"Орман орналастыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағ

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 16 мамырдағы № 149 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 18 мамырда № 32523 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Орман орналастыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/164 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 мамырда № 10960 тіркелді) бұйрығына келесі өзгерістер енгізілсін:

      жоғарыдағы көрсетілген бұйрықпен бекітілген Орман орналастыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес мынадай редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар министрі
З. Сулейменова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау

      және дамыту агенттігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2023 жылғы 16 мамырдағы
№ 149 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
міндетін атқарушы
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 18-02/164 бұйрығымен
бекітілген

Орман орналастыру саласындағы мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағалары

№ п/п

Орман орналастыру жұмыстарының атауы

Бағалар (1 гектар үшін теңгемен) ҚҚС есебінсіз

Бағалар (1 гектар үшін теңгемен) ҚҚС - мен

Дайындық жұмыстары

1.

I разрядты орман орналастыру (жазық ормандар)

29,5

33,0

2.

II разрядты орман орналастыру (таулы ормандар)

21,6

24,2

3.

III разрядты орман орналастыру, зерттеу (шөлді ормандар)

3,5

3,9

Далалық жұмыстары

1.

I разрядты орман орналастыру (жазық ормандар)

432,7

484,6

2.

II разрядты орман орналастыру (таулы ормандар)

299,7

335,7

3.

III разрядты орман орналастыру, зерттеу (шөлді ормандар)

42,9

48,0

Камералдық жұмыстары

1.

I разрядты орман орналастыру (жазық ормандар)

155,3

173,9

2.

II разрядты орман орналастыру (таулы ормандар)

114,3

128,0

3.

III разрядты орман орналастыру, зерттеу (шөлді ормандар)

11,2

12,5