Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 27 маусымдағы № 567 "Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелеріне және ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне жәрдем көрсет

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2023 жылғы 13 наурыздағы № 108 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 20 наурызда № 32105 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығына енгізілсін "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне жергілікті атқарушы органдардың жәрдем көрсетуі үшін ғимараттар мен құрылыстарды материалдық-техникалық жарақтандыру, салу, реконструкциялау және жөндеу тізбесін бекіту туралы" 2015 жылғы 27 маусымдағы № 567 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11808 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:"

      2 тармақта мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне бюджеттік өтінімдерді қалыптастыру кезінде бекітілген Тізбені басшылыққа алу Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес."

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелеріне жергілікті атқарушы органдардың жәрдем көрсетуі үшін ғимараттар мен құрылыстарды материалдық – техникалық жарақтандыру, салу, реконструкциялау және жөндеу тізбесінде:

      1 тармақ 56), 57), 58), 59), 60), 61), 62) және 63) мынадай мазмұндағы тармақшалармен толықтырылсын:

      "56) арнайы реанимациялық автомобиль;

      57) медициналық-құтқару реанимобилі;

      58) жоғары өтімді шассидегі реанимациялық-эвакуациялық автомобиль;

      59) өрт мотоциклі;

      60) тіркемесі бар командалық-штабтық машина;

      61) орталықтан тепкіш өрт сорғылары

      62) тіркемелі цистерна;

      63) автомобильдік сүзу станциясы..";

      3 тармақ 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15), 16), 17), 18), 19), 20) және 21 мынадай мазмұндағы тармақшалармен толықтырылсын:

      3) спикер мінбері;

      4) ілгіш;

      5) айна;

      6) экран (плазмалық панель);

      7) ламинатор;

      8) плоттер;

      9) түптеу машинасы (брошюрлер);

      10) жүргізуші (презентацияны басқару құрылғысы);

      11) акустикалық жүйе;

      12) күшейткіш;

      13) жазу құрылғысы (бейне және аудио);

      14) мұғалімге арналған микрофон;

      15) лазерлік меңзер;

      16) бағдарламалық қамтамасыз ету (ZOOM бұлтты онлайн платформасы және т.б);

      17) радиациялық және химиялық барлау құрылғылары;

      18) медициналық қорғау және алдын алу құралдары (аптечкалар, таңғыштар және т.б.);

      19) өрт сөндіру құралдары (өрт сөндіргіш және т.б.);

      20) құтқару құралдарының элементтері;

      21) қорғаныс құрылыстарының үлгілері (паналар, радиацияға қарсы паналар), өртке қарсы объектілер және т.б.

      4 тармақ 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28), 29), 30), 31) және 32) мынадай мазмұндағы тармақшалармен толықтырылсын:

      "20) сорғыш жең, ұзындығы 4 м, диаметрі 125 (200) мм, жиынтық;

      21) сорғыш жең, ұзындығы 4 м, диаметрі 80 мм, жиынтық;

      22) ұзындығы 20 метр диаметрі 51 мм жиынтық қысымды-сорғыш жең;

      23) ұзындығы 20 м, диаметрі 77 мм қысымды жең, жиынтық;

      24) ұзындығы 20 м, диаметрі 66 мм қысымды жең, жиынтық;

      25) өрт сөндіргіш затты жоғары жылдамдықпен беретін жылжымалы өрт сөндіру құрылғысы (ранц жүйесі):

      импульстік немесе газдинамикалық жүйе, жиынтық;

      өрт сөндіру модулі, жұқа бүріккіш су ағыны, жиынтық;

      26) гидравликалық авариялық-құтқару құралы, жиынтықта:

      құрама құрал;

      сорғы станциясы;

      қайшы кескіш;

      гидравликалық шланг;

      ашқыш;

      гидравликалық домкрат;

      27) аккумуляторлық авариялық-құтқару құралдарының жиынтығы, жиынтықта:

      құрама құрал;

      қайшы кескіш;

      кескіш;

      домкрат;

      28) өрт оқпандары;

      29) сығылған ауаға аппараттарды ауа толтыруға арналған стационарлық ауа компрессоры;

      30) электр станциясы (электргенератор);

      31) қозғалыс датчигі (қозғалмайтын күй дабылы);

      32) диэлектрлік жиынтық (боттар, кілемше, қайшы, қолғап);

      33) жылу зеңбіректері.";

      5 тармақ 73), 74), 75), 76), 78) және 79) мынадай мазмұндағы тармақшалармен толықтырылсын:

      "73) жылудан қорғайтын экран;

      74) брондалған дулыға;

      75) оқ өтпейтін жилет;

      76) күрек

      77) сүймен;

      78) қайла;

      79) балға;"

      7 тармақ 23), 24), 25), 26), 27), 28), 29), 30), 31), 32) және 33) мынадай мазмұндағы тармақшалармен толықтырылсын:

      "23) сүзгіш газқағар;

      24) радиациялық барлау құрал;

