"Аң аулау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/157 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 2 маусымдағы № 177 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 6 маусымда № 32702 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Аң аулау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/157 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11091 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. Қасқырларды, шибөрiлердi, қарғаларды, сауысқандарды, үлкен суқұзғын, тағандарды, қаңғыбас иттерді аулау (атып алу) кезінде жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсат талап етiлмейдi:

      1) жануарлар дүниесін қорғауды жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері және оның мамандандырылған ұйымдарының лауазымды адамдары жүзеге асыру кезінде, аңшылық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметінің, сондай-ақ балық шаруашылығы субъектілерінің қорықшылық қызметiмен үлкен суқұзғынды атуды қызметтік қаруды және авиа- автомото-, көлік құралдарын, оның ішінде қарда жүретін техниканы қолдана отырып жүзеге асырған;

      2) жануарлардың басқа түрлерiн аулау (авиа-, автомото-, көлік құралдарын, оның ішінде қарда жүретін техниканы қолданбай) аң аулауға берілген жануарлар дүниесін пайдалану рұқсаты қолданылатын аңшылық шаруашылығы субъектісінің аумағында жүргізілген кезде жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсат талап етiлмейдi.".

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар министрі
З. Сулейменова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Репсубликасының

      Ғылым және жоғары білім министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Репсубликасының

      Ішкі істер министрлігі