"Сәйкестендіру карталарының сипаттамасын, оларды беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағаның 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 69 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2023 жылғы 11 сәуірдегі № 78 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 13 сәуірде № 32296 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сәйкестендіру карталарының сипаттамасын, оларды беру және пайдалану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2020 жылғы 21 сәуірдегі № 69 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 142081 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сәйкестендіру карталарының сипаттамасын, оларды беру және пайдалану қағидаларында:

      мынадай редакциядағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Цифрлық құжаттар сервисі арқылы ұсынылған сәйкестендіру картасы мемлекеттік орган берген құжатқа тең.".

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Трансформация және цифрландыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының мемлекеттік қызмет мәселелеріне жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігі төрағасы
Д. Жазыкбаев