"Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" 2014 жылғы 14 шілдедегі № 782 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің м.а. 2023 жылғы 9 маусымдағы № 312 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 12 маусымда № 32756 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 14 шілдедегі № 782 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9931 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтердiң қызметін жүзеге асыру қағидаларында:

      3-тармақ алып тасталсын;

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрінің
міндетін атқарушы
М. Пшембаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Индустрия және инфрақұрылымдық

      даму министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Энергетика министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы Ұлттық

      экономика министрлігі

  вице-министр
2023 жылғы 9 маусымдағы
№ 312 бұйрығына
қосымша
  Мемлекеттік емес өртке қарсы
қызметтердің қызметін жүзеге
асыру қағидаларына
2-қосымша

Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет бөлімшелері үшін негізгі өрт сөндіру автомобильдерінің санын анықтау

      1. Мемлекеттік емес өртке қарсы қызмет үшін негізгі өрт сөндіру автомобильдерінің саны объектідегі ықтимал өрттің неғұрлым күрделі нұсқасын сөндіруге қажетті су шығысының қол оқпандарымен (14 л/с) бір өрт сөндіру автомобилінің есебімен берілетін, бірақ екіден кем емес су шығысына қатынасымен айқындалады.

      Алынған мөлшерді ұлғайту жағына қарай 0,5-тен асатын мәнмен дөңгелектеу қажет.

      2. Сөндіруге қажетті су шығысын есептеу Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2017 жылғы 26 маусымдағы № 446 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2017 жылғы 3 тамызда № 15430 болып тіркелген) бекітілген өрттерді сөндіруді ұйымдастыру қағидаларына сәйкес айқындалады.

      3. Мүмкін болатын өрттің ең қиын нұсқасы-өрт:

      1) Мұнай және (немесе) газ өндіру объектілері үшін өнімділігі неғұрлым жоғары ұңғымада;

      2) мұнай айдау станциялары, газ толтыру станциялары, мұнай базалары, мұнай өнімдері қоймалары, газды жерасты сақтау станциялары үшін ең үлкен сыйымдылықтағы резервуарда;

      3) газ өңдеу зауыттарының, мұнай өңдеу зауыттарының, газ компрессорлық станциялардың, мұнай құю және мұнай ағызу эстакадаларының, мұнай-химия өнімін, химиялық өнімді, шиналар мен резеңке-техникалық бұйымдарды, минералды тыңайтқыштарды өндіру, сұйытылған көмірсутекті газдарды өңдеу және алу жөніндегі кәсіпорындардың, көмір, қара және түсті металдар өндіру кен орындары объектілерінің, элеваторлардың, мұнай мен газды қайра өндіру және дайындау үшін теңіз операцияларын қолдау базаларының негізгі өндірістік ғимаратында немесе сыртқы технологиялық қондырғысында;

      4) электр энергетикасы өнеркәсібі ұйымдары үшін неғұрлым өрт қауіпті ғимаратта, құрылыста немесе сыртқы қондырғыда;

      5) өнеркәсіптік өндірістің барлық түрлерінің ең өрт қауіпті ғимаратта, құрылыста немесе сыртқы қондырғыда;

      6) әуежай вокзалының ғимаратында;

      7) жарылғыш заттар қоймалары үшін ең үлкен сыйымдылықты сақтау объектісінде;

      8) базарлар үшін ең үлкен сауда алаңы бар ғимаратта бояған өрт саналады.