"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғауды тіке

Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 18 сәуірдегі № 126 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 21 сәуірде № 32344 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар жұмыскерлерінің айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) үлгілерін, оны киіп жүру қағидаларын және онымен қамтамасыз ету нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2012 жылғы 25 сәуірдегі № 25-03/206 бұйрығына (Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2012 жылғы 28 мамырдағы № 7685 тіркелді) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар жұмыскерлерінің айырым белгілері бар нысанды киім (погонсыз) үлгілерінде:

      143-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "143. Күрте тік пішінді, кең иықты сызығы бар, бүктелетін жағасы бар, тоқыма бекіткіші бар желден қорғайтын жолақпен жабылатын орталық сыдырма бүйірлік бекіткіші бар. Тігілген қамыттың астында тоқыма бекіткіштерінде клапаны бар екі кеуде қалталары орналасқан. Төменгі жағында көлбеу кіреберісі бар екі қалта бар. Сол жақ кеуде қалтасының клапанының жоғарғы жиегінен жоғары, инспектордың тегі мен аты-жөні көрсетілген жапсырманы бекітуге арналған тоқыма бекіткіші тігілген, мысалы, "Е.К. Суықбаев". Видеотіркегішті бекіту үшін тоқыма бекіткіші бар ілмек пен ілгек-белдікшесі орнатылады. Арқасы тұтас, ортасында ішінара қайып тігілген қарсы бүкпесі бар Арқасында жарық қайтаратын материалдан жасалған "МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОР" деген жазу бар. Манжеті бар жеңдер тоқыма бекіткішіне бекітіледі. Сол жақ жеңнің сыртқы жағында "білектен 100 миллиметр төмен" жең шевроны балық шаруашылығы комитетіне тиесілі. Сол жеңнің сырт жағында "иықтан 100 миллиметр төмен" Балық шаруашылығы комитетіне тиесіліктің жең қондырмасы болады. Күртенің төменгі жағының жандарында екі қатарлы элластикалық жолақтар бар.";

      10-тарау мынадай мазмұндағы 143-1-тармақпен толықтырылсын:

      "143-1. Қысқа жеңді, тік пішінді, түймелері бар қара көк түсті камуфляжды көйлек. Жағасы қайырмалы, қималы тік болып келеді. Арқасы тілінген екі иінішті. Түймесімен клапандары бар екі төс қалта. Сол жақ кеуде қалтасының клапанының жоғарғы жиегінен жоғары, инспектордың тегі мен аты-жөні көрсетілген жапсырманы бекітуге арналған тоқыма бекіткіші орнатылды, мысалы, "Е.К. Суықбаев". Видеотіркегішті бекіту үшін тоқыма бекіткіші бар ілмек пен ілгек-белдікшесі тігілген. Арқасында жарық қайтаратын материалдан жасалған "МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОР" деген жазу бар Сол жеңнің сырт жағында "иықтан 100 миллиметр төмен" Балық шаруашылығы комитетіне тиесіліктің жең қондырмасы болады.";

      144-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "144. Шалбардың астары жоқ, төменгі жағы тарылған, белдіктің астына бес ілмегі бар тұймеге бекітілетін тік белдеуде. Гульфик "молнияға" бекітіледі. Белдіктің бүйірлерінде элластикалық жолақтар бар. Сыртқы бүйір қалталары қисық, тілікті. Алдыңғы жартысының кеспе бөшкелі қалталары және тізе тұсында қарсы бүкпесі бар және кнопкаға жабылатын қақпақшалы жапсырма қалталары болады. Шалбардың артқы жартысында - қыспа түймемен жабылатын қақпақшалы екі жапсырма қалтасы бар.";

      10-тарау мынадай мазмұндағы 145-1 - тармақпен толықтырылсын:

      "145-1. Белдік тактикалық, қою көк түсті.";

      10 тараудың 146 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "146. Кепи (жазғы бейсболка) қою көк түсті, камуфляждалған, төрт клиннан тұрады, алдыңғы бөлігі үш бөлшекке бөлінген, кұнқағар және өлшемін реттеу үшін белдігі бар айылбаспен бар.

      Алдыңғы қабырғаның ортасында осы бұйрықтың 23-қосымшасына сәйкес кокарда кестеленген.";

      10-тарау мынадай мазмұндағы 146-1 - тармақпен толықтырылсын:

      "146-1. Жылытылған кепи (маусымдық бейсболка) қою көк түсті, камуфляждалған. Су жұқтырмайтын сіңдірмесі бар плащтық мата, төрт сынадан тұрады, алдыңғы бөлігі үш бөлікке және кұнқағарға бөлінген. Кепиде ішке кіргізілетін құлаққаптары мен шүйделігі бар. Астары және құлаққаптары мен шүйделігі флис кенепімен жылытылған және элластикалық өріммен жиектелген.

      Алдыңғы қабырғаның ортасында осы бұйрықтың 23-қосымшасына сәйкес кокарда кестеленген.";

      147-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "147. Кеудеше су жұқпайтын қасиеті бар камуфляждалған қою көк түсті матадан тігілген. Жеңсіз, синтепон астары, молния ілмегі бар. Екі жапсырма кеуде қалтасы және екі жапсырма жұп қалтасы, төс қалталардың астындасырмалы молния және жабысқақ ілмек болады. Сол жақ кеуде қалтасының клапанының жоғарғы жиегінен жоғары, инспектордың тегі мен аты-жөні көрсетілген жапсырманы бекітуге арналған тоқыма бекіткіші тігілген, мысалы, "Е.К. Суықбаев ". Видеотіркегішті бекіту үшін тоқыма бекіткіші бар ілмек пен ілгек-белдікшесі орнатылады. Арқасында жарық қайтаратын материалдан жасалған "МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОР" деген жазу бар. Сол жеңнің сырт жағында "иықтан 100 миллиметр төмен" Балық шаруашылығы комитетіне тиесіліктің жең қондырмасы болады.";

      10-тарау мынадай мазмұндағы 147-1-тармақпен толықтырылсын:

      "147-1. Пуловер қою көк түсті иірімжіптен тоқылып жасалған.

      Орталық өңірінен сыдырмамен сырылатын пуловер.

      Бұйымның алдыңғы бөлігінде сол жағында жапсырма қалта тігілген. Қалта бөлшектері, күшейткіш бөлшектер қою көк түсті жадағай матадан жасалған және өнімнің түсімен үйлеседі.

      Жеңі бір тігісті, шынтақ аймағында күшейткіш төсемі бар.

      Иық тігістерінің аймағында трапеция тәрізді күшейткіш төсемдер орнатылады. Сол жеңнің сырт жағында "иықтан 100 миллиметр төмен" Балық шаруашылығы комитетіне тиесіліктің жең қондырмасы болады.";

      148, 149, 150-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "148. Қысқы далалық киім қою көк комуфляждалған түсті күрте мен жартылай комбинезоннан тұрады.

      149. Алмалы-салмалы астары және алмалы-салмалы капюшоны бар, тік пішінді, екі жүгіртгіші бар сыдырмалы сырмаға (үлкен тістері бар) орталық борттық ілгегі бар жылы күрте.

      Жағаның жоғарғы жиегінен борттың бүкіл ұзындығы бойынша желден қорғайтын планка орнатылған. Сөре үш бөліктен тұрады: кеуде деңгейіндегі иінтірек, ортаңғы және төменгі бөлік. Сөренің ортаңғы бөлігінде кеуде қалталары жасалған.

      Сөрелердің төменгі бөлігінде бүйірлік көлемді қалталар тігілген. Қалтаның ішкі жағы флис төсемнен.

      Күртешенің енін реттеу үшін бел сызығы бойынша бау тігілген.

      Арқасы иінтірекпен.

      Негізгі матадан жасалған жағаның сыртқы бөлігі, іші жүннен жасалған және синтетикалық жылытқыш бір қабатымен жылытылған. капюшон бекіту үшін тоқыма бекіткішіне жасырын бекітпесі бар желбей паталары екі жағынан жағаның шеттерінде өңделеді.

      Капюшон алынбалы, жылытылған, күртешенің мойнының төменгі жиегіне негізгі матадан жасалған жабық жолағы бар алынбалы сыдырмалы сырмаға бекітіледі.

      Жеңдер тоқылған, төменгі жағында екі тігісті тоқылған пульсниктері бар. Сол жақ кеуде қалтасының клапанының жоғарғы жиегінен жоғары, инспектордың тегі мен аты-жөні көрсетілген жапсырманы бекітуге арналған тоқыма бекіткіші тігілген, мысалы, "Е.К. Суықбаев ". Видеотіркегішті бекіту үшін тоқыма бекіткіші бар ілмек пен ілгек-белдікшесі орнатылады. Арқасында жарық қайтаратын материалдан жасалған "МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКТОР" деген жазу бар. Сол жеңнің сырт жағында "иықтан 100 миллиметр төмен" Балық шаруашылығы комитетіне тиесіліктің жең қондырмасы болады.

      Күртенің негізгі төсемі (сөрелер мен арқаның бөлшектерінде сан сызығына дейін трикотаж төсемі - флистен, сан сызығынан төмен - астарлық матадан жасалған) синтетикалық жылытқыштың бір қабатымен жылытылған. Өңір асты мен астардың тігістеріне астарлықты бекіту үшін "сыдырма" тігіледі.

      Синтетикалық жылытқыштың бір қабаты бар астарлы матадан жасалған тоқылған жағасы бар алынбалы төсем.

      150. Жартылай комбинезон ысырмалы жылы астарлы синтетикалық толтырғышымен, биік арқалы сырып тігілген кең белдігі және биіктігін реттеп отыратын бретельдері, бес жуан ілмекті, белдің бүйірінде ілгек-белдікшесі бар. Жартылай комбинезон үш қыспа түймемен және "молниямен" жабылады, бүйір тігісі тілікті, "молниямен" және пішінді патта орналасқан лентамен жабылады. Екі бүйірлік тілікті қалта.";

      10-тарау мынадай мазмұндағы 150-1-тармақпен толықтырылсын:

      "150-1. Су өткізбейтін, төзімді резеңке материалдардан жасалған балықшылардың жартылай комбинезоны.";

      151, 152, 153-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "151. Қысқы бет-перде қою көк түсті, флис материалынан жасалған.

      152. Құлақшын қою көк түсті. Ысырмалы мақта астарлы нысанды құлақшын 4 сыналы қалпақтан, күнқағардан және құлаққабы тұтас пішілген мойынжабардан тұрады. Аралас күйде: күнқағардың және құлаққабы бар мойынжабардың жоғарғы жағы – қою көк түсті жасанды жүннен, қалған жоғары бөліктері су өткізбейтін қою көк, камуфляж түсті матадан жасалған.

      Күнқағардың ортасында кокарда бекітілген.

      Құлақшынның барлық бөлшектері күнқағар мен мойынжабардың орта тұсының шебіне қарсы тұрған қалпақтың орта тігістеріне симметриялы орналасады.

      153. Қонышы биік қысқы берц-бәтеңке, қара түсті. Жоғарғы жағы табиғи құрым былғары. Астары табиғи астарлық былғары. Өкшені бекіту әдісі: желімдеу-тігу. Тұмсығы мен арты: күшейтілген термопластикалық материалдан жасалған. Берцының биіктігі: 23-27 см. Тұтас биік клапаны. Астары – табиғи жүн. Бауы бар.";

      10-тарау мынадай мазмұндағы 153-1-тармақпен толықтырылсын:

      "153-1. Қонышы биік жазғы берц-бәтеңке, қара түсті. Жоғарғы жағы табиғи құрым былғары. Астары табиғи астарлық былғары. Өкшені бекіту әдісі: желімдеу-тігу. Тұмсығы мен арты: күшейтілген термопластикалық материалдан жасалған. Берцының биіктігі: 23-27 см. Тұтас биік клапаны. Бауы бар.";

      154-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "154. Резеңке етік, бродовые (балықшының). Аяқ киімнің үстіңгі жағы поливинилхлоридтен жасалған, астары трикотаж, құйылған әдісімен қалыпталған, табаны екі қабатты, сырғанауға қарсы.";

      10-тарау мынадай мазмұндағы 154-1-тармақпен толықтырылсын:

      "154-1. Су өткізбейтін етік, жылытылған, жоғары жіліншік (тізеден төмен).

      Жоғарғы жағы аязға төзімді, су өткізбейтін көбіктелген каучук материалынан жасалған.

      Калоштың төменгі бөлігі ылғалға төзімді, арнайы этиленвинилацетат материалынан термо толтырылған. Астары жүннен жасалған. Салынатын шұлықтар табиғи киізден және жүннен жасалған.";

      Осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес осы Қағидалардың 10 - қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.

      Осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес осы Қағидалардың 15 - қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.

      Осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес осы Қағидалардың 23 - қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.

      Осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес бұйрықтың 3 - қосымшасы жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи ресурстар
министрі
З. Сулейменова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрі
2023 жылғы 18 сәуірдегі
№ 126 Бұйрығына
1 қосымша
  Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласындағы мемлекеттік
бақылауды және қадағалауды
жүзеге асыратын уәкілетті
органның және оның аумақтық
бөлімшелерінің лауазымды
адамдарының, сондай-ақ
жануарлар дүниесін қорғауды
тікелей жүзеге асыратын
мемлекеттік мекемелер мен
ұйымдар қызметкерлерінің
айырым белгілері бар нысанды
киім (погонсыз) үлгілеріне
10-қосымша

Далалық жазғы костюмнің және далалық қысқы костюмнің үлгілері







  Бұйырыққа 2 қосымша
  Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласындағы мемлекеттік
бақылауды және қадағалауды
жүзеге асыратын уәкілетті
органның және оның аумақтық
бөлімшелерінің лауазымды
адамдарының, сондай-ақ
жануарлар дүниесін қорғауды
тікелей жүзеге асыратын
мемлекеттік мекемелер мен
ұйымдар қызметкерлерінің
айырым белгілері бар нысанды
киім (погонсыз) үлгілеріне
15-қосымша

Балық шаруашылығы комитеті мен оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарының жең қондырмасы



  Бұйырыққа 3 қосымша
  Жануарлар дүниесін қорғау,
өсімін молайту және пайдалану
саласындағы мемлекеттік
бақылауды және қадағалауды
жүзеге асыратын уәкілетті орган
ведомствосының және оның
аумақтық бөлімшелерінің
лауазымды адамдарының,
сондай-ақ жануарлар дүниесін
қорғауды тікелей жүзеге
асыратын мемлекеттік
мекемелер мен ұйымдар
жұмыскерлерінің айырым
белгілері бар нысанды киім
(погонсыз) үлгілеріне
23-қосымша

Қысқы бас киімнің кокардасы



Жазғы бас киімнің кокардасы



      Кепиге тігілетін кокардасы



  Бұйырыққа 4 қосымша
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2012 жылғы 25 сәуірдегі
№ 25-03/206 бұйрығына
3-қосымша

Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті орган ведомствосының және оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарын, сондай-ақ жануарлар дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар жұмыскерлерін айырым белгілері бар нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз ету нормалары

      1.1 Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті мен оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды адамдарын айырым белгілері бар нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз ету нормалары

Заттардың атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Кию мерзімі, ай

1

2

3

4

5

Ерлерге арналған нысанды киім

Күнделікті

1

Күнделікті костюм:

пиджак

дана

1

12

шалбар

дана

1

12

2

Жейде

дана

2

12

3

Қысқа жеңді жейде

дана

2

12

4

Галстук

дана

1

12

5

Галстукқа арналған қысқыш

дана

1

12

6

Туфли

жұп

1

12

7

Белдік

дана

1

24

8

Фуражка

дана

1

24

9

Күрте (жылы)

дана

1

24

10

Плащ

дана

1

24

11

Пальто

дана

1

24

12

Құлақшын

дана

1

24

13

Бәтеңке

жұп

1

24

14

Қысқа қонышты бәтеңке

жұп

1

24

Далалық

1

Жазғы костюм

дана

1

12

2

Қысқы костюм

дана

1

12

3

Футболка

дана

1

12

4

Водолазка

дана

1

12

5

Жүннен тоқылған свитер

дана

1

12

6

Белдік

дана

1

12

7

Кепкі

дана

1

12

8

Құлақшын

дана

1

12

9

Бетперде-құлақшын

дана

1

12

10

Кеудеше

дана

1

12

11

Қысқа қонышты бәтеңке

жұп

1

12

12

Қонышты бәтеңке

жұп

1

12

13

Су кешетін (балықшыларға арналған) резеңке етік

жұп

1

12

Әйелдерге арналған нысанды киім

Күнделікті

1

Күнделікті костюм:

кеудеше

дана

1

12

юбка

дана

1

12

шалбар

дана

1

12

2

Блузка

дана

2

12

3

Қысқа жеңді блузка

дана

2

12

4

Галстук

дана

1

12

5

Галстукқа арналған қысқыш

дана

1

12

6

Туфли

жұп

1

12

7

Жылы күрте

дана

1

24

8

Плащ

дана

1

36

9

Телпек

дана

1

24

10

Етік

жұп

1

24

11

Құлақшын

дана

1

24

Далалық

1

Жазғы костюм

дана

1

12

2

Қысқы костюм

дана

1

12

3

Футболка

дана

1

12

4

Водолазка

дана

1

12

5

Свитер

дана

2

12

6

Кепкі

дана

1

12

7

Құлақшын

дана

1

12

8

Бетперде - құлақшын

дана

1

12

9

Кеудеше

дана

1

12

10

Қысқа қонышты бәтеңке

жұп

1

12

11

Қонышты бәтеңке

жұп

1

12

12

Су кешетін (балықшыларға арналған) резеңке етік

жұп

1

12

      1.2 Балық шаруашылығы комитеті мен оның облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекцияларының лауазымды адамдарын нысанды киіммен қамтамасыз ету нормалары

Заттардың атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Кию мерзімі, ай

1

2

3

4

5

Ерлерге арналған нысанды киім

Салтанатты

1

Салтанатты костьюм:

шалбар

дана

1

36

пиджак

дана

1

36

2

Ақ жейде

дана

1

12

3

Галстук

дана

1

24

4

Галстук қысқыш

дана

1

24

5

Туфли

жұп

1

36

6

Белдік

дана

1

36

7

Фуражка

дана

1

36

8

Пальто

дана

1

36

9

Құлақшын

дана

1

36

10

Етік

дана

1

36

11

Мойын орамал

дана

1

36

12

Қолғап

жұп

1

36

Күнделікті

1

Күнделікті костюм:

пиджак

дана

1

12

шалбар

дана

1

12

2

Жейде

дана

2

12

3

Қысқа жеңді жейде

дана

2

12

4

Галстук

дана

1

12

5

Галстук қысқыш

дана

1

12

6

Туфли

жұп

1

12

7

Белдік

дана

1

24

8

Фуражка

дана

1

24

9

Күрте

дана

1

24

10

Пальто

дана

1

24

11

Құлақшын

дана

1

24

12

Қысқа қонышты бәтіңке

жұп

1

24

Далалық

1.

Жазғы костюм

дана

1

12

2.

Қысқы костюм

дана

1

12

3.

Жазғы кепи

дана

1

12

4.

Жылытылған кепи

дана

1

12

5.

Бетперде

дана

1

12

6.

Футболка

дана

2

12

7.

Қысқы етік

жұп

1

12

8.

Жазғы етік

жұп

1

12

9.

Кеудеше

дана

1

12

10

Құлақшын

дана

1

12

11.

Пуловер

дана

1

12

12.

Су кешетін резіңке етік (балықшыларға арналған)

жұп

1

12

13.

Су өткізбейтін жылытылған етік

дана

1

12

14.

Резеңке комбинезон

дана

1

12

15.

