БҰЙЫРАМЫН:
1. "Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін және Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемін есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 17 ақпандағы № 81 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13217 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесіне, мөлшерлемелер көлеміне және олардың қолданылу мерзіміне:
"Әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлардың жекелеген түрлері, мөлшерлемелер көлемі және олардың қолданылу мерзімі" деген 1-бөлімде:
"
2 | 4101 | Ірі қара малдың (қодастарды қоса алғанда) немесе жылқы тұқымдас (жас немесе тұздалған, кептірілген, күлденген, пикелденген немесе өзге әдіспен консервіленген, иленбеген, бірақ пергаментке келтіріліп өңделмеген немесе одан әрі өңдеуге түспеген) жануарлардың түгі бар немесе түксіз, бөлінген немесе бөлінбеген, өңделмеген терілері | 1 тоннасына 200 еуро | тұрақты |
3 | 4102 | Осы топқа 1(в) ескертпемен алып тасталғандардан басқа, қойлардың немесе қозылардың (жас немесе тұздалған, кептірілген, күлденген, пикелденген немесе өзге әдіспен консервіленген, иленбеген, бірақ пергаментке келтіріліп өңделген немесе одан әрі өңдеуге түспеген) жүні бар немесе жүнсіз, бөлінген немесе бөлінбеген, өңделмеген терілері | 1 тоннасына 200 еуро | тұрақты |
4 | 4103 | Осы топтағы 1(б) немесе 1(в) ескертпемен алып тасталғандардан басқа, түкті немесе түксіз, бөлінген немесе бөлінбеген өңделмеген (жас немесе тұздалған, кептірілген, күлденген, пикелденген немесе басқа әдіспен консервіленген, иленбеген, бірақ пергаментке келтіріліп өңделген немесе одан әрі өңдеуге ұшырамаған), өзге де терілер | 1 тоннасына 200 еуро | тұрақты |
5 | 5101 | Кард немесе тарақпен тарауға ұшырамаған жүн | 0 |
2023 жылғы 30 сәуірді қоса алғанға |
10 %, бірақ 1 тоннасына 50 еуродан кем емес | 2023 жылғы 1 мамырдан бастап | |||
6 | 5102 | Кардтық немесе тарақпен тарауға ұшырамаған, биязы немесе қылшықты, жануарлар қылы | 0 |
2023 жылғы 30 сәуірді қоса алғанға |
10 %, бірақ 1 тоннасына 50 еуродан кем емес | 2023 жылғы 1 мамырдан бастап | |||
7 | 5103 | Иіру қалдықтарын қоса алғанда, бірақ түтілген шикізатты қоспағанда, жануарлар жүнінің немесе биязы немесе қылшықты қылының қалдықтары | 0 |
2023 жылғы 30 сәуірді қоса алғанға |
10 %, бірақ 1 тоннасына 50 еуродан кем емес | 2023 жылғы 1 мамырдан бастап | |||
8 | 5104 00 000 0 | Жүннен немесе жануарлардың биязы немесе қылшықты қылынан жасалған түтілген шикізат | 0 |
2023 жылғы 30 сәуірді қоса алғанға |
10 %, бірақ 1 тоннасына 50 еуродан кем емес | 2023 жылғы 1 мамырдан бастап |
"
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
2 | 4101 | Ірі қара малдың (қодастарды қоса алғанда) немесе жылқы тұқымдас (жас немесе тұздалған, кептірілген, күлденген, пикелденген немесе өзге әдіспен консервіленген, иленбеген, бірақ пергаментке келтіріліп өңделмеген немесе одан әрі өңдеуге түспеген) жануарлардың түгі бар немесе түксіз, бөлінген немесе бөлінбеген, өңделмеген терілері | 1 тоннасына 100 еуро | 2023 жылғы 31 жетоқсанды қоса алғанға дейін |
1 тоннасына 200 еуро | 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап | |||
3 | 4102 | Осы топқа 1(в) ескертпемен алып тасталғандардан басқа, қойлардың немесе қозылардың (жас немесе тұздалған, кептірілген, күлденген, пикелденген немесе өзге әдіспен консервіленген, иленбеген, бірақ пергаментке келтіріліп өңделген немесе одан әрі өңдеуге түспеген) жүні бар немесе жүнсіз, бөлінген немесе бөлінбеген, өңделмеген терілері | 0 | 2023 жылғы 31 жетоқсанды қоса алғанға дейін |
1 тоннасына 200 еуро | 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап | |||
4 | 4103 | Осы топтағы 1(б) немесе 1(в) ескертпемен алып тасталғандардан басқа, түкті немесе түксіз, бөлінген немесе бөлінбеген өңделмеген (жас немесе тұздалған, кептірілген, күлденген, пикелденген немесе басқа әдіспен консервіленген, иленбеген, бірақ пергаментке келтіріліп өңделген немесе одан әрі өңдеуге ұшырамаған), өзге де терілер | 0 | 2023 жылғы 31 жетоқсанды қоса алғанға дейін |
1 тоннасына 200 еуро | 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап | |||
5 | 5101 | Кард немесе тарақпен тарауға ұшырамаған жүн | 0 | 2024 жылғы 31 жетоқсанды қоса алғанға дейін |
10 %, бірақ 1 тоннасына 50 еуродан кем емес | 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап | |||
6 | 5102 | Кардтық немесе тарақпен тарауға ұшырамаған, биязы немесе қылшықты, жануарлар қылы | 0 | 2024 жылғы 31 жетоқсанды қоса алғанға дейін |
10 %, бірақ 1 тоннасына 50 еуродан кем емес | 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап | |||
7 | 5103 | Иіру қалдықтарын қоса алғанда, бірақ түтілген шикізатты қоспағанда, жануарлар жүнінің немесе биязы немесе қылшықты қылының қалдықтары | 0 | 2024 жылғы 31 жетоқсанды қоса алғанға дейін |
10 %, бірақ 1 тоннасына 50 еуродан кем емес | 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап | |||
8 | 5104 00 000 0 | Жүннен немесе жануарлардың биязы немесе қылшықты қылынан жасалған түтілген шикізат | 0 | 2024 жылғы 31 жетоқсанды қоса алғанға дейін |
10 %, бірақ 1 тоннасына 50 еуродан кем емес | 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап |
";
"Шикі мұнай мен мұнайдан өндірілген тауарларға қолданылатын әкету кедендік бажы мөлшерлемелерінің көлемі және олардың қолданылу мерзімі" деген 2-бөлімде:
реттік нөмірі 9-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
9 |
2710 19 620 1, | Мазуттар | 1 тоннасына 30 доллар | 1 тоннасына 30 доллар |
1 мамырдан – 31 тамызға дейін қоса алғанда |
".
2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сыртқы сауда қызметі департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушы |
А. Шаккалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі