Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 165/НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 3 мамырда № 32416 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Цифрлық майнинг жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қоса беріліп отырған біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі бекітілсін (бұдан әрі – біліктілік талаптары).

      2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің электрондық өнеркәсіпті және цифрлық активтер индустриясын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен келесі қамтамасыз етсін:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуі;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсыну.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін біліктілік талаптарының 1-тармағының 5) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің міндетін атқарушы
А. Турысов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрінің міндетін атқарушы
2023 жылғы 26 сәуірдегі
№ 165/НҚ бұйрығымен
бекітілген

Цифрлық майнинг бойынша қызметті жүзеге асыруға қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесі

№ п/п

Біліктілік талаптары

Біліктілік талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар

1

2

3

1. Меншік құқығында немесе басқа да заңды негіздерде цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығы бар цифрлық майнердің қызметіне – І кіші түрдің болуын қамтиды:

1

цифрлық майнинг үшін аппараттық-бағдарламалық кешенді тізілімге енгізу туралы ақпарат

Цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннің тізілімінде қамтылған (меншік құқығында немесе басқа да заңды негіздерінде цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннің болған кезде)

2

меншік құқығында немесе басқа да заңды негізде цифрлық майнинг деректерді өңдеу орталығының болуы туралы ақпарат

Деректерді өңдеу орталығының орналасқан жерін көрсете отырып, меншік құқығында немесе басқа заңды негізде цифрлық майнинг деректерді өңдеу орталығының болуы туралы растайтын құжат

3

цифрлық майнинг деректер орталығының тұрғын үй аймағынан тыс орналасуы туралы ақпарат

Цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығының тұрғын үй аймағынан тыс орналасуы туралы растайтын құжаттар (еркін нысандағы кепілдендірілген хат)

4

цифрлық майнинг қызметін цифрлық майнинг пулы арқылы жүзеге асыру туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының аумағында аккредиттелген майнингтік пулдар бар кезінде цифрлық майнингтік пул арқылы цифрлық майнинг қызметін жүзеге асыру туралы растайтын құжаттар (меншік құқығында немесе цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешеннің басқа да заңды негіздерінде болған кезде): анықтама, жазбаша жауап немесе цифрлық майнинг пулымен жасалған шарт.
Цифрлық майнинг қызметін жүзеге асыру барысында бір цифрлық майнингтік пулынан екіншісіне ауысқан жағдайда, цифрлық майнер 2 (екі) жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті органға ақпараттық жүйе арқылы хабарлайды.

5

Қазақстан Республикасының "Электр энергетикасы туралы" Заңының 9-4-бабының 3-тармағына сәйкес электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйелерінің, оларды жүйелермен біріздендіруді қамтамасыз ететін телекоммуникация жүйелерінің, жүйелік операторда және энергия беруші ұйымда олардың желілеріне қосылған кезде орнатылған жүктемені ажырату құрылғыларының болуы туралы ақпарат

Цифрлық майнерде электр энергиясын коммерциялық есепке алудың автоматтандырылған жүйесінің, оларды жүйелермен біріздендіруді қамтамасыз ететін телекоммуникация жүйесінің, "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 9-4-бабының 3-тармағына сәйкес жүйелік операторда және энергия беруші ұйымда олардың желілеріне қосылған кезде орнатылған жүктемені ажырату құрылғыларының болуын растайтын құжат.

6

Қазақстан Республикасының Электр энергетикасы туралы заңнамасына сәйкес рұқсат етілген қуаты кемінде бір мегаватт болатын кернеуі 35 киловольт және одан жоғары трансформаторлық қосалқы станциялардан энергия беруші ұйымдар берген цифрлық кеншілер үшін электр желілеріне қосуға техникалық шарттардың болуы туралы ақпарат*

"Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес рұқсат етілген қуаты кемінде бір мегаватт болатын кернеуі 35 киловольт және одан жоғары трансформаторлық қосалқы станциялардан энергия беруші ұйымдар берген цифрлық майнерлер үшін электр желілеріне қосуға арналған техникалық шарттар.

2. Меншік құқығында немесе басқа да заңды негіздерде цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығы жоқ және оған меншік құқығында тиесілі цифрлық майнингке арналған, цифрлық майнинг деректерін өңдеу орталығында орналасқан аппараттық-бағдарламалық кешенді пайдалана отырып, цифрлық майнингті жүзеге асыратын цифрлық майнердің қызметіне – ІІ кіші түрдің болуын қамтиды:

1

цифрлық майнингке үшін аппараттық-бағдарламалық кешеннің тізіліміне енгізу туралы ақпарат

Цифрлық майнингке арналған аппараттық-бағдарламалық кешенді тізілімге енгізу туралы хабарлама

2

меншік құқығында оған тиесілі цифрлық майнинг үшін аппараттық-бағдарламалық кешеннің деректерді өңдеу орталығында орналастырылуы туралы ақпарат

I кіші түрдегі лицензияланған майнерімен, оның атауын көрсете отырып, ынтымақтастық ниеті туралы еркін нысандағы кепілдендірілген хат

3

цифрлық майнинг қызметін цифрлық майнинг пулы арқылы жүзеге асыру туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының аумағында аккредиттелген майнингтік пулдар бар кезінде цифрлық майнингтік пул арқылы цифрлық майнинг қызметін жүзеге асыру туралы растайтын құжаттар: анықтама, жазбаша жауап немесе цифрлық майнинг пулымен жасалған шарт).
Цифрлық майнинг қызметін жүзеге асыру барысында бір цифрлық майнингтік пулынан екіншісіне ауысқан жағдайда, цифрлық майнер 2 (екі) жұмыс күні ішінде бұл туралы уәкілетті органға ақпараттық жүйе арқылы хабарлайды.

      Ескертпе: * Қазақстан Республикасының Бірыңғай электр энергетикалық жүйесіне қосылмаған, дербес генерациялайтын қондырғылар өндіретін электр энергиясын пайдаланатын көрсетілетін қызметті алушыларға қолданылмайды.