Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2023 жылғы 21 сәуірдегі № 141-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 24 сәуірде № 32357 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 89/1 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7820 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Телерадио хабарларын тарату қызметтерін көрсету қағидаларында:

      23-тармақтың 2) тармақшасы алып тасталсын.

      2. "Телерадио хабарларын тарату жүйелерінің техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2012 жылғы 20 маусымдағы № 352 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7805 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Телерадио хабарларын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Телерадио хабарларын тарату жүйелерінің техникалық пайдалану қағидаларында:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Телерадио хабарларын тарату жүйелерінің техникалық пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағида) "Телерадио хабарларын тарату туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 7-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және телерадио хабарларын тарату жүйелерінің техникалық пайдалану тәртібін айқындайды.";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. Телерадио хабарларын тарату жүйелерінің техникалық пайдалану тәртібі";

      6-тармақтың 6) тармақшасы алып тасталсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ақпарат және қоғамдық даму министрі
Д. Қыдырәлі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі