Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспортын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 51/қе бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 29 маусымда № 32950 болып тіркелді

      "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. Қоса беріліп отырған террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспорты бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі
М. Ахметжанов
     
      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы
Е. Сағымбаев

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2023 жылғы 14 маусымдағы
№ 481 мен
Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік
комитеті Төрағасының
2023 жылғы 26 маусымдағы
№ 51/қе бірлескен
бұйрықпен
бекітілген

Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының үлгілік паспорты ____________________________________________ (объектінің атауы)

БЕКІТЕМІН:
Объектінің басшысы
________________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
20__ жылғы "___" ____________
мөр орны (ол болған кезде, дара кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда)

КЕЛІСІЛДІ:
Бастық
________________________________
(аумақтық ішкі істер органы бөлінісінің атауы)
________________________________
(қолы, Т.А.Ә.)
20__ жылғы "___" ____________ мөр орны

      ________________________

      (елді мекеннің атауы)

      ________________

      (жасалған күні)

      Мазмұны

      1. Объекті туралы жалпы мәліметтер

      2. Объектінің сипаты

      3. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес объектінің инженерлік-техникалық жарақтандырылуы және терроризмге қарсы қорғалуы туралы мәліметтер

      4. Объектінің жоспары

      5. Объекті ғимаратының (құрылысының) қабат бойынша жоспарлары

      6. Объекті ғимаратының (құрылысының) инженерлік коммуникациялық схемасы

1-тарау. Объект туралы жалпы мәліметтер

      1. Объект туралы жалпы ақпарат:

      1) санаты;

      2) қызметінің бейіні;

      3) толық және қысқаша атауы;

      4) ведомстволық тиесілігі, ұйымдық-құқықтық нысаны;

      5) мөр бедерінің үлгісі (ол болған кезде, дара кәсіпкерлік субъектілеріне жататын заңды тұлғаларды қоспағанда);

      6) пошталық мекенжайы, телефоны, факсы, электрондық мекенжайы;

      7) басшының, басшы орынбасарының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (жұмыс, үй және ұялы телефондары).

2-тарау. Объектінің сипаты

      2. Объектінің жалпы алаңы (шаршы метр).

      3. Аумақта автопаркингтің (тұрақ орнының саны), бөлек ғимараттар мен құрылыстардың болуы.

      4. Периметрі бойынша қоршау, периметрді және объектінің периметрімен шектесетін басқа да аумақтың учаскелерін күзет шебімен жабдықтау.

      5. Объектінің әрбір жеке ғимаратындағы және құрылысындағы үй-жайлардың саны (бірлік, шаршы метр).

      6. Объектідегі әрбір ғимараттың есепті сыйымдылығы (ең көп/ең аз адам).

      7. Объектінің жұмыс (объектіге келу) режимі.

      8. Әрбір ғимаратқа және құрылысқа арналған кіретін және шығатын бөлек есіктерінің (оның ішінде қосымша және апаттық) саны.

      9. Эвакуация жолдарының болуы және саны.

3-тарау. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарға сәйкес объектінің инженерлік-техникалық жарақтандырылуы және терроризмге қарсы қорғалуы туралы мәліметтер

      10. Объектіні жеке күзету бойынша қызметтер көрсететін күзет қызметі субъектісі (бұдан әрі – КҚС) _______________________________.

      (КҚС-тың атауы, күзет қызметтеріне арналған шарт №, күзет қызметімен айналысу құқығына арналған лицензияның №, берілген күні, кім берді)

      11. Объекті қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылған адамдардың (оның ішінде жеке күзет ұйымы, тәуліктік жасақ, қарауыл, кезекші жауынгерлік ауысым жұмыскерлерінің) саны:

      Жұмылдырылған жұмыскерлердің, қызметкерлердің, әскери қызметшілердің барлығы: __;

      күндізгі ауысымға: ____ ___сағат__минуттан ___сағат___ минутқа дейін;

      түнгі ауысымға: ____ ___сағат__минуттан ___сағат___ минутқа дейін;

      тәулік бойы: ____ ___сағат__минуттан ___сағат___ минутқа дейін.

      12. Объекті қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жұмылдырылған, оның ішінде тәуліктік жасақтағы, қарауылдағы, кезекші жауынгерлік ауысымдағы жеке күзет ұйымы жұмыскерлерінде, қызметкерлерде, әскери қызметшілерде қару-жарақ пен арнайы құралдардың болуы:

      қызметтік, табельдік атыс қаруы _______ бірлік.

