"Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптарын айқындау және қайта қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 399 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 11 шiлдедегi № 496 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 12 шiлдеде № 33064 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптарын айқындау және қайта қарау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 399 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11312 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптарын айқындау және қайта қарау қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбы:

      1) күнтізбелік бір жыл ішінде тұтыну мөлшері бес жүз және одан көп тонна шартты отынға барабар үйлердiң, құрылыстардың, ғимараттардың жаңасын салу немесе қолданыстағыларын кеңейту (күрделі жөндеу, қайта жаңарту) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын орындау кезінде;

      2) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына тапсырыс берушінің бастамасымен күнтізбелік бір жыл ішінде энергетикалық ресурстарды тұтыну мөлшері бес жүз тонна шартты отыннан кем үйлердiң, құрылыстардың, ғимараттардың жаңаларын салудың немесе қолданыстағыларын кеңейтудің (күрделі жөндеу, қайта жаңарту) жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын орындаған кезде айқындалады.

      Жаңа үйлердің, құрылыстардың және ғимараттардың немесе кеңейтуден (реконструкциялаудан, күрделі жөндеуден) өткен қолданыстағы үйлердің, құрылыстардың және ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбы туралы ақпарат салынған және пайдалануға берілген объектінің кадастрлық паспортының не объектіні пайдалануға қабылдау актісінің деректеріне сәйкес қабылданады және олар пайдалануға берілген сәттен бастап бес жыл ішінде жарамды болып табылады.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Энергия тиімділігі сыныбы үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың кадастрлық паспортында көрсетіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2023 жылғы 1 шілдеден бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
А. Бейспеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі