"Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерді жасасу, э

Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2023 жылғы 4 мамырдағы № 169 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 5 мамырда № 32441 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерді жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасуды және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2017 жылғы 28 қарашадағы № 416 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16098 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерді жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасуды және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларында:

      кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:

      ""Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 70-21) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерді жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасуды және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 70-21) тармақшасына сәйкес әзірленген және жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерді жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасуды және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу тәртібін айқындайды.";

      2-тармақтың 5)тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "5) рұқсат етілген көлем – 2015 жылғы инвестиция көлемінің 400 (төрт жүз) пайызының және алдыңғы кезеңдерде (жылдарда) жасасқан жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған қолданыстағы инвестициялық келісімдерді жаңғырту, кеңейту, реконструкциялау және (немесе) жаңарту инвестициялық бағдарламалары бойынша қажетті жыл сайынғы қайтару деңгейі сомасының айырмасы;";

      Жаңғыртудың, кеңейтудің, реконструкциялаудың және (немесе) жаңартудың инвестициялық бағдарламаларын қарауға жіберу, оларды қарау және іріктеу, жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісімдерді жасасу, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы шарттарды тиісінше жасасуды және осы шарттар үшін электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке жеке тарифтерді, электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу көлемдері мен мерзімдерін белгілеу қағидаларына 4-қосымшада:

      "екінші Тараптан, бұдан әрі "Энергия өндіруші ұйым" деп аталатын "Электр энергетикасы туралы" 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім/ жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық жеке келісім/ пайдалануға берілген электр станциясы бойынша инвестициялық жеке келісім (бұдан әрі - Келісім) жасасты." деген жол жаңа редакцияда жазылсын:

      "бұдан әрі "Энергия өндіруші ұйым" деп аталатын екінші тараптан "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық келісім/ жаңғыртуға, кеңейтуге, реконструкциялауға және (немесе) жаңартуға арналған инвестициялық жеке келісім/ пайдалануға берілген электр станциясы бойынша инвестициялық жеке келісім (бұдан әрі – Келісім) жасасты.".

      2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Энергетика министрі
А. Саткалиев