БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігiнiң кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) "Жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізу мақсатында пошта байланысы желілері мен құралдарына қойылатын талаптарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының пошта желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын енгізу және пайдалану кезіндегі өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 17 қазандағы № 207 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14426 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізу мақсатында пошта байланысы желілері мен құралдарына қойылатын талаптарында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізу мақсатында пошта байланысы желілері мен құралдарына қойылатын талаптар "Пошта туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабына сәйкес әзірленген және байланыс желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау қызметін жүзеге асырушы органдар жедел-іздестіру іс-шараларын (бұдан әрі – ЖІІ) және қарсы барлау іс-шараларын (бұдан әрі – ҚБІ) жүргізуі мақсатында пошта операторларына тиесілі пошта байланысы желілері мен құралдарына қойылатын талаптарды белгілейді.
2. Осы талаптарда Қазақстан Республикасының "Жедел-іздестіру қызметі туралы", "Байланыс туралы", "Қарсы барлау қызметі туралы" заңдарында және Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар қолданылады.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Пошта операторлары пошта желісінің өндірістік объектілерінде оқшауланған болуы және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 3 тамыздағы № ҚР ДСМ-72 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23852 болып тіркелген) бекітілген "Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларына сәйкес келуі тиіс жеке үй-жайлар бөледі.";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының пошта желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын енгізу және пайдалану кезіндегі өзара іс-қимыл жасау қағидаларында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қазақстан Республикасының пошта желілерінде жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын енгізу және пайдалану кезіндегі өзара іс-қимыл жасау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Пошта туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының пошта желілерінде жедел-іздестіру іс-шараларын (бұдан әрі – ЖІІ) және қарсы барлау іс-шараларын (бұдан әрі – ҚБІ) жүргізудің аппараттық-бағдарламалық және техникалық құралдарын енгізу және пайдалану кезіндегі өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды.
2. ЖІІ және ҚБІ жүргізу пошта байланысы желілері мен құралдарына қойылатын талаптар ескеріліп пошта желілерінде қамтамасыз етіледі.
Жедел-іздестіру және қарсы барлау қызметін жүзеге асырушы органдармен пошта операторларының өзара қарым-қатынасы "Жедел-іздестіру қызметі туралы" Қазақстан Республикасы және "Қарсы барлау қызметі туралы" Заңдарымен және Заңмен реттеледі.";
2) "Байланыс қызметтері сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрінің 2016 жылғы 29 тамыздағы № 327 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 15980 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Байланыс қызметтері сапасының техникалық өлшемдерін өлшеу әдістемесінде:
12-тармақта мынадай редакцияда жазылсын:
"12. Өлшеуді орындаған кезде мыналар сақталады:
1) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 ақпандағы № ҚР ДСМ-15 бұйрығымен (2022 жылғы 17 ақпанда № 26831 болып тіркелді) бекітілген адамға әсер ететін физикалық факторларға қойылатын гигиеналық нормативтердің талаптары;
2) қолданылатын өлшеу құрылғыларын пайдалану жөніндегі нұсқаулықтарда белгіленген қауіпсіздік талаптары.".
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі |
Б. Мусин |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі