БҰЙЫРАМЫН:
1. "Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 334 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11602 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Теміржол көлігіндегі қауіпсіздік қағидаларында:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Теміржолдарда немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары бойынша, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржолдарда жылжымалы құрамның соқтығысу, рельстен шығып кету, сондай-ақ жылжымалы құрамның бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтіп кету не поезды қабылдау-жөнелту маршрутына кетіп қалу, бірақ апат немесе авария салдары жоқ жағдайлар оқиғаларға жатады.";
15-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) шектік бағанадан рұқсатсыз өту;";
15-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) жылжымалы құрамның станциялардағы, кірме жолдардағы, оның ішінде концессия шарттары бойынша теміржолдардағы шектік бағанадан асып іргелес аралыққа, станциядан аралыққа немесе аралықтан станцияға кетуі, бірақ осы Қағидалардың 12, 13 және 14-тармақтарында көрсетілген салдардың болмауы;".
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі |
М. Карабаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі