"Уақытша кедендік бақылау аймақтары, уақытша сақтау орындары және бажсыз сауда дүкендерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 280 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 12 маусымдағы № 640 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 13 маусымда № 32768 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Уақытша кедендік бақылау аймақтары, уақытша сақтау орындары және бажсыз сауда дүкендерінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 23 ақпандағы № 280 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16549 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексі 404-бабының 4-тармағына, 502-бабының 4-тармағына, 509-бабының 5-тармағына, 516-бабының 4-тармағына, 523-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген уақытша кедендік бақылау аймақтарын құру (оның ішінде мүдделі тұлғаның өтініші бойынша), олардың жұмыс істеуін тоқтату қағидалары, оларға қойылатын талаптар, сондай-ақ уақытша кедендік бақылау аймағының құқықтық режимінде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Уақытша кедендік бақылау аймақтарын құру (оның ішінде мүдделі тұлғаның өтініші бойынша), олардың жұмыс істеуін тоқтату қағидалары, оларға қойылатын талаптар, сондай-ақ уақытша кедендік бақылау аймағының құқықтық режимі (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі (бұдан әрі – Кодекс) 404-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және уақытша кедендік бақылау аймақтарын құру, олардың жұмыс істеуін тоқтату, оларға қойылатын талаптар, сондай-ақ құқықтық режимін айқындайды.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Еркін қойма аумағының периметрін қоршауға және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыруға қойылатын талаптарды қоса алғанда, уақытша сақтау қоймасы, кеден қоймасы, еркін қойма ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын құрылысжайларды, үй-жайларды (үй-жайлардың бөліктерін) және (немесе) ашық алаңдарды орналастыруға (еркін қоймалардан басқа), жайластыруға және жабдықтауға қойылатын талаптарда:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Еркін қойма аумағының периметрін қоршауға және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыруға қойылатын талаптарды қоса алғанда, уақытша сақтау қоймасы, кеден қоймасы, еркін қойма ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын құрылысжайларды, үй-жайларды (үй-жайлардың бөліктерін) және (немесе) ашық алаңдарды орналастыруға (еркін қоймалардан басқа), жайластыруға және жабдықтауға қойылатын талаптар (бұдан әрі – Талаптар) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 502-бабының 4-тармағына, 509-бабының 5-тармағына, 516-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және еркін қойма аумағының периметрін қоршауға және бейнебақылау жүйесімен жарақтандыруға қойылатын талаптарды қоса алғанда, уақытша сақтау қоймасы, кеден қоймасы, еркін қойма ретінде пайдалануға арналған немесе пайдаланылатын құрылысжайларды, үй-жайларды (үй-жайлардың бөліктерін) және (немесе) ашық алаңдарды орналастыруға (еркін қоймалардан басқа), жайластыруға және жабдықтауға қойылатын талаптарды айқындайды.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Қоймалардың орналасқан жеріне (еркін қоймалардан басқа), жайластырылуына және жабдықталуына мынадай талаптар қойылады:

      1) көлік түріне байланысты техникалық жарамды кіреберіс жолдарының болуы;

      2) орналастырылатын жүктердің сипатына сай келетін қажетті тиеу-түсіру механизмдерінің болуы не тиеу-түсіру механизмдерін пайдаланумен байланысты қызметтерді ұсынатын тұлғамен шарттың болуы;

      3) қоймалардың барлық периметрлері бойынша үздіксіз қоршаудың болуы;

      4) бақылау-өткізу пункттерінің болуы;

      5) бақылау камералары тәулік бойы жазатын функциясы бар және күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде болған оқиғалар туралы жазба деректерді көруге мүмкіндік беретін бейнебақылау құралдарымен периметрді жарақтандырылуы (алаңы 10 (он) мың шаршы метрден асатын еркін қоймалардан басқа);

      6) қойылатын тауар және көлік құралдардің түрлеріне сәйкес сертификатталған салмақ өлшеуіш құралдарының болуы, ал газды арнайы сақтау орындарға қойған кезде – сәйкестендірілген есепке алу приборлары;

      7) Қоймада тұрған тауарлар туралы есептілікте қамтылған мәліметтерді облыстар, республикалық маңызы бар қалалары және астана бойынша аумақтық мемлекеттік кірістер органдарына электрондық түрде беру және Қоймадағы тауарларды шығару туралы мәліметтерді аумақтық органдардан электрондық түрде алу мүмкіндігін қамтамасыз ету.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бажсыз сауда дүкендерін орналастыруға, жайластыруға және жабдықтауға, оның ішінде бейнебақылау жүйесімен жарақтандыруға қойылатын талаптар, оның құрылу мен жұмыс істеу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Бажсыз сауда дүкендерін орналастыруға, жайластыруға және жабдықтауға, оның ішінде бейнебақылау жүйесімен жарақтандыруға қойылатын талаптар, оның құрылу мен жұмыс істеу қағидалары (бұдан әрі – Талаптар) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 523-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және бажсыз сауда дүкендерін орналастыруға, жайластыруға және жабдықтауға, оның ішінде бейнебақылау жүйесімен жарақтандыруға қойылатын талаптар, оның құрылу мен жұмыс істеу тәртібін айқындайды.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 523-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленген және бажсыз сауда дүкендерінде тауарларды өткізу тәртібін айқындайды.";

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. БСД-гі тауарлар "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) (бұдан әрі – Салық кодексі) 166-бабының 1-тармағына сәйкес міндетті түрде бақылау-касса машиналарын қолдана отырып, сондай-ақ Салық кодексінің 412, 413-баптарына сәйкес шот-фактураны жазып беру және оны тауарларды сатып алушыға беру бойынша талаптарды сақтай отырып өткізіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары - Қаржы министрі
Е. Жамаубаев