"Шетел мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алған және жұмсаған тұлғалар туралы деректер базасын жүргізу, сондай-ақ оларды деректер базасына енгізу жән

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 13 наурыздағы № 268 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 14 наурызда № 32059 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шетел мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алған және жұмсаған тұлғалар туралы деректер базасын жүргізу, сондай-ақ оларды деректер базасына енгізу және шығару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 20 ақпандағы № 240 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16507 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 29-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Шетел мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алған және жұмсаған тұлғалар туралы деректер базасын жүргізу, сондай-ақ оларды деректер базасына енгізу және шығару қағидаларын бекіту туралы қағидаларда:

      1- тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Шетел мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан алынған ақшаны және (немесе) өзге де мүлікті алған және жұмсаған тұлғалар туралы деректер базасын жүргізу, сондай-ақ оларды деректер базасына енгізу және шығару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 29-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік кірістер органдарының шетел мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алған және жұмсаған тұлғалар (бұдан әрі – тұлғалар) және (немесе) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері туралы деректер базасын жүргізу, сондай-ақ оларды деректер базасына енгізу және шығару тәртібін айқындайды.";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Деректер базасында қамтылған мәліметтер, осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес "Жариялануға жататын шетел мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алатын адамдардың тізілімі" нысаны бойынша, жартыжылдықтың қорытындылары бойынша есепті айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірілмей уәкілетті органның интернет-ресурсына: www.kgd.gov.kz орналастырылады.";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес көрсетілген Қағидаларға қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Казақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2023 жылғы 13 наурыздағы
№ 268 Бұйрығына
қосымша
  Шетел мемлекеттерден,
халықаралық және шетелдік
ұйымдардан, шетелдіктерден,
азаматтығы жоқ адамдардан
алынған ақшаны және (немесе)
өзге де мүлікті алған және
жұмсаған тұлғалар туралы
деректер базасын жүргізу,
сондай-ақ оларды деректер
базасына енгізу және
шығару қағидаларына
қосымша

      нысан

Жариялануға жататын шетел мемлекеттерден, халықаралық және шетелдік ұйымдардан, шетелдіктерден, азаматтығы жоқ адамдардан ақша және (немесе) өзге де мүлік алатын адамдардың тізілімі

БСН/ЖСН

Ұйымның атауы / ТАӘ

1

2

3

      Ескерту: аббревиатуралардың транскрипциясы

      БСН – Бизнес-сәйкестендіру нөмірі

      ЖСН – Жеке сәйкестендіру нөмірі

      ТАӘ – Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)