БҰЙЫРАМЫН:
1. "Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау қағидалары мен талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 245 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11025 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авариялық броны бар тұтынушыларды энергиямен жабдықтау қағидалары мен талаптарында:
3-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) титан, магний және алюминий электролизі тәсілімен үздіксіз өндіретін металлургиялық кәсіпорындардың объектілері;";
мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) феррохромдарды электр тәсілімен үздіксіз өндіретін ірі металлургиялық кәсіпорындардың объектілері.";
мынадай мазмұндағы ескертпемен толықтырылсын:
"Ескертпе: осы Қағидалардың 3-тармағының 9) тармақшасында көрсетілген, ҮЭО тізбесіне енгізілген объектілер үшін осы объектінің жүктемесін 2023 жылғы 1 қаңтарда қолданыста болатын көлемде жүктемені ажыратудың арнайы автоматикасына қосу сақталады.
Бұл ретте жүйелік оператор қажет болған жағдайда жүктемені ажыратудың арнайы автоматикасына қосылған жүктеме көлемін ұлғайту жағына қарай қайта қарайды.".
2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрі |
А. Саткалиев |