"Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау қағидаларын, сондай-ақ қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 867 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 22 маусымдағы № 461 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 26 маусымда № 32899 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау қағидаларын, сондай-ақ қабылдау актісінің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2017 жылғы 13 желтоқсандағы № 867 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16165 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Меншік иесі салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдаған кезде мыналардың болуы талап етіледі:

      1) сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар берген сәулет-жоспарлау тапсырмасы (тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей және жер учаскесін қосымша бөлуді (кесіп беруді) көздемейтін қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауды (қайта жоспарлауды, қайта жабдықтауды) қоспағанда);

      2) техникалық шарттар (инженерлік және/немесе коммуналдық қамтамасыз ету көздеріне объектілерді қосу, қосымша қосу және/немесе жүктемені арттыру қажет болған жағдайда);

      3) нобай (нобайлық жоба)/техникалық жоба;

      4) инженерлік желілердің және (немесе) ғимараттардың (құрылыстардың) нақты орналасуының атқарушылық геодезиялық түсірілімі (Заңның 60-бабы 2-тармағының 4), 11), 13), 16), 17), 19) тармақшаларында көрсетілген объектілерді қоспағанда).";

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Салынған объектіні пайдалануға қабылдаған кезде меншік иесі:

      1) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау актісін (бұдан әрі – акт) ресімдей отырып, объектіні пайдалануға қабылдайды;

      2) нобай (нобайлық жобаның)/техникалық жобаның объектілерді жобалау үшін берілген бастапқы материалдардың (құжаттардың) және қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттардың талаптарының сақталуын тексереді;

      3) егер объект мердігерлік тәсілмен салынған жағдайда, орындалған құрылыс-монтаждау жұмыстарының, қолданылған құрылыс материалдарының (бұйымдардың, конструкциялардың) және жабдықтардың нобайға (нобайлық жобаға)/техникалық жобаға, сондай-ақ мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтерге сәйкестігін тексереді;

      4) тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертуге байланысты емес қолданыстағы ғимараттар мен құрылыстардың үй-жайларын (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) кезінде салынған объектіні пайдалануға беру актісінің бұрын берілген техникалық жобаға сәйкестігі жөнінде жобалаушымен келіседі.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Акт инженерлік желілердің және/немесе ғимараттардың (құрылыстардың) нақты орналасуының атқарушылық геодезиялық түсірілімін қоса бере отырып, сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдарда мемлекеттік қала құрылысы кадастрының ақпараттық жүйесінде міндетті есепке алуға жатады.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау актісінің нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;

      2-қосымшаның меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау актісіне 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
А. Бейспеков

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің
міндетін атқарушы
2023 жылғы 22 маусымдағы
№ 461 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2017 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 867 бұйрығына
2-қосымша
  нысан

Меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға дербес қабылдау актісі


________________________



20__ жылғы "____" ____________


(елді мекеннің атауы)




      Құрылыстың меншік иесі ____________________________________________

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), тұрақты мекенжайы)

      және мердігер (егер объект мердігерлік тәсілмен салынса)

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      (құрылысты жүзеге асырған ұйымның атауы, адамның лауазымы, тегі, аты,

      әкесінің аты (бар болса), ұйымның мекенжайы, телефоны, лицензия №, алған күні)

      АНЫҚТАДЫ:

      1. _________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      (объектінің атауы, орналасқан жері немесе мекенжайы)

      ________________________________________________________________________

      объектіні салуды/тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік

      жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды

      (жекелеген бөліктерін) реконструкциялауды (қайта жоспарлауды, қайта жабдықтауды)

      меншік иесі дербес

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________,

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      және/немесе ол тартқан мердігерлік ұйым

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________.

      (ұйымның атауы, адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      жүзеге асырды.

      2. Мыналар орындалды:

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      (жұмыстар түрлері)

      3. Объектіні салу

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      (шешім шығарған органның атауы, шешім № және күні)

      негізінде жүргізілген.

      4. Құрылыс/тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік жүйелер

      мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы үй-жайларды (жекелеген

      бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау) нобай (нобайлық

      жоба)/техникалық жоба бойынша жүзеге асырылды:

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      нобайды (нобайлық жобаны)/техникалық жобаны әзірлеген ұйымның атауы, адамның

      лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Нобай (нобайлық жоба) ______________________________________________

      _______________________________________________________________ келісілді.

      (келісім хат берген ұйымның атауы, № және күні)

      5. Құрылыс-монтаждау жұмыстары мына мерзімде жүзеге асырылды:

      Жұмыстың басталуы _______________________________________________

      (айы және жылы)

      Жұмыстың аяқталуы _______________________________________________.

      (айы және жылы)

      6. Пайдалануға қабылданатын объектінің осы актіге __________ қосымшаға

      сәйкес техникалық сипаттамалары бар.

      7. Жарылыс қауіпсіздігін, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоршаған табиғи ортаны

      қорғау жөніндегі іс-шаралар _________________________________________

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________.

      (орындалғаны туралы мәліметтер)

      8. Құрылысы аяқталған объектінің/тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын,

      инженерлік жүйелер мен жабдықтарды өзгертпей қолданыстағы ғимараттардағы

      үй-жайларды (жекелеген бөліктерін) реконструкциялау (қайта жоспарлау, қайта жабдықтау)

      қолданыстағы ғимараттың үй-жайларының мемлекеттік (мемлекетаралық) нормативтік

      талаптарға, сәулет-жоспарлау тапсырмасына, келісілген нобайға (нобайлық

      жобаға)/техникалық жобаға сәйкестігін растау негізінде жеке меншік иесі:

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      (объектінің атауы)

      пайдалануға ҚАБЫЛДАУДЫ шешті.

      9. Салынған объектінің нормативтік талаптарға, сәулет-жоспарлау тапсырмасына,

      нобайға (нобайлық жобаға)/техникалық жобаға сәйкестігін растаймын.

      Объектінің меншік иесі _______________________________________________

      ________________________________________________________________________.

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), тұрақты мекенжайы, қолы, мерзімі)

      Мердігер (егер объект мердігерлік тәсілмен салынса)

      ________________________________________________________________________.

      (ұйымның атауы, адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса),

      қолы, мерзімі, мөр (бар болса)

      Жобалаушы ұйым (тіреу және қоршау (сыртқы) конструкцияларын, инженерлік

      жүйелер мен жабдықтарды өзгертумен байланысты емес ғимараттар мен құрылыстарды

      (жекелеген бөліктерін, үй-жайларды) реконструкциялаған (қайта жоспарлаған, қайта

      жабдықтаған) жағдайда)

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________.

      (ұйымның атауы, адамның лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы, мерзімі, мөр)

      10. Пайдалануға қабылдайтын объекті құрылысының жалпы құны __________

      мың тенге (меншік иесімен дербес анықталады).

  Меншік иесінің салынған
объектіні пайдалануға дербес
қабылдау актісіне
қосымша
  Меншік иесінің салынған
объектіні пайдалануға дербес
қабылдау актісіне
2-қосымша

Объектінің техникалық сипаттамасы (екі қабаттан жоғары емес жеке тұрғын үйлер; жеке үй жанындағы учаскелер аумағында, сондай-ақ бағбандық және бау-бақша серіктестіктерінің (қоғамдарының) учаскелерінде шаруашылық-тұрмыстық құрылыстар; маусымдық жұмыстар мен шалғайдағы мал шаруашылығы үшін тұрғын және (немесе) шаруашылық-тұрмыстық үй-жайлардың уақытша құрылыстары; маусымдық немесе қосалқы мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайлар (қоймалар мен сақтау орындары (аралығы 6 м дейін, биіктігі 7 м дейін және алаңы 2000 м2 дейін қоса алғанда))

Объектінің атауы (негізгі құрылыс, жапсарлас құрылыс, шаруашылық құрылыс және басқа)

Өлшем бірлігі

Жалпы мәліметтер

қабаттардың саны (қабат)

құрылыс салу алаңы (м2)

ғимарат көлемі (м3)

тұрғын бөлмелердің саны

жалпы алаң (м2)

тұрғын алаңы (м2)

биіктігі (м)

1

2

3

4

5

6

7

8

9



















      кестенің жалғасы

Конструктивтік элементтер сипаттамасы

Жылыту түрі

іргетас

қабырғалар/ қалқалар

шатыр жабыны

аражабын

едендер

өндеу

10

11

12

13

14

15

16















      кестенің жалғасы

Абаттандыру

электрмен жабдықтау

сумен жабдықтау

ыстық сумен жабдықтау

кәріз

газбен жабдықтау

17

18

19

20

21











      Объектінің жоспары

      Масштабы__________


      Объектінің жоспарына экспликация

Қабат

Үй-жайлардың нөмірі

Үй-жайлардың мақсаты

Ішкі өлшеу бойынша алаңы (м²), оның ішінде

жалпы

пайдалы

1

2

3

4

5











      Жер учаскесінің экспликациясы

Жалпы алаң (м2)

Оның ішінде (м2)

сәндік бақ

бақша

салынған

аула жабыны

тротуарлар

жиектер

топырағы

1

2

3

4

5

6

7















      Жер учаскесінің жоспары

      Масштабы __________


      Меншік иесі (тапсырыс беруші, құрылыс салушы)

      _________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Мөрдің орны (бар болса)