Көйлек жеңі қысқа

дана

1

12

16

Белдік

дана

1

12

Әйелдерге арналған нысанды киім

Салтанатты

1

Салтанатты костюм:

екі қаусырма өңірлі китель

дана

1

36

юбка

дана

1

36

2

Блузка

дана

1

12

3

Қысқа жеңді блузка

дана

1

12

4

Галстук

дана

1

24

5

Галстук қысқыш

дана

1

24

6

Туфли

жұп

1

36

7

Телпек

дана

1

36

8

Пальто

дана

1

36

9

Құлақшын

дана

1

36

10

Етік

жұп

1

36

11

Мойын орамал

дана

1

36

12

Былғары қолғап

жұп

1

36

Күнделікті

1

Күнделікті костюм:




екі қаусырма өңірлі китель

дана

1

12

юбка

дана

1

12

2

Блузка

дана

2

12

3

Қысқа жеңді блузка

дана

2

12

4

Шалбар

дана

1

12

5

Галстук

дана

1

12

6

Галстук қысқыш

дана

1

12

7

Туфли

жұп

1

12

8

Күрте

дана

1

36

9

Плащ

дана

1

36

10

Телпек

дана

1

24

11

Етік

дана

1

24

12

Құлақшын

дана

1

24

Далалық

1.

Жазғы костюм

дана

1

12

2.

Қысқы костюм

дана

1

12

3.

Жазғы кепи

дана

1

12

4.

Жылытылған кепи

дана

1

12

5.

Бетперде

дана

1

12

6.

Футболка

дана

1

12

7.

Қысқы етік

дана

1

12

8.

Жазғы етік

дана

1

12

9.

Кеудешін

жұп

1

12

10.

Құлақшын

дана

1

12

11.

Пуловер

дана

1

12

12.

Су кешетін резіңке етік (балықшыларға арналған)

жұп

1

12

13.

Су өткізбейтін жылытылған етік

жұп

1

12

14

Көйлек жеңі қысқа

дана

1

12

15.

Белдік

дана

1

12

      1.3. Жануарлар дүниесін қорғауды тікелей жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың қызметкерлерін айырым белгілері бар нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз ету нормалары

Заттардың атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Кию мерзімі, ай

1

2

3

4

5

Ерлерге арналған нысанды киім

Күнделікті

1.

Күнделікті костюм:

пиджак

дана

1

12

шалбар

дана

1

12

2

Жейде

дана

2

12

3

Қысқа жеңді жейде

дана

2

12

4

Галстук

дана

1

12

5

Галстук қысқыш

дана

1

12

6

Туфли

жұп

1

12

7

Белдік

дана

1

24

8

Фуражка

дана

1

24

9

Күрте

дана

1

24

10

Плащ

дана

1

24

11

Құлақшын

дана

1

24

12

Қысқа қонышты бәтіңке

жұп

1

24

Далалық

1

Жазғы костюм

дана

1

12

2

Қысқы костюм

дана

1

12

3

Жүннен тоқылған жемпір

дана

1

12

4

Водолазка

дана

1

12

5

Футболка

дана

1

12

6

Берцы бәтіңке

жұп

2

12

7

Кепкі

дана

1

12

Әйелдерге арналған нысанды киім

Күнделікті

1

Күнделікті костюм:

Кеудеше

дана

1

12

юбка

дана

1

12

шалбар

дана

1

12

2

Блузка

дана

2

12

3

Қысқа жеңді блузка

дана

2

12

4

Галстук

дана

1

12

5

Галстук қысқыш

дана

1

12

6

Пилотка

дана

1

12

7

Туфли

жұп

1

12

8

Күрте

дана

1

24

9

Плащ

дана

1

36

10

Етік

жұп

1

24

11

Құлақшын

дана

1

24

Далалық

1

Жазғы костюм

дана

1

12

2

Қысқы костюм

дана

1

12

3

Жемпір

дана

1

12

4

Водолазка

дана

1

12

5

Футболка

дана

2

12

6

Берцы бәтіңке

жұп

2

12

7

Кепкі

дана

2

12