Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 12 сәуірдегі № 246 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 14 сәуірде № 32314 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) "Монтаждауды, реттеуді, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ арнайы материалдарды және оларды өндіруге арналған жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тiзбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 53/НҚ бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18594 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Монтаждауды, реттеуді, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ арнайы материалдарды және оларды өндіруге арналған жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тiзбесінде:

      1-бөлімнің реттік нөмірі 4-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

4

мыналарды:
арнайы өндірістік ғимаратты; жабдықтарды, стендіні, көтергіш механизмді; әзірленген және өндірілетін өнімді сақтау және оларға бақылау сынақтарын жүргізуге арналған арнайы жабдықталған аумақтар мен үй-жайларды; жұмысшы персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайларды қамтитын меншік құқығындағы (белгіленген капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын ұйымдарға және олардың еншілес және (немесе) үлестес ұйымдарына, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік үшін құрылатын ұйымдарға (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер, әскери құралымдар, арнаулы немесе Құқық қорғау органдары жазбаша растайды) меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі өндірістік-техникалық базаның және технологиялық жабдықтың болуы) қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер, қоғамдық және өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы және өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес өндірістік-техникалық базасы

монтаждауды, реттеуді, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ арнайы материалдарды және оларды өндіруге арналған жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

үй-жайға меншік құқығының бар екендігі туралы мәліметтерді лицензиар тиісті ақпараттық жүйелерден алады.

      ";

      1-бөлімнің реттік нөмірі 11-жолы алып тасталынсын;

      2-бөлімнің реттік нөмірі 4-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      2-бөлімнің реттік нөмірі 11-жолы алып тасталынсын;

      3-бөлімнің реттік нөмірі 3-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3

оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жинақтаушы бұйымдары мен аспаптарын, жабдықтарын сақтауға арналған, қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер, қоғамдық және өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан, меншік құқығындағы (белгіленген капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын ұйымдарға және олардың еншілес және (немесе) үлестес ұйымдарына, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік үшін құрылатын ұйымдарға (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер, әскери құралымдар, арнаулы немесе Құқық қорғау органдары жазбаша растайды) меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі өндірістік-техникалық базаның технологиялық жабдықтың болуы) арнайы жабдықталған халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы және өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес қойма

монтаждауды, реттеуді, жаңғыртуды, орнатуды, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, оқ-дәрілерді, қару-жарақ пен әскери техниканы, олардың қосалқы бөлшектерін, жиынтықтаушы бұйымдары мен аспаптарын, сондай-ақ арнайы материалдарды және оларды өндіруге арналған жабдықтарды әзірлеу, өндіру, жөндеу, сатып алу және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

Үй-жайға меншік құқығының бар екендігі туралы мәліметтерді лицензиар тиісті ақпараттық жүйелерден алады.

      ";

      3-бөлімнің реттік нөмірі 11-жолы алып тасталынсын;

      3-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 9-жолмен толықтырылсын:

      "

9

өтініш берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің сақтандыру полисінің болуы

міндетті экологиялық сақтандырудың сақтандыру полисінің көшірмесі (үшінші тұлғаларға және қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін)

құжаттың көшірмесі

      ".

      2) "Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыруға үшін біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 54/НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18605 болып тіркелген):

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнайы құралдарды құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптарын және оларға сәйкестікті растайтын құжаттардың тізбесінде:

      1-бөлімнің реттік нөмірі 3-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3

қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер, қоғамдық және өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы және өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына жауап беретін және мамандандырылған өндірістік ғимаратты, құрылыс және (немесе) контейнерлік типтегі ұтқыр модульді, көтергіш механизмді, жабдықты; босатылатын оқ-дәрілер мен олардың құрамдастарын сақтауға арналған жай тартқышы бар контурлы найзағайдан қорғау жүйесімен жабдықталған арнайы жабдықталған қойманы; босатылатын оқ-дәрілердің қалдықтарын және өңделген материалдарын сұрыптауға, кесуге, пакеттерге салуға арналған жабдық пен құрал-саймандары бар үй-жайды немесе арнайы алаңды; жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайды қамтитын жеке меншік құқығындағы (белгіленген капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын кәсіпорындарға және олардың еншілес және (немесе) үлестес ұйымдарына, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік үшін құрылатын ұйымдарға (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер, әскери құралымдар, арнаулы немесе Құқық қорғау органдары және қорғаныс өнеркәсібі саласындағы уәкілетті орган жазбаша растайды) меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі өндірістік-техникалық базаның және технологиялық жабдықтың болуы), (стационарлық және (немесе) ұтқыр) өндірістік-техникалық база

осы босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнаулы құралдарды құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

үй-жайға меншік құқығының бар екендігі туралы мәліметтерді лицензиар тиісті ақпараттық жүйелерден алады.

      ";

      1-бөлімнің реттік нөмірі 10-жолы алып тасталынсын;

      1-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 11-жолмен толықтырылсын:

      "

11

өтініш берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің сақтандыру полисінің болуы

міндетті экологиялық сақтандырудың сақтандыру полисінің көшірмесі (үшінші тұлғаларға және қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін)

құжаттың көшірмесі

      ";

      2-бөлімнің реттік нөмірі 3-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

3

қоршалған, оқшауланған, қолданыстағы нормативтерде көзделген тұрғын үйлер мен өндірістік объектілерден қауіпсіз қашықтықта орналасқан, өнеркәсіптік, өрт, санитарлы-эпидемиологиялық қауіпсіздігі талаптарына жауап беретін және мамандандырылған өндірістік ғимаратты, құрылысты, көтергіш механизмді, жабдықты; босатылатын қару-жарақты, әскери техниканы, арнайы құралдарды сақтауға арналған арнайы жабдықталған қойманы; босатылатын қару-жарақтардың, әскери техниканың, арнайы құралдардың қалдықтарын және өңделген материалдарын сұрыптауға, кесуге, пакеттерге салуға арналған жабдықтар мен құрал-саймандар бар үй-жайды немесе арнайы алаңды; жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайды қамтитын жеке меншік құқығындағы өндірістік-техникалық база босатылатын оқ-дәрілер мен олардың құрамдастарын сақтауға арналған жай тартқышы бар контурлы найзағайдан қорғау жүйесімен жабдықталған арнайы жабдықталған қойманы; босатылатын оқ-дәрілердің қалдықтарын және өңделген материалдарын сұрыптауға, кесуге, пакеттерге салуға арналған жабдық пен құрал-саймандары бар үй-жайды немесе арнайы алаңды; жұмыс істейтін персоналды орналастыруға арналған қызметтік үй-жайды қамтитын жеке меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі (белгіленген капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын ұйымдарға және олардың еншілес және (немесе) үлестес ұйымдарына, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздік үшін құрылатын ұйымдарға (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер, әскери құралымдар, арнаулы немесе Құқық қорғау органдары жазбаша растайды) меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі өндірістік-техникалық базаның және технологиялық жабдықтың болуы) (стационарлық және (немесе) ұтқыр) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы және өрт қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына жауап беретін өндірістік-техникалық база

осы босатылатын оқ-дәрілерді, қару-жарақтарды, әскери техниканы, арнаулы құралдарды құртып жіберу, кәдеге жарату, көму арқылы жою және қайта өңдеу жөніндегі қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары және оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесіне 1-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны

үй-жайға меншік құқығының бар екендігі туралы мәліметтерді лицензиар тиісті ақпараттық жүйелерден алады.

      ";

      1-бөлімнің реттік нөмірі 10-жолы алып тасталынсын;

      2-бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 11-жолмен толықтырылсын:

      "

11

өтініш берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігінің сақтандыру полисінің болуы

міндетті экологиялық сақтандырудың сақтандыру полисінің көшірмесі (үшінші тұлғаларға және қоршаған ортаға зиян келтіргені үшін)

құжаттың көшірмесі

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Қорғаныс өнеркәсібі кешені департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі
М. Карабаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ішкі істер министрлігі