"Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 20 ақпандағы № 189 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 22 ақпанда № 31952 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 540 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9934 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесінде:

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Бюджетке түсетін түсімдердің жоспары және ерекшеліктер бойынша бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына жіберілетін бюджетке түсетін түсімдердің жылдық көлемі тиісті бюджет түсімдерінің сомасына және кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Заңда немесе мәслихаттың кезекті қаржы жылына арналған жергілікті бюджет туралы шешімінде бекітілген түсімдердің санаттары, сыныптары және кіші сыныптары бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық қорына жіберілетін бюджетке түсетін түсімдердің көлеміне, ал ерекшеліктер бөлінісінде бюджет атқару жөніндегі уәкілетті органның бұйрығына сәйкес келуі тиіс.

      Салықтық, салықтық емес түсімдерді, негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдерді, трансферттерді, бюджет кредиттерін өтеу сомасын, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдерді, қарыздарды өндіріп алуға жауапты уәкілетті органдар бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органға осы Ереженің 11-13-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша айлар бөлінісінде ҚР ББС-ның бюджет түсімдерінің сыныптамасына сәйкес қалыптастырылған түсімдер жоспарларының жобаларын ұсынады.

      Осы жобалар бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның бұйрығы қабылданғаннан кейін 2 жұмыс күннің ішінде беріледі.";

      29-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Түсімдердің және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінен алынған есепке және өзгерістер негіздемесіне қоса берілетін міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарын өзгертуге өтінімдер негізінде және салықтық, кедендік және бюджетке түсетін басқа да міндетті төлемдердің атқарылуын бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардан алынған есепке және өзгерістер негіздемесіне қоса берілетін кірістер түсімдерінің жоспарларын өзгертуге өтінімдер негізінде бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратымен қалыптастыратын түсімдердің жиынтық жоспарына, төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына және міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу туралы анықтамалар арқылы жүзеге асырылады. Бұл ретте кіріс түсімдерінің жоспарларын өзгертуге арналған өтінімдер ағымдағы айдың 25-күнінен кейін келесі жұмыс күні беріледі.";

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Қаржыландырудың жиынтық жоспарларына, берілетін нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша жоғары тұрған бюджеттің қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу, әлеуметтік төлемдерге (зейнетақылар мен жәрдемақылар), атқарушы құжаттарды орындау, ҚР БСС-ға өзгерістер енгізу, бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу, сондай-ақ мемлекеттік борышқа қызмет көрсету және өтеу жөніндегі бюджеттік бағдарламаларды және міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына, жеке қаржыландыру жоспарларына шығыстардың экономикалық сыныптамасының ерекшеліктеріне қатысты өзгерістер енгізу жағдайларын қоспағанда, мемлекеттік мекемелердің міндеттемелері мен төлемдері бойынша қаржыландырудың жеке жоспарына айына бір реттен асырмай, ал ағымдағы қаржы жылының соңғы айында - ағымдағы айдың жиырмасыншы күнінен кешіктірмей екі реттен асырмай өзгерістер енгізуге жол беріледі.";

      40-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жиынтық қаржыландыру жоспарларын өзгертуге арналған өтінім, берілетін нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша, әлеуметтік төлемдер (мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, зейнетақылар және жәрдемақылар) бойынша, мемлекеттік борышқа қызмет көрсету мен оны өтеу бойынша, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жиынтық жоспарына өзгерістер енгізу, бөлінетін бюджеттік бағдарламалардың атқарушылық құжаттарын орындау, сондай-ақ бюджетті нақтылау және түзету кезіндегі және тиісті бюджеттің қолма-қол ақша тапшылығы жағдайларды қоспағанда, айына кем дегенде бір рет ұсынылады.";

      40-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе бюджетті атқару жөніндегі жергілікті уәкілетті органға, аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына бөлінетін бюджеттік бағдарламаларға байланысты жоспарларды, мемлекеттік борышқа қызмет көрсету мен оны өтеуді, тиісті бюджеттің қолма-қол ақша тапшылығы, форс-мажорлық мән-жайларды, сот талқылауларын, аванс төлемінің мөлшерін азайтуды, бағам айырмасының, баға өзгеруі мен заттай тұтыну көлемі есебінен пайда болған жете пайдаланылмаған қаражат қалдықтарын, бос қызмет орындарының бар болуы, ақысыз демалыстар беру және уақытша еңбекке жарамсыздық парақтары бойынша төлемдер есебінен қалыптасқан ағымдағы шығындар бойынша үнемдеуді, өткізілген мемлекеттік сатып алу нәтижесінен үнемдеу, сондай-ақ жоспарланғанға қарағанда бюджет қаражатын алушылардың іс жүзіндегі санын азайтумен, кредиттер, қарыздар бойынша сыйақы мөлшерлемесін өзгертумен, сапарға шығу немесе іс-шараларды өткізу мерзімдерінің ауысуына байланысты іссапарлар кестесінің өзгеруімен байланысты жоспарларды қоспағанда, міндеттемелер мен төлемдер бойынша ағымдағы айдың жоспарларын өзгертуге арналған өтінімді алдағы айларға ауыстыра отырып ұсынуға жол берілмейді.";

      145-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "145. ҚР ББС бюджетке түсетiн түсiмдер сыныптамасының кодтары бойынша түсiмдердiң артық (қате) төленген сомасын бюджетке қайтаруды және (немесе) есептеудi бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады.

      Түсімдердің артық (қате) төленген сомаларын бюджеттен қайтару және (немесе) есепке жатқызу мемлекеттік кірістер органдарының төлем тапсырмалары негізінде жүзеге асырылады.

      Аумақтық қазынашылық бөлімшесі бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісілген сомаларды төлеу үшін мемлекеттік кірістердің орталық уәкілетті органы беретін салық төлеушілердің тізіміне сәйкес бюджеттен қосылған құн салығының асып кетуін қайтаруды жүзеге асырады.

      Салық төлеуші болмаған немесе тізімде сома асып кеткен кезде Мемлекеттік кіріс органдарының төлем тапсырмалары орындалмай қайтарылады.

      Түсiмдердiң бюджеттiк сыныптамасының кодтары арасында, мемлекеттік кірістер органдары арасында артық төленген немесе қате түскен сомаларды төлеушiлерге бюджеттен қайтару (бұдан әрi – қайтару және (немесе) есептеу) үшiн мемлекеттік кірістер органы "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша "Қазақстан Республикасының аумағында қолма-қол ақшасыз төлемдерді және (немесе) ақша аударымдарын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 31 тамыздағы № 208 қаулысында (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14419 болып тіркелді) (бұдан әрі – № 208 қаулы) белгiленген нысан бойынша мемлекеттік кірістер органының басшысы немесе ол уәкілеттік берген адам және мемлекеттік кірістер органының уәкілетті қызметкері ЭЦҚ қойған төлем тапсырмасының электрондық түрін ұсынады.

      Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шот ақпараттық жүйесінен интеграциялық шина арқылы ҚБАЖ АЖ-ға қайтаруға және есепке жатқызуға төлем тапсырмаларын беру кезінде мемлекеттік кірістер бойынша орталық уәкілетті орган ЭЦҚ-мен куәландырылған төлем тапсырмаларының электрондық тізілімін жолдайды.

      Ақшаны алушылар анықтамалығында бюджетке артық (қате) төленген соманы қайтаруға деректемелер болмаған немесе өзгерген кезде мемлекеттік кірістер органы "Қазынашылық-клиент" АЖ-да осы Ереженің 64-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ақша алушыны енгізуге арналған осы Ереженің 65-қосымшасына сәйкес нысан бойынша ақша алушы деректемелерінің өзгерістерін енгізуге өтінімнің электрондық түрін қалыптастырады.

      Ақша алушыны енгізуге және ақша алушының деректемелерін өзгертуді енгізуге өтінімді ресімдеудің шынайылығын және дұрыстығын мемлекеттік кірістер органы қамтамасыз етеді.

      Аумақтық қазынашылық бөлімшесі жұмыс күні ішінде сағат 16.00-ге дейін "Қазынашылық-клиент" АЖ мемлекеттік кірістер органдарынан келіп түскен төлем тапсырмаларын қабылдауды жүзеге асырады. Сағат 16.00-ден кейін түскен құжаттар орындалады немесе келесі жұмыс күнінен кешіктірілмей орындаусыз қайтарылады.";

      171-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "171-2. Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарларын жою кезінде ағымдағы қаржы жылына көзделген шарт сомасының 50 пайызынан аспайтын мөлшерде аванстық (алдын ала) төлем рұқсат етіледі.

      Әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған іс-шараларға төтенше резервтен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында көзделген зиянды (нұқсанды) өтеуге арналған шұғыл шығындарға арналған Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу кезінде шығыстардың әрбір түрі бойынша бөлінген қаражаттың 50% - ынан аспайтын мөлшерде қаржыландыру шарттары болған кезде, уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен қаражат бюджетті атқару жөніндегі орган бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес негіздейтін құжаттарды ұсынуына қарай одан әрі ақы төлеу үшін қазынашылықтың аумақтық органдарына тиісті рұқсат-хаттарды жібереді.";

      178-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Егер жалға алу шартына сәйкес депозиттiк соманы төлеу туралы банк кепiлдiгiн беру туралы талап көзделсе, үй-жайды жалға алғаны үшін аванстық (алдын ала) ақы төлеуге Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерiнiң жалға алу сомасын төлеуге ғана рұқсат етiледi.";

      187-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "187. Мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеу мемлекеттік мекеменің шартын немесе тіркелген шартқа қосымша келісімді тіркеу үшін жасалатын және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынылатын ("Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық үлгісі қалыптастырылады және жіберіледі) азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінім негізінде жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жасалған шарт тараптардың келісімі бойынша біржақты тәртіппен бұзылған кезде, мемлекеттік мекеме "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша аумақтық қазынашылық бөлімшісіне "Электрондық мемлекеттік сатып алу" автоматтандырылған интеграцияланған ақпараттық жүйесінен (бұдан әрі – "Электрондық мемелекеттік сатып алу" АИАЖ) беру арқылы нөлдік сомамен азаматтық-құұықтық мәмілені тіркеуге береді.

      Өтінімге міндеттемелерді тіркеу туралы хабарламалардың нөмірлері мен күні, шартты бұзу себебі, сондай-ақ өзгерген жағдайда шарттың сомасы көрсетілетін түсіндірме жазба қоса беріледі.

      Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың нормаларын қолданбай жасалған шартты бұзған кезде, мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге өтінімді нөлдік сомамен "Қазынашылық-клиент" АЖ арқылы қалыптастырады және аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ұсынады.

      Өтінімге түсіндірме жазба қоса тіркеледі, онда міндеттемелерді тіркеу туралы хабарламалардың нөмірлері мен күндері, шартты бұзу себебі және қосымша келісімнің түпнұсқасынан (шарт тараптардың келісімі бойынша бұзылған кезде) не сот мөрінің бедерімен куәландырылған, заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесінен не заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесінен сканерленген сурет не заңды күшіне енген сот шешімінің көшірмесі көрсетіледі мемлекеттік мекеме басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған "Сот кабинеті" АЖ арқылы электрондық форматта алынған (сот шешімі бойынша бұзылған кезде) егер өзгесі Қазақстан Республикасының заңнамасында не тараптардың келісімінде көзделмеген болса, бір айдан кеш емес мерзімде жасалған шарттың орындалуынан біржақты бас тарту туралы хабарлама-хаттың көшірмесін ұсынады. Бұл ретте хабарлама-хатта шарт бойынша екінші тараптың хабарламаны алғаны туралы белгі (мөртабан не тиісті қол) не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де растаманы қамтуы тиіс.

      Шарт қағаз тасығышта бұзылған кезде, мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне қағаз тасығышта не мемлекеттік мекеменің хатымен бірге электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы шарттың бұзылған растайтын жоғарыда көрсетілген құжаттардың көшірмесін ұсынады (хатта міндеттемелерді тіркеу туралы хабарламалардың нөмірлері мен күні, шартты бұзу себебі, сондай-ақ өзгерген кезде шарттың сомасы міндетті түрде көрсетіледі), бұл ретте қағаз жеткізгіштегі құжаттардың көшірмелері аумақтық қазынашылық бөлімшесінде қалады.

      Осы Ереженің 65-тармағында көзделген жоспарлы тағайындаулар мен кассалық шығыстарды көшірген кезде тапсырыстарды (хабарландыруларды) жабу (жою) тиісті нормативтік құқықтық актінің, сондай-ақ шартты тіркеу туралы хабарламаның нөмірі, күні, сомасы және қалдық сомасы көрсетіле отырып, мемлекеттік мекеме хатының негізінде жасалады.

      Азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімнің шынайылығы және ресімделу дұрыстығын мемлекеттік мекеме қамтамасыз етеді.";

      187-1-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:

      "Қазақстан Республикасы ратификациялаған үкіметтік сыртқы қарыздар шеңберінде жасалған азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша туындаған кредиторлық берешек болған кезде, жасасқан шарттарды тіркеу міндетті болып табылатын шығыстардың түрлері бойынша Республикалық бюджет комиссиясының оң қорытындысы болған кезде - мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне кредиторлық берешек өтелетін айдың 1-і күніне кредиторлық берешекті өтеуге арналған шарттың, кредиторлық берешектің пайда болу себебі көрсетілген түсіндірме жазба көшірмелерін қоса беріп (тіркей отырып) кредиторлық берешек сомасына азаматтық-құқық мәмілені тіркеуге өтінімді және кредиторлық берешектің болуын және сомасын растайтын салыстырып тексеру актісін ұсынады. Салыстырмалы актіге мемлекеттік мекеменің және өнім берушінің басшылары қол қоюы тиіс.";

      188-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "188. Азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінім аумақтық қазынашылық бөлімшесіне шарттың (қосымша келісімнің) түпнұсқасын және көшірмесін қоса бере отырып қағаз жеткізгіште 2 данада ұсынылады, бұл ретте тіркелген шарттың (қосымша келісімнің) қағаз жеткізгіштегі көшірмесі аумақтық қазынашылық бөлімшесінде қалады.

      Қарыз (грант) туралы шарт шеңберінде шартты тіркеу үшін азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімді мемлекеттік мекеме Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыз туралы халықаралық шарт шеңберіндегі немесе байланысты гранттар бойынша осы шартты қоса бере отырып, қағаз жеткізгіште ұсынады.

      Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманың талаптарына сәйкес мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жасалуы көзделген тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) сатып алуға азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінім аумақтық қазынашылық бөлімшесіне "Қазынашылық-клиент" АЖ арқылы "электрондық мемлекеттік сатып алу" АИАЖ тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттың (қосымша келісімнің) деректерін "Қазынашылық-клиент" АЖ арқылы беру жолымен ұсынылады.

      Науқастарды шетелде емдеуді көздейтін шығыстар бойынша азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу үшін мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық мәмілелерін тіркеуге өтінімді қағаз жеткізгіште аумақтық қазынашылық бөлімшесіне шарттың әр парағы мемлекеттік мекеме мөрі бедерінің түпнұсқасымен расталған көшірмесін қоса бере отырып ұсынады. Мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне міндеттеме бойынша түпкілікті төлемді берген кезде бір мезгілде шарттың түпнұсқасын ұсынады.

      Ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта жаңартуға, үй-жайларды, құрылыстарды, жолдарды және басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты шартты тіркеу үшін азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімді мемлекеттік мекеме жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманы, жобалау-іздестіру жұмыстарын әзірлеу жөніндегі қызмет және олардың мемлекеттік сараптамасы шарттың құнына енгізілген шартты қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жобалау-сметалық құжаттаманы бекіту туралы мемлекеттік орган бұйрықтың көшірмесін, жобалау-сметалық құжаттаманың қолданылу мерзімі шегінде жобалау-сметалық құжаттама бойынша, ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысының көшірмесін міндетті түрде қоса бере отырып қағаз жеткізгіште ұсынады.

      "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша қызмет көрсету кезінде мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қол қойылған, осы тармақта санамаланған құжаттардың түпнұсқасынан құжаттардың сканерленген түрлерін тіркей отырып, өтінімнің электрондық түрі қалыптастырылады.

      "Электрондық мемлекеттік сатып алу" АИАЖ-де жасалған ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды салуға не қайта жаңартуға, үй-жайларды, құрылыстарды, жолдарды және басқа да объектілерді күрделі жөндеуге байланысты шартты тіркеу үшін мемлекеттік мекеме аумақтық қазынашылық бөлімшесіне тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттың деректерін "Қазынашылық-клиент" АЖ арқылы беру жолымен ұсынатын азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімге жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеу жөніндегі қызмет, жобалау-іздестіру жұмыстары мен олардың ведомстводан тыс кешенді сараптамасы шарттың құнына енгізілген шартты қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жобалау-сметалық құжаттаманың қолданыс мерзімі шегінде жобалау-сметалық құжаттама бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысының түпнұсқасынан, ЖСҚ-ны бекіту туралы мемлекеттік орган бұйрықтың көшірмесін сканерленген түрін тіркейді.

      Бұл ретте "Электрондық мемлекеттік сатып алу" АИАЖ-да Түркістан қаласындағы құрылыс объектілері, сондай-ақ коронавирустық инфекцияға қарсы иммундық-биологиялық препараттарды шығаратын биофармацевтикалық зауытты салу бойынша жасалған шарттарды тіркеу, құрылыс объектілерінің жобалау-сметалық құжаттамасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың түпкілікті оң қорытындысы алынған кезде кейіннен шарттардың жалпы құнын түзете отырып, жобалау-сметалық құжаттама бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын кезең-кезеңімен алу негізінде жүзеге асырылады.

      "Электрондық мемлекеттік сатып алу" АИАЖ арқылы түскен азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімге міндеттемелерді тіркеу туралы хабарламаның нөмірі мен күні, шарттың талаптарын өзгерту себептері, сондай-ақ өзгерген кезде шарттың сомасы көрсетілетін қосымша келісімді тіркеу кезінде мемлекеттік мекеменің жобалау-сметалық құжаттаманы бекіту туралы бұйрығының көшірмесі мен түсіндірме жазба бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысын қоспағанда, осы тармақта көрсетілген құжаттардың түпнұсқасынан сканерленген түрлерін тіркеу талап етілмейді.

      Мемлекеттік сатып алу веб – порталы арқылы мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу жөніндегі талаптар қолданылмайтын мемлекеттік-жекешелік әріптестік (концессия) шарттары (қосымша келісімдері) бойынша міндеттемелерді қабылдау үшін мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімге Мемлекеттік сатып алу туралы шартты/қосымша келісімді тіркеу туралы куәліктің көшірмесін (сканерленген бейнесін) қосымша ұсынады- жеке серіктестік/концессия.";

      190-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "190. Мемлекеттік мекеме қағаз жеткізгіштегі өтінімдерді өткізген кезде азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеу үшін аумақтық қазынашылық бөлімшесіне осы Ереженің 187, 188 және 189-тармақтарында көзделген құжаттарды қоса бере отырып, осы Ереженің 76-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мемлекеттік мекеменің азаматтық-құқықтық мәмілесін тіркеуге арналған өтінімдердің тізілімін береді. "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге арналған өтінімдерді жүргізу кезінде өтінімдер тізілімі ұсынылмайды.";

      194-тармақтың 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "16) "құжат – негіздеме" ашық жолағында шарттың (қосымша келісімнің) нөмірі мен күні көрсетіледі;

      мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жасалған шартты біржақты бұзу кезінде шартты біржақты бұзу туралы хабарламаның нөмірі мен күні көрсетіледі;

      мемлекеттік – жекешелік әріптестік (концессия) шарттары бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі "е-Қаржымині" АЖ арқылы берген мемлекеттік-жекешелік әріптестік (концессия) шартын (қосымша келісімді) тіркеу туралы куәліктің тіркеу нөмірі мен күні көрсетіледі;";

      198-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "198. Қосымша келісімді тіркеуге арналған өтінім қосымша келісімнің деректемелерін ескере отырып, осы Ережеде көзделген тәртіппен толтырылады.

      "Қазынашылық-клиент" АЖ-да өтінімді қалыптастыру кезінде мемлекеттік мекеме басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ қойылған өтінімнің электрондық түріне растау құжаттарымен бірге міндеттемені тіркеу туралы хабарламалардың нөмірлері мен күні, шарт талаптарының өзгеру себебі, сондай-ақ өзгерген кезде шарт сомасы көрсетілетін мемлекеттік мекеменің түсіндірме жазбасы қоса тіркеледі, қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын шарттар бойынша-шығыстар БСК бөлінісінде жылдар бойынша бөлінген сомалар, олар өзгерген кезде.

      Шарт сомасы, шарттың жалпы сомасы (жылдар бойынша бөлінген шығыстардың БСК бойынша сомасы) немесе тараптардың деректемелері (атауын қоспағанда) өзгерген кезде мемлекеттік мекеме бұрын орындалған міндеттемелерді (кассалық шығыстарды) шегере отырып, шарттың жаңа сомасына арналған өтінімді ұсынады ("Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша жібереді).

      Қосымша келісімді тіркеу үшін Шарт талаптарын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) ұсталған кезде, мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге екі өтінім береді (бір өтінім ұсталған тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) сомасын шегере отырып, шарт сомасына,екіншісі ұсталған тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) сомасына беріледі). айыппұл).

      Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жасалған қосымша келісімді тіркеу кезінде мемлекеттік мекеме азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге екі өтінім береді (бір өтінім ұстап қалынған тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) сомасын шегере отырып, шарт сомасына, екіншісі ұстап қалынған тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) сомасына "электрондық мемлекеттік сатып алу" АИАЖ-дан деректерді беру арқылы беріледі") "Қазынашылық-клиент" АЖ-да көрсетіледі.

      Бұл ретте мемлекеттік мекеменің өтінімдер беруі негізгі шарт бойынша "түпкілікті" мәртебесі бар төлем жүргізілгенге дейін жүзеге асырылады.

      Шарт сомасын кассалық шығыс сомасына дейін азайтуға арналған қосымша келісімді не қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын, ағымдағы қаржы жылына арналған сома ішінара не толық жоспарлы кезеңнің екінші және/немесе үшінші жылына ауыстырылатын және нөлге тең шартқа қосымша келісімді тіркеу үшін мемлекеттік мекеме нөлдік сомамен (бойынша) өтінім жасайды және ұсынады. Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамада көзделген кезде "Қазынашылық-клиент" АЖ.

      Мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жасалған қосымша келісімді тіркеу үшін мемлекеттік мекеме "электрондық мемлекеттік сатып алу" АИАЖ-дан "Қазынашылық – Клиент" АЖ-ға деректерді беру жолымен нөлдік сомамен азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге өтінім береді.

      Шарттың сомасы кассалық шығыс сомасына дейін азайтылған кезде қағаз тасығышта жасалған қосымша келісім мемлекеттік мекеменің хатымен бірге электрондық құжат айналымы жүйесі арқылы ұсынылады (хатта міндетті түрде міндеттемені тіркеу туралы хабарламаның нөмірі мен күні, Шарт талаптарының өзгеру себебі, сондай-ақ ол өзгерген кезде шарттың сомасы көрсетіледі).

      Өткен қаржы жылында орындалмаған және бюджет қаражатының қалдықтары есебінен ағымдағы қаржы жылында қаржыландыруға жататын шарттың қолданылу мерзімін ұзартуға қосымша келісімді тіркеу үшін өтінім өткен қаржы жылында тіркелген, іске асыру мерзімі бір жылдан асатын бюджеттік даму бағдарламалары және әзірлену және жеткізілу мерзімі бір қаржы жылынан асатын активтер мен басқа да тауарларды, көрсетілу мерзімі бір қаржы жылынан асатын қызметтерді сатып алуды көздейтін ағымдағы бюджеттік бағдарламалар бойынша міндеттемелердің төленбеген бөлігінің сомасына жасалады және беріледі ("Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша қалыптастырылады және жіберіледі).

      Өткен қаржы жылында орындалмаған және өткен қаржы жылында жоғары тұрған бюджеттен бөлінген нысаналы ағымдағы трансферттер есебінен жүзеге асырылатын ағымдағы қаржы жылындағы шығыстардың бюджет қаражаты қалдықтарының есебінен ағымдағы қаржы жылында қаржыландыруға жататын шарттың қолданылу мерзімін ұзартуға қосымша келісімді тіркеу үшін өтінім олардың ағымдағы қаржы жылының басында пайдаланылмаған қалдығының сомасына жасалады және ұсынылады ("Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша қалыптастырылады және жіберіледі).

      Өткен қаржы жылында республикалық бюджетке аударылмаған кепілдік берілген трансферттер сомасы есебінен ағымдағы қаржы жылында көзделген бюджеттік даму бағдарламалары бойынша тіркелген шарттың сомасын ұлғайтатын қосымша келісімді тіркеу үшін өтінім ағымдағы қаржы жылының жалпы сомасына және өткен қаржы жылында тіркелген міндеттемелердің төленбеген бөлігінің сомасына жасалады және беріледі ("Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша қалыптастырылады және жіберіледі).

      Тараптардың атауына өзгерістер енгізілетін қосымша келісімдерді ұсыну үшін өтінім жасалмайды.";

      201-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "201. Аумақтық қазынашылық бөлімшесі өтінімді мыналарға:

      белгіленген нысанға сәйкестігіне;

      өтінім деректемелерінің шарт деректемелеріне сәйкестігіне;

      мемлекеттік мекеме атауының және кодының оның Мемлекеттік мекемелер анықтамалығында көзделген атауына және кодына сәйкестігіне;

      ақша алушы деректемелерінің Ақша алушылар анықтамалығында көзделген деректемелерге сәйкестігіне;

      өтінімдегі қойылған қолдардың және мөр бедерінің қойылған қолдардың және мөр бедері үлгілері бар қағаз жеткізгіштегі құжатқа сәйкестігіне. "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрі ұсынылған кезде ЭЦҚ түпнұсқалығына тексеріледі;

      осы Ереженің 187, 187-1, 187-2, 188, 190, 191 және 198 тармақтарында көзделген құжаттардың бар болуына;

      жазылған соманың санмен берілген сомаға сәйкестігіне;

      шартты бірнеше бюджеттік бағдарлама бойынша немесе бюджет шығыстарының әрбір БСК бойынша бір бюджеттік бағдарлама шеңберінде жасасқан кезде, барлық өтінімдердің бір уақытта берілуіне;

      түсіндірме жазбасы негізінде "Қазынашылық-клиент" АЖ шартты тіркеу туралы соңғы хабарламаны көрсете отырып өтінімді қарау нысанында "Өтінім түрі" жолағын толтыру болуын тексеруді жүзеге асырады.

      "Қазынашылық-Клиент" АЖ-да өтінімдерді қарау нысанында түсіндірме жазбаға сәйкес "бұзу" белгісінің болуы (мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы жасалған шартты бұзған кезде).";

      203-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "203. Шартты тіркеу туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) мемлекеттік мекеменің ақша алушымен жасасқан шартының (қосымша келісімінің) тіркелуін растайтын құжат болып табылады.

      Хабарлама аумақтық қазынашылық бөлімшесінде шарт (қосымша келісім) нысанындағы азаматтық-құқықтық мәмілелерді тіркеген кезде ғана беріледі.

      Хабарлама ҚБАЖ-да бекітілген өтінім деректемелерінің негізінде ҚБАЖ-да қалыптастырылады.

      Нөлдік сомамен азаматтық-құқықтық мәмілені тіркеуге өтінім бекітілген кезде хабарлама қалыптастырылмайды.";

      206-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "206. Мыналар:

      тіркелген шарттың сомасы;

      шарттың қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асып кететін ағымдағы қаржы жылына арналған тіркелген шарттың сомасы;

      бюджеттік бағдарламаның, кіші бағдарламаның коды мен атауы, ерекшеліктері;

      тараптардың атауын қоспағанда, тараптардың деректемелері;

      бұрын ҚБАЖ-да қалыптастырылған хабарлама жабылатын және 82-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жаңа Хабарлама қалыптастырылатын қосымша келісім тіркелген кезде өзгертіледі.

      Тіркелген шарттың сомасы кассалық шығыс сомасына дейін азайған не қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын, ағымдағы қаржы жылына арналған сома жоспарлы кезеңнің екінші және/немесе үшінші жылына ішінара не толық ауыстырылатын және нөлге тең шарт бойынша ағымдағы қаржы жылының сомасы азайған кезде, ҚБАЖ-да бұрын қалыптастырылған хабарлама жабылады, жаңа хабарлама ағымдағы қаржы жылынан аспайды. қалыптасады.

      Тараптардың атауы өзгертілген қосымша келісім ұсынылған кезде 82-қосымшаға сәйкес нысандағы хабарлама оның жабылуынсыз өзгертуге жатады.

      ҚБАЖ-да, оның негізінде қолданылу мерзімі бір қаржы жылынан асып кететін бұрын тіркелген шарттың ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасы тіркелетін өтінімді бекіткен кезде 82-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Хабарлама ағымдағы қаржы жылының сомасына қалыптастырылады.";

      362-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "362. Аумақтық қазынашылық бөлімшелері, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, қаржылық және/немесе қаржылық емес қолдау операторларына кодтардың және қаржылық және/немесе қаржылық емес қолдау операторларының шоттарының және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің, қаржылық және/немесе қаржылық емес қолдау операторларының шоттарының ашылғаны туралы оларды орталық уәкілетті орган оларды ашқан күннен кейінгі бір жұмыс күннен кешіктірмей тиісті мемлекеттік кірістер органдарына жазбаша хабарлайды.";

      371-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "371-2. Қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдауды жүзеге асыру бойынша төлемдер мен аударымдарды жүргізу үшін қаржылық және (немесе) қаржылық емес қолдау операторы қағаз жеткізгіште немесе "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша электрондық түрде аумақтық қазынашылық бөлімшесіне ("Қазынашылық-клиент" АЖ-да қалыптастырады) төлем тапсырмасын және төлемнің негізділігін растайтын құжаттарды: осы Ережеге 115-2-қосымшаға сәйкес тауарларды жеткізу туралы шот-фактураның немесе жүкқұжаттың (актінің) немесе орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер актісінің, мемлекеттік бағдарламаларды қаржылық қолдауды жүзеге асыру бойынша төлем жүргізу үшін растаудың немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де құжат түрінің көшірмелері.

      "Қазынашылық-клиент" АЖ бойынша қызмет көрсету кезінде заңды тұлға басшысының және бас бухгалтерінің ЭЦҚ-мен қол қойылған төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың сканерленген үлгісі бекітіледі.";

      374-тармақтың екінші бөлігінің жиырма бірінші абзацы алып тасталсын;

      378-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "378-1. Осы тарауда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      қазынашылық қолдау – құрылыспен байланысты бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуына ағымдағы бақылауды жүзеге асыру, қолма-қол ақшаны бақылау шоттары арқылы төлемдер жүргізудің барлық кезеңдерінде бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыруға қатысушылар – бас мердігер мен қосалқы мердігердің салықтарды және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді төлеуінің толықтығын қамтамасыз ету жөніндегі қызмет;

      қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердігер (мердігер) – заңды тұлға, тапсырыс берушімен қазынашылық қолдау кезінде құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алу туралы жасасқан шарт бойынша тарапы болып әрекет етуші (бұдан әрі – қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердігер);

