БҰЙЫРАМЫН:
1. "Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2019 жылғы 13 тамыздағы № 73 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19242 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Табиғи монополиялар субъектілерінің қызметін жүзеге асыру қағидаларында:
289-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"289. Табиғи монополия субъектісі осы Қағидалардың 287-тармағында белгіленген мерзімде тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдындағы бекітілген тарифтік сметаның орындалуы туралы, бекітілген инвестициялық бағдарламаның орындалуы туралы, реттеліп көрсетілетін қызметтердің сапасы мен сенімділігі көрсеткіштерінің сақталуы және негіздемелермен бірге табиғи монополиялар субъектілері қызметінің тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу туралы есептерін, оның ішінде қаржылық есептілікті орналастырады.
Егер табиғи монополия субъектісінің қаржылық есептілігі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес міндетті аудитке жататын болса, оны осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген бұқаралық ақпарат құралдарында орналастыру аудит аяқталғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн ішінде жүзеге асырылады.";
294-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"294. Табиғи монополия субъектісі есепті өткізу орнына барлық тілек білдірушілердің қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Есеп өткізу және өзге де мамандандырылған режимі бар ғимараттарда өткізілген жағдайда табиғи монополия субъектісі хабарландыруда тыңдаушылардың тізімі алдын ала қалыптастырылатыны туралы көрсетеді, оның мерзімі есепті өткізуге дейін 24 (жиырма төрт) сағат бұрын аяқталады. Егер есеп демалыс күнінен кейінгі келесі жұмыс күні өткізілсе, онда тыңдаушылардың тізімін қалыптастыру жұмыс күнінің бірінші жартысында сағат 12.00-ге дейін аяқталады және есеп жұмыс күнінің екінші жартысында өткізіледі.
Жария тыңдаулар, табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдындағы есептері қатысушылардың жария тыңдауларға кедергісіз қол жеткізуі қамтамасыз етіле отырып, онлайн-трансляция ұйымдастырумен де өткізіледі.
Елде төтенше жағдай, шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілген кезде уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшелері, табиғи монополиялар субъектілері жария тыңдауларды, тұтынушылар мен өзге де мүдделі тұлғалар алдындағы есептерді онлайн-трансляциялар арқылы өткізеді.
Жария тыңдаулар онлайн-трансляциялар арқылы өткізілген кезде уәкілетті органның ведомствосы немесе оның аумақтық бөлімшесі жария тыңдаулар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік 10 (он) күннен кешіктірмей, бұқаралық ақпарат құралдарында және интернет-ресурста жария тыңдаулардың күнін, уақытын және онлайн-трансляцияға сілтемені көрсете отырып, алдағы жария тыңдау туралы хабарландыруды орналастырады.".
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі |
А. Куантыров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрлігі