"Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілетін операциялар бойынша банкаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2023 жылғы 24 сәуірдегі № 28 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 2 мамырда № 32408 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілетін операциялар бойынша банкаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 216 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14292 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілетін операциялар бойынша банкаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларында:

      2-тармақтың 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8) төлем карточкаларының банкаралық жүйесі – банктер арасында есеп айырысуды жүзеге асыру мақсатында операциялық орталық төлем карточкалары бойынша хабарларды өңдеу мен маршруттау және клиринг жолымен банктер шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының аумағында жасалған операциялар бойынша банкаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүргізуге арналған төлем жүйесі;";

      10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Төлем карточкаларының банкаралық жүйесінің арнасы операциялық орталық пен қатысушы арасында жасалған шарт негізінде банктер шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының аумағында жасалатын операциялар бойынша банкаралық төлемдерді жүргізу үшін пайдаланылады.

      Банктер шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының аумағында жасалатын банкаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары операциялық орталықтың ішкі құжаттарына сәйкес төлем карточкаларының банкаралық жүйесінің арнасы арқылы жүзеге асырылады.

      Банктер шығарған төлем карточкаларының халықаралық жүйелерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының аумағында жасалған банкаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын операциялық орталық жасай алмаған (жүйеде іркілістер болған) жағдайларды қоспағанда, операциялық орталық жүзеге асырады.

      11. Төлем карточкалары жүйесінің арнасы төлем карточкалары жүйесінің ішкі құжаттарына және төлем карточкалары жүйесінің операторы мен жүйенің қатысушысы немесе операциялық орталық пен жүйенің қатысушысы арасында жасалған шарттардың талаптарына сәйкес банкаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде пайдаланылады.

      Халықаралық төлем карточкалары жүйелерінің арнасы:

      1) халықаралық төлем карточкалары жүйелерінің ішкі құжаттарына сәйкес банктер шығарған халықаралық төлем карточкалары жүйелерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде;

      2) халықаралық төлем карточкалары жүйелерінің ішкі құжаттарына сәйкес шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғалар шығарған халықаралық төлем карточкалары жүйелерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының аумағында;

      3) операциялық орталық жасай алмаған (жүйеде іркілістер болған) жағдайларда жасалған операциялар бойынша банкаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру кезінде пайдаланылады.

      Халықаралық төлем карточкалары жүйелерінің арнасын шетелдік валютада жүргізілген банкаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдарын өңдеу үшін және де бұрын төлем карточкаларын пайдалана жүргізілген төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша банк клиенттері арасындағы даулы жағдайларды шешу шеңберінде қолдануға жол беріледі.".

      2. "Төлем карточкаларының банкаралық жүйесінің жұмыс iстеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 217 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14306 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Төлем карточкаларының банкаралық жүйесінің жұмыс iстеу қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Қағидаларда Төлемдер және төлем жүйелері туралы заңда, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14299 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 205 қаулысымен бекітілген Төлем карточкаларын шығару қағидаларында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында оларды пайдалана отырып жүргізілген операцияларға қызмет көрсету бойынша қызметке қойылатын талаптарда көзделген ұғымдар, сондай-ақ мына ұғымдар пайдаланылады:

      1) авторизация – төлем карточкасы эмитентінің төлем карточкасын пайдалана отырып операцияларды жүзеге асыруға беретін рұқсаты. Авторизация алу рәсімі жүйенің операциялық орталығы және (немесе) халықаралық төлем карточкалары жүйесінің операторы мен жүйеге қатысушы арасында жасалған шартқа сәйкес белгіленеді;

      2) авторизацияланған хабар – авторизация жүргізуге қажетті ақпараттан тұратын және жүйеге қатысушылар арасында жүйенің операциялық орталығы арқылы берілетін сұрату (жауап);

      3) банкаралық комиссия – жүйенің басқа қатысушысына қызмет көрсету желісінде жүйеге қатысушы шығарған төлем карточкалары бойынша операцияларды жүзеге асыру кезінде жүйенің бір қатысушысының жүйенің басқа қатысушысына төлейтін ақша сомасы;

      4) банкаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары (бұдан әрі – банкаралық төлемдер) – төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операциялар бойынша жүйенің бір қатысушысының жүйенің осы қатысушысына қызмет көрсету желісінде басқа қатысушының пайдасына жүзеге асыратын төлемдері және (немесе) ақша аударымдары;

      5) есеп айырысудың аяқталуын қамтамасыз ету жүйесі – Қазақстан Республикасының аумағында банктер шығарған және жүйеде өңделген халықаралық төлем карточкалары жүйелерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып жүзеге асырылған банкаралық төлемдер және (немесе) ақша аударымдары бойынша есеп айырысулардың аяқталуын қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі пайдаланатын тетік;

