БҰЙЫРАМЫН:
1. "Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 23 ақпандағы № 147 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10709 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізу:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Халықаралық және аумақтық суларда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумақтық суларында шет мемлекеттің туын көтеріп жүзетін кемелермен болған авариялық жағдайлар осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен міндетті тергеп-тексеруге жатады.";
25-тармақ алып тасталсын;
1 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көліктегі оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру департаментіне заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
| 
      Қазақстан Республикасы  Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушы  | 
А. Бейспеков | 
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Iшкi iстер министрі
Нысан
Авариялық жағдайды тергеп-тексеру жөніндегі уәкілдің куәлігі
Алдыңғы жақ
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі  | Елтаңба  | Ministry of industry and infrastructural development of the Republic of Kazakhstan  | 
ФОТОСУРЕТ  | 
Тегі  | |
   | Тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл/Investiqator  | 
Артқы жақ
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі  | Елтаңба  | Ministry of industry and infrastructural development of the Republic of Kazakhstan  | ||
 
   | ||||
| Бұйрыққа  2-қосымша  | 
|
| Кемелермен болған авариялық жағдайларды тергеп-тексеру қағидаларына 3-қосымша  | 
Қорытынды кеме мен авария/елеулі авария туралы ақпарат
1. Авариялық жағдай жіктелген түрі:_______________________________
(елеулі авария, авария, оқыс оқиға)
2. Авариялық жағдай түрі:_____________________________________
(соқтығысу, қайраңға тұру, ғимараттарға зақым келтіру, ластану, кеменің қирауы, қаза тапқандар)
3. Авариялық жағдай күні мен уақыты:__________________________________
4. Орны:________________________________________
(порт, ішкі сулар, аумақтық сулар, балық аулайтын аймақтар, ортақ су кеңістігі, мұхит, координаталар)
5. Кеме туралы деректер:_____________________________________________
Атауы:_____________________________________________________________
Ту:_________________________________________________________________
Халықаралық теңіз ұйымының нөмірі:__________________________________
Рейс (қайдан және қайда):_____________________________________________
Капитанның тегі, аты мен әкесінің аты (болған жағдайда):_________________
Тіркелу порты (орын) және тіркелу нөмірі:_______________________________
Кеме иесі, Халықаралық теңіз ұйымының нөмірі, мекенжайы:_______________
Жасалған орны және жылы:___________________________________________
Кеменің ең үлкен өлшемі:_____________________________________________
Сыйымдылығы (брутто/нетто): ________________________________________
Кеме электр қондырғылардың типі мен қуаты: ___________________________
Еспелі винттердің саны мен құрылымы: _________________________________
Рульдың құрылымы: _________________________________________________
Толық жүрісінің жылдамдығы(маневрлік/теңіз, кеме жүрісінің жылдамдығын білдіретін шамамен):
________________________________________________
Авариялық жағдай кезіндегі кеменің суға шөгуі (тұмсық): __________________
Авариялық жағдай кезіндегі кеменің суға шөгуі (кеменің артқы жағы): _______
Жолаушылар саны: __________________________________________________
Жүктің саны мен түрі, оны трюмда орналастыру: _________________________
Экипаж саны: _______________________________________________________
Құтқару құралдарының штаттық жиынтығы: _____________________________
Радиостанцияның қуаты және оның әрекет ету радиусы: ___________________
Электронды навигациялық аспаптар: ___________________________________
Су төгетін құралдардың саны мен қуаты: ________________________________
Өртке қарсы құралдар: _______________________________________________
Кемені мұзға қарсы күшейтудің санаты: Отын және жанар-жағар май материалдардың саны туралы деректер:_______________________________
6. Кеме түрін жіктеу мен куәландыруға уәкілетті ұйымымен кемені куәландыру туралы ақпарат:_________________________________________
(жіктеу және конвенциялық құжаттарды беретін және кеме мен кеме қатынасы компаниясының соңғы куәландыруді жүргізетін орган (органдар).
6.1 Жіктеу куәлігінің жарамдылық мерзімі_____________________________
7. Авариялық жағдайдың салдары_____________________________________
(адамның өлімі; адамның денсаулығына келтірілген ауыр зиян; адамның кемеден жоғалуы; жүктің жоғалуы; кеменің қирауы; корпус, механизм, жүйе, құралдар, жабдықтар, жүк пен басқа материалдық құндылықтардың бұзылуы; қоршаған ортаны ластау; теңіз инфрақұрылымынын объектілерінің бұзылуы; кеменің тұруы (сағат, тәулік), авариялық жөндеуге байланысты кеменің тұруын қоса алғанда)
8. Теңіздегі авариялық жағдайдың қысқаша сипаттамасы______________________
9. Авариялық жағдайды тергеп-тексерудің нәтижесі__________________________
9.1. Авариялық жағдайдың мән-жайы мен жағдайлары________________________
9.2. Анықталған фактілер_________________________________________________
9.3. Жағдайлар__________________________________________________________
10. Авариялық жағдайдың себептері_______________________________________
11. Болашақта осындай авариялық жағдайлардың алдын алу бойынша ұсынымдар_______________________________________________________
Тергеп-тексеру жөніндегі уәкіл _________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)
Комиссия мүшесі ________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)
Комиссия мүшесі ________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)
Комиссия мүшесі ________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)
Комиссия мүшесі ________________________________________
(тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда)