"Спорт түрлерінде пайдаланылатын жануарлар мен құстардың жем-азығы нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 97 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 2 наурыздағы № 65 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 9 наурызда № 32034 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Спорт түрлерінде пайдаланылатын жануарлар мен құстардың жем-азығы нормативтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2014 жылғы 14 қарашадағы № 97 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9992 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Дене шынықтыру және спорт туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 51) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Спорт түрлерінде пайдаланылатын жануарлар мен құстардың жем-азығы нормативтері осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Мәдениет
және спорт министрі
А. Оралов

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2023 жылғы 2 наурыздағы
№ 65 Бұйрыққа
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2014 жылғы 14 қарашадағы
№ 97 бұйрығымен
бекітілген

Спорт түрлері бойынша пайдаланылатын жануарлар мен құстардың жем-азығы нормативтері

1. Спорттық жылқылардың күн сайынғы рационы


р/с

Рацион атауы

Өлшем бірлігі

Бір күнде

1

Сұлы

кг

6,0

2

Арпа

кг

3,5

3

Бидай

кг

2,0

4

Кебек

кг

2,5

5

Пішен (жоңышқа, еркекшөп)

кг

15

6

Тұз

кг

0,05

7

Бор

кг

0,10

8

Зығыр

кг

0,10

9

Жүгері

кг

1,0

10

Сәбіз

кг

1,5

11

Алма

кг

1,5

12

Бал

кг

0,2

13

Қант

кг

0,2

14

Жұмыртқа

дана

4

15

Сабан

кг

5,0

2. Саят құстарының рационы

1

Ет

кг

0,7