"Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 503 бұйрығына өзгерістер енгізу турал

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің м.а. 2023 жылғы 20 шiлдедегi № 218 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 24 шiлдеде № 33147 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 503 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7363 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабының 8) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидалары бекітілсін.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу ережелерінде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидалары";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру, қосымша білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін (бұдан әрі – білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілері) ұйымдастыру және олардың жұмыс істеу тәртібін, оның құрылымы мен міндеттерін айқындайды.";

      7-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) педагогтер үшін оқыту семинарлары;";

      7-тармақтың мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Білім беру саласындағы ақпараттандыру объектілерін ұйымдастыру және олардың жұмыс істеуі "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасы Заңының талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды ескере отырып жүзеге асырылады.";

      11-тармақ алып тасталсын.

      2. "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесін қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграция және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 тамыздағы № 354 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29187 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 10) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесін қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграция және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы "Ұлттық білім беру дерек қоры" ақпараттық жүйесін қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграция және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабы 10) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Ұлттық білім беру деректер қоры" ақпараттық жүйесін (бұдан әрі – ҰБДҚ) қалыптастыру, сүйемелдеу, жүйелік-техникалық қызмет көрсету, интеграция және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету тәртібін белгілейді.".

      3. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Цифрландыру және мемлекеттік қызмет көрсетуді автоматтандыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту
министрінің міндетін атқарушы
А. Ильясов

      КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
Және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі