"Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 241 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2023 жылғы 15 мамырдағы № 507 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 17 мамырда № 32501 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 241 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10954 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бухгалтерлік есепті жүргізу қағидаларында:

      34 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "34. Активтерді беруді, сатуды ресімдеу үшін нысандары 562-бұйрықпен бекітілген қабылдап алу-беру актілері қолданылады. Акті екі данада жасалады және әрбір жеке объектіге немесе объектінің құрауышына екі тараптың да қолы қойылады.

      Құжаттамасы қоса берілген ресімделген акті бухгалтерлік қызметке беріледі, оған бас бухгалтер қол қояды және субъектінің басшысы бекітеді.

      Активтерді қорлар ретінде сату кезінде нысаны 562 бұйрықпен бекітілген тарапқа қорларды босатуға арналған жүкқұжат қолданылады.";

      37 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Субъектінің кассасына қолма-қол ақшаны қабылдап алу нысаны 562-бұйрықпен бекітілген, субъектінің бас бухгалтері немесе осыған уәкілеттік берілген адамы қол қойған кіріс касса ордері (бұдан әрі - кіріс ордері) бойынша жүргізіледі.

      Қолма-қол ақшаны қабылдау кезінде субъектінің бас бухгалтері немесе осыған уәкілеттік берілген адамы және кассир қол қойған түбіртек беріледі осы ұйымның мөрі мөрімен бекемделеді (ол бар болса).

      Бақылау-касса машинасын пайдаланған кезде түбіртектің орнына бақылау-касса машинасының чегі беріледі..";

      59 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "59. Есеп беретін сомалар субъектінің қызметкерлеріне, сондай-ақ жіберуші Тараптың қызметкерлеріне беріледі.

      Есеп беретін сомаларды есепке алу жіберуші Тараптың әрбір жұмыскері, жұмыскері бөлінісінде жүргізіледі. Есепке берілген қолма-қол ақша қаражатын есепке алу субъектінің есеп саясатымен регламенттеледі, бұл ретте тағайындалуына қарай есепті тұлғаның аванстық есебін ұсыну, қолма-қол ақша қаражатын қайтару мерзімдері белгіленеді.

      Нысаны 562 бұйрықпен бекітілген аванстық есепке субъектінің басшылығы қол қояды және бухгалтерлік қызметке тапсырылады. Субъектінің басшылығы және бухгалтерлік қызмет аванстық есепті және есепте қалған қолма қол ақшаны уақтылы тапсыруды қамтамасыз етеді.";

      мынадай мазмұндағы 71-1-тармақпен толықтырылсын:

      "71-1. Қайта сұрыптау нәтижесінде артық шығуды және кем шығуды өзара есепке алуға сол атаудағы және бірдей мөлшердегі қорларға қатысты бір тексерілетін адамда ғана тек бір ғана тексерілетін кезең үшін ерекшелік түрінде ғана рұқсат етіледі.

      Қайта сұрыптауға жол берілгені туралы материалдық жауапты адамдар комиссияға егжей-тегжейлі түсініктемелер береді.";

      75-1-тармақ алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп, аудит және бағалау әдіснамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруын;

      3) Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің міндетін атқарушы
Е. Биржанов

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі