"Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/227 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2023 жылғы 17 мамырдағы № 11-1-4/230 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 18 мамырда № 32530 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шет мемлекеттің аумағында консулдық әрекеттер жасағаны үшін консулдық алым мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 11-1-4/227 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18702 болып тіркелген) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:

      "6. Азаматтық хал актілерін тіркеу" бөлімінде:

      реттік нөмірі 17-ші жол алынып тасталсын;

      реттік нөмірі 18-1 жол мынадай редакцияда толықтырылсын:

      "

18-1.

Азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы қайтадан куәлiктердi беру

25 АҚШ доллары

20 евро

20 ағылшын фунт стерлингі

25 швейцар франкі

1420 ресей рублі

165 қытай юаны

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Консулдық қызмет департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушы
К. Умаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі