"Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 744 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2023 жылғы 31 мамырдағы № 530 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 1 маусымда № 32658 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы № 744 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16210 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 15-бабының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуды жүргізу қағидаларында:

      1-бөлімде:

      2-тармақта:

      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) авиациялық бөлім (бұдан әрі – бөлім) – Қазақстан Республикасы мемлекеттік жойғыш, бомбалаушы, шабуылдаушы, көлік, армиялық және оқу-жаттығу авиациясы әуе кемелерінің (бұдан әрі – ӘК) ұшуды, оларды пайдалануды, жөндеуді және сақтауды жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік мекеме, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Авиация қызметінің авиация басқармасы, авиациялық комендатуралар, авиациялық мүлік қоймалары, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ҚМ), Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің (бұдан әрі – ҚР МКҚ), Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – ҚР ІІМ) және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі – ҚР ҰҚК) құрылымдық бөлімшелері, олардың құрамына пилотсыз әуе кемесін (бұдан әрі – ПӘК) пайдаланатын бөлімшелер, сондай-ақ авиациялық персоналды даярлау жөніндегі оқу-жаттығу орталықтары, ПӘК жауынгерлік даярлау және жауынгерлік қолдану оқу-жаттығу орталықтары кіреді;";

      мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "3-1) автожир (гирожоспар) – ауадан ауыр ұшу аппараты, ол шамамен тік тұрған ось айналасында еркін айналатын бір немесе бірнеше тасымалдаушы бұрандамен ауа реакциясының әсерінен ұшуда сақталады;";

      7) және 8) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7) аспаптар бойынша ұшу – экипаж ӘК-нің кеңістіктік жағдайын және оның болатын жерін толық немесе ішінара пилотаждық-навигациялық аспап бойынша немесе пилотсыз авиациялық жүйе көмегімен айқындайтын жағдайда орындалатын ұшу;

      8) ӘК командирі – экипажда үлкені болып табылатын және ӘК-нің ұшуына және қауіпсіздігіне жауап беретін ұшқыш (пилот) (бұдан әрі – ӘКК);";

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) әуеайлақтың аға авиациялық бастығы – мемлекеттік авиацияның басқару органы (азаматтық авиация саласындағы уәкілетті орган) тағайындаған және әуеайлақта жауынгерлік даярлықты (өндірістік қызметті) ұйымдастыратын осы әуеайлақта тұрған мемлекеттік авиация авиациялық бөлімдерінің командирі (авиациялық бөлімше бастықтары), азаматтық авиация кәсіпорны мен ұйымының бастықтарынан лауазымды адам;";

      12) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "12) әуе қозғалысын басқару орталықтары (бұдан әрі – ӘҚБ орталықтары) – Заңның 15-бабының 29) тармақшасына сәйкес мемлекеттік авиация саласындағы уәкілетті орган бекітетін Әуе қозғалысын басқару жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалануды жоспарлауға және үйлестіруге, Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану тәртібінің сақталуын бақылауға, оларға белгіленген жауапкершілік ауданы шегінде ұшу қауіпсіздігін және әуе қозғалысының тұрақтылығын қамтамасыз етуге арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әуе қозғалысын жедел басқару органдары;";

      25) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "25) жазық жер – 25 километр (бұдан әрі – км) радиуста салыстырмалы түрде жер бедерi 200 метрге (бұдан әрі – м) дейiн жоғарылаған жергілікті жер;";

      мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "25-1) тренажерлік даярлық – экипаждың (дербес) нақты типтегі ӘК-ні ұшуда пайдалануда оның функционалдық міндеттерінің толық көлемінде іс жүзінде дағдылануы және машықтануы, пысықтау және жетілдіру процесі;";

      мынадай мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "28-1) жерүсті басқару станциясы (бұдан әрі – ЖБС) – ПӘК-нің ұшуын қамтамасыз ететін жерүсті басқару және байланыс құралының кешенін қамтитын пилотсыз авиациялық жүйе элементі;";

      35), 36) және 37) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "35) күрделі пилотаж – әуе кемесінің 45 градустан (10 градустан) астам тангаж бұрышымен және 60 градустан (30 градустан) астам кренмен пилотаж фигурасын орындауы;

      36) қарапайым пилотаж – әуе кемесінің 45 градусқа (10 градусқа) дейінгі тангаж бұрышымен және 60 градусқа (30 градусқа) дейінгі кренмен пилотаж фигурасын орындауы;

      37) пилотсыз авиациялық жүйе (бұдан әрі – ПАЖ) – ПӘК және ПӘК-ні әуе кеңістігінде қауіпсіз және тиімді пайдалану үшін қажетті онымен байланысты элементтер (байланыс арналарын және ПӘК-ні басқаратын компоненттерді қоса алғанда);";

      48) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "48) өту биіктігі – барометрлік биіктік өлшегіштің қысым шәкілін берілген эшелонды алу кезінде сынап бағанасы 760 миллиметр (1013, 25 миллибар/гектапаскаль (бұдан әрі – мбар/гПа) қысым мәніне ауыстыру үшін әуеайлақ ауданында белгіленген салыстырмалы (абсолютті) биіктік;";

      58) тармақша алып тасталсын:

      59) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "59) ПӘК операторы – әуеайлақтан тыс тұрған ПӘК-нің ұшуы кезінде оны басқаратын есептоп мүшесі;";

      мынадай мазмұндағы 60-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "60-1) ПӘК ұшқыш (пилот)-операторы – әуеайлақта тұрған ПӘК-ні басқару жөніндегі функцияларды орындауға жіберілген ПӘК экипажының мүшесі;";

      мынадай мазмұндағы 70-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "70-1) ПӘК есептобы – ПАЖ-ны пайдалану және қызмет көрсету жөніндегі міндеттерді орындау тапсырылған жеке құрам;";

      76) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "76) ұшу – басқарылатын және ПӘК экипажы жүзеге асыратын әуе кеңістігіндегі ӘК қозғалысын басқару процесі;";

      84) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "84) шайқалу – ӘК-нің турбуленттi атмосферада ұшу кезiндегі ретсiз қозғалысы:

      қалыпты шайқалу – ӘК қалпының және (немесе) абсолюттік биіктігінің қалыпты, бірақ бұрынғыдай сенімді басқаруды қамтамасыз ететіндей өзгеруі, мұнда акселерометр көрсеткіші ӘК ауырлық күші ортасында 0,5 ÷ 1,0g, ал ұшып көтерілу және қону кезіндегі бірқалыпты шайқалу плюс болған кезде 0,3 ÷ 0,4g құрайды;

      қатты шайқалу – ӘК қалпының және (немесе) абсолюттік биіктігінің күрт өзгеруі, мұнда қысқа кезең ішінде ӘК әуе жылдамдығының сипатты өзгеруімен, акселерометр көрсеткіші ӘК ауырлық күші ортасында 1.0 g астам, ал ұшып көтерілу және қону кезінде жүктеменің плюс 0,4g астам болған кезде басқаруға бағынбайды;";

      2-бөлімде:

      1-тарауда:

      19-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әуеайлақтың (ҰҚЖ-ның әрбір бағыты үшін) ауа райы минимумы әуеайлақтың мемлекеттік авиацияны басқару органына тиесілігі бойынша мемлекеттік авиацияны басқару органының басшысы бекітетін осы әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) аэронавигациялық паспортында (бұдан әрі – аэронавигациялық әуеайлақ паспорты) белгіленеді. Әуеайлақтың үлгілік аэронавигациялық паспорты осы Қағидаларға 3-қосымшада келтірілген.";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Күндіз жазық немесе төбешікті жерде ұшу кезінде бұлттың төменгі шегінің нақты және болжамды биіктігі 150 м төмен емес және көріну 3000 м және одан астам болған кезде аспаптағы ұшу жылдамдығы 300 км сағаттан (бұдан әрі – км/сағ) аспайтын ӘК үшін жасанды кедергі биіктігі есепке алынбайды.";

      77-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бұл жағдайда ӘКК мынадай жүйелікпен әрекет етеді: ұшу эшелонын (биіктігін) өзгертпей, ӘК-ні маршрут осiнен 30 градус оңға (немесе солға – ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету шарттарына байланысты) бұрады және 20 км ұшып өтіп, бiр уақытта таңдалған эшелонға дейiнгі биiктiкті өзгертіп, оны бастапқы бағытқа шығарады. ӘКК маневрдi орындағаны туралы ӘҚБ органын хабардар етеді.";

      93-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "93. Ұшу кезінде экипаж биіктік өлшегіштің аспаптық, аэродинамикалық, температуралық түзетуін ескереді. Бұл ретте сыртқы ауа температурасы төмендеген кезде, әсіресе қыста төмен биіктікте ұшу, қонуға беттеу және таулы ауданда ұшу кезінде нақты биіктікті азайту ұшу қауіпсіздігіне ықпал ететінін ескеру қажет. Температуралық түзету мәні биіктікке және нақты температураның есептелгеннен ауытқуына (Цельсий бойынша плюс 15 градус) байланысты болады және Алгоритмде келтірілген формула бойынша айқындалады.";

      98-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) жаттығуға ұшуы, мемлекеттік авиацияның мемлекет қорғанысы, қауіпсіздігі, қоғамдық тәртіпті қорғау мақсатындағы ұшуы, сондай-ақ көрнекі ұшуы кезінде ШҰҚ бойынша нақты қауіпсіз ұшу биіктігін мемлекеттік авиацияның басқару органдары (Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштері қолбасшысының басқармасы) белгілейді.";

      139-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "139. Авиация персоналын тексеру және үйрету үшін дайындалған нұсқаушылар болмаған кезде басқа Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиацияны басқару органының нұсқаушылары тартылады. Бұл жағдайда авиация персоналының ұшуды (сабақты) ұйымдастыру және өткізу рәсімі тиісті Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиацияны басқару органы басшыларының әдістемелік ұсынымында (бірлескен) айқындалады.";

      141-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "141. Ұшқыштар мен штурмандардың:

      1) авиациялық техниканы;

      2) ҰПН-ны;

      3) іс жүзіндегі аэродинамиканы;

      4) әуе навигациясын;

      5) ӘК бортындағы адамдарды құтқару және олардың әрекетін қамтамасыз ету құралдарын және авариялық жағдайда қолдану тәсілдерін;

      6) әуеайлақтың ұшуды байланыспен және радиотехникалық қамтамасыз ету құралдарының тактикалық-техникалық деректерін;

      7) авиациялық метеорологияны;

      8) әуе кеңістігін пайдалануды және мемлекеттік авиация қызметін, ұшуды және ұшу даярлығын регламенттейтін құжаттарды;

      9) әуеайлақтың аэронавигациялық паспортын және мемлекеттік авиацияны басқару органының басшысы бекіткен авиациялық полигонның аэронавигациялық паспортын;

      10) осы Қағидалардың 237244-тармақтарына сәйкес шекара маңы жолағында ұшу шарттарын білуі тексеріледі.";

      146-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Кешенді пилотаждық тренажерді (FFS, Full Flight Simulator) пайдаланып, тренажерлік даярлықтан өту кезінде осы Қағидалардың 197-1 – 197-12-тармақтарының талаптарын басшылыққа алу қажет.";

      153-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жеке өзін жетілдіруге арналған ұшу кезінде ұшқыш (екінші пилот, ұшқыш-штурман, штурман) үшін бастапқы уақыттың ең ұзақ ұзақтығы 6 сағаттан аспайды, нұсқаушы үшін 7 сағаттан аспайды. Ұшу ауысымының ұзақтығы 7 сағаттан аспайды.";

      мынадай мазмұндағы 155-1-тармақпен толықтырылсын:

      "155-1. Алаңға қонып жеткізуді жүзеге асыратын, ұшуды орындайтын автожир (гироплан) экипаждарына тәулігіне бастапқы уақыты 12 сағат болған кезде жалпы 6 сағаттан аспайтын ұшуға жол беріледі.

      Көрсетілген ұшуды және бастапқы уақытты Қазақстан Республикасының мемлекеттік авиациясын басқару органы басшысының (Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштері қолбасшысының) нұсқауымен арнайы ұшуды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өтуге байланысты ұшуды орындаған жағдайда – 2 сағаттан аспайтын уақытқа ұлғайтуға жол беріледі.

      Барлық жағдайда бастапқы уақыт ішінде алаңға қонудың жалпы саны 12-ден аспауға тиіс.";

      160-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "160. Ұшқыштар әскери оқу орнының курсанттарын (тыңдаушыларын) қоспағанда, жыл сайынғы демалысын 12 айдан артық пайдаланбаған ұшқыш құрамы ұшудан шеттетілуге тиіс. "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Әскери қызмет туралы Заң) 46-бабының 1-тармағына сәйкес ұшу жұмысындағы әскери қызметшілерге жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беріледі. Негізгі демалыстан шыққан күннен бастап 12 ай өткеннен кейін қосымша демалыс берілген жағдайда ұшуға рұқсат 2 айдан аспайтын мерзімге ұзартылады.";

      168-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "168. Авиациялық бөлім командирі шешім қабылданғаннан кейін ұшуды жоспарлау, дайындау, жүргізу және қамтамасыз ету бойынша авиациялық бөлім басшы құрамының, эскадрилья командирлерінің және қамтамасыз ету бөлімшелерінің (бөлімдерінің) жұмысын ұйымдастырады. Осы мақсатта алдын ала дайындау күні қарсаңында арнайы кеңесте немесе жүргізілген ұшуды алдын ала талдауда көрсетілген лауазымды адамдарға міндеттер айқындалады.

      Бірнеше ұшу ауысымында ұшу кезінде ұшуға міндеттер осы барлық ауысымға қойылуы мүмкін. Осындай жағдайда командирдің ұшуға шешімі әрбір ұшу ауысымы алдында нақтыланып, толықтырылады. Авиациялық бөлім командирі басшы құрамға міндет қою кезінде:

      1) әрбір бөлімше үшін ұшу күні мен уақытын жеткізеді;

      2) күтілетін метеорологиялық жағдай мен орнитологиялық ахуалға сәйкес ұшу ауысымы және күндері бойынша алдағы ұшудың негізгі мақсаттары мен міндеттерін айқындайды;

      3) тартылатын басқару пункттері мен ұшуды қамтамасыз ету құралдарының тізбесін, олардың жұмысқа (қамтамасыз етуге) әзір болу уақытын жеткізеді;

      4) басқа авиация тектерінің, Құрлық әскерлерінің, Әскери-теңіз күштерінің бөлімдерімен (бөлімшелерімен) және басқа да басқару органдарымен өзара іс-қимылдың ұйымдастырылуын жеткізеді;

      5) басқа авиациялық бөлімге бағынысты бағыттау пунктінің жауапкершілігі ауданында әуе нысанасын басқаруды және бағыттауды пысықтап, жаттығуға ұшуын жоспарлау кезінде бөлімнің штаб бастығына басқару пункттері арасында өзара іс-қимылды ұйымдастыруға нұсқау береді.";

      172-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұшқыш құрамының ұшуға әзір болуын бақылағаннан кейін жоспарланған ұшу кестесін бөлім командирі (басқарма немесе дербес бөлім бастығы) бекітеді және авиациялық бөлімнің елтаңбалы мөрімен бекітіледі.";

      178-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жалпы даярлықтан өтпеген ұшқыш құрамы мен ҰБТ адамдары ұшуға және ұшуға басшылық жасауға жіберілмейді.";

      мынадай мазмұндағы 22-1-параграфпен толықтырылсын:

      "22-1-параграф. Тренажерлік даярлық

      197-1. Тренажерлік даярлық мынадай типтегі тренажерде жүзеге асырылады:

      1) экипаж мүшелерінің мамандандырылған тренажері;

      2) кабиналық рәсім тренажері;

      3) кешенді пилотаждық тренажер;

      4) авариялық тастап кету тренажері.

      197-2. Экипаж мүшесінің мамандандырылған тренажері алған білімді бекітуге, ӘК жүйесін пайдалану дағдысы мен шеберлігін пысықтауға, сондай-ақ экипаж мүшесінің жұмыс орнында әртүрлі пайдалану жағдайында өзара іс-қимыл жасауға арналған.

      Экипаж мүшесінің мамандандырылған тренажері:

      1) пилоттың мамандандырылған тренажері;

      2) штурманның мамандандырылған тренажері;

      3) борт инженерінің мамандандырылған тренажері.

      197-3. Пилоттың мамандандырылған тренажері ұшу, маршрут бойынша ұшу, жауынгерлік (арнайы) міндеттерді орындау және әртүрлі радиотехникалық жүйені қолданып қонуға беттеу кезінде қажетті білімді бекітуге және іс жүзіндегі дағдыны пысықтауға арналған.

      197-4. Штурманның мамандандырылған тренажері ұшақты жүргізу және навигация қағидалары бойынша рәсімді орындау білімін бекіту және іс жүзіндегі дағдыны пысықтау үшін арналған.

      197-5. Борт инженерінің мамандандырылған тренажері әртүрлі пайдалану жағдайында ӘК жүйесін ұшуда қолдану білімін бекітуге және іс жүзіндегі дағдыны пысықтауға арналған.

      197-6. Кабинадағы рәсім тренажері мынадай мақсатта қолданылады:

      1) экипаж мүшелерін ұшыру алдындағы даярлау, қозғалтқышты іске қосу алдында ӘК жүйесін дайындау және тексеру кезіндегі өзара іс-қимыл элементтерін пысықтау;

      2) бақылау парағы мен бақылап тексеру картасына сәйкес операцияларды орындау және бақылау кезінде экипаждағы өзара іс-қимыл элементтерін пысықтау;

      3) экипажда қозғалтқышты іске қосу кезінде, іске қосқаннан кейін, басқару алдында, алдын ала және орындалудағы стартта, қонғаннан кейін, қозғалтқышты сөндірер алдында және сөндіргеннен кейін өзара іс-қимыл дағдысы мен элементтерін пысықтау.

      197-7. Кешенді пилотаждық тренажер (FFS, Full Flight Simulator) экипаждарды нақты типтегі ӘК-ні ұшуда пайдалану жөніндегі функционалдық міндеттерінің толық көлемінде даярлауға, ұшуға даярлық түрі бойынша тексеруге және рұқсат алу үшін арналған.

      197-8. Авариялық тастап кету тренажері авариялық-құтқару жарағын пайдалану білімін бекітуге және іс жүзіндегі дағдыны пысықтауға, сондай-ақ мәжбүрлі қону және ӘК-ні авариялық тастап кету кезінде үйренушінің экипаждың басқа мүшелерімен өзара іс-қимылы үшін арналған.

      197-9. Тренажердегі ұшуға даярлау ӘК-ні басқару дағдысын ұстау және жетілдіру мақсатында орындалады, ол минимумды қалпына келтіруге (растауға) бақылап ұшуы күнінен бастап 12 ай ішінде ұшқыштың кешенді тренажерде берілген минимумға сәйкес келетін қонуға кемінде 3 рет беттеуді қамтиды. Қонуға беттеудің жалпы санынан 1 қонуға беттеу автоматты режимде орындалады.

      197-10. ӘК-нің бірнеше типінде ұшуға жіберілген ӘК ұшқыш-нұсқаушы және ұшқыш құрамының адамдарына:

      1) ӘК-нің әрбір типінің кешенді тренажерінде КМЖ белгіленген қонуға 3 рет беттеуге;

      2) ӘКК берілген минимумын ӘК-нің әрбір типінде растауға қажет.

      197-11. Кешенді тренажерде күрделі метеорологиялық жағдайда қонуға 3 рет беттеу болмаған кезде экипаж құрамында нұсқаушымен әуеайлақтық жағдайда жаттықтыру орындалады.

      197-12. Қонуға беттеу және қонуға автоматты түрде беттеу жүйесімен жабдықталған ӘК-де ұшуды орындайтын ұшқыш құрамы КМЖ-да ұшуды басқару техникасының дағдысын ұстайды және кешенді пилотаждық тренажерде берілген ӘКК минимумды растайды.";

      235-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "235. Ауа райын барлау Цельсий бойынша плюс 37 градус және одан төмен температура кезінде (температура төмендеген кезде) жүргізіледі. Қосалқы әуеайлақ ретінде Цельсий бойынша плюс 40 градус температурамен әуеайлақты пайдалануға жол беріледі.

      Авиациялық бөлім командирінің (ұшу ауысымы үлкенінің) шешімімен сыртқы ауа температурасы Цельсий бойынша плюс 30 градус және одан жоғары (Цельсий бойынша минус 30 градус және одан төмен) болған кезде ұшу әртүрлі метеорологиялық элементті (температура, жел, ылғалдылық, қысым) ескере отырып, жеке құрамның жұмыс қабілетіне және ӘК жұмысына ықпал ету жиынтығына және дәрежесіне (бастапқы уақыт, ӘК саны, ұшу тапсырмасын орындауды жеңілдету) байланысты шектеледі.

      Егер ұшу басталарда, оның кезеңінде ауа температурасы Цельсий бойынша плюс 30 градусқа жетсе және ұшуда бір сағат ішінде Цельсий бойынша плюс 30 градустан төменге төмендесе, онда ұшу ауысымының ұзақтығы шектелмейді.

      Ұшып өтуді қоспағанда, барлық ұшу түрі Цельсий бойынша плюс 38 градус және одан жоғары температурада тоқтатылады. Майдан авиациясы ұшақтары үшін жаттығуға ұшуы ауа температурасы Цельсий бойынша плюс 35 градус және одан жоғары болған кезде тоқтатылады.

      Сыртқы ауа температурасы Цельсий бойынша плюс 38 градус және одан жоғары болған кезде ұшып өту ӘК-ні типі бойынша пайдалану жөніндегі нұсқауларда (нұсқаулықтарда) жазылған шектеуге сәйкес ұшуды (қонуды) қауіпсіз орындау мүмкіндігін бағалағаннан кейін мемлекеттік авиация басқару органының (Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштері қолбасшысының) рұқсатымен тек әскери-көлік авиациясының тікұшақтары мен ұшақтарында орындалады.";

      245-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ұшу картасы (көліктік ӘК-ге және тікұшақтарға арналған радионавигациялық карта);";

      287-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "287. Ауа райын радиолокациялық барлау бұлттылық, жауын-шашын, найзағай құбылысы аймақтарын, олардың қозғалу жылдамдығы мен бағытын айқындау және нақтылау үшін, сондай-ақ әуеде құстардың жиналуын анықтау, олардың ұшу биіктігі мен бағытын айқындау үшін жүргізіледі. Радиолокациялық барлауды ұшу жетекшісі ұйымдастырады және алыс аймақтағы жетекші (жауынгерлік басқару офицері), таяу аймақ жетекшісі, ұшу жетекшісі (қону аймағында), радиолокациялық жүйедің кезекші операторы, байланыс және радиотехникалық қамтамасыз ету бөлімшесі ауа райы барлаушысының ұшуына 1 сағат және 20-25 минут қалғанда, сондай-ақ ұшу басталғанға дейін 30 минут қалғанда, ұшу уақытында – ұшу жетекшісінің нұсқауы бойынша жүргізеді.";

      400-6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "400-6. Атмосфераның жоғары электрлік белсенділігі жағдайында ұшу ерекшелігі:

      1) құлаққаптағы шу мен тырсыл;

      2) радиоқұбылнама нұсқарының ретсіз тербелісі;

      3) тәуліктің қараңғы уақытында экипаж кабинасы шынысының жарқылдауы және қанат ұшының жарқырауы болып табылады.

      Бұлт қабатындағы температура аралығы Цельсий бойынша плюс 5-тен минус 10 градусқа дейін болғанда электрленудің пайда болуы анағұрлым ықтимал.

      ӘКК күшті электрлену белгілері пайда болған кезде ол туралы ӘҚБ органына баяндайды және оның қауіпті аймақтан шығу бойынша командасын орындайды. Бұл ретте экипаж командалық радиостанцияны (ӘК бортында бірнеше радиостанция болған кезде) сөндіруге қажет. Түнде (шағылысқан кезде) экипаж кабинаға жарықтың түсу дәрежесін арттырады.";

      400-8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "400-8. Желдің бағыты ауысқан жағдайда ұшып шығу және қонуға беттеу кезінде:

      1) ҰПН талаптарына сәйкес есептік жылдамдықты ұлғайту;

      2) үдемелі және тік жылдамдықтың өзгеруіне жоғары бақылауды жүзеге асыру және есептік параметрден және ұшудың берілген траекториясынан туындайтын ауытқуды дереу жою;

      3) егер берілген төмендеу глиссадасын ұстап тұру үшін қозғалтқыштың жұмыс режимін номиналға дейін ұлғайту талап етілсе және (немесе) ҚЖРМ-дан ұшып өткеннен кейін тік төмендеу жылдамдығы есептелгеннен секундына 3 метр (бұдан әрі – м/с) және одан астамға ұлғайса, қонуға беттеу кезінде ұшып көтерілу режимін пайдаланумен екінші айналымға дереу кету және қосалқы әуеайлаққа ұшу керек.";

      412-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "412. Полигондағы ұшу жетекшіі болып полигонда ұшуды басқаруға тиісті рұқсаты бар штаттық ұшу жетекшісі немесе авиациялық зақымдау құралдарын жауынгерлік қолдануға ұшу тәжірибесі бар және полигонда ұшуды басқаруға тиісті рұқсатнамасы бар ұшқыштар (штурмандар) тағайындалады:

      1) жеке авиациялық буында (жасақта) – ӘКК қатарынан;

      2) жеке авиациялық эскадрильяда – буын (жасақ) командирлері (штурмандар) қатарынан;

      3) авиациялық бөлімде бір авиациялық эскадрилья экипажының ұшуы кезінде – авиациялық эскадрилья командирінің орынбасарларынан немесе штурман, бірнеше эскадрилья экипажының ұшуы кезінде – авиациялық бөлімнің штурманы, әуе-оқ ату және тактикалық даярлық бастығы немесе авиациялық бөлім командирінің орынбасарларынан;

      4) уақытша (жылжымалы) полигонда – авиациялық эскадрилья командирінің орынбасарларынан немесе авиациялық эскадрилья (авиациялық бөлім) штурманы, авиациялық бөлімнің барлау бастығы немесе әуе-оқ ату және тактикалық даярлық бастығы.";

      427-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) қону аймағы – қону бағытына қатысты плюс/минус 25 градус секторымен және ұшу-қону жолағының басынан 60 км қашықтықпен шектелген қону бағытындағы әуе кеңістігі;";

      474-тармақтың екінші бөлігінің 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2) ұшу (қону аймағы) жетекшісі плюс/минус 15 градус секторында қону бағытында тікұшақ қону бағытына бұрылған сәттен бастап жақын жетекті радиостанцияға ұшып өткенге дейін және әуеайлақтағы ұшу жетекшісі (ұшу жетекшісінің көмекшісі) оны шолып анықтағанға дейін экипажға басшылық жасайды. Одан басқа, ұшу (қону аймағы) жетекшісіне радиолокациялық құралдардың көрінуі шегінде жақын және алыс аймақта тікұшақтардың қозғалысын, пилотаждық аймақта орынды ұстап тұруды және босатуды, қонуға беттеу, жетекті радиостанцияға шығу, күту аймағына беттеу, ұшу шеңберінен шығу және оған беттеу маршруты мен схемасында ұшу параметрінің сақталуын бақылау жүктеледі;";

      548-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұшу кезеңінде, сондай-ақ әуеайлақ қосалқы ретінде бөлінген жағдайда қарапайым метеорологиялық жағдайда метеорологиялық бақылау сағат сайын, ал күрделі метеорологиялық жағдайда метеорологиялық жағдай күрт өзгерген кезде және ауа райының белгіленген минимумы кезінде 30 минуттан соң жүргізіледі.";

      551-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "551. Әуеайлақта ӘК-нің құстармен соқтығысуының алдын алу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру үшін бөлім командирінің орынбасары (жауынгерлік даярлық жөніндегі) – жауынгерлік даярлық бөлімі бастығының (ҰҚК АҚ авиациялық басқармасы, бөлімі бастығы орынбасарының) төрағалық етуімен штаттан тыс орнитологиялық комиссия құрылады.

      Штатта бөлім командирінің орынбасары (жауынгерлік даярлық жөніндегі) – жауынгерлік даярлық бөлімінің бастығы (ҰҚК АҚ авиациялық басқармасы, бөлімі бастығының орынбасары) болмаған кезде орнитологиялық комиссияның төрағасы бөлім командирінің шешімімен тағайындалады.";

      566-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "566. Ақаусыз басқару құралдарын объективті бақылау құралдарымен қамтамасыз етілмеген ӘК-нің ұшуына, сондай-ақ объективті бақылау құралдары ақаулы ӘК-нің ұшып шығуына жол берілмейді.";

      5-бөлімде:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-бөлім. ПӘК-нің ұшуын ұйымдастыру ерекшелігі";

      9-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-тарау. ПӘК-нің ұшуын дайындау";

      1-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. ПӘК-нің жіктелуі";

      570, 571 және 572-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "570. Орындалатын міндеттердің мақсаты мен типі бойынша ПӘК мынадай болып бөлінеді:

      1) жауынгерлік (соққы беру) – авиациялық зақымдау құралдарымен соққы беру үшін;

      2) барлау – барлау құралдарымен әуеде барлау, инфрақызыл және теледидар диапазонында бақылау және лазерлік қашықтық өлшеу үшін;

      3) көпмақсатты – бір уақытта немесе ұшуға тапсырмаға байланысты бірнеше міндетті шешу үшін.

      571. Басқару қағидаты бойынша ПӘК мынадай болып бөлінеді:

      1) автономдық – оператордың араласуынсыз навигациялық кешенге енгізілген бағдарламаға сәйкес ұшу тапсырмасын орындайтын;

      2) қашықтан басқарылатын – ПӘК ұшқыш (пилот)-операторы ЖБС-дан басқаратын;

      3) аралас – ұшуда автоматты түрде, ЖБС-ның ұшқыш (пилот)-операторы немесе көрсетілген тәсілдерді үйлестірумен басқаратын.

      572. Массалық-габариттік сипаттамасы бойынша ПӘК мынадай болып бөлінеді:

      1) нано – максималды ұшып көтерілу массасы 0.025 килограмнан аз ӘК;

      2) микро – максималды ұшып көтерілу массасы 5 килограмнан аз ӘК;

      3) мини – максималды ұшып көтерілу массасы 30 килограмнан аз ӘК;

      4) жеңіл – максималды ұшып көтерілу массасы 250 килограмнан астам емес ӘК;

      5) орташа – максималды ұшып көтерілу массасы 2000 килограмнан астам емес ӘК;

      6) ауыр – максималды ұшып көтерілу массасы 2000 килограмнан астам ӘК.";

      мынадай мазмұндағы 572-1-тармақпен толықтырылсын:

      "572-1. Тұрған жері бойынша ПӘК мынадай болып бөлінеді:

      1) әуеайлақта тұрған – ұшып шығуды және қону талаптарына ұшу-қону жолағының (автомобиль жолы әуеайлақ учаскесінің) болуы кіретін ПӘК;

      2) әуеайлақтан тыс тұрған – ұшып шығу мен қону үшін ұшу-қону жолағының (автомобиль жолы әуеайлақ учаскесінің) болуын талап етпейтін, ұшыру (қондыру) құрылғысынан ұшып шығуды және қону мүмкіндігі бар ПӘК.";

      2-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-параграф. ПӘК экипажы (есептобы)";

      573-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "573. Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуеайлағында тұрған ПӘК-нің ұшуы үшін ҰПН-ға сәйкес экипаждар құрылады. ПӘК экипажының командирі болып ПӘК-ні әуеде басқару функцияларын орындайтын ПӘК ұшқыш (пилот)-операторы тағайындалады.";

      мынадай мазмұндағы 573-1-тармақпен толықтырылсын:

      "573-1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының әуеайлағынан тыс тұрған ПӘК-нің ұшуы үшін ҰПН-ға сәйкес есептоп құрылады. ПӘК есептобының командирі болып ПӘК-ні әуеде басқару функцияларын орындайтын ПӘК операторы тағайындалады.";

      574-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "574. ПӘК ұшқыш (пилот)-операторының және ПӘК операторының кәсіби қызметіне рұқсат ету үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) арнайы оқу орнын (авиациялық оқу орталығын, арнайы курсты) бітіргені туралы құжат (диплом, куәлік, сертификат);

      2) кәсіби қызметке жарамдылығы туралы медициналық сараптама қорытындысы;

      3) осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес ПӘК маманының кітапшасы, онда бөлім командирінің (басқарма немесе дербес бөлім бастығының) кәсіби қызметті жүзеге асыруға тиісті бұйрықпен расталған қажетті білімі мен дағдысының болуы туралы мәліметтер көрсетілген;

      4) авиациялық бөлім командирінің (басқарма немесе дербес бөлім бастығының) тиісті типтегі ПӘК-ні ұшуға жіберу туралы бұйрығы.";

      575, 576, 577 және 578-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "575. Ұшу кезінде ПӘК экипажы (есептобы):

      1) ұшу тапсырмасын және ҰПН талаптарын орындау кезінде ауытқуға жол бермейді;

      2) аймағында ПӘК-ні ұшыру жүзеге асырылатын мемлекеттік авиация басқару пунктінің және әуе қозғалысын басқару орталығының нұсқауларын дәл орындайды;

      3) әуені, орнитологиялық жағдайды, шолып және борттық және жерүсті құралдарын (олар болған кезде) пайдаланумен метеорологиялық жағдайды қадағалайды. Ауа райының қауіпті құбылысын анықтаған немесе басқа әуе кемесіне қауіпті жақындаған кезде ұшуды қауіпсіз жалғастыруды қамтамасыз ету үшін мүмкін болатын барлық шараны қабылдайды;

      4) ұшу қауіпсіздігіне айқын қатер төнген жағдайда ұшу жоспарынан, ӘҚБ органының нұсқауларынан және ұшу тапсырмасынан тыс тапсырманы орындауды жалғастыру туралы шешім қабылдайды.

      576. Егер ПӘК апатқа ұшыраса немесе ұшыраған болса, ПӘК экипажы (есептобы) жердегі адамдардың өмірі мен денсаулығының, мүлкінің сақталуына, сондай-ақ мүмкіндігінше ПӘК-ні сақтап қалуға мүмкін болатын барлық шараны қабылдайды.

      577. ПӘК экипажының (есептобының) командирі өз экипажының (есептобының) ұшуға уақтылы және толық дайындалуын бақылайды, экипаж (есептоп) қызметіне басшылық жасайды, осы Қағидалардың талаптарын және ПӘК-ні пайдалану талаптарын сақтайды, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайды.

      578. ПӘК экипажының командирі:

      1) ұшуға дайындалады;

      2) ұшуға әзірлікке бақылаудан өтеді;

      3) экипаж мүшелерін даярлауға басшылық жасайды және ұшу тапсырмасын орындауға әзірлігін бағалайды;

      4) ұшуға нақты қауіпсіздік шараларын әзірлейді;

      5) қауіпсіздік шараларын ауызша нысанда жеткізеді және экипаждан ПӘК-нің ұшуы кезінде олардың сақталуын талап етеді;

      6) ПӘК экипажын ерекше жағдайда ұшуда әрекет етуге дайындайды;

      7) ұшуалды режимін сақтайды және ПӘК экипажы мүшелерінің орындауына қол жеткізеді;

      8) ҰПН-да белгіленген көлемде қарап-тексереді, тексереді және ПАЖ-ны ұшуға дайындауға басшылық жасайды;

      9) ПӘК-нің ұшуына шешім қабылдайды;

      10) ПӘК экипажының жұмысына басшылық жасайды;

      11) жауапкершілік аймағында тұрған мемлекеттік авиация басқару пунктінің және әуе қозғалысын басқару орталығының командасын орындайды;

      12) ұшу тапсырмасына сәйкес ұшуды орындайды;

      13) ұшуда ПӘК-нің тұрған жерін бақылайды;

      14) отынның нақты қалдығын (аккумулятор батареясының зарядын) және ұшу уақытын бақылайды;

      15) ұшу алдында және ұшуда метеорологиялық, орнитологиялық және әуедегі жағдайды талдайды;

      16) әуедегі жағдай күрделенген кезде ұшуды жалғастыруға (тоқтатуға) шешім қабылдайды;

      17) сақ болады және басқа әуе кемесіне және жерүсті кедергісіне қауіпті жақындауға жол бермейді;

      18) жауапкершілік аймағында тұрған басқару пунктіне және әуе қозғалысын басқару орталығына әуеде болған ұшу қауіпсіздігіне ықпал ететін авиациялық техниканың істен шығуы туралы, ұшу тапсырмасын орындауды өзгерту немесе тоқтату туралы, сондай-ақ мәжбүрлі қонуға шешім қабылдау туралы баяндайды;

      19) ПӘК экипажымен ұшуға талдау жүргізеді.";

      мынадай мазмұндағы 578-1-тармақпен толықтырылсын:

      "578-1. ПӘК есептобының командирі:

      1) ұшуға дайындалады;

      2) ПӘК есептобын даярлауға басшылық жасайды және ұшу тапсырмасын орындауға әзір болуын бағалайды;

      3) ұшуға нақты қауіпсіздік шараларын әзірлейді;

      4) ауызша нысанда қауіпсіздік шараларын жеткізеді және ПӘК-нің ұшуы кезінде есептоптан оларды сақтауды талап етеді;

      5) ПӘК есептобын ерекше жағдайда ұшуда әрекет етуге дайындайды;

      6) еңбек және демалыс режимін сақтайды және ПӘК есептобының сақтауына қол жеткізеді;

      7) ҰПН-да белгіленген көлемде ПАЖ-ны қарап-тексереді, тексереді және ұшуға дайындауға басшылық жасайды;

      8) ПӘК-нің ұшуына шешім қабылдайды;

      9) ПӘК есептобының жұмысына басшылық жасайды;

      10) ұшу тапсырмасына сәйкес ұшуды орындайды;

      11) ұшуда ПӘК-нің тұрған жерін бақылайды;

      12) нақты отын қалдығын (аккумулятор батареясы зарядын) және ұшу уақытын бақылайды;

      13) ұшу алдында және ұшуда метеорологиялық, орнитологиялық және әуедегі жағдайды талдайды;

      14) әуедегі жағдай күрделенген кезде ұшуды жалғастыруға (тоқтатуға) шешім қабылдайды;

      15) сақ болады және басқа әуе кемесіне және жерүсті кедергісіне қауіпті жақындауға жол бермейді;

      16) жауапкершілік аймағында тұрған басқару пунктіне және әуе қозғалысын басқару орталығына әуеде болған ұшу қауіпсіздігіне ықпал ететін авиациялық техниканың істен шығуы туралы, ұшу тапсырмасын өзгерту немесе орындауды тоқтату туралы, сондай-ақ мәжбүрлі қонуға шешім қабылдау туралы баяндайды;

      17) ПӘК есептобымен ұшуды талдайды.";

      579-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "579. ПӘК экипажының (есептобының) басқа мүшелері ҰПН талаптарына және ПӘК экипажы (есептобы) командирінің нұсқауларына сәйкес міндеттерін орындайды.";

      3-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-параграф. ПӘК экипажын (есептобын) ұшуға жіберу";

      580-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "580. ПӘК ұшқыш (пилот)-операторы:

      1) ПӘК-нің алғашқы меңгерілетін типінде (модификациясында);

      2) даярлық түрі бойынша күндіз және түнде жаттықтыру (дербес) ұшуына;

      3) ұшу даярлығы түрі бойынша нұсқаушы ретінде ұшуға жіберіледі.

      ПӘК ұшқыш (пилот)-операторын даярлық түрі бойынша ұшуға рұқсат ету тізбесі Курстарда айқындалады.

      Рұқсат ету туралы мәліметтер ПӘК маманының кітапшасына жазылады, бөлімнің елтаңбалы мөрімен бекітіледі.";

      мынадай мазмұндағы 580-1-тармақпен толықтырылсын:

      "580-1. ПӘК операторы:

      1) алғаш меңгерілетін ПӘК типінде (модификациясында);

      2) күндіз және түнде дербес ұшуға;

      3) нұсқаушы ретінде ұшуға жіберіледі.

      ПӘК операторын даярлық түрі бойынша ұшуға рұқсат ету тізбесі мемлекеттік авиацияны басқару органы бекітетін ПӘК операторына даярлау бағдарламасында (бұдан әрі – Бағдарлама) айқындалады, ол:

      1) ұйымдастыру-әдістемелік нұсқауларды (жалпы ережелер, даярлық түрі бойынша ПӘК операторына рұқсат ету тізбесі, даярлық түрі бойынша ұшудағы ең көп үзіліс және үзілістен кейін қалпына келтіру тәсілдері, тексерілетін даярлық түрі бойынша жаттығулар);

      2) теориялық даярлықты (ПӘК-нің тактикалық-техникалық сипаттамасын зерделеу және пайдаланудағы шектеу, ерекше ұшу жағдайында әрекет ету алгоритмі, борттық навигация жүйесін қолдану, бақылау, нысана көрсету, ПӘК-ні ұйымдастыру және қолдану мәселелерімен айналысатын лауазымды адамдардың функционалдық міндеттері, ПӘК-нің ұшуын ұйымдастыру және жүргізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету негіздері);

      3) практикалық даярлықты (ұшу тапсырмасы саны және ұшуға уақыт, жаттығулар атауы, нөмірі мен мазмұны) қамтиды.

      Рұқсат ету туралы мәліметтер ПӘК маманының кітапшасына жазылады, бөлімнің (басқарманың немесе дербес бөлімнің) елтаңбалы мөрімен бекітіледі.";

      581-тармақ алып тасталсын;

      582, 583, 584 және 585-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "582. ПӘК ұшқыш (пилот)-операторын және ПӘК операторын алғаш меңгерілетін ПӘК типінде (модификациясында) ұшуға жіберу теориялық қайта оқудан (арнайы бағдарламалардан өтуден) кейін теориялық пәндерді білуін тексеру және тренажерде (макетте, ЖБС-да) практикалық сабақ өткізу қорытындысы бойынша жүзеге асырылады.

      583. ПӘК ұшқыш (пилот)-операторын даярлық түрі бойынша күндіз және түнде жаттықтыруға ұшуға жіберу оларды Курс жаттығулары бойынша тексергеннен кейін жүргізіледі.

      ПӘК операторын күндіз және түнде жаттықтыруға ұшуға жіберу Бағдарламаның жаттығулары бойынша тексергеннен кейін жүргізіледі.

      584. Ұшуда жеке тексергеннен кейін жаттықтыруға ұшуға:

      1) ПАЖ бөлімшесінің ПӘК ұшқыш (пилот)-операторын (буын, бөлім, бөлімше, топ командиріне дейінгіні қоса алғанда) – бөлімше командирінің орынбасары және одан жоғары, ал ПАЖ бөлімшесінің қалған жеке құрамын, бөлім басқармасының жеке құрамын – тиісті мамандығы бар бөлім қызметінің тиісті бастықтары және олардың тікелей бастықтары;

      2) бөлім командирлерін, жедел-стратегиялық және жедел-аумақтық әскери басқару органының, мемлекеттік авицияны басқару органының және мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігін қадағалау органының жеке құрамын – атқаратын лауазымына қарамастан, жол берілетіннен (тексерілетіннен) төмен емес тиісті даярлық деңгейі бар ПӘК ұшқыш (пилот)-операторы жібереді.

      585. ПӘК ұшқыш (пилот)-операторын ПӘК-нің осы типінде (модификациясында) даярлық түрі бойынша нұсқаушы ретінде ұшуға жіберу Курстардың тиісті жаттығулары бойынша тексеру нәтижесі бойынша жүргізіледі.

      ПӘК операторын ПӘК-нің осы типінде (модификациясында) нұсқаушы ретінде ұшуға жіберу Бағдарламаның тиісті жаттығулары бойынша тексеру нәтижесі бойынша жүргізіледі.

      ПӘК ұшқыш (пилот)-операторын және ПӘК операторын көрнекі ұшуға жіберу оны тиісті Бағдарлама бойынша даярлағаннан кейін тікелей көрсету алдында Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы басқару органы басшысының (Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері Әскери-әуе күштері қолбасшысының) бұйрығымен жүргізіледі.";

      4-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-параграф. ПӘК экипажының (есептобының) ұшу даярлығын (іс жүзіндегі дағдысын) және теориялық білімін тексеру";

      586, 587, 588, 589, 590, 591, 592, 593, 594 және 595-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "586. ПӘК экипажының (есептобының) мүшелері атқаратын лауазымына және сыныптық біліктілігіне қарамастан, жыл сайын ұшу даярлығы түрі (іс жүзіндегі дағдыда), сондай-ақ теориялық пәндер мен осы Қағидалардың 593-тармағында көрсетілген құжаттарды білуі бойынша тексеріледі.

      587. Тексеру нәтижесі ПӘК маманының кітапшасына жазылады.

      588. Тексеру, оның ішінде нұсқаушымен ұшуға жіберілген ПӘК ұшқыш (пилот)-операторын тексеру жүргізілетін ПӘК экипажын даярлық түрі бойынша жаттығулар және осы тексеру мерзімі сыныптық біліктілігіне байланысты Курстарда айқындалады.

      ПӘК есептобын тексеру, оның ішінде нұсқаушымен ұшуға жіберілген ПӘК операторын тексеру және осы тексеру мерзімі Бағдарламада айқындалады.

      589. ПӘК-нің бірнеше типінде ұшуға жіберілген ПӘК ұшқыш (пилот)-операторына ПӘК-нің әрбір типінде тексеру саны мен түрін бөлім командирі (басқарма немесе дербес бөлім бастығы), бөлім командирінен бастап және одан жоғары басшылық жасайтын лауазымды адамдарға – олардың тікелей бастықтары айқындайды.

      590. ПӘК ұшқыш (пилот)-операторын және ПӘК операторын даярлық түрі бойынша (іс жүзіндегі дағдыда) тексеруді тиісті мамандығы мен рұқсатнамасы бар олардың командирлері (бастықтары) жүргізеді. Командирлердің (бастықтардың) нақты даярлық деңгейі осы Қағидалардың 592-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда тексеруді олар тағайындаған лауазымды адамдар жүзеге асырады.

      591. Экипажды (есептопты) тексеру және үйрету үшін даярланған нұсқаушылар болмаған кезде Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттік авиацияны басқару органының нұсқаушылары тартылады.

      592. Ұшу даярлығын (іс жүзіндегі дағдыны) тексеруді:

      1) тексерілетін сияқты типтегі ПӘК-де ұшуға рұқсаты бар;

      2) ұшу даярлығының тиісті түрі (Бағдарламаның жаттығуы) бойынша нұсқаушымен ұшуға рұқсаты бар;

      3) Курстарда (Бағдарламада) белгіленген ұшуда үзілісі жоқ адамдар жүзеге асырады.

      593. ПӘК экипажының (есептобының):

      1) функционалдық міндеттерін;

      2) ҰПН-ны;

      3) ПАЖ-ның тактикалық-техникалық деректерін;

      4) ұшуда ерекше жағдай туындаған кезде әрекет етуді;

      5) ПӘК-нің ұшуы кезіндегі қауіпсіздік шараларын білуі тексеріледі.

      Сонымен қатар, ПӘК ұшқыш (пилот)-операторының:

      1) әуе кеңістігін пайдалануды және мемлекеттік авиация қызметін регламенттейтін құжаттарды;

      2) әуеайлақтың аэронавигациялық паспортын (әуеайлақта ПАЖ тұрған кезде) және авиациялық полигонның (ол болған кезде) аэронавигациялық паспортын;

      3) осы Қағидалардың 237, 239243-тармақтарына сәйкес шекара маңы жолағында ұшу шарттарын білуі тексеріледі.

      Сонымен қатар, ПӘК операторының:

      1) әуе кеңістігін пайдалануды және мемлекеттік авиация қызметін регламенттейтін құжаттарды;

      2) осы Қағидалардың 237, 239243-тармақтарына сәйкес шекара маңы жолағында ұшу шарттарын білуі тексеріледі.

      594. ПӘК экипажының (есептобының) білімін бөлім командирі (Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы басқару органының басшысы, мемлекеттік авиацияның ұшу қауіпсіздігін қадағалау органы, жедел-стратегиялық немесе жедел-аумақтық әскери басқару органы) тағайындаған комиссия тексереді. Одан басқа, ПӘК ұшқыш (пилот)-операторының және ПӘК операторының білімін олардың тікелей және тура бастықтарына тексеруіне жол беріледі.

      595. Басқа бөлімге ауысқан кезде ПӘК экипажының ҰПН-ны, ПАЖ-ның тактикалық-техникалық деректерін, ұшуды басқару техникасын, әуе навигациясын (навигациялық жүйе болған кезде), аэронавигациялық әуеайлақ паспортын, авиациялық полигонның аэронавигациялық паспортын (ол болған кезде) білуі тексеріледі.

      Басқа бөлімге ауысқан кезде ПӘК есептобының ҰПН-ны, ПАЖ-ның тактикалық-техникалық деректерін білуі тексеріледі.";

      5-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-параграф. ПӘК ұшқыш (пилот)-операторының және ПӘК операторының рұқсат етілген үзілісі және олардың дағдысын қалпына келтіру";

      596, 597, 598 және 599-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "596. ПӘК ұшқыш (пилот)-операторының жеке қабілетін, жаттыққандығын және сыныптық біліктілігін ескеріп, оларға күндіз және түнде ұшу даярлығы түрі бойынша жаттықтыруға ұшқанда рұқсат етілген үзілісті ПАЖ бөлімшесінің командирі белгілейді, ПАЖ бөлімшесінің командирінен бастап және одан жоғары лауазымды адамдарға осы үзілісті олардың тікелей бастықтары, бірақ Курстарда айқындалған мерзімнен асырмай белгілейді.

      Ұшуда рұқсат етілген үзілісті және ПӘК операторының дағдысын қалпына келтіру тәртібін олардың тікелей бастықтары, бірақ Бағдарламада айқындалған мерзімнен асырмай белгілейді.

      597. Курстарда айқындалған мерзімнен асатын ұшуда үзіліс болған кезде ПӘК экипажы командиріне жаттықтыруға ұшуған тренажерде (ЖБС, ПӘК макетінде) ұшқаннан және нәтижеге ұшқаннан кейін орындауға жол беріледі.

      598. ПӘК ұшқыш (пилот)-операторы үшін белгіленген мерзімнен 2 есе және одан астам асатын ұшуда үзіліс болған кезде, сондай-ақ олардың кінәсінен болған авиациялық оқиғадан немесе елеулі авиациялық инциденттен кейін олардың дағдысын қалпына келтіру бөлім командирі (басқарма немесе дербес бөлім бастығы) бекітетін жеке жоспар бойынша жүзеге асырылады.

      599. Жеке даярлық түрі бойынша ұшуда үзіліс болған кезде ПӘК ұшқыш (пилот)-операторының дағдысын қалпына келтіру тәсілін Курстардың талаптарына сәйкес тікелей командир (бастық) белгілейді.";

      6-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6-параграф. ПӘК экипажының (есептобының) ұшуы және демалуы";

      600, 601, 602, 603 және 604-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "600. Жауынгерлік (ұшу) даярлық жоспары бойынша ұшуды орындаған кезде ПӘК экипажына ұшу ауысымындағы ұшу саны мен жалпы ұшуы Курстарда айқындалады.

      Жеке өзін жетілдіруге ұшуды орындаған кезде ПӘК экипажы үшін старттық уақыттың ең көп ұзақтығы 6 сағаттан, нұсқаушы үшін 7 сағаттан аспайды.

      Оқу-жаттығуда, арнайы тапсырма (арнайы ұшуды) орындау кезінде экипажға ұшу санын, жалпы ұшуды және старттық уақытты бөлім командирі (басқарма немесе дербес бөлім бастығы), ал ұшу ауысымының ұзақтығын – оқу-жаттығудағы үлкен бастықпен келісу бойынша оқу-жаттығуды ұйымдастыратын командир белгілейді.

      601. Ұзақтығы 12 сағаттан асатын үздіксіз ұзақ ұшуды орындайтын ПӘК экипажына кемінде 10 сағат ұшуалды демалыс беріледі. Ұшу аяқталғаннан кейін оларға ұшудан кейінгі демалыс беріледі:

      1) ұшу ұзақтығы 16 сағатқа дейін болған кезде – кемінде 12 сағат;

      2) 16 сағаттан асқан кезде – кемінде бір тәулік.

      602. ПӘК экипажына ұшу алдында ұйықтау үшін кемінде 8 сағат демалыс беріледі, бұл ретте, егер экипаж алдыңғы ауысымның ұшуына қатысса немесе жауынгерлік кезекшілік атқарса, ұшу немесе кезекшіліктің аяқталуы мен ұшудың басталуы арасындағы үзіліс кемінде 12 сағат болуға тиіс.

      603. Түнгі және аралас ұшу алдында экипажға кемінде 4 сағат, ал күннің екінші жартысында ұшу алдында кемінде 2 сағат қосымша демалыс беріледі.

      604. Жыл сайынғы демалысын 12 айдан артық пайдаланбаған ПӘК ұшқыш (пилот)-операторы ұшудан шеттетуге жатады. Әскери қызмет туралы Заңның 46-бабының 1-тармағына сәйкес ұшу жұмысындағы әскери қызметшілерге жыл сайынғы негізгі демалысқа қосымша 10 тәулік демалыс беріледі. Негізгі демалыстан шыққан күннен бастап 12 ай өткеннен кейін қосымша демалыс берілген жағдайда ұшуға рұқсат 2 айдан аспайтын мерзімге ұзартылады.";

      мынадай мазмұндағы 604-1-тармақпен толықтырылсын:

      "604-1. Жауынгерлік даярлық жоспары бойынша ұшу кезінде ПӘК операторының ұшу саны мен жалпы ұшу уақыты Бағдарламада айқындалады.";

      7-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "7-параграф. Ұшуға шешім қабылдау және ПӘК экипажына (есептобына) ұшуға міндеттер қою";

      мынадай мазмұндағы 606-1-тармақпен толықтырылсын:

      "606-1. Әуеайлақта тұрған ПӘК экипажына ұшуға шешім қабылдау және ұшуға міндеттер қою осы Қағидалардың 162167-тармақтарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.";

      607, 608, 609, 610 және 611-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "607. Әуеайлақтан тыс тұрған ПӘК-нің ұшуына шешім қабылдау кезінде жағдайды бағалап, бөлім командирі (басқарма немесе дербес бөлім бастығы) мынадай факторды талдайды:

      1) ПАЖ бөлімшелері жауынгерлік әзірлігінің жай-күйін;

      2) әуедегі және метеорологиялық жағдайды;

      3) ПӘК операторының ұшуына дайындық уақытын.

      608. Жағдайды бағалаудан алынған қорытындыға сәйкес ұшу міндеттерін айқындап, бөлім командирі әуеайлақтан тыс тұрған ПӘК-нің ұшуына дайындалуға және оны жүргізуге шешім қабылдайды, онда:

      1) ұшу күнін (кезеңін), оның басталуы мен аяқталу уақытын, ПӘК және ПӘК есептобы санын;

      2) ұшудың негізгі мақсаттары мен міндеттерін;

      3) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды айқындайды.

      609. Әуеайлақтан тыс тұрған ПӘК-нің ұшуына шешім қабылданғаннан кейін бөлім командирі (басқарма немесе дербес бөлім бастығы) оны бөлімнің басшы құрамына, ПАЖ бөлімшесінің және қамтамасыз ететін бөлімшенің командирлеріне (болған кезде) жеткізеді.

      610. Әуеайлақта тұрған ПӘК-нің ұшуын бірнеше ұшу ауысымында жүргізу кезінде барлық ауысымға ұшуға міндет қоюға жол беріледі. Мұндай жағдайда командирдің ұшуға шешімі әрбір ұшу ауысымының алдында нақтыланады немесе толықтырылады. Бөлім командирі (басқарма немесе дербес бөлім бастығы) міндет қойған кезде:

      1) әрбір бөлімше үшін ұшу күні мен уақытын жеткізеді;

      2) ұшу ауданындағы метеорологиялық және орнитологиялық жағдай туралы баяндауды тыңдайды;

      3) негізгі мақсаттарды айқындайды және күтілетін метеорологиялық және орнитологиялық жағдай шарттарына сәйкес ұшу ауысымы мен күндер бойынша алдағы ұшудың міндеттерін жеткізеді;

      4) ұшу жетекшісін тағайындайды;

      5) ӘК санын тағайындайды, күтілетін әуедегі және жерүсті (суүсті) жағдайын жеткізеді;

      6) авиацияның басқа да тектерінің, Құрлық әскерлерінің, Әскери-теңіз күштерінің бөлімімен (бөлімшесімен) және басқа да мемлекеттік авиацияны басқару органымен өзара іс-қимыл жасау тәсілін жеткізеді;

      7) экипажды, ұшу жетекшісін және ПӘК-ні ұшуға дайындау тәсілін жеткізеді;

      8) ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жеткізеді.

      611. Тұрақты тұрған жерінен тыс әуеайлақта тұрған ПӘК-нің ұшуы кезінде бөлім командирінің (басқарма немесе дербес бөлім бастығының) бұйрығымен тағайындалған лауазымды адам ұшуға шешім қабылдайды және міндеттер қояды.";

      613-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "613. ПАЖ бөлімшесінің командирлері бағынысты ПӘК экипажына (есептобына) міндеттерді нақтылайды және:

      1) ұшу мақсатын;

      2) ПӘК экипажы (есептобы) құрамын;

      3) жоспарланған ұшу тапсырмаларын;

      4) жауынгерлік жүктемені және әрекет ету объектілерін;

      5) жаттығуларды орындау ерекшеліктерін, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жеткізеді және ұшу тапсырмаларының жекелеген элементтерін орындау тәсілін түсіндіреді.";

      614-тармақ алып тасталсын;

      615-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "615. Арнайы тапсырмаға ұшуға (арнайы ұшуға) ПӘК экипажына міндеттерді, дайындық мазмұны мен көлемін бөлім командирі (басқарма немесе дербес бөлім бастығы) немесе бөлімнің (басқарманың немесе дербес бөлімнің) басшы құрамы қатарынан ол тағайындаған адам қояды. ПӘК экипажына міндет қажетті лауазымды адамдарды тартумен қойылады, техникалық дыбыс жазу құралдарын пайдаланып құжатталады және тіркеледі.

      ПӘК командирі (топ жетекшісі) әзірлікті бақылағаннан кейін бөлім командиріне экипаждың арнайы тапсырманы (арнайы ұшуды) орындауға әзірлігі туралы баяндайды.";

      616-тармақ алып тасталсын;

      8-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8-параграф. ПӘК-нің ұшуын жоспарлау";

      мынадай мазмұндағы 616-1-тармақпен толықтырылсын:

      "616-1. Әуеайлақта тұрған ПӘК-нің ұшуын жоспарлау осы Қағидалардың 169 – 174-тармақтарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.";

      617 және 618-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "617. Бөлімнің (басқарманың немесе дербес бөлімнің) басшы құрамы командирдің (бастықтың) шешімі негізінде әуеайлақтан тыс тұрған ПӘК-нің ұшуына дайындалу және оны қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды жүргізеді және бөлім командирі берген өкімдердің орындалуын бақылауды жүзеге асырады.

      ПАЖ бөлімшесінің командирі әуе кеңістігін, полигонды, нысаналы мақсаттағы алаңды пайдалануға өтінім беруді ұйымдастырады.

      618. ПАЖ бөлімшесінің командирлері ПӘК экипажының (есептобының) командиріне бөлім командирінің ұшуға шешімін жеткізеді, ал экипаж (есептоп) командирлері өз кезегінде ПӘК ұшқыш (пилот)-операторы мен ПӘК операторына пысықталуы қажет жаттығу нөмірлері бойынша ұсыныстар туралы баяндайды.";

      619-тармақ алып тасталсын;

      9-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "9-параграф. ПӘК экипажын (есептобын) ұшуға даярлау";

      мынадай мазмұндағы 619-1-тармақпен толықтырылсын:

      "619-1. ПӘК экипажын ұшуға даярлау осы Қағидалардың 175 – 193-тармақтарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.";

      620, 621, 622, 623, 624 және 625-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "620. ПӘК ұшқыш (пилот)-операторы және әуеайлақта тұрған ПӘК ұшу жетекшісі ПӘК-ні басқару мен оған қызмет көрсетуге үйрету рәсімінен өтуден басқа, жақын жердегі ӘҚБ орталығында немесе авиациялық бөлімде Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларының ережелерін, әуе навигациясының негізін қолдану жөнінде ПӘК маманының кітапшасына жазумен консультация алады.

      621. ПӘК есептобы мүшелері дайындықсыз және ұшу тапсырмасын орындауға әзірлігін тексерусіз ұшуға жіберілмейді.

      622. Ұшуға дайындық ПӘК есептобын күтілетін жағдайда нақты ұшу тапсырмаларын орындауға әзірлікке келтіру процесін қамтиды. Дайындық:

      1) ПӘК есептобының ұшуға дербес дайындығын;

      2) макеттерде немесе ЖБС-да жаттықтыруды;

      3) ұшуға әзірлікті бақылауды қамтиды.

      Дайындықтың мазмұны мен ұзақтығын орындалатын міндеттердің жаңалығына және күрделілігіне, ПӘК есептобының даярлық деңгейіне, оқу-материалдық базаның мүмкіндігіне байланысты ПАЖ бөлімшесінің командирі айқындайды. Дайындыққа арналған уақыттың көп бөлігі дербес даярлыққа және макеттер мен ЖБС-да жаттықтыруға бөлінеді. Дайындық ПӘК есептобын толық көлемде ұшуға даярлауды қамтамасыз етуге тиіс.

      623. ПӘК операторының ұшуға дербес даярлығы оның көлемі мен мазмұнын айқындайтын тікелей бастықтардың басшылық етуімен және қатысуымен ұйымдастырылады және жүргізіледі.

      624. ПӘК операторының макеттердегі немесе ЖБС жаттықтыруы дербес даярлықтан кейін жүргізіледі. ПӘК операторының жаттықтыру тақырыптарын оларды өткізуді ұйымдастыратын ПАЖ бөлімшесінің командирі айқындайды. Жаттықтыруды тікелей командир жүргізеді. Жаттықтыру аяқталғаннан кейін даярланбаған ПӘК операторының ұшуына жол бермеу және ұшу тапсырмасын орындаудың жоғары сапасын және ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тікелей бастықтар ПӘК есептобы алдағы ұшуға әзірлігіне бақылау жүргізеді.

      625. Командир (бастық) әзірлікті бақылағаннан кейін жоғарғы бастыққа ПӘК экипажының (есептобының) ұшуға әзірлігі туралы баяндайды.";

      627-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "627. Бақылаушы қосымша даярлықты ұйымдастырады немесе ПӘК экипажының (есептобын) ұшуға жеткіліксіз даярлығы анықталған кезде ПӘК экипажын (есептобын) ұшудан шеттетеді.

      Ұшу тапсырмасын орындауға даярлықтың толықтығы мен сапасы ПӘК экипажының (есептобының) әрбір мүшесіне дербес жүктеледі.

      ПӘК ұшқыш (пилот)-операторын ұшуға даярлау және әзірлікті бақылау нәтижесі ұшуға дайындық дәптерінде көрсетілуге тиіс.";

      628-тармақ алып тасталсын;

      10-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-параграф. ПӘК экипажының (есептобының) ұшуалды даярлығы";

      мынадай мазмұндағы 628-1-тармақпен толықтырылсын:

      "628-1. ПӘК экипажын ұшуалды даярлау осы Қағидалардың 197 – 205-тармақтарының талаптарына сәйкес жүргізіледі.";

      629, 630 және 631-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "629. ПӘК есептобының ұшуға ұшуалды даярлығы ұшу алдында тікелей командирлердің (бастықтардың) басшылығымен осы уақытта нақты қалыптасқан метеорологиялық, орнитологиялық, әуедегі және жерүсті (суүсті) жағдайын ескеріп жүргізіледі.

      ПӘК есептобының ұшуалды даярлығы:

      1) медициналық бақылауды (медициналық бекет болған кезде);

      2) макетте, ЖБС-да жаттықтыруды;

      3) ұшудың нақты жағдайы үшін қажетті есепті орындауды;

      4) ПӘК-ні қабылдау мен дайындауды;

      5) алдағы ұшу тапсырмасына ЖБС жұмыс орнын дайындауды және тексеруді қамтиды.

      Ұшуалды даярлыққа қажетті уақытты ұшуды ұйымдастыратын командир (бастық) белгілейді.

      630. Бөлім командирі ұшу ауданындағы нақты метеорологиялық жағдайды және ауа райы болжамын бағалағаннан, әуе кеңістігін пайдалануға өтінімдерді растау туралы, ПӘК экипажының (есептобының) ұшуға әзірлігі туралы ақпарат алғаннан кейін ұшуға шешім қабылдайды.

      631. ПӘК-ні ұшуға дайындауды, қабылдауды және әзірлігін тексеруді, алдағы ұшу тапсырмасына жұмыс орнын дайындауды және тексеруді ПӘК экипажы (есептобы) ҰПН-ға сәйкес жүргізеді.";

      632-тармақ алып тасталсын;

      10-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "10-тарау. ПӘК-нің ұшуын талдау";

      мынадай мазмұндағы 632-1 және 632-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "632-1. Әуеайлақта тұрған ПӘК-нің ұшуын талдау осы Қағидалардың 301-312-тармақтарының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

      632-2. ПАЖ бөлімшесінің командирі, егер қате сипаты оларды барлық ПӘК операторына жеткізуді талап етсе, ПӘК есептобымен ұшуды талдайды.";

      633, 634, 635 және 636-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "633. Әуеайлақта тұрған ПӘК-нің ұшуына басшылық жасауды ұшу жетекшісі жүзеге асырады, ПӘК-ні пайдаланатын бөлімнің ұшуға басшылық жасау тобының адамдарынан, бөлімшенің басшы құрамынан, сондай-ақ жоғарғы бастықтардан тиісті командирдің (бастықтың) бұйрығымен тағайындалады.

      634. Әуеайлақта тұрған ПӘК ұшуының ұзақтығы 7 сағаттан асқан кезде ұшу ауысымына бірнеше ұшу жетекшісін тартуға жол беріледі.

      635. Әуеайлақта тұрған ПӘК ұшу кезінде ЖБС-да (ұшу жетекшісінде):

      1) ұшу маршрутынан (ауданынан) басқа әуе кеңістігі құрылымының элементтері түсірілуге тиіс дайындалған карта (планшет):

      Мемлекеттік шекара, шекара маңындағы жолақ (шекара аймағында ұшу кезінде);

      олардың нөмірін көрсетумен әуе трассасы мен маршрут учаскесі;

      ӘҚБ ауданының шегі;

      тыйым салынған, қауіпті аймақ, ұшуға шек қойылған аймақ;

      полигон аудандары;

      қатысты бөлігінде ұшу алдындағы нұсқау хаттамасынан үзінді.

      ПӘК ұшуды әуеайлақтан 100 км радиуста орындаған кезде әуеайлақта ұшып көтерілудің (қонуға беттеудің) стандартты схемасын, ұшу-қону жолағының ортасынан азимуттық-қашықтық өлшегіш торды қосымша салу қажет;

      2) ӘҚБ орталығымен және таяудағы әуеайлақтың ұшуға басшылық жасау тобымен байланыс схемасы;

      3) ӘҚБ орталығымен және жақын маңдағы әуеайлақтың ұшуына басшылық жасау тобымен өзара іс-қимыл алгоритмі.

      Шекара бөлімшелерінде ПӘК ұшқан кезде ЖБС-да (ұшу жетекшісінде) ӘҚБ орталығымен және таяудағы әуеайлақтың ҰБТ-мен байланыс схемасы, ӘҚБ орталығымен өзара іс-қимыл алгоритмі болуы қажет.

      636. Ұшу кезінде ПӘК ұшқыш (пилот) операторына, ПӘК операторына және ұшу жетекшісіне радиобайланысты жүргізу кезінде пайдаланылатын жеке шақыру белгісі беріледі.";

      638 және 639-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "638. ПӘК экипажының (есептобының) жаттығуға ұшуы үшін бөлім командирінің (басқарма немесе дербес бөлім бастығының) бұйрығы (ұшудың жоспарлы кестесі) негіз болып табылады.

      639. Бөлім командирінің (басқарма немесе дербес бөлім бастығы) жазбаша бұйрығынсыз ұшуға жауынгерлік, арнайы (жедел-қызметтік, қызметтік-жауынгерлік) міндеттерді орындау немесе арнайы ұшу (арнайы тапсырма) жағдайында, жауынгерлік әзірлікті тексеру, іздестіру-құтқару жұмысы кезінде, зілзала және басқа да төтенше жағдай кезінде жол беріледі, бұл ретте ПӘК-нің ұшуын аяқтау жүргізілетін іс-шаралар аяқталғанға дейінгі мерзімге ауыстырылады. Бұл жағдайда бөлім командирінің (басқарма немесе дербес бөлім бастығы) бұйрығы ұшқаннан кейін, бірақ ПӘК қонғаннан кейін 24 сағаттан кешіктірілмей шығарылады.";

      641, 642, 643, 644, 645, 646 және 647-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "641. ПӘК экипажының ұшу жетекшісімен тұрақты екіжақты радиобайланысы (байланыстың басқа түрі) болмаған кезде ПӘК-нің ұшып шығуына жол берілмейді.

      642. ЖБС-да осы Қағидалардың 590, 592-тармақтарының талаптарына сәйкес ПӘК экипажын (есептобын) тексеру үшін айқындалған адамдарды қоспағанда, ПӘК басқаруға рұқсатнамасы жоқ адамдардың болуына жол берілмейді.

      643. Ұшу жетекшісінің рұқсатынсыз әуеайлақта тұрған ПӘК-нің ұшып көтерілуіне жол берілмейді.

      644. ПӘК экипажы (есептобы) белгіленген аймақта (орында) авиациялық зақымдау құралдарын (сигналдық және арнайы) штаттық қолдану жағдайын қоспағанда, адамдарға немесе жерүсті объектілеріне қауіп төндірмеу үшін ПӘК-ден кез келген жүкті түсіруге жол бермейді.

      645. Тапсырманы орындау үшін бұлттың төменгі шегінің ең төмен рұқсат етілген биіктігін және ұшудағы көрінуді ҰПН-ның талаптарына сәйкес экипаждың (есептоптың) даярлық деңгейіне және ұшу тапсырмасының сипатына байланысты ПАЖ бөлімшесінің командирі айқындайды.

      646. Әуеайлақта ұшуды ұйымдастыру кезінде:

      1) бір әуеайлақтан әртүрлі типтегі ПӘК-нің бір уақытта ұшуы рәсімі әуеайлақтың аэронавигациялық паспортында айқындалады. Бұл ретте тиісті қауіпсіздік шаралары (ұшу режимі, қауіпсіз уақыт аралығы, эшелондау, радиолокациялық бақылау) әзірленеді;

      2) қозғалтқышы жұмыс істеп тұрған ПӘК-нің алдыңғы және артқы жағынан ПӘК-нің, автомобильдің және басқа да көлік құралының қозғалысы қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін және жұмыс істеп тұрған қозғалтқышқа бөгде заттардың, шаңның (қардың) түсуін болдырмайтын арақашықтықта жүргізілуге тиіс;

      3) ұшу жетекшісінің рұқсатынсыз ұшу кезеңінде әуеайлақ бойынша ПӘК-ні басқаруға және тіркеп сүйреуге жол берілмейді;

      4) басқару жолының және тұрақ орнының жай-күйі қанағаттанарлықсыз болған кезде ПӘК ұшып көтерілу орнына немесе тұрақ орнына тіркеліп сүйретіледі. Тіркеп сүйрету жылдамдығы ҰПН-да айқындалады;

      5) ұшу уақытында басқарылатын (тіркеп сүйретілетін) ПӘК-нің ұшу-қону жолағын кесіп өтуі тек ұшу жетекшісінің рұқсатымен және командасы бойынша жүргізіледі;

      6) ұшып көтерілу үшін ұшу-қону жолағына бұрылу ұшу жетекшісінің рұқсатымен жүргізіледі;

      7) әуеайлақ ауданында ұшу әуеайлақтың аэронавигациялық паспортында белгіленген режимде орындалады. Әуеайлақ ауданында әуеайлақтың аэронавигациялық паспортымен белгіленген рәсімді тек кезектен тыс (мәжбүрлі) қонуға келе жатқан ПӘК командиріне өзгертуге жол беріледі;

      8) әуеайлақ ауданында ПӘК-нің ұшуы радиолокациялық бақылау немесе радиолокациялық бақылаусыз орындалады. Радиолокациялық бақылаусыз күндіз және түнде ШҰҚ бойынша қонуға беттеуге мүмкіндік беретін метеорологиялық жағдай кезінде 300 км/сағ және одан төмен барынша ұшу жылдамдығымен ПӘК үшін әуеайлақтық ұшуға жол беріледі.

      Барынша ұшу жылдамдығы 300 км/сағ астам ПӘК үшін әуеайлақта радиолокациялық бақылау болмаған кезде шеңбер бойынша ұшуды және шолып бақылау және әуе қозғалысын басқару органымен тұрақты екі жақты радиобайланыс (байланыстың басқа түрі) кезінде пилотаж аймағында ұшуға жол беріледі.

      647. ПӘК-ні мынадай кезде пайдалануға болмайды:

      1) ұшып көтерілу және қону кезінде – кез келген адамнан (ПӘК басқаратын жеке құрамды қоспағанда), көлік құралынан, ғимараттан немесе құрылыстан көлденең бойынша 50 м жақын;

      2) ұшу кезінде – кез келген адамнан (ПӘК басқаратын жеке құрамды қоспағанда), көлік құралынан, ғимараттан немесе құрылыстан көлденең бойынша 100 м жақын;

      3) барлық жағдайда адам және (немесе) көлік құралы көп жиналған жерде көлденең бойынша 150 м жақын;

      4) ұшу үшін тыйым салынған және қауіпті аймақта, ұшуды шектеу аймағында (осындай аймақты белгілейтін басқару органының мүддесінде ұшуды қоспағанда).

      Бұл шектеу ПӘК арнайы ұшқан кезде қолданылмайды.";

      649-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "649. Ұшуды ұшуаралық талдауды тікелей бастықтар (нұсқаушылар) ПӘК есептобымен жаттығуларды орындау кезінде ПӘК есептобының мүшелері жол берген ПӘК жүйесі мен жабдығын пайдаланудағы қателіктің қайталануын болдырмау, сондай-ақ ПӘК-нің дайындалмаған есептобын кейінгі ұшуға жіберуге жол бермеу мақсатында жүргізеді.

      Ұшу аралық талдау үшін:

      1) борттық және жердегі объективті бақылау құралдарының деректері;

      2) жаттығуды орындаған ПӘК есептобы мүшелерінің баяндамалары;

      3) тексеруші командирдің (бастықтың) (нұсқаушының) жеке байқау нәтижесі пайдаланылады.

      ПАЖ бөлімшесінің командирі, егер қателік сипаты оларды барлық ПӘК операторына жеткізуді талап етсе, сондай-ақ ПӘК есептобының алғашқы ұшуында тән қателік байқалған жағдайда барлық есептоппен ұшуаралық талдау өткізеді. Осы ауысымның кейінгі ұшуында олардың қайталануын болдырмау үшін командир кемшілікті егжей-тегжейлі талдайды, қателік пен бұзушылықты талдайды және жаттығуды орындау кезінде дұрыс әрекет ету тәсілін көрсетеді.";

      651 және 652-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "651. Жалпы талдауға ПӘК-нің ұшуын ұйымдастыруға қатысатын лауазымды адамдар қатысады.

      652. Ұшуды тұрақты тұрған жерден бөлек орындаған кезде бөлім командирі (басқарма немесе дербес бөлім бастығы) ұшуға талдауға жауапты лауазымды адамды тағайындайды.";

      653-тармақ алып тасталсын;

      11-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "11-тарау. Ұшуда ерекше жағдай туындаған кезде ПӘК экипажы (есептобы) мен әуе қозғалысын басқару органының іс-қимылы";

      654, 655, және 656-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "654. ПӘК-нің ұшуы кезінде туындайтын ерекше жағдай (ӘК бағдарламасындағы немесе радиобасқарудағы ақаулық, ПӘК-мен байланысты жоғалту, әуе массасының құйын тәрізді көлденең және тік ағынына түсу) басқа ӘК қауіпсіз ұшуына және жерүсті объектілеріне қатер төндіруге әкелуі мүмкін.

      655. Ерекше жағдай туындаған кезде ПӘК экипажы (есептобы) және ӘҚБ органдары іс-қимылының мақсаты ӘК экипажын (есептобын) оның ұшуына ерекше жағдай әсер етуі мүмкін ерекше жағдай туралы және қажет болған кезде ӘҚБ орталығының әуе кеңістігін пайдалануға қосымша қысқа мерзімді шектеу енгізуі, сондай-ақ әуеайлақтың ӘҚБ тиісті кезекші қызметтерін дереу хабардар ету болып табылады.

      656. Ұшуда ерекше жағдай туындаған кезде ПӘК ұшқыш (пилот)-операторы:

      1) картада (планшетте) ұшуда ерекше жағдай туындайтын жерді белгілейді, оның географиялық координатасын және нақты уақытын айқындайды;

      2) ұшу жетекшісіне ПӘК-нің істен шыққаны туралы дереу баяндайды;

      3) ұшу жетекшісіне ұшу параметрін (биіктік, жылдамдық, ұшу курсы), ұшу уақытының есептік қалдығын жеткізеді;

      4) басқаруды қалпына келтіру кезінде ақпаратты ұшу жетекшісіне береді;

      5) басқаруды толық жоғалтқан кезде ұшуды объективті бақылау және ПӘК басқару материалдарын сақтау үшін шара қабылдайды.";

      мынадай мазмұндағы 656-1 және 656-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "656-1. Ұшуда ерекше жағдай туындаған кезде ПӘК операторы:

      1) картада (планшетте) ұшуда ерекше жағдай туындайтын жерді белгілейді, оның географиялық координатасын және нақты уақытын айқындайды;

      2) ПАЖ бөлімшесінің бастығына ПӘК-нің істен шыққаны туралы дереу баяндайды;

      3) ПАЖ бөлімшесінің бастығына ұшу параметрін (биіктік, жылдамдық, ұшу курсы), ұшу уақытының есептік қалдығын жеткізеді;

      4) басқаруды қалпына келтіру кезінде ақпаратты ПАЖ бөлімшесінің бастығына жеткізеді;

      5) басқаруды толық жоғалтқан кезде ұшуды объективті бақылау және ПӘК басқару материалдарын сақтау үшін шара қабылдайды.

      656-2. Ұшуда ерекше жағдай туындаған кезде ПӘК ұшқыш (пилот)-операторының (ПӘК операторының) баяндамасы негізінде ПӘК ұшу жетекшісі (ПАЖ бөлімшесінің бастығы):

      1) картада (планшетте) ұшуда ерекше жағдай туындайтын жерді белгілейді;

      2) мемлекеттік органның басқару пунктіне және әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат берген ӘҚБ орталығына ақпаратты (әуе кеңістігін пайдалануға қосымша қысқа мерзімді шектеу енгізу үшін) дереу береді;

      3) ПӘК-ні іздестіруді ұйымдастыру үшін Қосалқы іздестіру мен құтқаруды үйлестіру орталығына (Әуе қорғанысы күштерінің бас командалық пунктіне) хабарлайды;

      4) басқаруды қалпына келтіру кезінде ерекше жағдай туралы хабардар етілген барлық басқару және қызмет көрсету органына ақпарат береді;

      5) басқаруды толық жоғалтқан кезде командалық-диспетчерлік пунктте (ПАЖ) объективті бақылау материалдарын сақтау үшін шара қабылдайды.";

      657-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "657. ПӘК-нің ұшуында ерекше жағдай туындаған кезде ӘҚБ орталығының кезекші ауысымы:

      1) ӘҚБ органын ерекше жағдай туралы (ұшу уақыты, орны, биіктігі, бағыты) хабардар етеді;

      2) ПӘК ұшуының барынша ұзақтығын ескере отырып, әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеу енгізеді;

      3) жоғарғы ӘҚБ орталығына қабылданған шара туралы баяндайды.";

      659 және 660-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "659. Әуейлақтан (қону алаңынан) тыс мәжбүрлі қонған кезде ПӘК экипажы (есептобы) ҰПН-ға сәйкес іс-қимыл жасауы қажет.

      660. Ауа райының қауіпті құбылысына тап болған немесе бағдарды жоғалтқан кезде, оны барлық тәсілмен қалпына келтіру мүмкін болмағанда, ал отын қалдығы (батарея заряды) шектеулі болғанда таңдаған алаңға мәжбүрлі қонуға жол беріледі.

      ПӘК экипажы (есептобы) қонған жері мен уақыты туралы ұшу жетекшісін (ПАЖ бөлімшесінің бастығын) хабардар етуі қажет.

      Ұшу жетекшісі (ПАЖ бөлімшесінің бастығы) ПӘК-нің мәжбүрлі қонған жері мен уақыты туралы жақын маңдағы ӘҚБ орталығына баяндайды.";

      12-тарауда:

      тақырыбы алып тасталсын;

      661, 662, 663, 664 және 665-тармақтар алып тасталсын;

      13-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "13-тарау. ПӘК-нің әуе кеңістігін пайдалануын ұйымдастыру";

      666 және 667-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "666. ПӘК-нің әуе кеңістігін пайдалануын ұйымдастыру мақсаты қойылған міндеттерді уақтылы орындауға және ПӘК-нің ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған ПӘК-ні үздіксіз, сенімді және жедел басқару болып табылады.

      667. Әуе кеңістігін пайдалануды ұйымдастыру:

      1) ПӘК-нің ұшу жоспары туралы хабарламаны;

      2) әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат алуды;

      3) ПӘК-нің ұшуы туралы хабарлама беруді қамтиды.";

      1-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-параграф. ПӘК-нің ұшу жоспары туралы хабарлама";

      668 және 669-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "668. ПӘК-нің ұшу жоспары туралы хабарламаны ПӘК-ні пайдаланушы (ұшуды ұйымдастыратын басқару органы немесе лауазымды адам) оның сыныбына қарамастан әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат алу үшін ӘҚБ БО-ға немесе жақын маңдағы ӘҚБ орталығына:

      1) авиациялық немесе жерүсті деректері мен телеграфтық хабарламалар беру желісі бойынша;

      2) факсимильдік хабарламаны қоса алғанда, қағаз жеткізгіште;

      3) Интернет желісін пайдаланумен беріледі.

      669. Нысаны осы Қағидаларға 20-қосымшада келтірілген ПӘК ұшу жоспары мынадай ақпаратты қамтиды:

      1) хабарлама типі;

      2) ПӘК-нің тіркеу немесе есептік нөмірі (борттық нөмірі);

      3) азаматтық, мемлекеттік немесе эксперименттік авиацияға тиесілігі және ұшу мақсаты;

      4) ұшу типі және басқару каналының типі (ПӘК байланыс желілері);

      5) ПАЖ конструкциясының түрі және ПӘК саны;

      6) ПӘК-нің максималды ұшу массасы;

      7) ұшып шыққан жердің координаттары;

      8) қонған жерінің координаттары;

      9) ұшу/ұшулар орны;

      10) ұшу кезіндегі ең жоғары биіктік пен жылдамдық;

      11) ұшудың басталу және аяқталу күні/жоспарланған уақыты;

      12) қосымша ақпарат: ұшу маршрутының ерекшелігін, ПӘК ұшу-техникалық деректерін, пайдаланылатын борттық жабдықты (пайдалы жүктемені) сипаттау үшін қажетті дерек.";

      мынадай мазмұндағы 669-1-тармақпен толықтырылсын:

      "669-1. Пилотсыз ұшатын авиациялық жүйені қолданып, ұшу үшін әуе кеңістігін пайдалануға өтінім ӘҚБ орталықтарына мынадай жағдайда жолдауға жатады:

      1) егер пилотсыз ұшатын әуе кемесінің жоспарланған ұшу биіктігі жер бетінен 50 м астам болса, бақыланатын әуе кеңістігінде ұшу кезінде;

      2) бақыланбайтын әуе кеңістігінде ұшу кезінде, егер пилотсыз ұшатын әуе кемесінің жоспарланған ұшу биіктігі жер бетінен 200 м астам болса;

      3) егер ұшу көру сызығынан тыс орындалатын болса;

      4) пилотсыз ұшатын авиациялық жүйені қолданып, авиациялық жұмысты орындау жоспарлануда;

      5) ұшу маршруты (жоспарланатын траектория) пилотсыз ұшатын әуе кемелерінің ұшуы үшін әуе кеңістігі аймақтарының шегінде өтеді;

      6) ұшу бағыты (жоспарланған траектория) ӘБН-дан (әуеайлақтың бақылау нүктесінен) 8 км шегінде өтеді.";

      670-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "670. ПӘК ұшу ауданында ПӘК үшін әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеуді уақтылы енгізу мақсатында ұшу жоспары ұшу күні қарсаңында 20 сағат 00 минутқа дейін (Астана уақытымен) беріледі.

      Ұшу жетекшісі (ПАЖ бөлімшесінің командирі) ресімдеу дұрыстығын және жолданған мекенжай бойынша оның өтуін бақылайды.";

      672, 673, 674, 675, 676, 677, 678, 679, 680, 681, 682 және 683-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "672. ПӘК-нің жаттығуға ұшуын, жедел (кенеттен туындайтын) міндеттерді орындау үшін ұшуы кезінде әуе кеңістігін пайдалануға қысқа мерзімді шектеу енгізу жолымен қамтамасыз етіледі.

      673. Күзетілетін объекті үстінен ПӘК-нің ұшуын осындай ұшу басталғанға дейін кемінде 5 жұмыс күні бұрын пайдаланушы Қазақстан Республикасының мемлекеттік күзет қызметімен келіседі.

      674. ӘҚБ орталығымен ПӘК-нің ұшуын қамтамасыз ету үшін бақыланатын әуе кеңістігінде қысқа мерзімді шектеу енгізу кезінде оны пайдалану шарттары ескеріледі.

      675. Шекара маңындағы әуе кеңістігінің шегінде ұшуды жоспарлау кезінде жоспарды беру алдында ПӘК-ні пайдаланушы әрекет басталғанға дейін кемінде 5 тәулік бұрын ҰҚК АҚ-мен, ӘҚБ БО-мен ұшу күнін, уақытын, маршрутын (ауданын), биіктік диапазонын, ұшу мақсатын келіседі.

      676. Міндеттерді шешу кезінде жеделділікті арттыру үшін ПӘК-нің ұшуы пайдаланушыға шекара маңы жолағындағы әуе кеңістігінде ағымдағы жылға келісуге және рұқсат алуға, Қазақстан Республикасының барлық аумағында шекара маңы әуе кеңістігінде ПӘК-нің ұшуы үшін Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану қағидаларында белгіленген тәртіппен жол беріледі.

      677. ПӘК-нің әуе кеңістігін пайдалануына рұқсатты ұсынылған ПӘК ұшу жоспарының негізінде ӘҚБ БО немесе ӘҚБ орталығы береді.

      Елді мекендердің, күзетілетін объектілердің үстінен және шекара маңы жолағындағы әуе кеңістігі шегінде ПӘК-нің ұшып өтуі үшін рұқсат келісілген (бекітілген) ұшу маршрутын (схемасын) қоса беріп, ұшу жоспары негізінде беріледі.

      678. Егер жоспарланған ұшудың нақты биіктігі жер бетінен 50 м аспайтын болса және әуеайлақ қоршауынан 5,5 км жақын болмаса (қоршау болмаған жағдайда – әуеайлақ шекарасын белгілейтін таңбаланған белгілерге дейін 5,5 км жақын емес), ПӘК-нің ұшу жоспары әуе қозғалысына қызмет көрсету және (немесе) әуе қозғалысын басқару органына жолданбайды, ұшқышсыз ұшу аппаратының ұшуы туралы хабарлама берілмейді.

      679. Ұшу күні:

      1) ПӘК-нің ұшып шығуына дейін 2 сағат бұрын пайдаланушы (ұшуды ұйымдастыратын лауазымды адам) ӘҚБ орталығына оның жауапкершілік ауданында ұшу жоспарланған әуе кеңістігін пайдалануға сұраным жасайды;

      2) ұшу жоспарланған уақытқа дейін 1 сағат бұрын ӘҚБ орталығы әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат береді, шектеуді жеткізеді, ӘҚБ орталығына ұшу маршрутындағы өзгерістер туралы баяндау тәсілін, мазмұнын және реттілігін келіседі;

      3) әуеайлақ маңы аумағында әуе кеңістігі шегінде ұшу кезінде ұшу жетекшісі әуеайлақтың әуе қозғалысына (ұшуға басшылық жасау тобымен) қызмет көрсету органдарымен өзара іс-қимыл уақытын, маршрутын, биіктігі мен тәсілін келіседі.

      680. Жедел міндеттерді шешу кезінде ПӘК-нің ұшуы үшін ұшу алдында байланыс (телефон немесе жерүсті радио байланысы) құралдары арқылы ұшу жетекшісі (ПАЖ бөлімшесінің бастығы) мыналарға рұқсат сұрайды:

      1) әуе кеңістігін пайдалануға – оның ауданында әуеайлақ (ПӘК көтеріліп ұшу алаңы) тұрған ӘҚБ орталығының кезекші ауысымынан;

      2) елді мекеннің үстінен ұшып өту кезінде қосымша – ҚР ҰҚК аумақтық органының кезекші қызметінен (одан басқа, елді мекенде күзет іс-шараларын өткізу кезінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің кезекші қызметтерімен келісу жүргізіледі).

      681. ӘҚБ кезекші ауысымынан әуе кеңістігін пайдалануға сұранымда:

      1) ПӘК-нің типі мен тіркеу нөмірі;

      2) көтеріліп ұшу мен қону алаңының орналасқан жері (географиялық координата);

      3) көтеріліп ұшу жоспарланған уақыт;

      4) азимутпен және қашықтықпен шектелген ұшу маршруты немесе ауданы (секторы);

      5) ұшудың барынша биіктігі мен крейсерлік жылдамдығы;

      6) ұшудың барынша ұзақтығы (отын құюға немесе аккумулятор сыйымдылығына байланысты);

      7) ЖБС-ның ПӘК байланысының максималды диапазоны көрсетіледі.

      682. Елді мекеннің үстінен ұшып өтуге өтінімді ҚР ҰҚК және МКҚ (елді мекенде күзет іс-шараларын өткізу кезінде) кезекші қызметтерімен келісу кезінде:

      1) ПӘК-нің типі мен тіркеу нөмірі;

      2) көтеріліп ұшу және қону алаңының орналасқан жері (географиялық координата);

      3) көтеріліп ұшуға жоспарланған уақыт;

      4) азимутпен және қашықтықпен шектелген ұшу маршруты немесе ауданы (секторы);

      5) ұшудың барынша ұзақтығы көрсетіледі.

      Елді мекен үстінен ұшуды келісу нәтижесі ӘҚБ орталығына жеткізіледі.

      683. ӘҚБ орталығы жоспарланған ұшу уақытынан 1 сағат бұрын әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат береді.

      Жедел міндеттерді шешу үшін ПӘК-нің ұшуы кезінде ӘҚБ орталығы ұшуды ӘҚБ НО-мен келісіп, әуе кеңістігін пайдалануға рұқсат береді.";

      4-параграфтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-параграф. ПӘК-нің ұшуы туралы хабарлама беру";

      684 және 685-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "684. Ұшу жетекшісі ӘҚБ орталығына:

      1) ұшып шығу туралы – нақты көтеріліп ұшу уақытынан кейін 5 минуттан кешіктірмей;

      2) қону туралы – ПӘК қонғаннан кейін 5 минуттан кешіктірмей;

      3) ұшып шығуды (ұшуды бастау) ауыстыру туралы – 30 минуттан және одан астам күтілетін кідіріс кезінде ПӘК-нің жоспарланған ұшып шығу уақытынан кешіктірмей;

      4) ұшуда ерекше жағдайдың туындауы туралы (ӘҚБ орталығында) – дереу хабарлайды.

      685. Әуеайлақ маңы аумағындағы әуе кеңістігінде ПӘК-нің ұшып өтуі кезінде әрбір ұшып шығу әуеайлақтың ұшу жетекшісімен (ӘҚҚ қызметімен) келісіледі.";

      14-тарауда:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "14-тарау. ПӘК-нің ұшуын қамтамасыз ету";

      мынадай мазмұндағы 685-1-тармақпен толықтырылсын:

      "685-1. Әуеайлақта тұрған ПӘК-нің ұшуын қамтамасыз ету осы Қағидалардың 521 – 566-тармақтарының талаптарына сәйкес жүргізіледі.";

      686 және 687-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "686. ПӘК-нің әуеайлақтық орналасудан тыс ұшуын қамтамасыз ету:

      1) материалдық-техникалық қамтамасыз етуді;

      2) байланысты қамтамасыз етуді;

      3) медициналық қамтамасыз етуді;

      4) ұшуды объективті бақылауды қамтиды.

      687. Әуеайлақ базасынан тыс жерде ПӘК-нің ұшуын материалдық-техникалық қамтамасыз етуді бөлім командирінің материалдық-техникалық қамтамасыз ету жөніндегі орынбасары ПӘК-ні күтіп-ұстау, оларды пайдалану және жөндеу, ұшуға тұрақты дайындықта ұстау, ұшуда ПӘК-нің ақаусыз жұмысына қол жеткізу және оларды қолданудың жоғары тиімділігі үшін ұйымдастырады.

      Әуе кемесіндегі жұмыс түрі, олардың көлемі мен орындау кезеңділігі ПӘК техникалық пайдалану (техникалық қызмет көрсету) жөніндегі нұсқаулармен (нұсқаулықтармен, регламенттермен) айқындалады.";

      мынадай мазмұндағы 687-1-тармақпен толықтырылсын:

      "687-1. Әуеайлақтан тыс тұрған ПӘК-нің ұшуын байланыспен қамтамасыз ету деректерін беруді, ПӘК-нің ұшып шығуы мен қонуын, әуе жағдайын бақылауды уақтылы қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылады.

      Алынған өкімге сәйкес байланыс бөлімшесінің командирі (бастығы) ұшуды қамтамасыз етуді ұйымдастырады, бұл ретте байланыстың негізгі және резервтегі құралдарын, жеке құрамның құрамы мен орналасуын, ұшуды қамтамасыз етуге арналған құралдарды дайындау уақытын айқындайды.";

      688-тармақ алып тасталсын;

      689-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "689. Әуеайлақтан тыс тұрған ПӘК-нің ұшуын медициналық қамтамасыз етуді әуеайлақтан тыс тұрған ПӘК-нің ұшуын ұйымдастыратын бөлімнің медицина бөлімшесінің бастығы ұйымдастырады. Медициналық қамтамасыз ету ПӘК есептобы мүшелерінің денсаулығын сақтау және жоғары жұмыс қабілетін ұстау мақсатында ұшуды барлық ұйымдастыру және жүргізу кезеңінде жүзеге асырылады.

