"Етті тұқымды тұқымдық бұқаларды ұрпақтарының сапасы бойынша тексеру мен бағалауды және бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынауды өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 19 шілдедегі № 456 бұйрығының

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2023 жылғы 31 наурыздағы № 112 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 31 наурызда № 32212 болып тіркелді

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Етті тұқымды тұқымдық бұқаларды ұрпақтарының сапасы бойынша тексеру мен бағалауды және бұқашықтарды өз өнімділігі бойынша сынауды өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2010 жылғы 19 шілдедегі № 456 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6400 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушы
Е. Карашукеев