Әлеуметтік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 5 маусымдағы № 201 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 7 маусымда № 32722 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.07.2023 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 12 бабының 5 тармақшасының отыз үшінші абзацына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған әлеуметтік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптары осы бұйрыққа сәйкес бекітілсін.

      2. Мына бұйрықтардың:

      1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2018 жылғы 14 тамыздағы № 350 бұйрығы "Әлеуметтік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17383 болып тіркелді) күші жойылды деп танылсын.

      2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 22 қыркүйектегі № 383 бұйрығының 5 тармағы "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29785 болып тіркелді).

      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми-интернет ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрі
Т. Дуйсенова

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі


      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Оқу-ағарту министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2023 жылғы 5 маусымдағы
№ 201 бұйрығымен
бекітілген

Әлеуметтік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптар

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы әлеуметтік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптары Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 12 бабының 5 тармақшасының отыз үшінші абзацына сәйкес әзірленді және әлеуметтік қорғау саласындағы келесі әлеуметтік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптарын ұсынады:

      1) арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік жұмыскер;

      2) әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант;

      3) әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман;

      4) қарттар мен мүгедектігі бар адамдарды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер;

      5) мүгедектігі бар балаларды және он сегіз жастан асқан психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар адамдарды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер жатады.

2-тарау. Әлеуметтік жұмыскерлерге қойылатын біліктілік талаптар

      2. Әлеуметтік қорғау саласындағы арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік жұмыскердің біліктілігіне қойылатын талаптар:

      біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:

      жоғары санаттағы – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім және бірінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейдегі маман ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі;

      бірінші санаттағы – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім және екінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейдегі маман ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі;

      екінші санаттағы – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім және санаты жоқ біліктілігі жоғары деңгейдегі маман ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі;

      санаты жоқ – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім, мамандығы бойынша жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

      3. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанттың біліктілігіне қойылатын талаптар:

      біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:

      жоғары санаттағы – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім және бірінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейдегі маман ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі;

      бірінші санаттағы – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім және екінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейдегі маман ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі;

      екінші санаттағы – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім және санаты жоқ біліктілігі жоғары деңгейдегі маман ретінде кемінде бір жыл жұмыс өтілі;

      санаты жоқ – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

      4. Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маманның біліктілігіне қойылатын талаптар:

      біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:

      жоғары санаттағы – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім және бірінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейдегі маман ретінде кемінде үш жыл жұмыс өтілі;

      бірінші санаттағы – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім және екінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейдегі маман ретінде кемінде екі жыл жұмыс өтілі;

      екінші санаттағы – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім және санаты жоқ біліктілігі жоғары деңгейдегі маман ретінде кемінде бір жыл жұмыс өтілі;

      санаты жоқ – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

      біліктілігі орташа деңгейдегі маман:

      жоғары санаттағы – техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім және бірінші санаттағы біліктілігі орташа деңгейдегі маман лауазымында кемінде үш жыл жұмыс өтілі;

      бірінші санаттағы – техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім және екінші санаттағы біліктілігі орташа деңгейдегі маман лауазымында кемінде екі жыл жұмыс өтілі;

      екінші санат – техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім және санаты жоқ біліктілігі орташа деңгейдегі маман лауазымында кемінде бір жыл жұмыс өтілі;

      санаты жоқ – техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды.

      5. Қарттар мен мүгедектігі бар адамдарды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкерге қойылатын біліктілік талаптары:

      біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:

      жоғары санаттағы – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім және бірінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейдегі маман лауазымында кемінде екі жыл жұмыс өтілі;

      бірінші санаттағы – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім және екінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейдегі маман лауазымында кемінде бір жыл жұмыс өтілі;

      екінші санаттағы – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім және санаты жоқ біліктілігі жоғары деңгейдегі маман лауазымында кемінде бір жыл жұмыс өтілі;

      санаты жоқ – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

      біліктілігі орташа деңгейдегі маман:

      жоғары санаттағы – техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім және бірінші санаттағы біліктілігі орташа деңгейдегі маман лауазымында кемінде екі жыл жұмыс өтілі;

      бірінші санаттағы – техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім және екінші санаттағы біліктілігі орташа деңгейдегі маман лауазымында кемінде бір жыл жұмыс өтілі;

      екінші санаттағы – техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім және санаты жоқ біліктілігі орташа деңгейдегі маман лауазымында кемінде бір жыл жұмыс өтілі;

      санаты жоқ – техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім немесе негізгі орта білім және әлеуметтік даярлық туралы сертификат.

      6. Мүгедектігі бар балаларды және психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектігі бар адамдарды күту жөніндегі әлеуметтік қызметкерге қойылатын біліктілікке қойылатын талаптар:

      біліктілігі жоғары деңгейдегі маман:

      жоғары санаттағы – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім және бірінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейдегі маман лауазымында кемінде екі жыл жұмыс өтілі;

      бірінші санаттағы – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім және екінші санаттағы біліктілігі жоғары деңгейдегі маман лауазымында кемінде бір жыл жұмыс өтілі;

      екінші санаттағы – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім және санаты жоқ біліктілігі жоғары деңгейдегі маман лауазымында кемінде бір жыл жұмыс өтілі;

      санаты жоқ – жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) (әлеуметтік, экономикалық, психологиялық, педагогикалық, медициналық) білім, жұмыс өтіліне талап қойылмайды;

      біліктілігі орташа деңгейдегі маман:

      жоғары санаттағы – техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім және бірінші санаттағы біліктілігі орташа деңгейдегі маман лауазымында кемінде екі жыл жұмыс өтілі;

      бірінші санаттағы – техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім және екінші санаттағы біліктілігі орташа деңгейдегі маман лауазымында кемінде бір жыл жұмыс өтілі;

      екінші санаттағы – техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім және санаты жоқ біліктілігі орташа деңгейдегі маман лауазымында кемінде бір жыл жұмыс өтілі;

      санаты жоқ – техникалық және кәсіптік (арнайы орта, кәсіптік орта) (әлеуметтік, педагогикалық, медициналық) білім немесе негізгі орта білім және әлеуметтік даярлық жөніндегі сертификат.