БҰЙЫРАМЫН:
1. "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтарды құру тұжырымдамаларына қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 шілдедегі № 571 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 1 тамызда № 19172 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Индустриялық аймақты құру тұжырымдамасына қойылатын талаптарда:
11-тармақ мынадай мазмұндағы жаңа 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) тізбесін, қаржыландыру көздерін және пайдалануға беру мерзімдерін (өңірлік маңызы бар индустриялық аймақтар үшін) көрсете отырып, дайын өндірістік үй-жайлардың құрылысы туралы ақпаратты қамтиды.".
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
М. Карабаев |