құралдарын басқару құқығын алуға практикалық емтихан тапсыру кезінде мынадай сынақ жаттығулары орындалады:

      1) № 1 жаттығу "Старт".

      Жаттығуды орындауды бастар алдында жүргізушілікке үміткер мотошлемді киеді және бекітеді, артқы көрініс айналарын реттейді, мотоциклде старт алдындағы аймақта орын алады, қозғалтқышты іске қосады, фараның жақын жарығын қосады, жүруге дайындалады, "Старт" сызығының алдында бастапқы позицияны алады, солға бұрылу сигналын қосу арқылы стартқа дайындығын растайды.

      "Старт" командасы бойынша жүргізушілікке үміткер 20 секунд ішінде қозғалысты бастайды, "Старт" сызығын солға бұрылу сигналы қосылған кезде кесіп өтеді және белгіленген қозғалыс жолағы бойымен қозғала отырып, жаттығудың аяқталу сызығынан өткенге дейін солға бұрылу сигналын өшіреді.

      Жаттығуды орындау шарттары сақталмаған жағдайда осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес 1-бақылау кестесі бойыншаайыппұл балдары есептеледі.

      2) № 2 жаттығу "Габаритті дәліз".

      Жаттығуды орындау кезінде жүргізушілікке үміткер "Габаритті дәлізде" бақылау сызықтарын дөңгелекпен басып өтпей және алаңның үстінеаяқ тигізбей жүрудіжүзеге асырады.

      Жаттығуды орындау шарттары сақталмаған жағдайда осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес 2-бақылау кестесі бойыншаайыппұл балдары есептеледі.

      3) № 3 жаттығу "Реттелетін қиылыстан өту".

      Жаттығуды орындау кезінде жүргізушілікке үміткер тиісті нұсқамалық белгінің бағыты бойынша бағдаршам сигналдарының талаптарын сақтай отырып, реттелетін қиылыстан өтеді.

      Сол (оң) бұрылысты орындау кезінде тиісті бұрылыс көрсеткішін алдын ала қосады.

      Бағдаршамның рұқсат беру сигналы кезінде қиылыстың жүру уақыты 20 секундтан аспауы тиіс.

      Жаттығуды орындау шарттары сақталмаған жағдайда осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес 3-бақылау кестесі бойыншаайыппұл балдары есептеледі.

      4) № 4 жаттығу "Реттелмейтін теміржол өткелінен өту".

      Жүргізушілікке үміткер теміржол өткеліндегі "Тоқтату" сызығының алдында көлік құралын тоқтатады және тоқтағаннан кейін 3 секундтан ерте емес жүруді жалғастырады.

      Жаттығуды орындау шарттары сақталмаған жағдайда осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес 4-бақылау кестесі бойыншаайыппұл балдары есептеледі.

      5) № 5 жаттығу "Габаритті жарты шеңбер".

      Жаттығуды орындау кезінде жүргізушілікке үміткер жаттығуды орындау басталу сызығының қиылысына дейін алдын ала солға бұрылу сигналын қосады, "Габаритті жартылай шеңбер" траекториясы бойынша қозғалысты бақылау сызықтарына бақылау сызықтарын дөңгелекпен басып өтпей және алаңның үстіне аяқ тигізбей жүрудіжүзеге асырады, жаттығуды орындау аяқталу сызығының қиылысына дейін солға бұрылу сигналын өшіреді.

      Жаттығуды орындау шарттары сақталмаған жағдайда осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес 5-бақылау кестесі бойыншаайыппұл балдары есептеледі.

      6) № 6 жаттығу "Тік көтерілу және түсу".

      Жүргізушілікке үміткер көлік құралының алдыңғы және артқы габаритінің көлденең жазықтыққа проекциялары жаттығуды орындауды бекіту сызығы мен "тоқтату" сызығының арасында болатындай етіп көтеру және түсіру учаскесінде көлік құралын тоқтатады, көлік құралын қозғалмайтын күйде бекітеді және тоқтағаннан кейін 3 секундтан ерте емес тікелей бағытта қозғалысын жалғастырады, бұл ретте көлік құралының кері қозғалуына жол бермейді.

      Жаттығуды орындау шарттары сақталмаған жағдайда осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес 6-бақылау кестесі бойыншаайыппұл балдары есептеледі.

      7) № 7 жаттығу "Габаритті сегіздік".

      Жаттығуды орындау кезінде жүргізушілікке үміткер берілген траектория бойынша қозғалысты оң жақта орналасқан шеңбер бойымен, содан кейін сол жақта орналасқан шеңбер бойымен, бақылау сызықтарын дөңгелекпен басып өтпей және алаңның үстіне аяқ тигізбей жүруді жүзеге асырады.

      Жаттығуды орындау шарттары сақталмаған жағдайда осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес 7-бақылау кестесі бойыншаайыппұл балдары есептеледі.

      8) № 8 жаттығу "Реттелетін қиылыстан кейін жаяу жүргіншілер өтпесінен өту".

      Жаттығуды орындау кезінде жүргізушілікке үміткер берілген бағыт бойынша бағдаршамның рұқсат беру сигналы кезінде қиылысу аймағына кіруді жүзеге асырады және қиылыстан шыққан кезде көлік құралын көлік құралының алдыңғы габаритінің проекциясы бойынша кесіп өтпей, 1.14.3 жол таңбасының алдында тоқтатады және тоқтағаннан кейін 3 секундтан ерте емес қозғалысын жалғастырады.

      Жаттығуды орындау шарттары сақталмаған жағдайда осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес 8-бақылау кестесі бойыншаайыппұл балдары есептеледі.

      9) № 9 жаттығу "Қалыптасқан жол".

      Жаттығуды орындау кезінде жүргізушілікке үміткер "жол тақтасы" бойынша қозғалысты бақылау сызықтарын бақылау сызықтарын дөңгелекпен басып өтпей және алаңның үстіне аяқ тигізбей жүруді жүзеге асырады.

      Жаттығуды орындау шарттары сақталмаған жағдайда осы Қағидаларға 4-қосымшаға сай 9-бақылау кестесі бойыншаайыппұл балдары есептеледі.

      10) № 10 жаттығу "Мәре".

      Жаттығуды орындау кезінде мәре сызығын кесіп өтпес бұрын жүргізушілікке үміткер оңға бұрылу көрсеткішін қосады, көлік құралының проекциясы бойынша мәре сызығын кесіп өтеді, көлік құралын тоқтатады, оңға бұрылу көрсеткішін өшіреді, бейтарап берілісті қосады, фараның жақын сәулесін өшіреді, қозғалтқышты өшіреді, көлік құралынан түседіжәне көлік құралын орталық тірекке немесе бүйірлік аялдамаға қояды (трицикл мен квадрациклдан басқа).

      Жаттығуды орындау шарттары сақталмаған жағдайда осы Қағидаларға 4-қосымшаға сай 10-бақылау кестесіне сәйкес айыппұл балдары есептеледі.";

      65. Сынақ жаттығуларын орындаудың жалпы шарттары сақталмаған кезде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес 11-бақылау кестесі бойыншаайыппұл балдары есептеледі.

      66. "В", "В1", "С", "С1", "D", "D1" санаттарындағы көлік құралдарын басқару құқығын алуға практикалық емтихан тапсыру кезінде мынадай сынақ жаттығулары орындалады:

      1) № 1 жаттығу "Старт".

      Жаттығуды бастамас бұрын жүргізушілікке үміткер артқы көрініс айналары мен орындықты реттеп, қауіпсіздік белдігін тағып, қозғалтқышты іске қосып, солға бұрылу сигналын қосу арқылы бастауға дайын екенін растауы тиіс.

      "Старт" командасы бойынша жүргізушілерге кандидат 20 секунд ішінде қозғалысты бастауы, сол жақ бұрылыс сигналы қосылған көлденең жазықтыққа көлік құралының габариттерін проекциялау бойынша "Старт" сызығын кесіп өтуі, "Старт" сызығынан кейін 10 метрден аспайтын учаскеде сол жақ бұрылыс сигналын өшіруі тиіс.

      Жаттығуды орындау шарттары сақталмаған жағдайда осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес 1-бақылау кестесі бойыншаайыппұл балдары есептеледі.

      2) № 2 жаттығу "Тік көтерілу және түсу".

      Жүргізушілікке үміткер көлік құралының алдыңғы және артқы габаритінің көлденең жазықтыққа проекциялары жаттығуды орындауды бекіту сызығы мен "тоқтату" сызығының арасында болатындай етіп көтеру және түсіру учаскесінде көлік құралын тоқтатады, көлік құралын қозғалмайтын күйде бекітеді және тоқтағаннан кейін 3 секундтан ерте емес тікелей бағытта қозғалысын жалғастырады, бұл ретте көлік құралының кері қозғалуына жол бермейді.

      Жаттығуды орындау шарттары сақталмаған жағдайда осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес2-бақылау кестесі бойыншаайыппұл балдары есептеледі

      3) № 3 жаттығу "Реттелетін қиылыс аймағында жаяу жүргіншілер өтпесінен өту".

      Жаттығуды орындау кезінде жүргізушіге кандидат берілген бағыт бойынша бағдаршамның рұқсат беру сигналы кезінде қиылысу аймағына кіруді жүзеге асырады және қиылыстан шыққан кезде көлік құралын көлік құралының алдыңғы габаритінің проекциясы бойынша кесіп өтпей, 1.14.3 жол таңбасының алдында тоқтатады және тоқтағаннан кейін 3 секундтан ерте емес қозғалысын жалғастырады.

      Жаттығуды орындау шарттары сақталмаған жағдайда осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес3-бақылау кестесі бойыншаайыппұл балдары есептеледі.

      4) № 4 жаттығу "Реттелмейтін қиылыстағы бұрылыстар".

      Жүргізушілікке үміткер 2 минуттан аспайтын уақыт ішінде бақылау сызықтарын дөңгелекпен басып өтпей, сол және оң бұрылыстармен жол учаскесінен өтеді.

      Жаттығуды орындау шарттары сақталмаған жағдайда осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес4-бақылау кестесі бойынша айыппұл балдары есептеледі.

      5) № 5 жаттығу "Бұрылу және тұраққа қою".

      Жүргізушілікке үміткер бақылау сызықтарын дөңгелекпен басып өтпей, 2 минуттан аспайтын уақыт ішінде көлік құралын көлік құралының артқы дөңгелектері жаттығуды орындау сызығында болатындай немесе оны кесіп өтетіндей етіп, тұрақ орнына кері бағытта орнатуы, содан кейін кері бағытта шығуы тиіс.

      Жаттығуды орындау шарттары сақталмаған жағдайда осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес 5-бақылау кестесі бойыншаайыппұл балдары есептеледі.

      6) № 6 жаттығу "Артқы жүріспен паралель қою"

      Жүргізушілікке үміткер доңғалақты бақылау желілеріне жүргізбестен 2 минуттан аспайтын уақыт ішінде көлік құралын алдыңғы және артқы оң жақ дөңгелектер жаттығуды орындау сызығында болатындай етіп тұрақ орнына кері бағытта орнатып, содан кейін тұрақ орнынан шығуы керек.

      Жаттығуды орындау шарттары сақталмаған жағдайда осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес 6-бақылау кестесі бойыншаайыппұл балдары есептеледі.

      7) № 7 жаттығу "Реттелетін қиылыстан өту".

      Жүргізушілікке үміткер тиісті нұсқамалық белгінің бағыты бойынша бағдаршам сигналдарының талаптарын сақтай отырып, реттелетін қиылыстан өтеді.

      Бағдаршамның тыйым салу сигналы қосылған кезде көлік құралын "Тоқтату" сызығының алдында тоқтатады. Бағдаршамның рұқсат беру сигналы қосылған кезде қиылыс берілген бағытта өтеді.

      Сол (оң) бұрылыстарды орындау кезінде тиісті бұрылыс көрсеткіші алдын ала қосады.

      Егер кептеліс пайда болса, қиылысқа шығуға тыйым салынады.

      Жаттығуды орындау шарттары сақталмаған жағдайда осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес 7-бақылау кестесі бойынша айыппұл балдары есептеледі.

      8) № 8 жаттығу "Реттелмейтін теміржол өтпесінен өту".

      Жүргізушілікке үміткер теміржол өткеліндегі "Тоқтату" сызығының алдында көлік құралын тоқтатып, тоқтағаннан кейін 3 секундтан ерте емес жүруді жалғастыруы керек.

      Жаттығуды орындау шарттары сақталмаған жағдайда осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес 8-бақылау кестесі бойыншаайыппұл балдары есептеледі.

      9) № 9 жаттығу "Авариялық аялдау".

      Көлік құралының салонында жарық және/немесе дыбыстық сигнал қосылғаннан кейін жүргізушілікке үміткер 2 секунд ішінде көлік құралын тоқтатып, 3 секунд ішінде авариялық жарық дабылын қосуы тиіс. Арнайы сигнал (қызыл Маяк) өшірілгеннен кейін жүргізушілікке үміткер апаттық жарық дабылын өшіріп, әрі қарай жүруі тиіс.

      Жаттығуды орындау шарттары сақталмаған жағдайда осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес 9-бақылау кестесі бойыншаайыппұл балдары есептеледі.

      10) № 10 жаттығу "Мәре".

      Жаттығуды орындау кезінде "Мәре" сызығын кесіп өтпес бұрын жүргізушілікке үміткер оң жақ бұрылыс көрсеткішін қосады, көлік құралының габариттерінің проекциясы бойынша мәре сызығын кесіп өтеді, көлік құралын белгіленген жерде тоқтатады.

      Жаттығуды орындау шарттары сақталмаған жағдайда осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес 10-бақылау кестесі бойыншаайыппұл балдары есептеледі.";

      68 және 69-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "68. "BE", "CE", "С1Е", "DE", "D1E" санаттарындағы көлік құралдарын басқару құқығын алуға практикалық емтихан тапсыру кезінде мынадай сынақ жаттығулары орындалады:

      1) № 1 жаттығу "Старт".

      Жаттығуды орындауды бастар алдында автопоезд сынақ жаттығуларын орындау аймағында орналасқан "Старт-мәре" сызықтарының бірінде болуы тиіс.

      Жүргізушілікке үміткер артқы көрініс айнасы мен орындықты ретке келтіруге, қауіпсіздік белдігін тағуға, қозғалтқышты қосуға, солға бұрылу сигналын қосып, стартқа дайындығын растауға тиіс, бұл ретте берілісті қосып ауыстырудың мехникалық қорабының рычагы бейтарапты қалыпта (автоматты трансмиссия үшін "P" қалпында) болады.

      "Старт" командасы бойынша жүргізушілікке үміткер 20 секунд ішінде артқы жүріспен қозғалысты бастауға, көлік құралының алдыңғы дөңгелектерімен жаттығудың орындалуын аяқтау сызығынан өткенге дейін солға бұрылу сигналын өшіруге тиіс.

      Жаттығуды орындау шарттары сақталмаған кезде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 1-бақылау кестесі бойыншаайыппұл балдары есептеледі.

      2) № 2 жаттығу "Артқы жүріспен платформаға қою".

      Жаттығуды орындаған кезде жүргізушілікке үміткер 2 минуттан аспайтын уақытта, дөңгелекпен бақылау сызықтарын баспай, көлік құралының артқы дөңгелектері жаттығудың орындалуын тіркеу сызықтарында тұратындай немесе оны кесіп өтетіндей, тиеу платформасы имитаторының "Габаритті дәлізіне" артқы жүріспен кіруге тиіс.

      Жаттығуды орындау шарттары сақталмаған кезде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 2-бақылау кестесіне бойынша айыппұл балдары есептеледі.

      3) № 3 жаттығу "Платформадан жол учаскесіне шығу"

      Жаттығуды орындаған кезде жүргізушілікке үміткер дөңгелекпен бақылау сызықтарын баспай,тиеу платформасы имитаторының "Габаритті дәлізінен" оған кіретін жерден қарсы бағытқа шығуға және көлік құралын "Старт-мәре" сызығынан өтпей, оған дейін 1 метрден аспайтын жерде тоқтатуға тиіс.

      Жаттығуды орындау шарттары сақталмаған кезде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 3-бақылау кестесіне бойыншаайыппұл балдары есептеледі.

      4) № 4 жаттығу "Артқы жүріспен габаритті дәлізде тура қозғалу".

      Жаттығуды орындаған кезде жүргізушілікке үміткер дөңгелекпен бақылау сызықтарын баспай, артқы жүріспен "Габаритті дәлізде" қозғалысты жүзеге асыруға және көлік құралын "Старт-мәре" сызығынан өтпей, оған дейін 1 метрден аспайтын жерде тоқтатуға тиіс.

      Жаттығуды орындау шарттары сақталмаған кезде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес4-бақылау кестесіне бойынша айыппұл балдары есептеледі.

      5) № 5 жаттығу "Мәре".

      "Габаритті дәлізден" шыққаннан кейін жүргізушілікке үміткер жаттығуларды орындау басталатын сызықтан өткенге дейін оң жақ бұрылыстың жарық көрсеткішін қосуға, көлік құралын "Старт-мәре" сызығынан өтпей, оған дейін 1 метрден аспайтын жерде тоқтатуға, оң жақ бұрылыстың жарық көрсеткішін сөндіруге, бейтарапты берілісті қосуға (автоматты трансмиссия болған жағдайда трнасимиссияларды басқару органын "P" қалпына қоюға, тұраққа қою тежегішін қосуға, қауіпсіздік белдігін ағытуға, көлік құралынан шығуға тиіс.

      Жаттығуды орындау шарттары сақталмаған кезде осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 5-бақылау кестесіне бойыншаайыппұл балдары есептеледі.";

      69. Сынақ жаттығуларын орындаудың жалпы шарттары.

      Сынақ жаттығуларын орындау кезінде жүргізушілікке үміткер осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес 6-бақылау кестесінде көзделген қателіктерге жол бермеуі тиіс.";

      72-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "72. Практикалық емтихан аяқталғаннан кейін қорытынды бағасы бар емтихан парағы автоматты түрде басып шығарылады.

      Қойылған практикалық емтиханның айыппұл балдарымен келіспеген жағдайда, жүргізушілікке үміткер фото және бейнематериалдарды пайдалана отырып, уәкілетті органға апелляция бере алады.";

      74-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "74. Теориялық емтихан тапсыру кезінде екі нашар баға алған жағдайда және практикалық емтихан тапсыру кезінде екі нашар баға алған жағдайда, "А", "В" санаттарындағы, "А1", "В1" санаттарындағы көлік құралдарын басқару құқығын алуға өз бетінше даярлықтан өткен жүргізушілікке үміткер одан әрі емтихандар тапсыруға соңғы емтихан өткізілген күннен бастап бір ай өткеннен кейін жіберіледі.

      Теориялық емтиханды тапсырудың үш теріс нәтижесі немесе практикалық емтиханды тапсырудың үш теріс нәтижесі болған кезде жүргізушілікке үміткер кейіннен емтихандарды тапсыруға көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау жөніндегі оқу ұйымында оқудан өткеннен кейін және тиісті курстарды аяқтағаны туралы куәлік ұсынғаннан кейін жіберіледі.";

      мынадай мазмұндағы 75-1-тармақпен толықтырылсын:

      "75-1. Автоматтандырылған автодром болмаған және оның ақауы болған, көлік құралы болмаған не оның ақауы болған жағдайларда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Ұлттық ұланның білім беру мекемелерінде жергілікті әскери басқару органдарының жолдамалары бойынша "С", "D" санаттарындағы және "С1", "D1" кіші санаттарындағы механикалық көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау бағдарламасы бойынша оқыған азаматтар үшін оларды одан әрі Астана, Алматы, Шымкент қалаларында және облыс орталықтарында жүргізуші құрамының лауазымдарына мерзімді әскери қызметке шақыруүшін практикалық емтиханды емтихан комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) қабылдайды.

      Комиссияның құрамы жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган басшысының бұйрығымен бекітіледі.

      Комиссия құрамында төраға – жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның қызметкерін және үш мүше – Мемлекеттік корпорацияның, көлік құралдары жүргізушілерін даярлау жөніндегі кәсіптік бірлестіктің және оқу ұйымының бір-бірден өкілі бар тұрақты жұмыс істейтін орган болып табылады.

      Комиссия хатшысы оның мүшесі болып табылмайды және Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің арасынан тағайындалады.

      Комиссияның өкілеттік мерзімі ол құрылған күннен бастап бір жылды құрайды. Бір адам екі жылдан астам қатарынан комиссия мүшесі бола алмайды.

      Комиссия құрамына жүргізуші куәлігі бар адамдар ("В", "С" және "D" санаттары бар ең аз) енгізіледі.

      Комиссия құрамына енгізу үшін ұсынылатын кәсіптік бірлестіктер мен оқу ұйымдарынан кандидаттар туралы мәліметтер жыл сайын, 15 қаңтардан кешіктірмей жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органға мынадай ақпаратты көрсете отырып жіберіледі:

      кандидатты ұсынған кәсіптік бірлестіктің, оқу ұйымының атауы;

      кандидаттың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), оның көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау саласындағы жұмыс тәжірибесі, жүргізуші куәлігі (алынған күні, рұқсат етілген санаттар).

      Уәкілетті органға кәсіптік бірлестіктер мен оқу ұйымдарынан бірнеше кандидаттар келіп түскен кезде Комиссия құрамына рұқсат етілген санаттары көп жүргізуші куәлігі бар кандидаттар енгізіледі.

      Кәсіптік бірлестіктер мен оқу ұйымдарынан кандидаттардың жүргізуші куәлігіндегі рұқсат етілген санаттар саны тең болған кезде Комиссия құрамына көлік құралдарының жүргізушілерін даярлау саласында үлкен жұмыс тәжірибесі бар кандидат енгізіледі.

      Комиссия практикалық емтиханды қабылдауды осы Қағидалардың 28-тармағының 1) және 2) тармақшаларының және 29-тармағының талаптарына сәйкес келетін және жүргізушілікке үміткерлердің осы Қағидалардың 48, 50 және 51-тармақтарында көзделген сынақ жаттығулары кешенін орындауын қамтамасыз ететін автодромда жүргізеді.

      Автодромда практикалық емтихандарды қабылдау үшін осы Қағидалардың 42, 43 және 45-тармақтарының талаптарына сәйкес келетін көлік құралдары пайдаланылады. Көлік құралының салоны 360 градусқа шолуы бар практикалық емтиханды қабылдау процесін үздіксіз бейнебақылауды және диспетчерлік пункттің жұмыс орнына және теориялық емтиханды қабылдау орны бойынша Мемлекеттік корпорация филиалының жалпы күту залына бейне ақпарат пен дыбысты беруді қамтамасыз ететін, бұдан әрі мұрағаттау және сақтау мерзімі кемінде 12 ай болатын бейнебақылау жүйесімен жабдықталады.

      Комиссияның әрбір мүшесі осы Қағидалардың 64-69 - тармақтарының талаптарына сәйкес жүргізушілерге кандидаттың басқаларына қарамастан практикалық емтихан тапсыру нәтижелерін бағалайды.

      Практикалық емтихан қорытындысы бойынша комиссия хатшысы Комиссия мүшелері қойған айыппұл балдарының есебін жүргізеді, осы Қағидалардың 62 немесе 63-тармақтарына сәйкес емтихан тапсыру нәтижелері бойынша жалпы орташа балды және бағаны шығарады.

      Комиссия мүшелері қойған айыппұл балдары, сондай-ақ жалпы орташа балл және жүргізушілікке үміткердің емтихан тапсыру нәтижесі бойынша алған бағасы Комиссияның хаттамасында көрсетіледі.

      Бұдан басқа, Комиссия хаттамасында: практикалық емтиханды өткізу күні, уақыты мен орны, жүргізушілікке үміткердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН көрсетіледі, хаттамаға комиссияның барлық мүшелері мен хатшысы қол қояды.

      Практикалық емтиханның барысы бейне және аудиожазбаның техникалық құралдарының көмегімен жазылады. Әрбір практикалық емтиханның жазбасы Мемлекеттік корпорацияда кемінде 12 ай бойы электрондық тасымалдағышта сақталады.";

      77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "77. Жүргізуші куәлігін алу үшін жүргізушілікке үміткер:

      1) жеке басты куәландыратын құжатты, оның ішінде цифрлық құжаттар сервисі арқылы;

      2) медициналық анықтаманы;

      3) мемлекеттік баж төленгенін растайтын құжатты;

      4) курстарды аяқтағаны туралы куәлікті (өзіндік даярлық жағдайларын қоспағанда) ұсынады.";

      79-тармақта екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) өзгерген;";

      80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "80. Оны ауыстыруға байланысты жүргізуші куәлігін алу үшін тұлға осы Қағидалардың 77-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды және бұрын берілген жүргізуші куәлігін, ал тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) өзгерген кезде сауалнама деректерінің өзгергенін растайтын құжатты ұсынады.

      ЭҮП арқылы жүгінген кезде осы Қағидалардың 77-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген құжат, ал тегін, атын, әкесінің атын (ол болған жағдайда) өзгерткен кезде сауалнамалық деректері өзгергенін растайтын құжат сканерленген нысанда ұсынылады.

      Бұл ретте мемлекеттік бажды төлеуді ЭҮП төлем шлюзі арқылы жүргізуге болады.

      77-тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген құжат жүргізуші куәлігінің жарамдылық мерзімінің аяқталуына байланысты алмастырылған жағдайда ұсынылады.";

      83-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "83. Оның орнына жаңасы берілген жүргізуші куәлігі жарамсыз деп есептеледі және өтініш берген жері бойынша тапсырылуы тиіс.

      "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 34-бабы 1-тармағының 3) тармақшасына сәйкес қолданылуы тоқтатыла тұрған жүргізуші куәліктерін алмастыру осы баптың 3-тармағында көзделген тәртіппен көрсетілген шектеу алынғаннан кейін жүзеге асырылады.";

      85-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "85. Осы Қағидалардың 84-тармағында көрсетілген, Біріккен Ұлттар Ұйымының 1968 жылғы 8 қарашада Вена қаласында қабылданған Жол жүрісі туралы конвенциясының талаптарына жауап беретін жүргізуші куәлігін шет мемлекетте алған адамдар, жүргізуші куәлігі түпнұсқасының, оның мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі аудармасының, сондай-ақ осы Қағидалардың 77-тармағының 1), 2), 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың негізінде, теориялық емтиханды оң тапсырғаннан кейін оларды Қазақстан Республикасының жүргізуші куәлігіне алмастырады.";

      мынадай мазмұндағы 90-тармақпен толықтырылсын:

      "90. Жергілікті әскери басқару органдарының жолдамалары бойынша оқудан өткен адамдарға берілетін жүргізуші куәлігіне "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің көлігі үшін" деген белгі қойылады.

      Көрсетілген жүргізуші куәліктері жүргізушінің Жол жүрісі туралы заңының 74-бабының 2-тармағында көрсетілген жасқа толуы немесе Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда қызметін аяқтауы бойынша алмастыруға жатады.";

      94-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "94. Жоғалтқан шет мемлекеттердің жүргізуші куәліктерінің орнына, КСРО-да берілген жүргізуші куәліктерінің орнына, сондай-ақ жүргізуші куәліктерін беруге уақытша тыйым салу және бұрын берілген жүргізуші куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру туралы заңды күшіне енгізілген сот шешімі бар болған кезде жүргізуші куәліктері берілмейді.";

      97-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "97. Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған адамдардың жүргізуші куәліктері оларды алып қойғаннан және соттың тиісті шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бір жұмыс күні ішінде уәкілетті органға жүргізуші куәлігінің қолданылуын тоқтату, сондай-ақ оларды сақтау және жою туралы мәліметтерді ақпараттық жүйеге енгізу үшін (жүргізуші куәлігінің қолданылу мерзімі басқару құқығынан айыру кезеңінде өткен жағдайда) беріледі.

      Көлік құралдарын басқару құқығынан айыру мерзімі өткеннен кейін жүргізуші куәлігін беру осы Қағидалардың 77-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынғаннан кейін, сондай-ақ теориялық емтиханды оң тапсырғаннан кейін жүргізіледі.

      Осы Қағидалардың 77-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген құжат жүргізуші куәлігі жойылған жағдайда немесе көлік құралдарын басқару құқығынан айыру мерзімі өткеннен кейін жүргізуші куәлігін алмастыруды жүзеге асырғысы келген адамның еркі бойынша ұсынылады.

      Бұл ретте уәкілетті органның ақпараттық жүйесіне көлік құралдарын басқару құқығын қалпына келтіру туралы мәліметтер енгізіледі.

      Уәкілетті органда сақтаудағы жүргізуші куәліктерін беру оларды сақтау орны бойынша Мемлекеттік корпорацияның филиалдарында жүзеге асырылады.

      Көлік құралдарын басқару құқығынан өмір бойына айырылған жағдайда жүргізуші куәліктерін беру мүмкіндігі уәкілетті органның ақпараттық жүйесінде бұғатталады.";

      104-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "104. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттар тізбесі осы Қағидаларға 14-қосымшаның 8-тармағына сәйкес ұсынылады.";

      мынадай мазмұндағы 104-1, 104-2, 104-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "104-1. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметті алу үшін жеке өзі жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның қызметкері 10 минут ішінде:

      көрсетілетін қызметті алушының (көрсетілетін қызметті алушы өкілінің)жеке басын сәйкестендіреді;

      ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) толықтығын, сондай-ақ шынайылығын тексереді;

      жүргізуші куәлігін бергені үшін мемлекеттік баждың төленгені туралы, айыппұл және (немесе) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айыппұл төлеу қажеттілігі туралы нұсқама түріндегі әкімшілік жаза қолдану туралы уақтылы орындалмаған қаулының, көрсетілетін қызметті алушыға жүргізуші куәлігін беруге уақытша тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің не оған бұрын берілген жүргізуші куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру немесе оны көлік құралдарын басқару құқығынан айыру туралы, мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық ресурстары арқылы медициналық қарсы көрсетілімдертуралы мәліметтерді тексереді;

      көрсетілетін қызметті алушыны суретке түсіреді;

      осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес жүргізуші куәлігін беруге электрондық өтініш қалыптастырады, ұсынылған құжаттарды сканерлейді, оларға өзінің электрондық-цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) қол қояды және көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.

