"Кейбір кедендік құжаттардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 110 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының м.а. - Қаржы министрінің м.а. 2023 жылғы 29 наурыздағы № 301 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 30 наурызда № 32152 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Кейбір кедендік құжаттардың нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 1 ақпандағы № 110 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16365 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 404-бабы 7-тармағына, 415-бабының 5-тармағына, 532-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      1-тармақ мынадай мазмұндағы жазылсын:

      "1. Мыналар:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеруді жүргізуге арналған нұсқама нысаны;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес тұрақты және уақытша рұқсат қағаздарының нысаны;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес үй-жайлар мен аумақтарды кедендік қарап-тексеруді жүргізуге арналған нұсқаманы тіркеу журналының нысаны;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес тұрақты және уақытша рұқсат қағаздарын тіркеу журналының нысаны бекітілсін;

      5) осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес тауарларды жөнелтуші (шығарылған, транзит) елдің кедендік декларацияларының көшірмелерін кедендік декларациялау кезінде ұсынуға келісім беру туралы міндеттеме нысаны.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі орынбасарының
міндетін атқарушы -
Қаржы министрінің
міндетін атқарушы
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі
орынбасарының міндетін
атқарушы -
Қаржы министрінің міндетін
атқарушы
2023 жылғы 29 наурыздағы
№ 301 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 1 ақпандағы
№ 110 бұйрығына
5-қосымша
  Нысан

Тауарларды жөнелтуші (шығарылған, транзит) елдің кедендік декларацияларының көшірмелерін кедендік декларациялау кезінде ұсынуға келісім беру туралы міндеттеме

      ___________________________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі)

      _________________________________________________________ тұлғасында

      (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), лауазымы)

      "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Кодекстің 532-бабы 1-тармағының 11) тармақшасына сәйкес келтіру мақсатында, егер уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша мұндай кедендік декларацияны толтыру жөнелту (шығарылған, транзит) елінде көзделсе, тауарларды жөнелтуші (шығарылған, транзит) елдің кедендік декларацияларының көшірмелерін кедендік декларациялау кезінде ұсынуға міндеттенеді.

      Қолы _____________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)

      Күні ______________________________________________