Кейбір бұйрықтардың күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2023 жылғы 30 мамырдағы № 120/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 1 маусымда № 32652 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Мыналардың:

      1) "Куәландырушы орталықты айқындау туралы" Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 476 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11350 болып тіркелген);

      2) "Ақпараттандыру саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 тамыздағы № 877 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12119 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрі
Б. Мусин