БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ішкі істер органдарына қабылданатын адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидаларын және одан өту шарттарын, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 13 наурыздағы № 211 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20123 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдарына қабылданатын адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу қағидаларында және одан өту шарттарында, сондай-ақ оларды алғашқы кәсіптік даярлықтан шығару негіздерінде:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Кандидаттарды іріктеу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ІІМ ведомстволарының, ІІМ қарамағындағы аумақтық органдардың, ІІМ қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің және оның ведомстволарының кадр қызметіне жүктеледі және өзіне бірқатар іс-шараларды қамтиды:
1) ақпараттық-ұйымдастырушылық;
2) кандидаттардың өтініштері мен құжаттарын, оның ішінде электрондық форматта қабылдау;
3) кандидат туралы мәліметтерді зерделеуі;
4) қызметке жарамдылығын анықтау және полиграфологиялық зерттеу үшін кандидаттарды ІІО әскери-дәрігерлік комиссияларына (бұдан әрі – ӘДК) медициналық куәландыруға жіберу;
5) кандидаттардың жеке істерін қалыптастыруы;
6) алғашқы кәсіптік даярлыққа кандидаттарды іріктеуді жүргізу;
7) іріктелген кандидаттарды ІІМ білім беру ұйымдарына алғашқы кәсіптік даярлыққа жіберу.";
8-тармақтың 11) тармақшасы алып тасталсын;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Міндетті арнайы тексеру жүргізуге арналған материалдар ұлттық қауіпсіздік органдарының бөлімшелеріне жолданады.
Міндетті арнайы тексерудің нәтижесі теріс болған жағдайда ІІМ білім беру ұйымына кандидатты алғашқы кәсіптік оқудан шығару қажеттілігі туралы хат жолданады.";
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Кандидаттарды іріктеу және алғашқы кәсіптік даярлыққа жіберу қабылдау комиссиясына жүктеледі.
Қабылдау комиссиясы ІІМ ведомстволарының, ІІМ қарамағындағы аумақтық органдардың, ІІМ қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің және оның ведомстволары басшысының бұйрығымен құрылады. Қабылдау комиссиясы кемінде бес адамнан тұрады, қабылдау комиссиясының төрағасы болып ІІМ ведомстволары, ІІМ қарамағындағы аумақтық органдар, ІІМ қарамағындағы мемлекеттік мекемелер және оның ведомстволары бастығының кадр саясатына жетекшілік ететін орынбасары тағайындалады.
Қабылдау комиссиясының құрамына өзіндік қауіпсіздік қызметтерінің, жеке құрам жөніндегі инспекцияның, ардагерлер кеңесінің, Қазақстан Республикасы аумақтық ІІО жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың өкілдері енгізіледі.
Әңгімелесу өткізу және әрбір кандидаттың дене шынықтыру даярлығы бойынша нормативтерді тапсыру бейнежазбаның техникалық құралдарының көмегімен тіркеледі.
Бейнежазбаның техникалық құралдарының көмегімен тіркелген материалдар іріктеу аяқталған сәттен бастап кадр қызметінде кемінде бір жыл сақталады.";
16-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) бірінші кезеңде – қалыптасқан жеке істердің негізінде кандидаттардың тізімдері қалыптастырылады;";
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"26. Іріктеу қорытындысы хаттамамен ресімделеді. Іріктеуден өткен кандидаттармен іріктеу қорытындыларының хаттамасына қол қойылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде еңбек шарты жасалады. Еңбек шартына қол қойылғаннан кейін ІІМ ведомствосының, ІІМ қарамағындағы аумақтық ведомстволарының, ІІМ қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің және оның ведомстволарының басшысы кандидатты тағылымдамашы етіп тағайындау және алғашқы кәсіптік даярлыққа жіберу туралы бұйрыққа қол қояды.
Алғашқы кәсіптік даярлықта оқу тағылымдамадан өту кезеңіне кіреді.
Оқуға жіберілген кандидаттарға еңбек шартына сәйкес тағылымдамадан өту уақыты үшін атқарып отырған лауазымы бойынша штат кестесінде көзделген лауазымдық айлықақы төленеді.
ІІМ білім беру ұйымдары оқуға жіберген кандидаттармен осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келісімшарт жасасады.
ІІМ білім беру ұйымдарына:
1) кандидатты алғашқы кәсіптік даярлыққа жіберу туралы бұйрықтың көшірмесі;
2) жеке куәліктің көшірмесі;
3) білімі туралы құжаттардың көшірмесі;
4) осы Қағидаларға 11-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша кандидат туралы мәліметтер жолданады.";
27-тармақ алып тасталсын;
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"30. Қызметкерлерді даярлаудың барлық бағыттары бойынша алғашқы кәсіптік даярлықта оқыту мерзімі - 9 аптаны құрайды.
Ішкі істер органдарында мемлекеттік әкімшілік және азаматтық қызметшілер лауазымдарында қызмет өткерген адамдар және аттестатталған құрам санатына ауыстырылатын лауазымдар үшін даярлықтың барлық бағыттары бойынша оқу мерзімі 5 аптаны құрайды және қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып жүзеге асырылады.";
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"40. Алғашқы кәсіптік даярлықты аяқтаған адам құқық қорғау органында одан әрі қызмет өткеруден бас тартқан не үлгермеуіне және (немесе) тәртіп бұзуына байланысты, сондай-ақ өз еркімен құқық қорғау органдарының білім беру ұйымынан шығарылған жағдайда, ол даярлыққа, өзін даярлау кезеңінде стипендия төлеуге, тамағы мен тұру орнына жұмсалған бюджет қаражатын Заңның 11-бабының 7-тармағына сәйкес мемлекетке өтеуге міндетті.";
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 11-1-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр саясаты департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі |
М. Ахметжанов |
Нысан
Кандидат туралы мәліметтер
Сведения о кандидате
1. Тегі _______________________________________________________ | ||||
Оқу орнының атауы және оның тұрған жері |
Орта білімі GPA |
Арнайы орта білім GPA |
Жоғары білімі GPA |
Оқу орнын бітірген соң кім болып шықты, диплом не куәлік нөмерін көрсету керек |
7. Қандай шетел тілдерін және тәуелсіз мемлекеттер достастығы халықтарының тілдерін білесіз ____________________
Какими иностранными языками владеете
_______________________________________________________________________________
(читаете и переводите со словарем, читаете и можете объясняться, владеете свободно)
8. Еңбек қызметі
Трудовая деятельность _____________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
9. Жеке іс парағын толтырған кездегі отбасы жағдайы, сіздің жақын туыстарыңыз
Семейное положение в момент заполнения личного листка, Ваше близкие родственники
Туыстық дәрежесі |
Тегі, аты-жөні, әкесінің аты (бар болған жағдайда). |
Күні және туған жері. |
Жұмыс орны, лауазымы |
Тұрғылықты жері, байланыс телефон. |
10. Бой-салмақ көрсеткіштері (бой, салмақ)__________________________________________
Весо-ростовые показатели (рост, вес)
11. Әскери-дәрігерлік комиссия (қорытындысы)______________________________________
Военно-врачебная комиссия (заключение)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
12. Дене шынықтыру бойынша нормативтердің нәтижелері
Результаты нормативов по физической подготовке
Бег (100 м.) | Бег (1000 м.) | КСУ, подтягивание на перекладине |
13. Әскери қызметке қатысы және әскери атағы ____________________________________
Отношение к воинской обязанности и воинское звание
14. Кандидат туралы қосымша мәліметтер (спорттық жетістіктер, сертификаттар, музыкалық аспаптарды меңгеру, вокалдық деректер)
Дополнительные сведения о кандидате (спортивные достижения, сертификаты,
владение музыкальными инструментами, вокальные данные)
________________________________________________________________________________
________________________________________________________________________________
________________
15. Жеке куәлік__________________________________________________________________
Удостоверение личности
16. Жүргізуші куәлігі (санаттар)__________________________________________________
Водительское удостоверение (категории)
17. Тіркелген жері______________________________________________________________
Место прописки
18. Мекенжайы мен телефоны:_________________________________________________
Домашний адрес и телефон:
Кадр саясаты басқармасының бастығы___________________________________________
Начальник управления кадровой политики
"____" _____________________ 202__ ж. қолы ____________
(толтырылған күні) подпись
(дата заполнения)
М.О. (бар болған жағдайда)