Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 29.04.2025 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 126 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10593 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нысаналы даму трансферттерін қарау және іріктеу қағидаларында:
5-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Нысаналы даму трансферттері мыналарға:
1) білім беру объектiлерiн; жергiлiктi маңызы бар басым білім беру объектiлерiн, оқушылардың инновациялық шығармашылық орталықтарын (500-600 орындық оқушылар сарайлары, 150 орындық балалар өнер мектептері);
2) денсаулық сақтау объектiлерiн; жергiлiктi маңызы бар денсаулық сақтаудың басым объектiлерiн;
3) медициналық-әлеуметтік мекемелерді: психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерді, мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталықтарын, мүгедектігі бар балаларды оңалту және бейімдеу орталықтарын;
4) автоматтандырылған газды бөлу станцияларын сала отырып, магистральді газ құбырларынан жоғары қысымды газ өткізу-бұру құбырларын және жоғары қысымды кент аралық келтіруші газ құбырларын;
5) мемлекеттік (салалық) бағдарлама бойынша жалға берілетін (коммуналдық) тұрғын үйлерді;
6) облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын, қалалардың және елді мекендердің көшелерін;
7) қалалар мен ауылдық елді мекендердің сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін;
8) халықты, объектілер мен аумақтарды дүлей табиғи зілзалалардан инженерлік қорғау объектілерін;
9) жергiлiктi маңызы бар мәдениет, спорт және туризм, абаттандыру, қоршаған ортаны қорғау, агроөнеркәсіптік кешен, орман, балық шаруашылығы, коммуналдық, су шаруашылығы, көліктік, инженерлік-коммуникациялық, индустриялық-инновациялық инфрақұрылым, жылу-энергетикалық жүйе, қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік объектілерін;
10) мамандандырылған халыққа көмек көрсету орталықтары объектілерін;
11) биологиялық қауіпсіздіктің жоғары деңгейдегі ғылыми зертханаларын және қауіпті және аса қауіпті штаммдарды жинауға арналған жерасты қоймаларын;
12) иммундық-биологиялық препараттарды өндіру жөніндегі объектілерді;
13) патогендігі 1, 2, 3, 4-топтағы патогендік биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын биологиялық қауіпсіздік инфрақұрылымы объектілерін салу, реконструкциялауға, оның ішінде оларды физикалық қорғауды қамтамасыз етуге бөлінеді.";
5-1-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бұл ретте, республикалық бюджеттен:
ауылдарда және қалаларда 3 және одан да көп ауысымды оқыту және оқушылар орындарының тапшылығы проблемасын шешетін апатты жай-күйде тұрған және бұзуға жататын мектептердің орнына қуаттылығы 300 және одан да көп, ал республикалық маңызы бар қалаларға және астанаға іргелес елді мекендерде қуаттылығы 300-ден төмен жалпы білім беру мектептерін;
медициналық көмектің қол жетімділігіне шектеу қаупін тудыратын апатты және бұзуға жататындардың орнына қуаттылығы кемінде 200 төсектік көп бейінді және туберкулезге қарсы ұйымдардың, сондай-ақ кемінде 200 төсектік перинаталдық орталықтар мен перзентханалардың және ауысымына кемінде 250 адам қабылдайтын қуаттылығы бар емханалардың;
республикалық маңызы бар қалалар мен астанаға іргелес, сондай-ақ республикалық маңызы бар қалалар мен астананың шетінде орналасқан елді мекендерде, және тіректі ауылдық елді мекендерде ауысымына кемінде 250 адам қабылдайтын амбулаторлық-емханалық ұйымдардың;
жергілікті денсаулық сақтау ұйымдарына арналған қанды, оның құрауыштары мен препараттарын өндіру орталықтарының;
психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерінің;
балалар психоневрологиялық медициналық-әлеуметтік мекемелерінің;
мүгедектігі бар адамдарға арналған оңалту орталықтарының, оңалту және мүгедектігі бар балаларды бейімдеу орталықтарының;
облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының;
тұрғын үй мен тұрғын үйге инженерлік - коммуникациялық инфрақұрылымның;
объектілердің, ғимараттардың, сумен жабдықтау және су бұру желілерінің;
республикалық маңызы бар қалалардың, елорданың көшелерінің;
кернеуі 35/10/0,4 кВ жоғары, ал республикалық маңызы бар қалалар мен астанаға іргелес елді мекендерде және халық саны 50 мың адамға дейін шағын қалаларда, сондай-ақ тіректі ауылдық елді мекендерде кернеуі 0,4 кВ және жоғары кіші станциялар мен электртаратушы желілерінің;
қуаттылығы 100 Гкал/сағ жоғары, ал республикалық маңызы бар қалалар мен астанаға іргелес елді мекендерде және халық саны 50 мың адамға дейін шағын қалаларда, сондай-ақ тіректі ауылдық елді мекендерде барлық қуаттылықтағы жылуэлектрорталықтарының және қазандықтарының;
магистралды газқұбырларының, магистралды газқұбырларынан жоғары қысымды азқұбырларының-бұрулардың, автоматтандырылған газтаратушы станцияларының, жоғары қысымды кентаралық әкелуші газқұбырларының, елді мекендердің шекаралары (шегі) шегінде газтаратушы желілерінің;
полигондардың (қауіпсіз, қатты тұрмыстық қалдықтар);
тұрғындар саны елу мың адамнан аз елді мекендер үшін сұрыптау кешендерінің (станцияларының);
шағын елді мекендерде қоқысты тиеу кешендерінің (алаңдарының);
құрылыс материалдарын қайта өңдеуге арналған алаңдардың;
қалдықтарды орналастыру объектілерін қалпына келтірудің;
биологиялық қауіпсіздігі жоғары деңгейдегі ғылыми зертханалар мен қауіпті және аса қауіпті штаммдарды жинауға арналған жерасты қоймаларының;
GMP тиісті өндірістік практикасының талаптарына сәйкес келетін иммунобиологиялық препараттар шығаратын субстанциялар өндіру жөніндегі цехтардың құрылысына;
"Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" пилоттық ұлттық жобасы шеңберінде іске асырылатын медициналық-санитариялық алғашқы көмек объектілерін (медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер, дәрігерлік амбулаториялар);
патогендігі 1, 2, 3, 4-топтағы патогендік биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын биологиялық қауіпсіздік инфрақұрылымы объектілерін;
оқушылардың инновациялық шығармашылық орталықтарын (500-600 орындық оқушылар сарайлары, 150 орындық балалар өнер мектептері) салуға, реконструкциялауға, кеңейтуге және жаңғыртуға арналған шығыстар қаржыландырылады.".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
|
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрі |
Е. Жамаубаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі