Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу ту

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 298 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 27 сәуірде № 32381 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Темір жол көлігіндегі сигнализация туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі № 209 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6954 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Темір жол көлігіндегі сигнализация туралы нұсқаулығында:

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Бір жасыл отты қайталағыш бағдаршам осы Нұсқаулыққа 33-қосымшаға сәйкес шығу немесе маршруттық бағдаршамның ашық екендігін көрсетеді.

      Жанбайтын қайталағыш бағдаршамдардың сигнальдық мәні болмайды.

      Станцияда тоқтайтын жолаушылар пойыздары қайталағыш бағдаршамда жасыл от жанып тұрған кезде ғана қозғалысқа түседі. Егер қайталағыш (немесе шығу) бағдаршамның ақаулығынан жасыл отты жағу мүмкін болмаса, онда пойыздың жүріп өту тәртібі "Поездардың қозғалысы және теміржол көлігіндегі маневрлік жұмыс жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2011 жылғы 19 мамырдағы № 291 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7021 болып тіркелген) белгіленеді.";

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Пойыздар қозғалысы үшін аралықтағы барлық кедергі пойыз күтіліп отыр ма, әлде жоқ па, оған байланыссыз тоқтату сигналдарымен қоршалуы тиіс.

      Пойыздардың тоқтауын талап ететін аралықтағы жұмыс жүргізу орындары кедергі тәрізді қоршалады.

      Аралықтағы кедергі қоршалатын учаске шекараларынан 50 м қашықтықта екі жағынан тасымалданатын қызыл сигналдармен қоршалады. Бұл сигналдардан осы Нұсқаулықтың 38-қосымшасына сәйкес кесетнің 4-бағынында көрсетілген Б қашықтықтағы аралықта басты еңіске және арлықтағы пойыздар қозғалысының рұқсат етілген максимум жылдамдығына байланысты үш петардадан төселеді және петардаға ең жақын бірінші жұмыс орнынан жұмыс орнына қарай 200 м қашықтықта жылдамдықты азайтуды талап ететін тасымалданатын сигналдар орнатылады.

      Бір жолды учаскедегі кедергілер мен жұмыс жүргізу орындарын қоршау схемалары осы Нұсқаулыққа 42-қосымшада, екі жолды учаске жолдарының біреуінде осы Нұсқаулыққа 43-қосымшаға сәйкес, екі жолды учаскенің екі жолында осы Нұсқаулыққа 39-қосымшаға сәйкес келтірілген.

      Жылдамдық азайтудың тасымалданатын сигналдары мен петардалар бірінші петардадан жұмыс орнына қарай 20 м қашықтықта қызыл қол сигналдарымен тұрған сигналшылардың күзетінде болуы тиіс. Тасымалданатын қызыл сигналдар жұмыс басшысының бақылауында болуы тиіс.

      Жайылған шеппен (200 м-ден аса) жұмыстарды жүргізу кезінде жұмыс орындары осы Нұсқаулыққа 43-қосымшаға сәйкес көрсетілген тәртіппен қоршалады.

      Қоршауды талап ететін учаске шекарасынан 50 м қашықтықта орнатылған тасымалданатын қызыл сигналдар қызыл қол сигналдарымен тұрған сигналшылардың күзетінде болуы тиіс.

      Егер аралықтағы кедергі орны немесе жұмысты жүргізу орны станцияға жақын жерде болса және қашықтық 38-қосымшаның нормаларына сәйкес келмесе, онда аралық жағынан 39, 42, 43-қосымшаларға сәйкес қоршалады, ал станция жағынан тасымалданатын қызыл сигнал кіру сигналына (немесе "Станция шекарасы" сигнал белгісіне) қарсы жол осінде сигналшымен осы Нұсқаулыққа 44-қосымшаға сәйкес күзетілетін үш петарданы төсей отырып орнатылады.

      Егер кедергі орны немесе жұмысты жүргізу орны кіру сигналынан (немесе "Станция шекарасы" сигнал белгісінен) 60 м-ден кем қашықтықта орналасса, онда станция жағынан петардалар төселмейді. Кіру сигналы алдындағы кедергіні қоршау схемасы осы Нұсқаулыққа 44-қосымшаға сәйкес келтірілген.

      Пойыз тасымалданатын сары сигналға жақындаған кезде машинист локомотивтің (моторвагонды поездың), арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамның бір ұзақ ысқырығын беруге міндетті, ал қызыл қол сигналдары бар сигналшыға жақындаған кезде тоқтау сигналын беруі тиіс және тасымалданатын қызыл сигналға жүріп кетпей пойызды тоқтатуды қамтамасыз етеді.

      Сигналшылардың теміржол көлігінің басқа қызметкерлерінен ерекшеленуі үшін үстіңгі жағы сары түсті бас киімі және сигнальдық жилеті болуы тиіс. Жайылған шеппен (200 м-ден аса) жұмыстарды жүргізу кезінде жұмыс орындары осы Нұсқаулыққа 43-қосымшаға сәйкес көрсетілген тәртіппен қоршалады.";

      50-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "50. Станциялық жолдар мен бағыттамалы бұрмалар бойынша қозғалысқа қарсы барлық кедергілер пойыз (маневрлік құрам) күтіле ме, жоқ па оған байланыссыз тоқтату сигналдарымен қоршалады.

      Станциялық жолда кедергі орындары немесе жұмыс жүргізу орындары тоқтату сигналдарымен қоршалған кезде осы орынға апаратын барлық бағыттауыштар оларды жылжымалы құрам басып кетпейтіндей болып орналастырылады және жабылады немесе балдақшегелермен тігіледі. Кедергі орнында немесе жұмыс жүргізу орнында жол осінің бойымен осы Нұсқаулыққа 50-қосымшаға сәйкес тасымалданатын қызыл сигнал орнатылады.

      Егер бұл бағыттауыштардың қайсыбірі үшкірімен кедергі орнына немесе жұмыс жүргізу орнына қарай бағытталса және жолды оқшаулауға мүмкіндік бермесе, онда осы Нұсқаулыққа 50-қосымшаға сәйкес бұл орын екі жағынан кедергі орнының немесе жұмыс жүргізу орнының шекарасынан 50 м қашықтықта орнатылатын тасымалданатын қызыл сигналдармен қоршалады. Бағыттауыштардың үшкірлері кедергі орнынан немесе жұмыс жүргізу орнынан 50 м-ден жақын орналасқан болса, онда мұндай бағыттауыштың үшкірлері арасында осы Нұсқаулыққа 50-қосымшаға сәйкес тасымалданатын қызыл сигнал орнатылады.

      Кедергі орны немесе жұмыс жүргізу орны тасымалданатын қызыл сигналдармен қоршалған кезде бағыттамалы бұрмада сигналдар: осы Нұсқаулыққа 51-қосымшаға сәйкес айқастырма жағынан – әрбір қиылысатын жолдардың осінде шектік бағаншаға қарсы; қарама-қарсы жақтан – бағыттауыштың үшкірінен 50 м қашықтықта орнатылады.

      Егер қоршалуға тиіс бағыттамалы бұрманың жанында басқа бағыттауыш орналасқан болса, онда оны кедергісі бар бағыттамалы бұрмаға жылжымалы құрам шыға алмайтындай етіп орнатуға болатын болса, онда бағыттауыш бұл жағдайда жабылады немесе тігіледі. Бұл жағдайда, мұндай оқшаулайтын бағыттауыш жағындағы тасымалданатын қызыл сигнал осы Нұсқаулыққа 52-қосымшаға сәйкес қойылмайды.

      Бағыттауышты көрсетілген жағдайға қою мүмкін болмаған жағдайда, онда осы бағыттауыш бағытында кедергі орнынан немесе жұмыс жүргізу орнынан 50 м қашықтықта осы Нұсқаулыққа 51-қосымшаға сәйкес тасымалданатын қызыл сигнал орнатылады.

      Егер кедергі орны немесе жұмыс жүргізу орны кіру бағыттауышында болса, онда осы Нұсқаулықа 53-қосымшаға сәйкес аралық жағынан ол жабық кіру сигналымен қоршалады, ал станция жағынан - шектік бағаншаға қарсы, қиылысатын әрбір жолыңың осіне орнатылатын, тасымалданатын қызыл сигналдармен қоршалады.

      Кедергі орны немесе жұмыс жүргізу орны кіру бағыттауышы мен кіру сигналы арасында орналасқан болса, онда осы нұсқаулыққа 54-қосымшаға сәйкес аралық жағынан ол жабық кіру сигналымен, ал станция жағынан - кіру бағыттауышы үшкірлемелері арасына орнатылған тасымалданатын қызыл сигналмен қоршалады.

      Бағыттамалы бұрмада кедергіні байқаған бағыттама постысының кезекшісі кедергі орнында дереу тасымалданатын бір қызыл сигнал орнатуы тиіс (жөндеу жұмыстары басталғанға дейін) және бұл жайында станция бойынша кезекшіге хабарлауы тиіс.".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
А. Бейспеков