"Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылған және тартылатын адамдарды арнайы есепке алуды және ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдарды дактилоскопиялық есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 24 мамырдағы № 110 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 25 мамырда № 32577 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.01.2027 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылған және тартылатын адамдарды арнайы есепке алуды және ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдарды дактилоскопиялық есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 29 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16667 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылған және тартылатын адамдарды арнайы есепке алуды және ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдарды дактилоскопиялық есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларында:

      80-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "80. Адамдарға қатысты тексеру іс-шараларын жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органдардың, мекемелер мен өзге де ұйымдардың сұрау салулары бойынша, тексеру негіздеріне қарамастан, Комитетте және оның аумақтық органдарында тексеру күнінде мынадай:

      1) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылған және тартылатын адамдарға, оның ішінде сотталғандықты өтеу, алып тастау мерзімдеріне, жазаны тарту, соттау және өтеу күніне қарамастан шетелде қылмыстық жауаптылыққа тартылған, сотталған және жазасын өтеп жүрген Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты;

      2) қылмыстық жауаптылықтан босататын келесі жағдайларды қоспағанда, қылмыстық құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан босатылған адамдар не оларға қатысты қылмыстық істер тоқтатылған адамдар:

      ақтайтын негіздер бойынша;

      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап 2011 жылғы 25 қарашаға дейінгі аралығындағы кезеңде ҚР ҚПК-нің 37-бабы бірінші бөлігінің 10) тармағы бойынша;

      ҚР ҚПК-нің 33-бабының бірінші бөлігімен (1997 жылғы редакцияда) көзделген қылмыстар туралы істер бойынша - жекеше айыптаушы айыптаудан бас тартқанда ҚР ҚПК-нің 37-бабы бірінші бөлігінің 6) тармағы бойынша;

      3) келесі негіздер бойынша қылмыстық іс қозғаудан бас тартуды қоспағанда, ҚР ҚПК-нің 37-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 6), 9), 10), 11) және 12) тармақтары (1997 жылғы редакцияда) негізінде қылмыстық іс қозғаудан бас тарту туралы қаулы шығарылған адамдар:

      "Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне құқық қорғау қызметін жетілдіру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап 2011 жылғы 25 қарашаға дейінгі аралығындағы кезеңде ҚР ҚПК-нің 37-бабы бірінші бөлігінің 10) тармағы бойынша;

      ҚР ҚПК-нің 33-бабының бірінші бөлігімен (1997 жылғы редакцияда) көзделген қылмыстар туралы істер бойынша - жекеше айыптаушы айыптаудан бас тартқанда ҚР ҚПК-нің 37-бабы бірінші бөлігінің 6) тармағы бойынша;

      4) іздестіруде жүрген адамдар (күдіктілер, айыпталушылар, борышкерлер/жауапкерлер, хабарсыз жоғалғандар);

      5) сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдар;

      6) әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдардың есепке алуында тұрған адамдар;

      7) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған адамдардың есепке алуында тұрған адамдар;

      8) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген терiс себептер бойынша атқаратын лауазымынан шығарылған немесе босатылған, сол сияқты өкiлеттiктерін тоқтатқан "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңында көзделген мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарды, оларға теңестірілген адамдарды, лауазымды адамдарды және жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар;

      9) мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасаған адамдар туралы қолда бар барлық мәліметтер ұсынылады.".

      2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет):

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналасуын;

      3) осы бұйрықтың құқықтық статистика және арнайы есепке алудың мүдделі субъектілеріне мәлімет үшін, сондай-ақ Комитеттің аумақтық және оған теңестірілген органдарына орындау үшін жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Бас Прокуроры
Б. Асылов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сот әкімшілігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржылық мониторинг агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қорғаныс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

      іс-қимыл агенттігі

      (Сыбайлас жемқорлыққа

      қарсы қызмет)

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі