Кейбір бұйрықтарға өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының - Сауда және интеграция министрінің м.а. 2023 жылғы 30 наурыздағы № 124-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 наурызда № 32177 болып тіркелді

      БҰЙРАМЫН

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграциясына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі орынбасарының -
Сауда және интеграция
министрінің міндеттерін атқарушы
С. Жумангарин

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігімен

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігімен

      "КЕЛІСІЛДІ"

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі
орынбасарының -
Сауда және интеграция
министрінің
міндеттерін атқарушы
2023 жылғы 30 наурыздағы
№ 124-НҚ бұйрығына
қосымша

Өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізімі

      1. "Сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу құжаттарының нысандарын және аккредиттеу алдындағы, аккредиттеуден кейінгі шарттардың үлгілік нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2008 жылғы 29 қазандағы № 430 бұйрығында (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5356 болып енгізілді):

      көрсетілген Бұйрықтың 4-қосымшасы:

      1.1-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

      "Аккредиттеу жөніндегі орган ___________________________________ (сәйкестілікті бағалау саласындағы қызметтің бағыты) ретінде аккредиттелуге үміткер Өтінім берушінің _____________________________________________ (стандарттау жөніндегі құжаттың (құжаттардың) атауы) өтінімді сараптау, орналасқан жері бойынша тексеру нысанында, сондай-ақ қайта сараптау және тексеру қажет болған жағдайда, ал өтініш беруші өз кезегінде заңның, осы Шарттың талаптарын орындауға, өтініш берушінің құзыреттілігін ресми тану рәсімін жүргізу жөніндегі жұмыстарға ақы төлеуге сәйкестікті бағалаудың белгілі бір саласында жұмыстарды орындауға міндеттенеді.";

      2.2-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

      "Өтінім беруші:

      1) электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, ақпараттық жүйеде тіркелуге;

      2) тұрақты негізде ақпараттық жүйеде жеке кабинетті бақылау және тексеруге;

      3) нормативтік құқықтық актілердің, стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарын мәлімделген аккредиттеу саласына сәйкес орындауға.";

      2.4-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

      "Аккредиттеу жөніндегі орган:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Шартты бұзуға;

      2) шарт бұзылған жағдайда өтінім беруші төлеген сомалардан нақты орындалған жұмыстардың құнын ұстап қалуға;

      3) өтінімдерді қарау кезінде өтінім беруші ұсынған мәліметтерді растау, нақтылау немесе түсіндіру үшін қажетті қосымша ақпаратты сұратуға.";

      2. "Өлшемдерді орындау әдістемелерін және өлшемдерді орындаудың референттік әдістемелерін әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін тіркеу" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 932 бұйрығында (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 18108 болып тіркелді.):

      Өлшемдерді орындау әдістемелерін және өлшемдерді орындаудың референттік әдістемелерін әзірлеу, метрологиялық аттестаттау, бекіту және өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін тіркеу" мемлекеттік қызметті көрсету қағидаларында:

      23-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

      "23.Келісімге қатысушы мемлекетте әзірленген ҚР МӨЖ тізілімінде тіркеуді жүзеге асыру үшін, Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттеріне стандарттар тізбесіне енгізілген ӨОӘ-ны қоспағанда, өтініш беруші уәкілетті органға мыналарды қамтитын құжаттар жиынтығын ұсынады:

      1) ӨОӘ к тіркеуді жүргізу қажеттілігінің негіздемесімен қолданылу саласын (өлшем объектісінің атауы, оның ішінде өнімнің және бақыланатын параметрлердің атауы, сондай-ақ ӨОӘ құжатының тарату саласы – бір кәсіпорын шегінде, республика, экономика салалары шегінде) қамтитын ӨОӘ тіркеуді жүргізуге өтінімді;

      2) ӨОӘ ескерілген данасын (екі данада);

      3) ӨОӘ аттестаттау туралы куәліктің көшірмесін;

      4) ӨОӘ әзірлеушісінің импорттаушы елдің ұлттық органына танылған ӨОӘ ескерілген данасынан көшірме жасау құқығын беруге келісімді;

      5) ӨОӘ әзірлеушіден алынған пайдаланушының ҚР МӨЖ тізілімінде осы ӨОӘ пайдалану және тіркеу құқығын алғанын растайтын құжатты (түпнұсқа немесе нотариалды куәландырылған көшірме);

      6) егер ӨОӘ қауіпсіздік көрсеткіштерін айқындауға арналған болса, қолданылу саласына байланысты, республиканың мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарымен берілген ӨОӘ келісуді (қолдануға рұқсат ету);

      7) егер ӨОӘ коммерциялық есептер үшін пайдаланылатын болса, мүдделі жеке және заңды тұлғалармен келісуді;

      8) бағалы металдарды реттеу саласындағы уәкілетті органмен келісуді қамтитын құжаттар жиынтығын жібереді.

      Ұсынылған құжаттар жиынтығы МҒМО-ға сараптама үшін жіберіледі. Оң қорытынды кезінде ӨОӘ ҚР МӨЖ тізілімінде ӨОӘ метрологиялық аттестаттау туралы куәліктің қолданылу мерзіміне тіркеледі";

      3. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 18 мамырдағы № 166-НҚ бұйрығында (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 20667 болып тіркелді):

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын жасау жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру" мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларында:

      1-қосымша:

      8-тармақ алынып тасталсын.

      4. "Сәйкестікті бағалау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің м.а. 2021 жылғы 29 маусымдағы № 433-НҚ бұйрығында (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 23364 болып тіркелді):

      4-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

      "4.Өнімнің техникалық регламенттерде белгіленген талаптарға сәйкестігін растау сәйкестік туралы декларацияны тіркеу нысанында және (немесе) сертификаттауды жүргізу және сәйкестік сертификатын беру нысанында жүргізіледі.

      Қазақстан Республикасының аумағында өнімдер мен процестердің сәйкестігін растау міндетті немесе ерікті сипатта болады.";

      6-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

      "6. Сәйкестікті ерікті растау кез келген сәйкестікті бағалау объектілеріне қатысты олардың стандарттау жөніндегі құжаттарға сәйкестігі мәніне, ал олар болмаған жағдайда мәлімделген талаптарға өтініш берушінің бастамасы және талаптары бойынша жүргізіледі.";

      14-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

      "14. Өнімді сертификаттауды жүргізу үшін өтініш беруші СРО-ға өтініш берушінің қолымен және мөрімен (болған жағдайда) куәландырылған мынадай ақпарат пен құжаттарды және (немесе) олардың көшірмелерін қамтитын өтінімді (өнімді сертификаттау схемасына байланысты) жібереді:

      1) сериялық өндіріс өнімдері үшін:

      техникалық құжаттаманы және (немесе) жобалық және (немесе) конструкторлық және (немесе) технологиялық және (немесе) пайдалану;

      оған сәйкес өнім дайындалған стандарттау жөніндегі құжат (құжаттар) (оның ішінде техникалық шарттар) (бар болса);

      сапа менеджменті жүйесінің сәйкестік сертификаты, егер оның күші өнімді дайындауға қатысты болса (бар болса немесе өнімді сертификаттау схемасымен талап етілсе);

      сапа менеджменті жүйесінің аудиті туралы есеп және енгізілген сапа менеджменті жүйесінің сертификаттау кезінде расталатын талаптарға сәйкес келетін өнімнің тұрақты шығарылуын қамтамасыз ету қабілетін растайтын ақпарат (егер өнімді сертификаттау схемасы талап етсе);

      сыни элементтердің, материалдардың, жинақтаушы бұйымдардың немесе бұйымның құрамдас бөліктерінің сәйкестік сертификаты (болған жағдайда);

      Қазақстан Республикасына жеткізілетін өнімнің техникалық регламенттердің немесе стандарттау жөніндегі құжаттардың талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етуді және мұндай өнімнің көрсетілген талаптарға сәйкес келмегені үшін жауапкершілікті көздейтін дайындаушымен (оның ішінде шетелдік дайындаушымен) шарт (дайындаушы уәкілеттік берген тұлға үшін);

      өнімнің сәйкестігін жанама растайтын өтініш берушінің таңдауы бойынша құжаттар;

      2) өнімнің (жалғыз бұйымның) партиясы үшін:

      техникалық құжаттаманы және (немесе) жобалық және (немесе) конструкторлық және (немесе) технологиялық және (немесе) пайдалану;

      оған сәйкес өнім дайындалған стандарттау жөніндегі құжат (құжаттар) (оның ішінде техникалық шарттар) (бар болса);

      дара бұйымды немесе өнім партиясын, оның ішінде оның мөлшерін сәйкестендіретін келісімшарт (жеткізу шарты) және тауарға ілеспе құжаттар (бар болса);

      дайындаушы жүргізген сынақ хаттамалары (бар болса);

      шетелдік СРО берген сәйкестік сертификаттары (болған жағдайда);

      52-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

      "52. Сәйкестік сертификатының қолданылу мерзімін өнімді сертификаттаудың таңдалған схемасын, өнімнің ерекшелігін, оны өндіруді, стандарттау жөніндегі құжаттардың қолданылу мерзімін және техникалық регламенттердің талаптарын, сондай-ақ менеджмент жүйесі сертификатталған мерзімді (егер бұл өнімді сертификаттау схемасында көзделген болса) немесе өнімнің жарамдылық мерзімін ескере отырып.";

      54-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

      "54. Өнімнің жарамдылық мерзімі шегінде сәйкестік сертификатының қолданылу мерзімін сәйкестік сертификатын берген СРО ұзартады. СРО өнімді сәйкестендіру актісін жасайды, ол үшін сәйкестік сертификаты ұзартылады және өнімнің номенклатурасы мен санын (қалдығын) міндетті түрде көрсете отырып, оның бұрын сертификатталған өнімге тиесілігін белгілейді.";

      56-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

      "56. Егер сериялық өндіріс өніміне берілген сәйкестік сертификатының қолданылу мерзімі аяқталса, ал оның қолданылу кезеңінде шығарылған өнім өткізу сатысында болса, онда сәйкестік сертификатының қолданылуы өнімді сақтау шарттары сақталған жағдайда оның барлық жарамдылық немесе сақтау мерзіміне.";

      75-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

      "75. Сәйкестік туралы декларация өнімді дайындаушы (орындаушы) кәсіпорын белгілеген мерзімге, осы өнімді шығарудың жоспарланған мерзімін негізге ала отырып.";

      104-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

      "104. Сәйкестік сертификатының қолданылу мерзімін қызметке көрсетілетін қызметтерді сертификаттау схемасын, сондай-ақ менеджмент жүйесіне сәйкестік сертификаты берілген мерзімді ескере отырып.";

      5. "Дайындаушы немесе сатушы өлшеп-ораған кез келген түрдегі қаптамадағы өнімнің, сондай-ақ өткізу кезіндегі импорттаушы әкелген өлшеніп-оралған өнімнің және сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын өнім санының сәйкестігін мемлекеттік метрологиялық бақылау мақсатында анықтау жөніндегі тәртіпті айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 30 маусымдағы № 436-НҚ бұйрығы (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 23411 болып тіркелді):

      Дайындаушы немесе сатушы өлшеп-ораған кез келген түрдегі қаптамадағы өнімнің, сондай-ақ өткізу кезіндегі импорттаушы әкелген өлшеніп-оралған өнімнің және сауда операцияларын жасау кезінде иеліктен шығарылатын өнім санының сәйкестігін мемлекеттік метрологиялық бақылау мақсатында анықтау жөніндегі тәртіпті айқындау қағидаларында:

      1-қосымша:

      104-тармақ мынадай мазмұнда жазылсын:

      "4-кесте – Номиналды көлемі 10 килограмнан немесе 10 литрден асатын дайындаушы өлшеп-ораған өнімнің санын белгілеу кезінде (бұзатын тәсілмен)";

Топтама көлемі, дана

Іріктеу көлемі*, дана.

Рұқсат етілген ақау** саны, дана

10 – 500
501 – 3200
3201 – 10000

8
13
20

0
1
1

      ".