"Пайдаланушылардың сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), қону алаңдарын есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 578 және

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 24 наурыздағы № 179 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің м.а. 2023 жылғы 30 наурыздағы № 244 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 31 наурызда № 32197 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Пайдаланушылардың сыныпталмайтны және уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), қону алаңдарын есепке алу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 желтоқсандағы № 578 және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2011 жылғы 3 ақпандағы № 55 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6789 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Пайдаланушылардың сертификатталмайтын әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) және қону алаңдарын есепке алу қағидаларын бекіту туралы";

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Пайдаланушылардың сертификатталмайтын әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) және қону алаңдарын есепке алу қағидалары бекітілсін.";

      Көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Пайдаланушылардың сыныпталмайтын және уақытша әуеайлақтарды, қону алаңдарын есепке алу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
міндетін атқарушы
__________Р. Жаксылыков
      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
__________И. Шархан

  Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
міндетін атқарушы
2023 жылғы 30 наурыздағы
№ 244 мен
Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрі міндетін
атқарушының
2023 жылғы 24 наурыздағы
№ 179
Бірлескен бұйрыққа қосымша
  Қазақстан Республикасының
Көлік және коммуникация
министрінің міндетін
атқарушының
2010 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 578
және Қазақстан
Республикасының
Қорғаныс министрінің
2011 жылғы 3 ақпандағы № 55
бірлескен бұйрығымен
бекітілген

Пайдаланушылардың сертификатталмайтын әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), қону алаңдарын есепке алу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Пайдаланушылардың сертификатталмайтын әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) және қону алаңдарын есепке алу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 67-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және пайдаланушылардың сертификатталмайтын әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) және қону алаңдарын есепке алу тәртібін айқындайды

      2. Сертификатталмайтын әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) және қону алаңдарын есепке алу сертификатталмайтын әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) және қону алаңдарын пайдаланушыларға немесе иелеріне (меншік иелеріне) жүктеледі.

      3. Есепке алу объектілері әуе кемелерінің ұшуын, қонуын, рульдеуін, тұрағын және қызмет көрсетуін қамтамасыз ету үшін арнайы дайындалған сертификатталмайтын әуеайлақтар (тікұшақ айлақтары), уақытша әуеайлақтар (тікұшақ айлақтары) және қону алаңдары болып табылады.

2-тарау. Пайдаланушылардың сертификатталмайтын әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) және қону алаңдарын есепке алуы

      4. Пайдаланушылар сертификатталмайтын әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) және қону алаңдарын есепке алуды:

      1) сертификатталмайтын әуеайлақтарға (тікұшақ айлақтарына), уақытша әуеайлақтарға (тікұшақ айлақтарына) және қону алаңдарына құқық белгілейтін құжаттар;

      2) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттары болған кезде жүзеге асырады.

      5. Есепке алу сертификатталмайтын әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) және қону алаңдарын жеке есепке алу журналында (бұдан әрі - Журнал) жүргізіледі, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша.

      6. Журнал тігіледі және нөмірленеді, бұл туралы Журналдың соңғы бетінің артқы жағында тиісті жазу жазылады және пайдаланушының мөрі қойылады.

  Пайдаланушылардың
сертификатталмайтын
әуеайлақтарды (тікұшақ
айлақтарын),
уақытша әуеайлақтарды
(тікұшақ
айлақтарын) және қону
алаңдарын
есепке алу қағидаларына
қосымша
  нысан

Сертификатталмайтын әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын), уақытша әуеайлақтарды (тікұшақ айлақтарын) және қону алаңдарын есепке алу журналы

      Пайдаланушы __________________________________________________________________

Мәліметтер

Деректер

1.

Сертификатталатын әуеайлақтың (тікұшақ айлағының), уақытша әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) және қону алаңының атауы


2.

Сертификатталмайтын әуеайлақтың (тікұшақ айлағының), уақытша әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) және қону алаңының географиялық координаттары және орналасқан жері


3.

Сертификатталмайтын әуеайлақтың (тікұшақ айлағының), уақытша әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) және қону алаңының меншік иесі (иесі)


4.

Сертификатталмайтын әуеайлақтың (тікұшақ айлағының), уақытша әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) және қону алаңының мақсаты


5.

Техникалық сипаттамалары:
ұшу-қону жолағының өлшемдері;
ұшу-қону жолағының жабын түрі;
сертификатталмайтын әуеайлақтың (тікұшақ айлағының), уақытша әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) және қону алаңының техникалық дайындығы тексерілген соңғы күн


6.

Сертификатталмайтын әуеайлақтың (тікұшақ айлағының), уақытша әуеайлақтың (тікұшақ айлағының) және қону алаңының қону және жарық-техникалық жүйелерімен (бар болған жағдайда) жабдықталуы


7.

Қабылданатын әуе кемелерінің түрлері