      6) есеп айырысудың аяқталуын қамтамасыз ету жүйесіне қатысушы – есеп айырысудың аяқталуын қамтамасыз ету жүйесіне қатысу туралы шарт (бұдан әрі – есеп айырысудың аяқталуын қамтамасыз ету туралы шарт) негізінде есеп айырысудың аяқталуын қамтамасыз ету жүйесіне қосылған жүйе қатысушысы;

      7) есеп айырысудың аяқталуын қамтамасыз ету сомасы – есеп айырысудың аяқталуын қамтамасыз ету жүйесінің әрбір қатысушысы үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі есептейтін және есеп айырысудың аяқталуын қамтамасыз ету туралы шарттың талаптарына сәйкес жүйеде есеп айырысудың аяқталуын қамтамасыз ету жүйесіне қатысушының операциялары бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есеп айырысуды аяқтауға арналған ақша сомасы;

      8) есеп айырысудың аяқталуын қамтамасыз ету шоты – есеп айырысудың аяқталуын қамтамасыз ету туралы шарт негізінде жүйеге қатысушы үшін ашылған шот;

      9) жүйеге қатысушы – жүйенің операциялық орталығымен жасалған шарт негізінде жүйеде төлем карточкасы эмитентінің және (немесе) эквайердің функцияларын орындайтын екінші деңгейдегі банк, Қазақстан Республикасы бейрезидент банкінің филиалы және (немесе) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым (бұдан әрі – банк);

      10) жүйеге қатысушы шығаратын төлем карточкалары бойынша банктік сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – банктік сәйкестендіру нөмірі) – төлем карточкаларының тиісті жүйесі осы жүйеде өзі шығаратын төлем карточкасын сәйкестендіру үшін эмитентке берілген бірегей нөмір;

      11) жүйенің операциялық орталығы – "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

      12) жүйенің операциялық орталығының операциялық қағидалары (бұдан әрі – операциялық қағидалар) – жүйенің операциялық орталығы қызметінің тәртібін және оған бекітілген функцияларды жүзеге асыру талаптарын айқындайтын оның ішкі құжаты;

      13) қаржылық хабар – төлем карточкасын пайдалана отырып жасалған операция бойынша банкаралық төлем жүргізуге қажетті ақпараттан тұратын және жүйенің бір қатысушысының жүйенің басқа қатысушысына қатысты ақшалай міндеттемелерін (талаптарын) білдіретін төлем құжаты;

      14) "овердрафт" күндізгі қарызы – банкаралық төлемдер клирингінің (бұдан әрі – клиринг) нәтижелері бойынша ақша аударымын жүзеге асыру үшін банкаралық ақша аудару жүйесінде олардың позицияларына ақша болмаған немесе жетіспеген жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің жүйе қатысушыларына бір операциялық күнге беретін қысқа мерзімді қарызы;

      15) төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған операциялар бойынша хабарларды маршруттау (бұдан әрі – хабарларды маршруттау) – банкаралық төлемдер жөніндегі хабарлардың жүйе қатысушылары арасында жүру және берілу маршрутын айқындау процесі;

      16) хабар – жүйенің операциялық орталығы және жүйеге қатысушылар арасында ақпарат алмасу үшін пайдаланылатын ақпараттық деректер тобы;

      17) халықаралық төлем карточкалары жүйесі – қатысушылары банктер, ал операторы шет мемлекеттің заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлға болып табылатын үш және одан да көп елдің аумағында осы жүйе шеңберінде төлем карточкаларын пайдалана отырып жасалған операцияларды жүзеге асыруды қамтамасыз ететін төлем карточкаларының жүйесі;

      18) шығыс лимиті (авторландыру лимиті) – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі есептейтін жүйеде өңдеуге жіберілетін есеп айырысудың аяқталуын қамтамасыз ету жүйесіне қатысушы операцияларының ақша сомасы.";

      22-тармақ пен 23-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Жүйенің операциялық орталығы халықаралық төлем карточкалары жүйесінің операторына банктер шығарған төлем карточкаларын пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының аумағында жасалған операциялар бойынша банкаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын төлем карточкалары бойынша хабарларды өңдеу, маршруттау және клиринг жөніндегі қызметтерді ұсыну арқылы жүргізуді осы Қағидалардың, "Қазақстан Республикасында төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілетін операциялар бойынша банкаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 216 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14292 болып тіркелген) және жүйенің операциялық орталығының ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес ұсынады.

      23. Жүйенің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында, оның ішінде халықаралық төлем карточкалары жүйесінің операторымен өзара іс-қимыл жасау шеңберінде жүйенің операциялық орталығына мынадай талаптарды орындау жүктеледі:

      1) халықаралық төлем карточкаларының жүйесіне қатысушылардың барлығына оның қызметтеріне қолжеткізу мен пайдаланудың тең жағдайларын қамтамасыз ету;

      2) жүйені қауіпсіз орналастыру және пайдалану үшін техникалық және өзге де үй-жайлардың болуы;

      3) төтенше және күтпеген жағдайлар туындаған кезде ақпаратты сақтауға және ақпараттық жүйелерді, дерекқорларды қалпына келтіруге арналған резервтік орталықтың болуы;

      4) банктер шығарған төлем карточкаларымен Қазақстан Республикасының аумағында хабарларды өңдеу және маршруттау арқылы жасалған операциялар бойынша банкаралық төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүргізуді қамтамасыз ету;

      5) жүйеге қатысушылардың операциялары бойынша ақпараттың конфиденциалдылығын қамтамасыз ету;

      6) жүйеге қатысушылар мен жүйенің операциялық орталығы арасындағы өзара іс-қимыл кезінде пайдаланылатын хабарлардың форматтарын бекіту.";

      24-тармақ алып тасталсын;

      25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "25. Жүйенің операциялық орталығы мен халықаралық төлем карточкаларының жүйесі операторының арасындағы өзара іс-қимыл тәртібі осы Қағидаларда және олардың арасында жасалған шартта белгіленеді.";

      мынадай мазмұндағы 4-тараумен толықтырылсын:

      "4-тарау. Халықаралық төлем карточкалары жүйелерінің төлем карточкалары бойынша есеп айырысудың аяқталуын қамтамасыз ету жүйесінің жұмыс істеуі

      32. Халықаралық төлем карточкалары жүйелерінің қатысушылары болып табылатын банктер есеп айырысудың аяқталуын қамтамасыз ету жүйесіне жүйенің операциялық орталығы мен аталған халықаралық төлем карточкалары жүйесінің операторы арасында жасалған шартта осындай талап болған кезде қатысады.

      33. Есеп айырысудың аяқталуын қамтамасыз ету жүйесіне қатысу және есеп айырысудың аяқталуын қамтамасыз ету жүйесіне қатысушы мәртебесін алу үшін мыналар талап етіледі:

      1) есеп айырысудың аяқталуын қамтамасыз ету туралы шарттың болуы;

      2) есеп айырысудың аяқталуын қамтамасыз ету туралы шартқа сәйкес ашылған жүйеге қатысушының есеп айырысуларының аяқталуын қамтамасыз ету шотының болуы;

      3) жүйеге қатысушының есеп айырысудың аяқталуын қамтамасыз ету шотында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі есептеген есеп айырысудың аяқталуын қамтамасыз ету сомасына қалдықтың болуын қамтамасыз ету.

      Есеп айырысудың аяқталуын қамтамасыз ету шоты есеп айырысудың аяқталуын қамтамасыз ету жүйесіне қатысушы есеп айырысудың аяқталуын қамтамасыз ету жүйесінің басқа қатысушыларының алдындағы осы операциялар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған жағдайларда есеп айырысудың аяқталуын қамтамасыз ету туралы шартқа сәйкес пайдаланылады.

      34. Есеп айырысудың аяқталуын қамтамасыз ету жүйесіне қатысушының есеп айырысудың аяқталуын қамтамасыз ету сомасының жүйеде өңделетін операциялар сомаларына сәйкес болуы мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі айдың 5 (бесінші) жұмыс күнінен кешіктірмей ай сайын есеп айырысудың аяқталуын қамтамасыз ету жүйесіне қатысушыны қамтамасыз ету сомасын есептейді (қайта есептейді) және есеп айырысудың аяқталуын қамтамасыз ету жүйесіне қатысушы есеп айырысудың аяқталуын қамтамасыз ету шотында осы соманы қамтамасыз ету үшін ағымдағы айға қамтамасыз ету сомасының мөлшері туралы ақпарат мәлімет үшін жеткізіледі.

      35. Есеп айырысудың аяқталуын қамтамасыз ету жүйесіне қатысушы есеп айырысудың аяқталуын қамтамасыз ету туралы шартта белгіленген мерзімде ай сайын, бірақ айдың 7 (жетінші) жұмыс күнінен кешіктірмей, осы Қағидалардың 34-тармағының талаптарын орындауды қамтамасыз етеді.

      36. Есеп айырысудың аяқталуын қамтамасыз ету жүйесіндегі тәуекелдерді басқаруды, оның ішінде шығыс лимиттерін белгілеуді, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады.".

      3. Төлем жүйелері департаменті (Е.Т. Ашықбеков) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) Заң департаментімен (А.С. Қасенов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.Ш. Шолпанқұловқа жүктелсін.

      5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.".

      Қазақстан Ұлттық
Банкінің Төрғасы
Г. Пирматов