БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және "Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 2 мамырдағы № 204 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15173 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және "Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларында:
Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу және "Ұлттық бірыңғай тестілеу тапсырғаны туралы сертификат беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына 1-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респуликасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі |
С. Нурбек |
Ұлттық бірыңғай тестілеудің бейіндік пәндері көрсетілген білім беру бағдарламалары топтарының тізбесі
Білім беру бағдарламасы тобының нөмірі | Білім беру бағдарламалары тобы | Бейіндік пәндер | |
1 бейіндік пән | 2 бейіндік пән | ||
В001 | Педагогика және психология | Биология | География |
В002 | Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу | Биология | География |
В003 | Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі | Биология | География |
В004 | Бастапқы әскери дайындық мұғалімдерін даярлау | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В005 | Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В006 | Музыка мұғалімдерін даярлау | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В007 | Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В008 | Құқық және экономика негіздері мұғалімдерін даярлау | Дүниежүзі тарихы | География |
В009 | Математика мұғалімдерін даярлау | Математика | Физика |
В010 | Физика мұғалімдерін даярлау | Физика | Математика |
В011 | Информатика мұғалімдерін даярлау | Математика | Информатика |
В012 | Химия мұғалімдерін даярлау | Химия | Биология |
В013 | Биология мұғалімдерін даярлау | Биология | Химия |
В014 | География мұғалімдерін даярлау | География | Дүниежүзі тарихы |
В015 | Гуманитарлық пәндер мұғалімдерін даярлау | Дүниежүзі тарихы | География |
В016 | Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау | Қазақ тілі | Қазақ әдебиеті |
В017 | Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау | Орыс тілі | Орыс әдебиеті |
В018 | Шет тілі мұғалімдерін даярлау | Шетел тілі | Дүниежүзі тарихы |
В019 | Әлеуметтік педагогтарды даярлау | Биология | География |
В020 | Арнайы педагогика | Биология | География |
В021 | Орындаушылық өнер | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В022 | Музыкатану | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В023 | Режиссура, арт-менеджмент | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В024 | Өнертану | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В025 | Дирижирлеу | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В026 | Композиция | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В027 | Театр өнері | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В028 | Хореография | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В029 | Аудиовизуалды құрылғылар және медиа өндіріс | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В030 | Бейнелеу өнері | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В031 | Сән, дизайн | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В032 | Философия және этика | Дүниежүзі тарихы | География |
В033 | Дінтану және теология | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В034 | Тарих | Дүниежүзі тарихы | География |
В134 | Археология және этнология | Дүниежүзі тарихы | География |
В035 | Түркітану | Дүниежүзі тарихы | Шетел тілі |
В135 | Шығыстану | Дүниежүзі тарихы | Шетел тілі |
В036 | Аударма ісі | Шетел тілі | Дүниежүзі тарихы |
В037 | Филология | Қазақ/Орыс тілі | Қазақ/Орыс әдебиеті |
В038 | Әлеуметтану | Математика | География |
В039 | Мәдениеттану | Дүниежүзі тарихы | Шетел тілі |
В040 | Саясаттану | Дүниежүзі тарихы | Шетел тілі |
В140 | Халықаралық қатынастар және дипломатия | Дүниежүзі тарихы | Шетел тілі |
В041 | Психология | Биология | География |
В042 | Журналистика және репортер ісі | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В043 | Кітапхана ісі, ақпараттарды өңдеу және мұрағат ісі | Қазақ/Орыс тілі | Қазақ/Орыс әдебиеті |
В044 | Менеджмент және басқару | Математика | География |
В045 | Аудит және салық салу | Математика | География |
В145 | Мемлекеттік аудит | Математика | География |
В046 | Қаржы, экономика, банк және сақтандыру ісі | Математика | География |
В047 | Маркетинг және жарнама | Математика | География |
В048 | Еңбек дағдылары | Математика | География |
В049 | Құқық | Дүниежүзі тарихы | Құқық негіздері |
В050 | Биологиялық және сабақтас ғылымдар | Биология | Химия |
В051 | Қоршаған орта | Биология | География |
В052 | Жер туралы ғылым | Математика | География |
В053 | Химия | Химия | Биология |
В054 | Физика | Физика | Математика |
В055 | Математика және статистика | Математика | Физика |
В056 | Механика | Математика | Физика |
В057 | Ақпараттық технологиялар | Математика | Информатика |
В058 | Ақпараттық қауіпсіздік | Математика | Информатика |
В059 | Коммуникациялар және коммуникациялық технологиялар | Математика | Физика |
В060 | Химиялық инженерия және процестер | Химия | Физика |
В061 | Материалтану және технологиялар | Математика | Физика |
В062 | Электр техникасы және энергетика | Математика | Физика |
В063 | Электр техникасы және автоматтандыру | Математика | Физика |
В064 | Механика және металл өңдеу | Математика | Физика |
В065 | Көлік техникасы және технологиялар | Математика | Физика |
В066 | Теңіз көлігі және технологиялары | Математика | Физика |
В067 | Әуе көлігі және технологиялары | Математика | Физика |
В167 | Ұшу аппараттары мен қозғалтқыштарды ұшуда пайдалану ********** | Математика | Физика |
В068 | Азық-түлік өнімдерінің өндірісі | Биология | Химия |
В069 | Материалдар өндірісі (шыны, қағаз, пластик, ағаш) | Математика | Физика |
В070 | Тоқыма: киім, аяқ киім және былғары бұйымдары | Математика | Физика |
В071 | Тау-кен ісі және пайдалы қазбаларды өндіру | Математика | Физика |
В072 | Фармацевтикалық өндіріс технологиясы | Химия | Биология |
В073 | Сәулет | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В173 | Гидромелиорация | Математика | Физика |
В074 | Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс | Математика | Физика |
В075 | Кадастр және жерге орналастыру | Математика | География |
В175 | Сумен қамтамасыз ету және суды бұру | Математика | Физика |
В076 | Стандарттау, сертификаттау және метрология (сала бойынша) | Математика | Физика |
В176 | Гидротехникалық құрылыс және су ресурстарын басқару | Математика | Физика |
В077 | Өсімдік шаруашылығы | Биология | Химия |
В078 | Мал шаруашылығы | Биология | Химия |
В079 | Орман шаруашылығы | Биология | География |
В080 | Балық шаруашылығы | Биология | Химия |
В081 | Жерге орналастыру | Математика | Физика |
В183 | Агроинженерия | Математика | Физика |
В082 | Су ресурстары және суды пайдалану | Математика | Физика |
В083 | Ветеринария | Биология | Химия |
В084 | Мейіргер ісі | Биология | Химия |
В085 | Фармация | Биология | Химия |
ВМ086 | Медицина | Биология | Химия |
ВМ087 | Стоматология | Биология | Химия |
ВМ088 | Педиатрия | Биология | Химия |
В089 | Қоғамдық денсаулық сақтау | Биология | Химия |
ВМ089 | Медициналық-профилактикалық іс | Биология |
|
В090 | Әлеуметтік жұмыс | Биология | География |
В091 | Туризм | География | Шетел тілі |
В092 | Тынығу | Шығармашылық емтихан | Шығармашылық емтихан |
В093 | Мейрамхана ісі және мейманхана бизнесі | География | Шетел тілі |
В094 | Санитарлық-профилактикалық іс-шаралар | Математика | Физика |
В095 | Көлік қызметтері | Математика | География |
В096 | Құқық қорғау қызметі | Дүниежүзі тарихы | Құқық негіздері |
В097 | Өрт қауіпсіздігі | Математика | Физика |