"Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 153 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 2023 жылғы 6 наурыздағы № 139 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 9 наурызда № 32027 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 24 ақпандағы № 153 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11459 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Азаматтық әуе кемелерін пайдаланушыларға қойылатын сертификаттық талаптарда:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сертификаттау талаптары әуе тасымалдарын, авиациялық жұмыстарды жүзеге асыратын әуе кемелерін (бұдан әрі – ӘК) пайдаланушыларға қойылатын талаптарды белгілейді.

      Сертификаттық тексеру кезінде өтініш беруші мәлімделген қызмет түрін орындау үшін қажетті қабілеті мен құралдарын, сондай-ақ қаржылық-экономикалық жағдайын және құқықтық қабілеттілігін көрсетеді.

      Сертификаттық тексеру кезінде анықталған сертификаттық талаптарға сәйкессіздіктер үш деңгейге бөлінеді: 1-деңгей, 2-деңгей және 3-деңгей.

      1-деңгейге қызметті жүзеге асыруға кедергі келтіретін сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.

      2-деңгейге азаматтық авиация саласындағы уәкілетті ұйыммен келісілген мерзімде оны жою немесе шектеулер енгізу шартымен қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.

      3-деңгейге қызметті жүзеге асыруға кедергі келтірмейтін және өндірісті жетілдіру кезінде оны жоюға жататын сертификаттау талаптарына сәйкессіздік жатады.";

      мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:

      "4-1. Пайдаланушы ішкі қағидаларды, сондай-ақ ұшу қауіпсіздігін басқару жүйесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты қабылдау арқылы авиациялық оқиғалар туралы деректерді міндетті және ерікті түрде ұсыну жүйесін енгізуді және қолдауды қамтамасыз етеді.";

      мынадай мазмұндағы 18-1-тармақпен толықтырылсын:

      "18-1. Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты пайдаланушының басшы қызметкерлері: ұшу қызметінің басшысы, ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспекция басшысы, ұшу жарамдылығын қолдау жөніндегі басшы, сапаны бақылау қызметінің басшысы (жеңіл және аса жеңіл авиацияны қоспағанда) Сертификаттау талаптарына 1-1-қосымшаға сәйкес Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты басшы қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келеді.";

      22-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) 5700 килограмм және одан кем ең көп сертификатталған ұшу массасымен ұшақтарды және 3180 килограмм және одан кем тікұшақтарды пайдаланушыларды қоспағанда, ұшу қауіпсіздігі бойынша құжаттама жүйесін сипаттауды қоса алғанда, ұшу қауіпсізідігін басқару жүйесін ұйымдастыру жөніндегі нұсқауды;";

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 1-1-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін атқарушы
А. Бейспеков

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Денсаулық сақтау министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Индустрия және
инфрақұрылымдық
даму министрінің міндетін
атқарушы
2023 жылғы 6 наурыздағы
№ 139 Бұйрыққа
қосымша
  Азаматтық әуе кемелерін
пайдаланушыларға қойылатын
сертификаттық талаптарға
1-1-қосымша

Ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етуге жауапты басшы қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары

      1. Ұшу қызметінің басшысы мынадай ең төменгі біліктілік талаптарына сай келетін адамды тағайындайды:

      1) кәсіптік (ұшу) білімінің болуы;

      2) командалық-ұшу лауазымдарында 3 жылдан кем емес еңбек өтілінің болуы.

      2. Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі инспекцияның басшысы мынадай ең төменгі біліктілік талаптарына сай келетін адамды тағайындайды:

      1) кәсіптік (ұшу немесе авиациялық-техникалық) білімінің болуы;

      2) кәсіби қызмет бағыты бойынша басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл еңбек өтілінің болуы;

      3) кәсіптік қызмет бағыты бойынша кәсіптік даярлау курстарынан өту.

      3. Ұшу жарамдылығын қолдау басшысы мынадай ең төменгі біліктілік талаптарына сай келетін адамды тағайындайды:

      1) кәсіптік (авиациялық-техникалық) білімінің болуы;

      2) кәсіби қызмет бағыты бойынша басшылық лауазымдардағы еңбек өтілі 5 жылдан кем болмауы тиіс;

      3) кәсіптік қызмет бағыты бойынша кәсіптік даярлау курстарынан өту.

      4. Сапаны бақылау қызметінің басшысы мынадай ең төменгі біліктілік талаптарына сай келетін адамды тағайындайды:

      1) жоғары немесе кәсіптік білімінің болуы;

      2) азаматтық авиация саласында кемінде 5 жыл еңбек өтілінің болуы;

      3) авиацияда басшылық лауазымдарда кемінде 3 жыл еңбек өтілінің болуы;

      4) кәсіптік қызмет бағыты бойынша кәсіптік даярлық бойынша арнайы курстардан өту.