      25) оқшаулағыш түрдегі қорғау костюмі;

      26) радиациядан қорғайтын киім;

      27) қайта пайдалануға болатын биологиялық қорғау костюмі;

      28) сүзгілеу-желдету агрегаты (қондырғы);

      29) дозаның қуат өлшегіші, стационарлық;

      30) биологиялық барлау (тасымалды) аспабы;

      31) жеке дозиметр;

      32) радиациялық, химиялық және биологиялық барлаудың ұшқышсыз ұшу аппараты;

      33) роботтандырылған радиациялық, химиялық және биологиялық барлау кешені.";

      9 тармақ 61), 62), 63), 64), 65), 66), 67), 68), 69), 70), 71), 72), 73) және 74) мынадай мазмұндағы тармақшалармен толықтырылсын:

      61) кереует (жинамалы төсек);

      62) кереует жанындағы тумбочка;

      63) алты орындық жиналмалы үстел;

      64) үш орындық бар жиналмалы отырған;

      65) жартылай жүн көрпе;

      66) мақта матрацтары;

      67) жастық;

      68) ақжайма;

      69) жастықтың тысы;

      70) қол жуғыш (20 адамға);

      71) биодәретхана;

      72) дала ас үйлері (25 адамға арналған);

      73) прожектор;

      74) өрт қалқандары.";

      10 тармақ 30), 31), 32), 33), 34), 35), 36), 37), 38), 39), 40), 41), 42), 43), 44), 46), және 47) мынадай мазмұндағы тармақшалармен толықтырылсын:

      "30) жер бетінің мониторингі кешені (пилотсыз ұшу аппараты, киілетін жерүсті басқару пункті, техникалық қызмет көрсету құралдары);

      31) қаламмен графикалық қолтаңба планшеті (стилус);

      32) дербес бейнетіркегіш;

      33) қоңырауларды автоматтандырылған өңдеудің бағдарламалық-аппараттық кешені (диспетчердің автоматтандырыған жұмыс орны, жұмыс станциясы, қоңырауларды анықтау және келіссөздерді жазу опциялары бар шағын автоматты телефон станциясы, жүйелік телефония);

      34) стационарлық зарядтау терминалы деректерді мұрағаттау және сақтау;

      35) термопринтер;

      36) экшн-бейнекамера;

      37) спутниктік телефон.

      38) бағдарламалық-аппараттық кешен;

      39) биометриалық саусақ ізін оқу құрылғысы;

      40) өрт орнын тексеруге арналған өрт сөндіру криминалистикалық чемоданы.";

      11-тармақта:

      2) тармақшасы мынадай мазмұндағы редакциыда жазылсын:

      2) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу, оның ішінде үлгілік жобаны байланыстыру өрт сөндіру деполарын, оқу-жаттығу орталықтарын, өрт-техникалық зертханаларды, техникаға арналған гараждар мен шатырларды салуға;";

      14), 15), 16), 17), 18), 19), 20) және 21) мынадай мазмұндағы тармақшалармен толықтырылсын:

      "14) өрт сөндіру бөлімшелерін газдандыру бойынша жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу;

      15) өрт сөндіру депосының ғимараттарына ағымдағы жөндеу жүргізу;

      16) аумақты абаттандыру және көгалдандыру;

      17) өрт сөндірушілер мен құтқарушыларды тактикалық және психологиялық даярлауға арналған атыс полигоны;

      18) жылу-түтін камерасы;

      19) жиналмалы ангар;

      20) апаттар медицинасы орталығының ғимараттарын, техникаға арналған гараждар мен шатырларды салу;

      21) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу, оның ішінде апаттар медицинасы орталығының ғимараттарын, техникаға арналған гараждар мен шатырларды салуға үлгілік жобаны байланыстыру.";

      13 тармақпен мынадай мазмұнда толықтырылсын:

      "13 тармақ Өрт-құтқару спортына арналған спорттық жабдықтар:

      1) 2, 4 жүгіру жолына арналған құрама-жиналмалы оқу-жаттығу мұнарасы подиуммен;

      2) өрт эстафетасына арналған спорт үйі;

      3) реттелетін спорттық қоршау;

      4) бум спорттық реттелетін;

      5) спорттық мотопома;

      6) спорттық өрт сөндіру оқпандары;

      7) спорттық шабуыл сатысы;

      8) баспалдақ-таяқ;

      9) экраны бар электрондық хронометраж жүйесі;

      10) бастапқы тапанша;

      11) бастапқы төсемдер;

      12) төбесі бар секундометрлік шкаф;

      13) шатыры бар стартер шкафы;

      14) 3 жүрісті спорттық тармақталу;

      15) сақтандыру торы;

      16) бастапқы төсемдер;

      17) ұнтақты өрт сөндіргіштер;

      18) өрт-құтқару спорты бойынша жарыстардың нәтижелерін өңдеудің автоматтандырылған электрондық жүйесі.";

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрі
Ю. Ильин