      арнайы құралдар _______________________________________________________;

                  (әрбір түрінің және моделінің атауы мен саны көрсетілсін)

      қызметтік (қарауылдық) иттердің саны ___________________________.

      13. Техникалық қауіпсіздік құралдарының көмегімен объектіні күзету қызметтерін көрсететін күзет қызметінің субъектісі __________.

      (КҚС-тың атауы, күзет қызметтеріне арналған шарт №, күзет қызметімен айналысу құқығына арналған лицензия №, берілген күні, кім берді)

      14. Объектінің терроризмге қарсы қорғалуы бойынша қойылатын талаптарға сәйкестігі

      ______________________________________________.

      (сәйкестік дәрежесін көрсету: толығымен сәйкес келеді/ішінара сәйкес келеді/сәйкес келмейді)

      15. Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын қойылатын талаптарға сәйкес объектінің терроризмге қарсы қорғалуын қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар туралы мәліметтер (паспорттың ажырамас бөлігі болып табылатын жекелеген қосымшамен ресімделеді).

4-тарау. Объектінің жоспары (паспорттың ажырамас бөлігі болып табылатын жеке қосымшамен ресімделеді)

      16. Объектінің жоспарында:

      1) учаскенің (объекті аумағының) шекарасы, атауы, сондай-ақ объекті аумағына іргелес көшелер мен өту жолының орналасуы;

      2) объекті аумағында бөлек ғимараттар мен құрылыстардың орналасуы;

      3) объекті аумағына/аумағынан кіретін/шығатын (негізгі, қосалқы, авариялық) есіктер;

      4) объектінің инженерлік коммуникациялық (объекті аумағында жүргізілген, ғимараттар мен құрылыстарды электрмен, сумен, газбен және жылумен жабдықтау желілері ауаны желдету және баптау) сызбасы;

      5) күзет, тәуліктік жасақтар, қарауыл, кезекші жауынгерлік ауысым қызмет өткеретін бекеттер, сондай-ақ техникалық бақылау құралдары, күзет сигнализациясы, бейнебақылау камералары орналастырылған жерлер;

      6) жарылғыш қауіпті, өртке қауіпті, улы заттарды, қауіпті биологиялық, ядролық және радиоактивті материалдарды сақтау (өндіру) орындары;

      7) төтенше жағдайлар, оның ішінде терроризм актілері қаупі туралы хабарлау құралдарының болуы көрсетіледі.

5-тарау. Объекті ғимараттарының (құрылыстарының) қабат бойынша жоспары (паспорттың ажырамас бөлігі болып табылатын жеке қосымшамен ресімделеді)

      17. Қабат бойынша жоспарда:

      1) ғимараттан/ғимаратқа шығатын/кіретін (негізгі, қосалқы, авариялық) есіктер;

      2) техникалық бақылау құралдары, күзет және өрт сигнализациясы, бейнебақылау камералары;

      3) күзет, тәуліктік жасақтар, қарауыл, кезекші жауынгерлік ауысым қызмет өткеретін бекеттерінің орналасуы;

      4) авариялық және төтенше жағдайлар туындаған кезде персонал мен келушілерді эвакуациялау схемасы;

      5) зардап шеккендерді орналастыруға және алғашқы көмек көрсетуге арналған болжамды орындар ("Ғимарат ішіндегі қауіпсіз аймақ", пана) көрсетіледі.

6-тарау. Объекті ғимараттарының (құрылыстарының) инженерлік коммуникациялық схемалары (паспорттың ажырамас бөлігі болып табылатын жеке қосымшамен ресімделеді)

      18. Объекті ғимаратының (құрылысының) инженерлік коммуникациялық схемасында:

      1) объекті ғимаратын (құрылысын) электрмен жабдықтау схемасы;

      2) объекті ғимаратын (құрылысын) сумен жабдықтау схемасы;

      3) объекті ғимаратын (құрылысын) газбен жабдықтау схемасы;

      4) объекті ғимаратын (құрылысын) жылумен жабдықтау схемасы;

      5) телекоммуникация, ауаны желдету және баптау желілерінің схемасы;

      6) құлып салынатын люктар мен торлар орнатылған (ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларында) жерлер, сондай-ақ олардың кілттерін сақтайтын орындар көрсетіледі.

      Ескертпе. Ішкі істер органдарының мемлекеттік бақылауына жатпайтын террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының паспорттары "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ішкі істер органдарының тиісті аумақтық бөліністері басшыларымен келісуге жатпайды.