      Қалыптастырылған электрондық өтініш және құжаттардың сканерленген көшірмелері Мемлекеттік корпорация қызметкері оларға онлайн режимінде қол қойғаннан кейін көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесіне келіп түседі.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны іздестіруде болу мәніне тексереді, сканерленген құжаттарды толтырудың дұрыстығына электрондық өтінішпен салыстыра тексереді және 15 минут ішінде жүргізуші куәлігін беруді бекіту немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушының деректері іздестіру базасында болған кезде көрсетілетін қызметті беруші тиісті ақпаратты дереу аумақтық полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне береді.

      Жүргізуші куәлігі берілген жағдайда өтініш автоматты түрде жеткізушінің принтеріне келіп түседі, онда 5 минут ішінде жүргізуші куәлігі басып шығарылады.

      Өнім беруші дайындалған жүргізуші куәлігін Мемлекеттік корпорация қызметкеріне құжаттарды беру секторына 5 минут ішінде береді.

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері дайындалған жүргізуші куәлігін көрсетілетін қызметті алушыға 10 минут ішінде береді.

      104-2. ЭҮП немесе ақпараттандырудың объектілері арқылы жүгінген кезде:

      көрсетілетін қызметті алушы "Жеке кабинетке" кіруді жүзеге асырады, онда жүргізуші куәлігін алуға ниет білдірген Мемлекеттік корпорация филиалын көрсете отырып, жүргізуші куәлігін беруге арналған өтінішті (жүргізуші куәлігін бастапқы алуды қоспағанда және көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаннан кейін) электрондық түрде толтырады, суретке түсіреді не өзі таңдаған фотосуретті тіркейді және көрсетілетін қызметті берушіге өтініш жібереді;

      көрсетілетін қызметті беруші айыппұл және (немесе) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айыппұл төлеу қажеттілігі туралы нұсқама түріндегі әкімшілік жаза қолдану туралы уақтылы орындалмаған қаулының, көрсетілетін қызметті алушыға жүргізуші куәлігін беруге уақытша тыйым салу туралы не оған бұрын берілген жүргізуші куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру туралы немесе оны көлік құралдарын басқару құқығынан айыру туралы заңды күшіне енгізілген сот шешімінің,медициналық қарсы көрсетілімдердіңболуын автоматты түрде тексергеннен кейін, сондай-ақ мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық ресурстары арқылы көрсетілетін қызметті алушының іздестіруде болу мәніне тексеру жүргізгеннен кейінжүргізуші куәлігін беруді бекіту туралы немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешімді 15 минут ішінде қабылдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушының деректері іздестіру базасында болған кезде көрсетілетін қызметті беруші тиісті ақпаратты дереу аумақтық полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне береді.

      Жүргізуші куәлігі берілген жағдайда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік бажды төлеу қажеттігі туралы хабарлама жібереді.

      Мемлекеттік баж төленгеннен кейін өтінішті толтыру кезінде көрсетілетін қызметті алушы таңдаған Мемлекеттік корпорацияның филиалына автоматты түрде келіп түседі, онда 5 минут ішінде өнім беруші жүргізуші куәлігін басып шығарады.

      Көрсетілетін қызметті алушы өтініште көрсетілген Мемлекеттік корпорацияның филиалына жүгінген кезде дайындалған жүргізуші куәлігі көрсетілетін қызметті алушы бұрынғы жүргізуші куәлігін тапсырғаннан кейін 10 минут ішінде берілуі тиіс.

      104-3. Осы Қағидалардың 104-1 және 104-2-тармақтарында көзделген іс-әрекеттер орындалғаннан кейін мемлекеттік қызмет аяқталды деп есептеледі.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі нотариалды куәландырылған сенімхат негізінде әрекет ететін көрсетілетін қызметті алушыға немесе оның өкіліне беріледі.

      Көрсетілетін қызметті алушылардан Мемлекеттік корпорация қызметкері қағаз түрінде қабылдаған, мемлекеттік қызметті көрсету үшін негіз болған құжаттар номенклатуралық іске тігіледі, нөмірленеді, Мемлекеттік корпорация филиалының басшысы қол қояды және үш жыл бойы Мемлекеттік корпорация филиалында сақталады, құжаттардың сканерленген көшірмелері Мемлекеттік корпорация серверінде тұрақты негізде сақталады.

      Ақпараттандыру объектілері арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде жасалған іс-әрекеттер туралы мәліметтер ақпараттандыру объектісінің меншік иесінің серверінде тұрақты негізде сақталады."

      105-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "105. Мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорацияда, ЭҮП және ақпараттандыру объектілері арқылы алған кезде мемлекеттік бажды төлеу ЭҮП төлем шлюзі арқылы жүргізіледі.";

      Мемлекеттік қызмет жеделдетілген қызмет көрсетусіз электрондық кезек тәртібінде көрсетіледі.";

      4-1-тараумен толықтырылсын және мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-1 тарау. "Алғашқы рет және көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаннан кейін жүргізуші куәлігін беру" мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі.

      105-1. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттар тізбесі осы Қағидаларға 14-қосымшаның 8-тармағына сәйкес ұсынылады.

      105-2. Көрсетілетін қызметті алушы Мемлекеттік корпорацияға жүргізуші куәлігін беру жөніндегі мемлекеттік қызметті алу үшін алғаш рет және көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаннан кейін жеке өзі жүгінген кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері 10 минут ішінде:

      көрсетілетін қызметті алушының (көрсетілетін қызметті алушы өкілінің)жеке басын сәйкестендіреді;

      ұсынылған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) толықтығын, сондай-ақ шынайылығын тексереді;

      Салық кодексінде белгіленген жүргізуші куәлігін бергені үшін мемлекеттік баждың төленгені туралы мәліметтерді, (бұдан әрі – мемлекеттік баж) айыппұл және (немесе) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айыппұл төлеу қажеттілігі туралы ұйғарымның бар болуын, көрсетілетін қызметті алушыға жүргізуші куәлігін беруге уақытша тыйым салу туралы не оған бұрын берілген жүргізуші куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру туралы немесе оның көлік құралдарын басқару құқығынан айыру туралы заңды күшіне енген сот шешімі түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы уақтылы орындалмаған қаулының бар болуы (көлік құралдарын басқару құқығынан айыру мерзімінің аяқталуы туралы), мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық ресурстары арқылы медициналық қарсы көрсетілімдердің бар болуын тексереді;

      көрсетілетін қызметті алушыны суретке түсіреді;

      осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес жүргізуші куәлігін беруге электрондық өтініш қалыптастырады, ұсынылған құжаттарды сканерлейді, оларға өзінің ЭЦҚ-сымен қол қояды және көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.

      Осыдан кейін көрсетілетін қызметті алушы теориялық емтихан тапсыру үшін емтихан сыныбына жіберіледі.

      Теориялық емтиханды тапсыру рәсімі 40 минут ішінде компьютерлік тестілеу жолымен арнайы жабдықталған сыныпта жүргізіледі.

      Көрсетілетін қызметті алушы теориялық емтиханды тапсыру нәтижелері бойынша теріс баға алған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады және көрсетілетін қызметті алушыға қайтадан теориялық емтиханды тағайындау күні туралы хабарлайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы теориялық емтихан тапсыру нәтижелері бойынша оң баға алған кезде көрсетілетін қызметті алушы практикалық емтихан тапсыруға жіберіледі (көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаннан кейін жүргізуші куәлігін алу жағдайларын қоспағанда).

      Мемлекеттік қызмет көрсету уақыты практикалық емтихан тапсырғанға дейін тоқтатылады.

      Практикалық емтиханның ұзақтығы 20 минуттан аспайды.

      Көрсетілетін қызметті алушы практикалық емтиханды тапсыру нәтижелері бойынша теріс баға алған кезде Мемлекеттік корпорация қызметкері құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады және қайтадан практикалық емтиханды тағайындау күні туралы көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етеді.

      Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаннан кейін жүргізуші куәлігін алған адамдар теориялық емтихан тапсырудың оң нәтижесі болған жағдайда, сондай-ақ жүргізуші куәлігін алғаш рет алған адамдар теориялық және практикалық емтихандарды тапсырудың оң нәтижелері болған жағдайда, онлайн режимінде қалыптастырылған өтініш көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесіне бекітуге түседі.

      Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыны іздестіруде болу мәніне тексереді, сканерленген құжаттарды толтырудың дұрыстығына электрондық өтінішпен салыстырып тексереді және 15 минут ішінде жүргізуші куәлігін беруді бекіту немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Көрсетілетін қызметті алушының деректері іздестіру базасында болған кезде тиісті ақпаратты дереу аумақтық полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне береді.

      Жүргізуші куәлігі берілген жағдайда өтініш автоматты түрде жеткізушінің принтеріне келіп түседі, онда 5 минут ішінде жүргізуші куәлігі басып шығарылады.

      Өнім беруші дайындалған жүргізуші куәлігін мемлекеттік корпорация қызметкеріне құжаттарды беру секторына 5 минут ішінде береді.

      Мемлекеттік корпорацияның қызметкері дайындалған жүргізуші куәлігін көрсетілетін қызметті алушыға 10 минут ішінде береді.

      105-3. Осы Қағидалардың 105-2-тармағында көзделген іс-әрекеттер орындалғаннан кейін мемлекеттік қызмет аяқталды деп есептеледі.

      Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызметті алушылардан қағаз түрінде қабылдаған, мемлекеттік қызметтер көрсету үшін негіз болған құжаттар номенклатуралық іске тігіледі, нөмірленеді, мемлекеттік корпорация филиалының басшысы қол қояды және Мемлекеттік корпорация филиалында үш жыл бойы сақталады, құжаттардың сканерленген көшірмелері Мемлекеттік корпорация серверінде тұрақты негізде сақталады.

      Ақпараттандыру объектілері арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде жасалған іс-әрекеттер туралы мәліметтер ақпараттандыру объектісі меншік иесінің серверінде тұрақты негізде сақталады.

      105-4. Мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорацияда портал және ақпараттандыру объектілері арқылы алған кезде мемлекеттік бажды төлеу ЭҮП төлем шлюзі арқылы жүргізіледі.";

      106 және 107-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "106. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – шағымды қарайтын орган) жүргізеді.

      Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші, шешімі, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.

      Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам, егер ол үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік іс-әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.

      Көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 25-бабының 2-тармағына сәйкес ол тіркелген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуы тиіс.

      Көрсетілетін қызметті алушының шағымды қарайтын органның атына келіп түскен шағымы ол тіркелген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.

      Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.

      107. Егер заңда өзге көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіпте шағымданғаннан кейін жол беріледі.";

      Емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидаларының 4, 5, 6, 14-қосымшалары осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Емтихандарды қабылдау және жүргізуші куәліктерін беру қағидалары 5-қосымшаға сәйкес осы бұйрыққа 15-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті:

      1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде:

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ішкі істер министрінің
міндетін атқарушы
М. Кожаев

  Ішкі істер министрінің
міндетін атқарушы
2023 жылғы 20 шілдедегі
№ 591 бұйрыққа
1-қосымша
  Емтихандарды қабылдау және
жүргізуші куәліктерін
беру қағидаларына
4-қосымша

"A", "А1" санаттарына практикалық емтихан тапсыру кезінде есептелетін айыппұл балдары

      1-бақылау кестесі (Старт)

Жүргізуші болуға үміткердің қателіктері

Айыппұл балдары

"Старт" сигналынан кейін 30 секунд ішінде қозғалысты бастаған жоқ

100

"Старт" сигналынан кейін 20 секунд ішінде қозғалысты бастаған жоқ

25

Сол жақ бұрылыс сигналын өшіріп, "Старт" сызығын кесіп өтті

10

Сөндірілген жақын жарық шамымен "Старт" сызығын кесіп өтті

10

Жаттығудың орындалуын аяқтау сызығын кесіп өткенге дейін сол жақ бұрылыстың жарық көрсеткішін сөндірген жоқ

10

      2-бақылау кестесі (Габаритті дәліз)

Жүргізуші болуға үміткердің қателіктері

Айыппұл балдары

Алаңның бетіне аяғын тигізді

100

Дөңгелекпен бақылау сызықтарын басып кетті

25

      3-бақылау кестесі (Реттелетін қиылыстан өту)

Жүргізуші болуға үміткердің қателіктері

Айыппұл балдары

Бағдаршамның тыйым салу сигналы немесе "Тоқтату" сызығын кесіп өтіп қиылысқа шығу

100

Бағдаршамның рұқсат беру сигналы кезінде қиылыстың өтуіне 30 секундтан астам уақыт жұмсалды

100

Бағдаршамның рұқсат беру сигналы кезінде қиылыстың өтуіне 20 секундтан астам уақыт жұмсалды

20

Оңға немесе солға бұрылыс көрсеткішін қоспай қиылыстан өту

5

      4-бақылау кестесі (Реттелмейтін теміржол өтпесінен өту)

Жүргізуші болуға үміткердің қателіктері

Айыппұл балдары

"Тоқта" сызығын басып кетті немесе тоқтаған кезде оны кесіп өтті

25

Тоқтағаннан кейін 3 секундтан ерте қозғала бастады

25

      5-бақылау кестесі (Габаритті жарты шеңбер)

Жүргізуші болуға үміткердің қателіктері

Айыппұл балдары

Аяғы алаңның үстіңгі бетіне тиді

100

Дөңгелекпен бақылау сызықтарын басып кетті

25

Сол жақ бұрылыс сигналы өшірілген күйі жаттығудың басталу сызығын кесіп өтті

10

Солға бұрылу сигналы қосылған күйі жаттығудың аяқталу сызығын кесіп өтті

10

      6-бақылау кестесі (Тік көтерілу және түсу)

Жүргізуші болуға үміткердің қателіктері

Айыппұл балдары

Көлік құралы тоқтаған кезде көлік құралының артқы габаритінің проекциясы бойынша жаттығуды орындауды бекіту сызығынан өтпеді немесе "Тоқтату" сызығынан өтті

25

Қозғалысты тоқтағаннан кейін 3 секундтан ерте бастады

25

Тоқтағаннан кейін 30 секунд ішінде қозғалысты бастаған жоқ

25

Көлік құралын тоқтағаннан немесе қозғалыс басталғаннан кейін 0,2 метрден асатын мөлшерге "Кері жүру" жасады

25

      7-бақылау кестесі (Габаритті сегіздік)

Жүргізуші болуға үміткердің қателіктері

Айыппұл балдары

Аяғын алаңның үстіңгі бетіне тигізді

100

Дөңгелекпен бақылау сызықтарын басып кетті

25

Берілген қозғалыс траекториясынан ауытқып кетті

25

      8-бақылау кестесі (Реттелетін қиылыстан кейін жаяу жүргіншілер өтпесінен өту)

Жүргізуші болуға үміткердің қателіктері

Айыппұл балдары

1.14.3 жол белгісін басып өтті немесе тоқтаған кезде оны кесіп өтті

25

Қозғалысты тоқтағаннан кейін 3 секундтан ерте бастады

25

Тоқтағаннан кейін 30 секунд ішінде қозғалысты бастаған жоқ

25

      9-бақылау кестесі (Қалыптасқан жол)

Жүргізуші болуға үміткердің қателіктері

Айыппұл балдары

Аяғын алаңның үстіңгі бетіне тигізді

100

Дөңгелекпен бақылау сызықтарын басып кетті

25

      10-бақылау кестесі (Мәре)

Жүргізуші болуға үміткердің қателіктері

Айыппұл балдары

"Мәре" сызығын кесіп өтер алдында оң жақ бұрылыстың жарық көрсеткішін қосқан жоқ

10

      11-бақылау кестесі

Жүргізуші болуға үміткердің қателіктері

Айыппұл балдары

Нақты автодром үшін белгіленген сынақ жаттығуларының жалпы уақытынан асып кетті

100

Кешенде көзделген сынақ жаттығуларының кем дегенде біреуін өткізіп жіберді

100

Басқа көлікпен соқтығысты немесе кедергіге соқтығысты

100

Сынақ жаттығуларын орындау кезінде қозғалтқыш тоқтап қалды

20 (әрбір қате үшін)

Жүру жылдамдығын сағатына жиырма километрден асырды

5 (жылдамдықпен қозғалыстың әрбір 5 секундында)

  Ішкі істер министрінің
міндетін атқарушы
2023 жылғы 20 шілдедегі
№ 591 бұйрыққа
2-қосымша
  Емтихандарды қабылдау және
жүргізуші куәліктерін
беру қағидаларына
5-қосымша

"B", "В1", "C", "С1" және "D", "D1" санаттарына практикалық емтихан тапсыру кезінде есептелетін айыппұл балдары

      1-бақылау кестесі (Старт)

Жүргізуші болуға үміткердің қателіктері

Айыппұл балдары

"Старт" сигналынан кейін 30 секунд ішінде қозғалысты бастаған жоқ

100

"Старт" сигналынан кейін 20 секунд ішінде қозғалысты бастаған жоқ

25

Қауіпсіздік белдігін таққан жоқ

5

Солға бұрылу көрсеткіші қосылған "Старт" сызығын кесіп өтті

5

"Старт" сызығынан кейін 10 метрден аспайтын учаскеде солға бұрылу көрсеткішін сөндірген жоқ

5

      2-бақылау кестесі (Тік көтерілу және түсу)

Жүргізуші болуға үміткердің қателіктері

Айыппұл балдары

Көлік құралы тоқтаған кезде көлік құралының артқы габаритінің проекциясы бойынша жаттығуды орындауды бекіту сызығын кесіп өткен жоқ немесе "Тоқта" сызығын кесіп өтті

25

Тоқтағаннан кейін 3 секундтан ертерек қозғала бастады

25

Тоқтағаннан кейін 30 секунд ішінде қозғалысты бастаған жоқ

25

Көлік құралын тоқтағаннан немесе қозғалыс басталғаннан кейін 0,2 метрден астам көлемде кері артқа жүрді

20

      3-бақылау кестесі (Реттелетін қиылыстан кейін жаяу жүргіншілер өтпесінен өту)

Жүргізуші болуға үміткердің қателіктері

Айыппұл балдары

1.14.3 жол белгісін басып өтті немесе тоқтаған кезде оны кесіп өтті

25

Қозғалысты тоқтағаннан кейін 3 секундтан ерте бастады

25

Тоқтағаннан кейін 30 секунд ішінде қозғалысты бастаған жоқ

25

      4-бақылау кестесі (Реттелмейтін қиылыстардағы бұрылыс)

Жүргізуші болуға үміткердің қателіктері

Айыппұл балдары

Дөңгелекпен бақылау сызықтарын басып кетті

20

Жаттығуларды орындауға 2 минуттан астам уақыт жұмсады

15

      5-бақылау кестесі (Бұрылу және тұраққа қою)

Жүргізуші болуға үміткердің қателіктері

Айыппұл балдары

Көлік құралының артқы доңғалақтарымен жаттығуды орындау сызығына тиген жоқ

20

Дөңгелекпен бақылау сызықтарын басып кетті

20

Жаттығуды орындауға 2 минуттан астам уақыт жұмсады

15

      6-бақылау кестесі (Артқы жүріспен паралель тұраққа қою)

Жүргізуші болуға үміткердің қателіктері

Айыппұл балдары

Көлік құралын оң жақ алдыңғы және артқы дөңгелектермен жаттығуды орындау сызығына тоқтатқан жоқ

20

Дөңгелекпен бақылау сызықтарын басып кетті

20

Жаттығуды орындауға 2 минуттан астам уақыт жұмсалды

15

      7-бақылау кестесі (Реттелетін қиылыстан өту)

Жүргізуші болуға үміткердің қателіктері

Айыппұл балдары

Жол қиылысына шықты немесе бағдаршамның тыйым салу сигналы кезінде "Тоқта" сызығын кесіп өтті

100

Бағдаршамның рұқсат беру сигналы кезінде қиылыстың өтуіне 30 секундтан астам уақыт жұмсалды

100

Бағдаршамның рұқсат беру сигналы кезінде қиылыстың өтуіне 20 секундтан астам уақыт жұмсалды

20

Оңға немесе солға бұрылыспен қиылысқан кезде тиісті бұрылыс көрсеткішін қоспады

5

      8-бақылау кестесі (Реттелмейтін теміржол өтпесінен өту)

Жүргізуші болуға үміткердің қателіктері

Айыппұл балдары

"Тоқта" сызығын басты немесе оны аялдамаға дейін кесіп өтті

25

Қозғалысты тоқтағаннан кейін 3 секундтан ерте бастады

25

      9-бақылау кестесі (Авариялық аялдау)

Жүргізуші болуға үміткердің қателіктері

Айыппұл балдары

Көлік құралының салонында жарық және/немесе дыбыстық сигнал қосылғаннан кейін 2 секунд ішінде көлік құралын тоқтатқан жоқ, тоқтағаннан кейін 3 секунд ішінде авариялық жарық сигнализациясын қосқан жоқ

20

Қозғалысты бастамас бұрын авариялық жарық сигнализациясын қосқан жоқ

10

      10-бақылау кестесі (Мәре)

Жүргізуші болуға үміткердің қателіктері

Айыппұл балдары

"Мәре" сызығын кесіп өтер алдында оң жақ бұрылыстың жарық көрсеткішін қосқан жоқ

5

      11-бақылау кестесі

Жүргізуші болуға үміткердің қателіктері

Айыппұл балдары

Сынақ жаттығуларын орындаудың жалпы уақытынан асып кетті

100

Кешенде көзделген сынақ жаттығуларының кем дегенде біреуін өткізіп жіберді

100

Басқа көлікпен соқтығысты немесе кедергіге соқтығысты

100

Сынақ жаттығуларын орындау кезінде қозғалтқыш тоқтап қалды

20 (әрбір қате үшін)

Жүру жылдамдығын сағатына жиырма километрден асырды

5 (жылдамдықпен қозғалыстың әрбір 5 секундында)

  Ішкі істер министрінің
міндетін атқарушы
2023 жылғы 20 шілдедегі
№ 591 бұйрығына
3-қосымша
  Емтихандарды қабылдау және
жүргізуші куәліктерін
беру қағидаларына
6-қосымша

"BE", "CE", "С1Е" "DE", "D1E" санаттарына практикалық емтихан тапсыру кезінде есептелетін айыппұл баллдары

      1-бақылау кестесі (Старт)

Жүргізуші болуға үміткердің қателіктері

Айыппұл балдары

"Старт" сигналынан кейін 30 секунд ішінде қозғалысты бастаған жоқ

100

"Старт" сигналынан кейін 20 секунд ішінде қозғалысты бастаған жоқ

25

Қауіпсіздік белдігін таққан жоқ

5

Көлік құралының алдыңғы доңғалақтарымен жаттығудың аяқталу сызығын кесіп өткенге дейін солға бұрылу көрсеткішін өшірген жоқ

5

      2-бақылау кестесі (Артқы жүріспен платформаға қою)

Жүргізуші болуға үміткердің қателіктері

Айыппұл балдары

Көлік құралының артқы доңғалақтарымен жаттығуды орындау сызығына тиген жоқ

100

Дөңгелекпен бақылау сызықтарын басып кетті

25

Жаттығуды орындауға 2 минуттан астам уақыт жұмсалды

15

      3-бақылау кестесі (Платформадан жол учаскесіне шығу)

Жүргізуші болуға үміткердің қателіктері

Айыппұл балдары

Дөңгелекпен бақылау сызықтарын басып кетті

20

"Старт-мәре" сызығын кесіп өтті

5

Көлік құралын "Старт-мәре" сызығына дейін 1 метрден астам қашықтықта тоқтатты

5

      4-бақылау кестесі (Артқы жүріспен габаритті дәлізде тура қозғалу)

Жүргізуші болуға үміткердің қателіктері

Айыппұл балдары

Дөңгелекпен бақылау сызықтарын басып кетті

20

"Старт-мәре" сызығын кесіп өтті

5

Көлік құралын "Старт-мәре" сызығына дейін 1 метрден астам қашықтықта тоқтатты

5

      5-бақылау кестесі (Мәре)

Жүргізуші болуға үміткердің қателіктері

Айыппұл балдары

"Старт-финиш" сызығын кесіп өтті

5

Көлік құралын "Старт-финиш" сызығына дейін 1 метрденастам қашықтықта тоқтатты

5

Жаттығудың басталу сызығын кесіп өткенге дейін оңға бұрылу көрсеткішін қосқан жоқ

5

      6-бақылау кестесі

Жүргізуші болуға үміткердің қателіктері

Айыппұл балдары

Сынақ жаттығуларын орындаудың жалпы уақытынан асып кетті

100

Кешенде қарастырылған сынақ жаттығуларының кем дегенде біреуін өткізіп жіберді

100

Сынақ жаттығуларын орындау кезінде қозғалтқыш тоқтап қалды

20 (әрбір қате үшін)

  Ішкі істер министрінің
міндетін атқарушы
2023 жылғы 20 шілдедегі
№ 591 бұйрыққа
4-қосымша
  Емтихандарды қабылдау және
жүргізуші куәліктерін
беру қағидаларына
14-қосымша

      Нысан

"Жүргізуші куәлігін беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің кіші түрінің атауы:
1.Жүргізуші куәліктерін беру;
2.Алғаш рет және көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаннан кейін жүргізуші куәліктерін беру.

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Аумақтық полиция органдары

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдау:
1)Мемлекеттік корпорация;
2)ЭҮП (www.egov.kz);
3)ақпараттандыру объектілері.

3

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

Мемлекеттік корпорация арқылы – 120 минут;
ЭҮП және ақпараттандыру объектілері арқылы – 60 минут.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған) / қағаз.

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Жүргізуші куәлігі

6

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Жүргізуші куәлігін беру үшін мемлекеттік баж – 1,25 АЕК

7

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпараттандыру объектілерінің жұмыс кестесі

1)Көрсетілетін қызметті берушінің–дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9-00-ден бастап сағат 18-30-ға дейін түскі асқа үзіліссіз, демалыс – жексенбі және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мерекелік күндер.
2)Мемлекеттік корпорация – дүйсенбіден бастап жұмаға дейін сағат 9-00-ден бастап сағат 20-00 дейін түскі асқа үзіліссіз, халыққа қызмет көрсетудің кезекші бөлемі сенбі күні сағат 9-00-ден сағаттан бастап 13-00-ге дейін, демалыс – жексенбі және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мерекелік күндер.
ЭҮП, ақпараттандыру объектілері – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).

8

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі

1) Жүргізуші куәлігін беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:
жеке басты куәландыратын құжат, оның ішінде цифрлық құжаттар сервисі арқылы;
медициналық анықтама (егер жүргізуші куәлігі оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін алмастыру жүзеге асырылса, ұсынылмайды);
мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат;
курстарды аяқтау туралы куәлік (өзін-өзі даярлау және жүргізуші куәлігін алмастыру жағдайларын қоспағанда) ұсынылады.
2) ЭҮП немесе ақпараттандыру объектілері арқылы жүргізуші куәлігін беру үшін жүгінген кезде (жүргізуші куәлігін алғаш рет беру жағдайларын қоспағанда және көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаннан кейін):
жеке басты куәландыратын құжат, оның ішінде цифрлық құжаттар сервисі арқылы;
медициналық анықтаманың сканерленген көшірмесі (егер жүргізуші куәлігі оның қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін алмастыру жүзеге асырылса, ұсынылмайды);
мемлекеттік баждың төленгенін растайтын құжат.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздер

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер:
1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушының айыппұл және (немесе) жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында айыппұл төлеу қажеттілігі туралы нұсқама түрінде әкімшілік жаза қолдану туралы уақтылы орындалмаған қаулысының бар болуы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған жүргізуші куәлігін беруге уақытша тыйым салу не оған бұрын берілген жүргізуші куәлігінің қолданылуын тоқтата тұру туралы заңды күшіне енген сот шешімі болған кезде;
5) оның негізінде көрсетілетін қызметті алушы көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған, көрсетілетін қызметті алушыға қатысты соттың заңды күшіне енген шешімі болған кезде;
6) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге ұсынылатын келісімінің болмауы.

10

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электронды нысанда және Мемлекеттік корпорацияда көрсетілетін қызметтердің ерекшеліктерін ескере отырып өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтан қол жеткізу режимінде ЭҮП "жеке кабинеті" арқылы, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы: 1414, 8 800 080 7777 арқылы алу мүмкіндіктері бар.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары www.mvd.kz интернет-ресурсында орналастырылған.

  Ішкі істер министрінің
міндетін атқарушы
2023 жылғы 20 шілдедегі
№ 591 бұйрыққа
5-қосымша
  Емтихандарды қабылдау және
жүргізуші куәліктерін
беру қағидаларына
15-қосымша

Тестілеуді өткізу кезінде техникалық жарақтандыру бойынша ең төменгі техникалық талаптар

      1. Тестілеуді өткізу кезінде жүргізушілікке үміткер адамдар жеке басын куәландыратын құжат бойынша сәйкестендіруден өтеді.

      2. Тестілеу кезінде қолмен немесе жақтау түріндегі металл іздегіштер қолданылады. Тестілеуге іске қосу кезінде металл іздегіштерді қолдану тестілеуді өткізу кезінде жүргізушілікке үміткерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде, сондай-ақ олардың ғимаратқа байланыс құралдарын, электрондық-есептеу техникасын, фото-, аудио-және бейнеаппаратураны, анықтамалық материалдарды, жазбаша жазбаларды және ақпаратты сақтау мен берудің өзге де құралдарын алып кіруіне жол бермеу шеңберінде жүзеге асырылады.

      3. Тестілеуді бастау үшін жүргізушілікке үміткер биометриялық сәйкестендіру арқылы жеке басын растауы қажет.

      4. Тестілеу залдары жұмыс станцияларымен (кемінде Intel Core i3 процессоры, кемінде 4 Гб жедел жады), үй-жайлардыңауасын баптағыш жүйелермен, диспенсерменжабдықталуы тиіс. Күту залы қарастырылуы тиіс.

      5. Әрбір жұмыс станциясы тестілеу процесінің бейнежазбасын жүргізу үшін веб-камералармен жабдықталуы қажет.

      6. Тестілеу залдары заманауи цифрлық бейне және аудио бақылау жүйесімен жабдықталуы тиіс. Тестілеуді өткізудің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін аудиториялар өткізу пункттерінде жалпы бейнебақылау жүйесімен қамтамасыз етіледі.

      7. Әрбір тестілеу залында басып шығару мүмкіндігі бар принтер орнатылуы қажет.

      8. Әрбір тестілеу залы басқарылатын коммутатормен және жергілікті желімен жабдықталуы және ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сай болуы тиіс.