      Ұшу кезінде ПӘК есептобында өзімен бірге алғашқы медициналық көмек көрсету қобдишасы болуға, сондай-ақ өзіне және өзара медициналық көмек көрсету дағдысы болуға тиіс.";

      мынадай редакциядағы 689-1-тармақпен толықтырылсын:

      "689-1. Әуеайлақтан тыс тұрған ПӘК-нің ұшуын объективті бақылау бөлім командирінің (басқарма немесе дербес бөлім бастығының) шешіміне сәйкес ұйымдастырылады және жүзеге асырылады.";

      көрсетілген Қағидаларға 19 және 20-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясы басқару органдарының басшыларына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық мүдделі лауазымды адамдарға және құрылымдық бөлімшелерге жеткізілсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
Р. Жаксылыков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Мемлекеттік күзет қызметі


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2023 жылғы 31 мамырдағы
№ 530 Бұйрыққа
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
мемлекеттік авиациясының
ұшуды жүргізу қағидаларына
19-қосымша
Нысан

ПӘК МАМАНЫНЫҢ КІТАПШАСЫ

1-бөлім

ЖАЛПЫ ДЕРЕКТЕР

      1. Атқаратын лауазымы ________________________________________________

      2. Әскери атағы _______________________________________________________

      3. Тегі ______________________________ аты _____________________________

      әкесінің аты (бар болған кезде) _________________________________________

      4. Туған күні, айы, жылы _________ Білімі:

      жалпы ______________________________________________________________

      әскери ______________________________________________________________

      (әскери оқу орнының атауы, аяқтау күні)

      5. Мамандығы бойынша оқығаны туралы мәліметтер

      ____________________________________________________________________

      6. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлері мен әскери

      құралымдарында қай уақыттан бастап _______________

      20 ____ жылғы "___" _________________________ Мөр орны

      ________ әскери бөлімінің штаб бастығы ________________________________

      СЫНЫПТЫҚ БІЛІКТІЛІГІ

Р/с

Күні

Сыныптық біліктілік берілгені (төмендетілгені) туралы мәлімет

Қолы, мөр





2-бөлім

ҰШУДЫ ЖЫЛДАР БОЙЫНША ЕСЕПКЕ АЛУ

Р/с

Жылы

ПӘК түрі

Мамандығы

Тәулік уақыты

Ұшу саны

Ұшу

Жалпы

Оның ішінде радиокедергі жағдайында

сағат

мин

сағат

мин











3-бөлім

ҰШУДЫ КҮН БОЙЫНША ЕСЕПКЕ АЛУ

Р/с

Күні

ПӘК түрі

Тәулік уақыты

Мамандығы

ЖДК жаттығуының нөмірі және тапсырманың қысқаша мазмұны

Ұшу саны

Ұшуы

Жауынгерлік қолдану бағасы

Ұшу үшін баға

Жалпы

Оның ішінде радиокедергі жағдайында

сағ

мин

сағ

мин














4-бөлім

ТРЕНАЖЕРДЕГІ (МАКЕТТЕГІ) ҰШУДЫ ЕСЕПКЕ АЛУ

Р/с

Жылы

Айы

Тренажер түрі

Ұшу

сағат

мин







5-бөлім

ТЕОРИЯЛЫҚ БІЛІМІН ТЕКСЕРУ НӘТИЖЕСІ

Р/с

Теориялық білімін тексеру нәтижесі



6-бөлім

ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛГЕН ДАЯРЛЫҚ ДЕҢГЕЙІ

Р/с

Күні

Рұқсатнама түрі

ПӘК түрі

Тәулік уақыты

Лауазымы, әскери атағы, рұқсат берген адамның қолы







7-бөлім

ҰШУ ДАЯРЛЫҒЫН ТЕКСЕРУ НӘТИЖЕСІ

Р/с

Ұшу даярлығын тексеру нәтижесі



8-бөлім

ПӘК МАМАНЫНЫҢ КІНӘСІНЕН БОЛҒАН АВИАЦИЯЛЫҚ ИНЦИДЕНТ ПЕН ОҚИҒАНЫ ЕСЕПКЕ АЛУ

Р/с

Күні

ПӘК түрі

Жіктелуі, мән-жайы (қысқаша) және себептері





      Ескертпе:

      1. ПӘК маманының кітапшасы атқаратын лауазымына қарамастан, ұшуда ПӘК-ні басқару жөніндегі міндеттерді орындайтын ПӘК мамандары жүргізеді.

      2. Жазбаға тиісті лауазымды адамдар қол қояды және елтаңбалы мөрмен куәландырылады.

      1, 2, 3, 4, 5, 8-бөлімдерге бөлімнің штаб бастығы, 6-бөлімге ПӘК маманына ұшуға рұқсат берген адамдар, 7-бөлімге тексеруді жүргізген адамдар қол қояды.ҰҰӘК маманының кітапшасын дұрыс толтыруды кемінде тоқсанына бір рет ҰҰӘК маманының тікелей немесе үлкен бастықтары бақылайды.

      3. ПӘК маманының кітапшасын дұрыс толтыруды кемінде тоқсанына бір рет ПӘК маманының тікелей немесе үлкен бастықтары бақылайды.

      4. ПӘК маманы басқа әскери бөлімге кеткен кезде кітапшасы конверттеледі және оның қолына беріледі.

      5. ПӘК маманының кітапшасы бөлімше штабында сақталады және қатаң есептегі құжат болып табылады. Ол тігілген және елтаңбалы мөрмен бекітілген болуға тиіс.

      6. ПӘК маманы запасқа (отставкаға) шығарылған кезде кітапша жеке ісімен бірге қорғаныс істері жөніндегі департаментіне жолданады.

      7. ПӘК маманының кітапшасына оның бөлімдерінде көзделмеген деректі жазуға тыйым салынады.

      8. 1-бөлімге сыныптық біліктілікті беру немесе себептерін көрсетумен сыныптық біліктілігін төмендету туралы бұйрықтан үзінді енгізіледі.

      9. 2-бөлімге деректер ПӘК-нің әрбір түрі бойынша күндіз ұшқаны үшін жеке енгізіледі және қорытынды шығарылады, түнде ұшқаны үшін жеке енгізіледі және қорытынды шығарылады, одан кейін бір жыл үшін жалпы қорытынды шығарылады.

      "Мамандығы" деген бағанда ПӘК маманының тек бірінші әріптері, нұсқаушының – Н әрпі ғана жазылады.

      Нұсқау беру ұшуыҰӘК-нің әрбір түрі бойынша күндіз де, сондай-ақ түнде де жеке жазылады.

      Жаңа кітапша ресімделген кезде барлық жылдар үшін жалпы жылдық қорытынды, ал оны ресімдеудің алдындағы соңғы жыл үшін ПӘК-нің әрбір түрі бойынша күндіз жеке, түнде жеке қорытынды және жалпы бір жыл үшін қорытынды көшіріледі.

      10. 3-бөлімде ұшу ауысымы (күндіз, түнде) ішінде орындалған барлық жаттығулар (тапсырмалар) жүйелі түрде жазылады.

      Күндіз ұшуды жазған кезде "Тәулік уақыты" деген бағанда К әрпі, түнде ұшуды жазған кезде Т әрпіқойылады.

      Тапсырманың мазмұнын жазу кезінде жалпы қабылданған қысқартуларға жол беріледі.

      Ай аяқталғаннан кейін барлық бағандар бойынша, ПӘК-нің түрі бойынша күндіз және түнде ұшқаны үшін жеке қорытынды жазылады және бір айдың жалпы қорытындысы жасалады.Нұсқау беру ұшуы 10-тармақта көрсетілген сияқты жазылады.

      11. 4-бөлім айына бір рет толтырылады және бір жыл үшін қорытынды шығарылады.

      12. 5-бөлімде Қазақстан Республикасы мемлекеттік авиациясының ұшуды жүргізу қағидаларының талаптарына сәйкес теориялық білімін тексеру нәтижесі жазылады.

      13. 6-бөлімде ПӘК мамандарының ұшу даярлығының түрі бойынша күндіз және түнде дербес ұшуға рұқсаты, сондай-ақ басшы құрамның нұсқаушысы ретінде ұшуға рұқсаты жазылады.

      14. Ұшу даярлығын тексеру нәтижесін жазу кезінде (7-бөлім) мынадай реттілікті сақтау қажет:

      сол жақтағы жоғарғы бұрышта жоғарыдан төмен қарай – күні, ПӘК түрі, тексерушінің мамандығы және тәулік уақыты көрсетілсін;

      парақтың оң жағында жоғарыда ЖДК (Бағдарлама) жаттығуының нөмірі және оның атауы көрсетілсін;

      тексеру нәтижесі ЖДК (Бағдарлама) нормативтеріне сәйкес олардың әрқайсысына баға қоюмен ұшу элементтерінің кезең-кезеңімен орындалуы жазылсын;

      мәтін соңында ұшуға жалпы баға қойылсын.

      15. 8-бөлім түпкілікті қорытынды жасалатын авиациялық оқиғаны тергеп-тексеруді аяқтағаннан кейін толтырылады.

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2023 жылғы 31 мамырдағы
№ 530 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
мемлекеттік авиациясының
ұшуды жүргізу қағидаларына
20-қосымша

ПӘК-нің ұшу жоспары

Р/с №

Ақпарат

Белгілеу

Сипаттама бөлігі

1

Хабарлама түрі

UASRQT – (6 белгі орны)
Пилотсыз авиациялық жүйенің әуе кеңістігін пайдалануына өтінім

6 белгі

2

Пилотсыз әуе кемесін тіркеу немесе есептік нөмірі (борттық нөмірі)

Мысалы: Q2M0044

7 белгі, латын әріптері. Азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйымда есепке қою немесе тіркеу кезінде алынған тіркеу немесе есептік нөмір енгізіледі.

3

Авиация түрі және ұшу мақсаты

1) С, М, Е
2) AW, DM, TR, GR, SP, TS, HZ

1 белгі
Авиация түрі: С – азаматтық авиация пайдаланушысының (пайдаланушының) ПАЖ үшін;
M – мемлекеттік авиация пайдаланушысы (пайдаланушы) үшін;
E – эксперименттік авиация пайдаланушы (пайдаланушы) үшін.
2 белгі
Ұшу мақсаты:
Мемлекеттік авиация үшін мынадай ұшу мақсаттарының бірі пайдаланылуы мүмкін:
AW – авиациялық жұмыс;
SP – арнайы ұшу;
DM – демонстрациялық ұшу;
TR – оқу-жаттығу ұшуы;
GR – топтық ұшу;
TS – сынау ұшуы;
HZ – қауіпті жүкті тасымалдау.

4

Ұшу түрі және басқару арнасының түрі (ПӘК байланыс желісі)

1) V немесе BV;
2) R немесе BR;

2 белгі
Ұшу түрі:
V – тікелей көру шегінде (VLOS) ПӘК ұшуды орындау кезінде;
BV – тікелей көру сызығынан тыс ұшуды орындау кезінде (BVLOS).
Басқару арнасының типі (ПӘК байланыс желісі):
R – радиокөру шегінде (RLOS) ПӘК ұшуды орындау кезінде;
BR – радиокөруден тыс ПӘК ұшуды орындау кезінде (BRLOS).

5

Конструкцияның типі және ПАЖ және ПӘК саны

1) A, H, M және X
2) 1….1000

1) 1 белгі
Конструкцияның типін көрсету үшін мынадай белгі қолданылады:
A – ұшақ;
H – тікұшақ;
M – мультироторлы;
X – гибридті.
2) 4 белгі
Бір пилотсыз ұшатын авиациялық жүйеге (ПӘК) кіретін пилотсыз ұшатын әуе кемесінің (ӘАЖ) саны көрсетіледі немесе,
- Бір миссия шеңберінде ұшуды орындау кезінде бір пайдаланушының бір пилотсыз ұшатын әуе кемесімен (ПӘК) пилотсыз ұшатын авиациялық жүйе (ПӘК) саны.

6

Максималды ұшу массасы (MTOM)

0…..9999

4 белгі
Максималды ұшу массасы:
- барлық ПӘК үшін MTOM-менкемінде 0,25 килограмм 0 көрсетіледі;
- барлық ПӘК үшін MTOM-мен 0,25 килограммжәне одан жоғары 1 килограмға дейін көрсетіледі;
- барлық ПӘК үшін MTOM-мен 1 килограмм және 9999 килограмға дейін астам бүтін санға дейін дөңгелектей отырып МТОМ көрсетіледі.

7

Ұшып шығу орнының координатасы

Географиялық координата

Градус пен минут (11белгі):
4 ендікті градуспен, сондай-ақ ондаған және минуттық бірліктермен, содан кейін N әрпімен (солтүстік ендікті білдіреді) немесе S (оңтүстік ендік), одан кейін бойлықты градуспен көрсететін 5 цифрмен, сондай-ақ Е әрпімен (шығыс бойлық) немесе W (батыс бойлық)

8

Қону орнының координатасы

Географиялық координата

Градус мен минут (11белгі):
4 ендікті градуспен, сондай-ақ ондаған және минуттық бірліктермен, содан кейін N әрпімен (солтүстік ендікті білдіреді) немесе S (оңтүстік ендік), одан кейін бойлықты градуспен көрсететін 5 цифрмен, сондай-ақ е әрпімен (шығыс бойлық) немесе W (батыс бойлық)

9

Ұшуды/ұшуларды орындау орны

Географиялық координата

Белгі саны шектелмейді.
Маршрут бойынша ұшуды/ұшуларды орындау кезінде маршруттың басталу нүктесінің, маршруттың бұрылу нүктесінің және келу нүктесінің географиялық координатасы көрсетіледі.
Егер ұшуды бірнеше маршрут бойынша орындау жоспарланса, әрбір маршрут нөмірін көрсете отырып, жеке көрсетіледі.
Авиациялық жұмысты орындау кезінде координатамен шектелген ауданда ауданның географиялық координатасы (тіктөртбұрыштың координатасы немесе радиусы) көрсетіледі.

10

Ұшу кезінде максималды биіктік пен жылдамдық

1) нақты биіктік;
2) км/сағ

1) 5 белгі
Жоспарланған ұшудың жер бетіне қатысты ең жоғары биіктігі (нақты биіктігі) М әрпімен, одан кейінгі төрт цифрамен көрсетілген ондаған метрмен көрсетіледі;
2) 4 белгі
Жоспарланған ұшуды сағатына километрде орындау кезінде кейінгі үш цифрамен К әрпімен көрсетілген ең жоғары жол жылдамдығы көрсетіледі.

11

Ұшудың басталу және аяқталу күні / жоспарланған уақыты

Күнтізбелік күн және жергілікті уақыт

6 белгі / 4 белгі – 4 белгі
Жоспарланған ұшу күні алты цифрдан тұратын форматта көрсетіледі (DDMMYY, онда DD – күн, ММ – ай, YY – жыл) кейін "/" қиғаш сызық қойылады және төрт цифрмен көрсетілген ұшу басталған жергілікті уақыт, одан кейін сызықша және төрт цифрмен (0100 – 0500) көрсетілген ұшудың аяқталу уақыты көрсетіледі.

12

Қосымша ақпарат

Мәтін жолы

ПАЖ моделі, пайдаланушы (болған кезде ТАӘ) – егер жеке тұлға, пайдаланушының атауы – егер заңды тұлға), ПӘК ұшқыш (ұшқыш)- операторы/ ПӘК операторының ТАӘ, ПАЖ-ны қолдана отырып, авиациялық жұмысқа рұқсат ету нөмірі немесе қалалардың немесе кенттердің тығыз қоныстанған аудандарында ұшуды орындауға рұқсат нөмірі немесе ПАЖ пайдаланушы сертификатының нөмірі, ПӘК сериялық нөмірі, пайдалы жүктеме жабдығының саны мен түрі, ұшу кезіндегі ерекшелік, байланыс нөмірі.