ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 4-4/61 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11687 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Пестицидтерді тіркеу (ұсақмөлдекті және өндірістік) сынақтарынан өткізу және мемлекеттік тіркеу қағидаларында:
2-тармақтың 6) тармақшасы алынып тасталсын;
39 және 39-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"39. Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу үшін тіркелуші (өтінім беруші) осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес "Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), пестицидтерді уақытша тіркеу, төмен қаупі бар биологиялық препаратты тіркеу" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінде (бұдан әрі – Негізгі талаптар тізбесі) көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық нысанда Ведомствоға осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидті мемлекеттік тіркеуге арналған өтінімді ұсынады.
Пестицидті мемлекеттік тіркеуге арналған өтінім осы Қағидалардың 7-тармағының үшінші бөлігінде көзделген талаптарды сақтай отырып, толтырылады.
Тіркелушінің (өтініш берушінің) порталдағы "жеке кабинетіне" мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған сұраным қарау мәртебесі туралы ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін алған күні мен уақыты көрсетілген хабарлама жіберіледі.
Ведомство кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және жауапты құрылымдық бөлімшеге орындауға береді.
Тіркелуші (өтініш беруші) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде, құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру одан кейінгі жақын жұмыс күні жүзеге асырылады.
Ведомствоның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері құжаттар тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Тіркелуші (өтініш беруші) Негізгі талаптар тізбесіне сәйкес құжаттар топтамасын және (немесе) мәліметтерді толық ұсынбаған, қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынған кезде Ведомство құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Тіркелуші (өтініш беруші) Негізгі талаптар тізбесіне сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынған жағдайда, Ведомствоның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері уәкілетті мемлекеттік органдарға сұраным жолдайды, олар 10 (он) жұмыс күні ішінде Ведомствоға 10 жыл мерзімге пестицидті мемлекеттік тіркеуге келісу немесе пестицидті мемлекеттік тіркеуге келісуден бас тарту туралы ұсынымдарды қамтыған сараптама қорытындысын жібереді.
Келісуші мемлекеттік органдар белгіленген мерзімде жауап ұсынбаған кезде, Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 25-бабы 3-тармағына сәйкес пестицидті мемлекеттік тіркеу келісілді деп есептеледі.
Уәкілетті мемлекеттік органдармен келісулер мемлекеттік тіркеуге ұсынылған пестицидті ауыл шаруашылығы өндірісінде қолданудан ықтимал тәуекелдердің болуы немесе болмауы және пестицидтің әсер етуші затының немесе пестицидтің өзінің Тізбеде және (немесе) Тізілімде болмауы тұрғысынан жүзеге асырылады.
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның келісімін алу үшін Ведомство пестицидті мемлекеттік тіркеу мүмкіндігі туралы сұранымға мынадай құжаттарды қоса береді:
1) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидке арналған қысқаша дерекнаманың электрондық көшірмесі;
2) пестицидті экологиялық-токсикологиялық және токсикологиялық-балық шаруашылығы бағалауы туралы есептердің электрондық көшірмелері (қызметін рұқсат беру құжаттарының (аккредиттеу, сертификат) негізінде Украинада, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың зерттеулерінің нәтижелерін (нотариалды куәландырылған көшірмесі) ұсынуға жол беріледі);
3) балара шаруашылығы және мал шаруашылығы үшін пестицидті ветеринариялық-санитариялық, экологиялық-токсикологиялық бағалау туралы есептердің электрондық көшірмелері (қызметін рұқсат беру құжаттарының (аккредиттеу, сертификат) негізінде Украинада, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың зерттеулерінің нәтижелерін (нотариалды куәландырылған көшірмесі) ұсынуға жол беріледі);
4) пестицидті өндіруші немесе тіркелуші (өтініш беруші) әзірлеген пестицидтің қауіпсіздік паспортының электрондық көшірмесі;
5) осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидті тасымалдау, сақтау, қолдану және зарарсыздандыру жөніндегі ұсынымдардың электрондық көшірмелері;
6) қазақ және орыс тілдерінде ақпараты бар осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтің ыдысындағы заттаңбасының электрондық көшірмесі.
Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның келісімін алу үшін Ведомствоның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері пестицидті мемлекеттік тіркеу мүмкіндігі туралы сұранымға рұқсат беру құжаттарының (аккредиттеу, сертификат) негізінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде қызметін жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың пестицидтің әсер етуші заты мен препараттық нысанын токсикологиялық-гигиеналық бағалау жөніндегі қорытындысының (нотариалды куәландырылған көшірмесі) электрондық көшірмесін қоса береді.
Пестицидтің әсер етуші заты мен препараттық нысанын токсикологиялық-гигиеналық бағалау жөніндегі қорытындыда "Еуразиялық экономикалық одақта санитарлық шараларды қолдану туралы" Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 28 мамырдағы № 299 шешімімен бекітілген санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға (бақылауға) жататын өнімге (тауарларға) қойылатын бірыңғай санитариялық-эпидемиологиялық және гигиеналық талаптардың ІІ тарауының 15-бөлімінің 17-тармағында көзделген мәліметтер көрсетіледі.
Ведомствоның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері пестицидке арналған тіркеу дерекнамасының материалдарын қарағаннан және уәкілетті мемлекеттік органдардың келісімін алғаннан кейін мына шешімдердің бірін қабылдайды:
1) пестицидті мемлекеттік тіркеу және тіркелушіге (өтініш берушіге) осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидке тіркеу куәлігін беру туралы қорытынды;
2) осы Қағидаларға 14-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидті мемлекеттік тіркеуден уәжді бас тарту.
Келісуші уәкілетті мемлекеттік органдардың жауабы теріс болған не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін Негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер анықталған кезде Ведомствоның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері тіркелушіге (өтініш берушіге) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушыға алдын ала шешім бойынша ұстанымын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдалым өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабардар етілген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау қорытындысы бойынша Ведомствоның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері пестицидке тіркеу куәлігін беру туралы немесе пестицидті мемлекеттік тіркеуден уәжді бас тарту туралы шешімді қабылдайды.
Нәтиже Ведомство басшысының не оның міндетін атқарушы адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында тіркелушінің (өтініш берушінің) "жеке кабинетіне" портал арқылы жіберіледі.
Пестицидті мемлекеттік тіркеуге арналған электрондық өтінімді қарауды, пестицидті мемлекеттік тіркеуді уәкілетті мемлекеттік органдармен келісуді, шешім қабылдауды және пестицидке тіркеу куәлігін ресімдеуді немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тартуды тіркелуші (өтінім беруші) осы Қағидаларда белгіленген тиісті құжаттары бар электрондық өтінімді ұсынған күннен бастап 18 (он сегіз) жұмыс күнінен кешіктірмей Ведомство жүзеге асырады.
39-1. Тіркелген пестицидті пайдалану (қолдану) саласы кеңейген кезде тіркелуші (өтінім беруші) электрондық нысанда портал арқылы Ведомствоға осы Қағидаларға 14-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркелген пестицидті пайдалану (қолдану) саласы кеңейген кездегі өтінімді және Негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Тіркеушінің (өтінім берушінің) тіркелген пестицидті пайдалану (қолдану) саласын кеңейтуге арналған құжаттарын қарау осы Қағидалардың 39-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.";
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"43. Пестицидті тіркеу куәлігінде оның қолданылу мерзімі, тіркеуші (өтініш беруші) туралы ақпарат, пестицидтің және оның әсер етуші затының саудадағы атауы, пестицидті қолдану регламенттері және пестицидті өндіруші көрсетіледі.";
45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"45. "Жекелеген зиянды және аса қауіпті зиянды организмдермен, сондай-ақ, таралуы өсімдіктер мен өсімдік өнімдеріне елеулі зиян келтіруге, фитосанитариялық жағдайдың нашарлауына әкеп соғуы мүмкін Қазақстан Республикасының аумағында алғаш рет анықталған зиянды, аса қауіпті зиянды организмдер, карантиндік объектілер және бөтентекті түрлермен күресу үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің "Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы" мемлекеттік мекемесінен оларға қарсы тіркелген пестицидтері, тәуекелі төмен биологиялық препараттары жоқ зиянды немесе аса қауіпті зиянды организмдердің немесе карантиндік объектілердің және бөтентекті түрлердің анықталғаны туралы ақпарат болған кезде 2 (екі) жылдан аспайтын мерзімге пестицидтерді уақытша тіркеуге рұқсат етіледі.
Пестицидтерге уақытша тіркеуге алу үшін тіркелуші (өтінім беруші) электрондық нысанда портал арқылы Ведомствоға осы Қағидаларға 15-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидті уақытша тіркеуге арналған өтінімді және Негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Пестицидті, тәуекелі төмен биологиялық препаратты уақытша тіркеу кезеңінде оны одан әрі мемлекеттік тіркеу үшін тіркелуші (өтініш беруші) осы Қағидаларға сәйкес, ұсақмөлдекті және өндірістік сынақтар, токсикологиялық бағалау жүргізеді.
Алғаш рет анықталған карантиндік объектілермен күресу үшін әсер ету механизмі (түйіспелі, ішек, жүйелік және тағы басқа) әр түрлі ең көбі екі пестицидті уақытша тіркеуге рұқсат етіледі.
Тіркелуші (өтініш беруші) Негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттардың толық пакетін ұсынған кезде Ведомствоның жауапты құрылымдық бөлімшесінің қызметкері уәкілетті мемлекеттік органдарға сұраным жолдайды, олар 10 (он) жұмыс күні ішінде Ведомствоға 2 (екі) жыл мерзімге пестицидті, тәуекелі төмен биологиялық препаратты уақытша тіркеуді келісу немесе пестицидті уақытша тіркеуді келісуден бас тарту ұсынымдарын қамтыған сараптама қорытындысын жібереді.
Ұсынылған құжаттарды қарағаннан кейін Ведомство пестицидті, тәуекелі төмен биологиялық препаратты уақытша тіркеуді және тіркелушіге (өтініш берушіге) пестицидке тіркеу куәлігін беру немесе пестицидті уақытша тіркеуден бас тарту және тіркелушіге (өтініш берушіге) осы Қағидаларға 14-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидті мемлекеттік тіркеуден уәжді бас тарту туралы шешімді қабылдайды.
Пестицидті, тәуекелі төмен биологиялық препаратты уақытша тіркеу туралы шешімді қабылдаған кезде Ведомство пестицидтер тізіміне және оның толықтыруларының тізіміне өзгерістер енгізеді және бұл туралы ақпаратты Министрліктің интернет-ресурсында орналастырады.
Пестицидке, тәуекелі төмен биологиялық препаратқа арналған уақытша тіркеу куәлігінің қолдану мерзімі 2 (екі) жылды құрайды.";
50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"50. Тіркелген пестицидтің рецептурасы мен өндіру технологиясын сақтай отырып, оның өндірушісі ауысқан немесе қосылған кезде, тіркелуші (өтінім беруші) пестицидтің болжанып отырған Қазақстан Республикасының аумағына әкелерден 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей Ведомстваға электронды түрде портал арқылы осы Қағидаларға 15-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша рецептурасы мен тіркелген пестицидті өндіру технологиясы сақтала отырып, оны өндіруші ауысқан немесе қосылған кездегі өтінімді және Негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Ұсынылған құжаттарды қарағаннан кейін Ведомство пестицидке бұрын берілген тіркеу куәлігін жою және оны пестицидке арналған жаңа тіркеу куәлігімен ауыстыру не өндірушіні ауыстырудан немесе қосудан бас тарту туралы және тіркелушіге (өтініш берушіге) осы Қағидаларға 14-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидті мемлекеттік тіркеуден уәжді бас тарту туралы шешімді қабылдайды.
Пестицидке бұрын берілген тіркеу куәлігін жою және оны пестицидке арналған жаңа тіркеу куәлігімен ауыстыру туралы шешім қабылданған кезде қосымша пестицидтің жаңа өндірушісі қосымша көрсетіледі, Ведомство пестицидтер тiзiмiне және оның толықтыруларының тізіміне өзгерістер енгізеді және бұл туралы ақпаратты Министрліктің интернет-ресурсында орналастырады.
Бұл ретте мемлекеттік тіркеу мерзімі сақталады, пестицидтің жаңа тіркеу және өндірістік сынақтары жүргізілмейді.
Тіркелуші (өтінім беруші) ұсынған құжаттарды қарастыруды, шешім қабылдауды, пестицидке жаңа куәлік ресімдеу мен беруді Ведомство оларды ұсынған күнінен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.";
52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"52. Пестицидтердi қайта тiркеу үшін тiркелушi (өтінім беруші) порталда осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидтi қайта тiркеуге арналған өтiнiмді және Негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Пестицидті қайта тіркеу осы Қағидалардың 39-тармағына сәйкес жүзеге асырылады.";
56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"56. Тiркелушi (өтінім беруші) ауысқан кезде тiркелушi (өтінім беруші) Ведомствоға портал арқылы электронды түрде осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тiркелушiні (өтінім беруші) ауыстыруға арналған өтінімді және Негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Тiркелушiнің (өтінім берушінің) атауы өзгерген кезде тiркелуші (өтінім берушi) Ведомствоға портал арқылы осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тiркелушiнің (өтінім берушінің) атауын өзгертуге арналған өтінімді және Негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Ұсынылған құжаттарды қарағаннан кейін Ведомство пестицидке бұрын берілген тіркеу куәлігінің күшін жою және оны жаңа тіркеу куәлігімен ауыстыру немесе тіркелушіні (өтініш берушіні) ауыстырудан немесе тіркелушінің (өтініш берушінің) атауын өзгертуден бас тарту туралы және тіркелушіге (өтініш берушіге) осы Қағидаларға 14-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пестицидті мемлекеттік тіркеуден уәжді бас тарту туралы шешімді қабылдайды.
Пестицидке бұрын берілген тіркеу куәлігінің күшін жою және қолданылу мерзімі мен жаңа тіркелуші (өтінім беруші), пестицидтің саудалық атауы, оның әсер етуші заты, пестицидті қолдану регламенттері туралы ақпаратты, сондай-ақ жаңа тіркеу нөмірі мен жаңа ресімдеу күнін бере отырып пестицидті өндіруші туралы ақпаратты көрсете отырып, оны жаңа тіркеу куәлігімен ауыстыру туралы шешім қабылданған кезде Ведомство пестицидтер тiзiмiне және оның толықтыруларының тізіміне өзгерістер енгізеді және бұл туралы ақпаратты Министрліктің интернет-ресурсында орналастырады.
Бұл ретте пестицидті мемлекеттік тіркеу мерзімі сақталады, пестицидтің жаңа ұсақмөлдекті және өндірістік сынақтары жүргізілмейді.
Негізгі талаптар тізбесінде көрсетілген құжаттарды қарастыруды, шешім қабылдауды, пестицидке жаңа тіркеу куәлігін ресімдеуді және беруді Ведомство олар ұсынылған күнінен бастап 30 (отыз) жұмыс күнінен кешіктірмей жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 57-1-тармақпен толықтырылсын:
"57-1. Ведомство осы Қағидалар бекітілген немесе өзгертілген күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратты өзектендіреді және "электрондық үкіметтің" ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым және Бірыңғай байланыс орталығына жібереді.";
көрсетілген Қағидаларға 11-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі |
Е. Карашукеев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар министрлігі
"Пестицидтерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), пестицидтерді уақытша тіркеу" төмен қаупі бар биологиялық препаратты тіркеу мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі
1. | Көрсетілетін қызметті берушінің атауы | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) |
2. | Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері | "Электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) |
3. | Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
1) пестицидке тіркеу куәлігін беру кезінде – 18 (он сегіз) жұмыс күні; |
4. | Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны | Электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
5. | Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі | Пестицидке арналған тіркеу куәлігі не мемлекеттік қызмет көрсетуден уәжді бас тарту. |
6. | Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері | Тегін |
7. | Көрсетілетін қызметті берушінің және ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. |
8. | Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
Пестицидке тіркеу куәлігін алу үшін: |
9. | Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) пестицидті мемлекеттік тіркеуді келісу туралы сұранымға уәкілетті мемлекеттік органдардың теріс жауабы; |
10. | Өзге де талаптар |
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар. |