БҰЙЫРАМЫН:
1. "Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (52-шығарылым) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 15 маусымдағы № 201 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28475 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығында (52-шығарылым):
Автомобиль және қалалық электр көліктерінің жұмыстарына арналған разрядтар бойынша жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары 2-тарауында:
3-параграфтың 10-тармағы жаңа редакцияда жасылсын:
"10. Жүк көтергіштігі 100-ден астам 200 тоннаға дейінгі жүк автомобильдерді, ұзындық габариті 15 метрден астам автобустарды басқару кезінде – 7-разряд;
жүк көтергіштігі 200 тоннадан астам жүк автомобильдерді басқару кезінде – 8-разряд.";
Теміржол көлігінің және метрополитеннің жұмыстарына арналған разрядтар бойынша жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамалары 3-тарауында:
41-параграф жаңа редакцияда жасылсын:
"41-параграф. Жол өлшемдері бойынша оператор
155. Жұмыс сипаттамасы:
теміржол қатынас жолының жай-күйін жолдың ені мен деңгейі бойынша тексеру, теміржол қатынас жолдарын ұстау нормаларынан ауытқуларды, сондай-ақ жол өлшегіш арбаға немесе жолды заттай қараудың автоматтандырылған кешенінің шағын компьютеріне салынған микропроцессорлық құрылғының жадында нақты уақыт режимінде тексеру нәтижелерін тіркеп және сақтап, теміржол қатынас жолын өлшеу барысында ақауларды тексеру;
жүргізілген тексеру туралы ақпаратты стационарлық компьютерге көшіру;
арнайы бағдарламалық қамтылымның көмегімен ақпаратты өңдеу және рельс жолының геометриясының жай-күйін тексеру нәтижелерінің шифрін оқу, теміржол қатынас жолының жай-күйінің шығыс кестелік және графикалық нысандарын бағалау және түзету;
темір жолдың анықталған ақауларын жою үшін қатысушы қызметкерлерге өңделген ақпаратты беру, сондай-ақ темір жолдың жай-күйін кезекті тексеру кезінде оларды жою сапасын бақылау;
олардың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін жол өлшегіш арбаны немесе жолды заттай қараудың автоматтандырылған кешенді күйге келтіру және баптау;
жол өлшегіш арбаны немесе жолды заттай қараудың автоматтандырылған кешенді метрологиялық тексеруге уақтылы жеткізуді қамтамасыз ету және техникалық қызмет көрсету.
156. Білуге тиіс:
темір жолдың жоғарғы құрылысының, жер төсемі мен жасанды құрылыстардың құрылымы, оларды ұстау нормалары мен тәртібі;
жол өлшегіш арбаның, жолды заттай қараудың автоматтандырылған кешеннің құрылысы;
жол өлшегіш арбаны, жолды заттай қараудың автоматтандырылған кешенді баптау, жұмысқа дайындау, күтіп ұстау, сақтау және техникалық пайдалану тәртібі;
дербес компьютерде жұмыс істеу тәртібі;
рельс жолының (теміржол жолының жай-күйін бағалаудың шығыс кестелік және графикалық нысандары) геометриясының жай-күйін бақылау нәтижелерінің шифрін оқу тәртібі;
қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету тәртібі;
ішкі еңбек тәртібі.
156-1. Теміржол қатынас жолының рельстік жолының геометриясының жай-күйін қағаз лентада тіркелетін теміржол қатынас жолының жай-күйінің жазбаларын ашып көрсететін механикалық жол өлшегіш арбамен тексеру;
жол өлшегіш арбаға техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде – 4-разряд.
156-2. Микропроцессормен жабдықталған жол өлшегіш арбамен немесе микропроцессордың жадында бақылау нәтижелерін үздіксіз тіркей және сақтай отырып, темір жолды заттай қараудың автоматтандырылған кешенімен теміржол жолының рельстік жолының геометриясының жай-күйін тексеру;
тіркеушінің жадына анықталған ақауларды енгізе отырып, тіркеу деректерін кейіннен компьютерлік өңдеу және арнайы бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен стационарлық жағдайларда теміржол жолының жай-күйін бағалаумен темір жолдың жоғарғы құрылысының, жер төсемі мен жасанды құрылыстардың жай-күйін визуалды тәсілмен тексеру;
жол өлшегіш арбаға немесе жолды заттай қараудың автоматтандырылған кешенге техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыстар жүргізу кезінде – 5-разряд.".
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрге жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
Т. Дуйсенова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Оқу-ағарту министрлігі