Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2023 жылғы 27 маусымдағы № 183 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 25 шiлдеде № 33154 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Білім саласында сапаны қамтамасыз ету заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің міндетін атқарушы
Е. Оспан

  Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрінің
міндетін атқарушы
2023 жылғы 27 маусымдағы
№ 183 бұйрығы
қосымша

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің кейбір бұйрықтарына енгізілетін өзгерістер:

      1. "Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 5 мамырдағы № 204 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22711)

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидаларында:

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 581 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі туралы ереженің 15-бабына сәйкес әзірленді және бастауыш және негізгі орта білім, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру деңгейінде білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу тәртібін айқындайды."

      6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын

      "6. ББЖМ "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 55-бабының 4-тармағына сәйкес бастауыш және орта білім беру ұйымдарында 4 және 9-сынып білім алушыларының арасында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін пәндер бойынша екінші курс және (немесе) кәсіптік модульдер немесе жалпы кәсіптік, арнайы пәндер бойынша үшінші курс білім алушыларының арасында жүргізіледі.".

      2. "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, діни білім беру ұйымдарының білім беру қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 473 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30721 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 33) тармақшасына, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".

      3. "Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 5 желтоқсандағы № 486 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31053 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 54) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      осы бұйрықпен бекітілген Білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттарының 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы білім беру ұйымдарын бағалау өлшемшарттары (бұдан әрі-Өлшемшарттар) білім беру ұйымдарының білім беру қызметін өзін-өзі бағалауды жүзеге асыру кезінде оларды пайдалану мақсатында "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 54) тармақшасына сәйкес әзірленді.";

      16-тармақтың 1) тармақшасының бірінші бөлігіне орыс тілінде өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.

      4. "Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы аккредиттеу органдарына қойылатын талаптарды және орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 13 ақпандағы № 34 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде № 31902 болып тіркелген):

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидаларында:

      1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын

      "1. Осы Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 28) тармақшасына сәйкес әзірленді және орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру саласындағы, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органдарын тану тәртібін белгілейді.";

      3-тармақтың:

      бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Аккредиттеу органы, оның ішінде шетелдік аккредиттеу органы Заңның 5-бабының 28) тармақшасына сәйкес бекітілген аккредиттеу органына қойылатын талаптарға оның сәйкестігін растау үшін уәкілетті органға тану үшін қағаз және/немесе электронды түрде мынадай құжаттарды ұсынады:";

      4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Заңның 5-бабының 28) тармақшасына сәйкес бекітілген аккредиттеу органына қойылатын талаптардың 3-тармағында көрсетілген материалдық ресурстардың бар екенін растайтын құжаттар;";

      8-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Заңның 5-бабының 28) тармақшасына сәйкес бекітілген аккредиттеу органына қойылатын талаптардың 1-7-тармақтарының сәйкестігін қарау нәтижелері бойынша Кеңес:";

      11-тармақтың бірінші бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Заңның 5-бабының 28) тармақшасына сәйкес бекітілген Аккредиттеу органына қойылатын талаптардың 1-7 тармақтарына сәйкессіздігі анықталған жағдайда оларды еркін нысанда жою жөнінде ұсынымдар беріледі.";

      13-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) Заңның 5-бабының 28) тармақшасына сәйкес бекітілген аккредиттеу органына қойылатын талаптардың 6, 7-тармақтарының және Кеңес шешімдерінің орындалмаған;";

      5-қосымшаның 4-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Аккредиттеу органының Заңның 5-бабының 28) тармақшасына сәйкес бекітілген аккредиттеу органына қойылатын талаптарды орындауын талдау үшін мәліметтер.".