      қазынашылық қолдау кезіндегі қосалқы мердігер – құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алуды қазынашылық қолдау шеңберінде бас мердігермен бірге қосалқы мердігерліктің шарты бойынша жекелеген кешендерді немесе жұмыс түрін орындайтын ұйым;

      қазынашылық қолдау кезіндегі тапсырыс беруші – мемлекеттік мекеме, қазынашылық қолдау шеңберіндегі құрылыс бойынша мемлекеттік сатып алудың ұйымдастырушысы;

      мемлекеттік сатып алу шоты – бас мердігерлерге және қосалқы мердігерлерге қазынашылық қолдау шеңберінде аударылған қаражатты есептен шығару және есепке алумен байланысты қолма-қол ақшаны бақылау шоты (бұдан әрі - МСА шоты);

      төлем сертификаты – осы Ереженің 115-3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, қазынашылық қолдау шеңберінде төлемдер жүргізген кезде төлемді орындау үшін негізгі болатын кейінен аумақтық қазынашылық органдарына ұсыну үшін тапсырыс берушімен қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердiгерге берілген құжат.";

      378-5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "378-5. Аумақтық қазынашылықтың органдары төлемдерді жүргізген кезде қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердігермен төлем сертификатына және ЭШФ, ал қазынашылық қолдау кезінде қосалқы мердігермен - ЭШФ-ға сәйкес бақылауды жүзеге асырады.";

      378-21-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "378-21. Қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердігерлердің және қазынашылық қолдау кезіндегі қосалқы мердігерлердің төлемдері және (немесе) ақша аударымдары МСА шоттарында қалған ақша қалдықтарының шегінде қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердігерлер және қазынашылық қолдау кезіндегі қосалқы мердігерлермен № 208 қаулымен белгіленген нысан бойынша төлем тапсырмасын қалыптастыру жолымен жүргізіледі.

      Төлем тапсырмасын қалыптастыру үшін негіз:

      қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердігерлер үшін –төлем сертификаты, ЭШФ;

      қазынашылық қолдау кезіндегі қосалқы мердігерлер үшін – ЭШФ;

      қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердігерлер мен қосалқы мердігерлер үшін өз қаражаты есебінен жүргізілген ағымдағы шығындарды өтеу кезінде төлем сертификаты болып табылады.

      Қазынашылық қолдау кезінде бас мердігердің үстеме шығыстарды төлеуі Қазақстан Республикасы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес төлем тапсырмасы және төлем сертификаты негізінде олардың екінші деңгейдегі банктерде ашылған шоттарға жүзеге асырылады.

      Қазынашылық қолдау кезінде бас мердігерлер және қазынашылық қолдау кезінде қосалқы мердігерлер аумақтық қазынашылық органдарына осы тармақта көрсетілген құжаттарды қоса төлем тапсырмасын ұсынуды қамтамасыз етеді.

      Қазынашылықта ашылған шоттардан бас мердігердің немесе қосалқы мердігердің өз қаражаты есебінен жүргізілген ағымдағы шығындарды өтеу кезінде екінші деңгейдегі банктерде бас мердігердің немесе қосалқы мердігердің шоттарына төлем өтеуге жататын жүргізілген шығындарды көрсете отырып, төлем сертификаты негізінде жүргізіледі.

      Бас мердігердің немесе қосалқы мердігердің өз қаражаты есебінен қазынашылықта ашылған шоттардан бас мердігердің немесе қосалқы мердігердің екінші деңгейдегі банктерге жүргізген ағымдағы шығындарын өтеуге тапсырыс беруші мен бас мердігердің арасында жасалған мемлекеттік сатып алу шартында аванс беру талаптары болмаған кезде ғана жол беріледі.

      Тауарларды (жұмыстар орындауды, қызметтер көрсетуді) сатып алу үшін төлемдерді ақшаны түпкілікті алушы қосалқы мердігерлерге (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өндірушілерге) екінші деңгейдегі банкте ашық шоттарға аударуды:

      бас мердігерлер төлем сертификаты мен ЭШФ негізінде;

      қосалқы мердігерлер ЭШФ негізінде жүзеге асырады.

      Бас мердігердің қосалқы мердігерлерге мемлекеттік сатып алу шоттарына және ақшаны түпкілікті алушы қосалқы мердігерлерге (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өндірушілерге) екінші деңгейдегі банкте ашық шоттарға аванстық (алдын-ала) төлемді жасалған шарт сомасының 30 пайызынан аспайтын мөлшерде аударуы төлем тапсырмасы негізінде жүзеге асырылады.

      Қосалқы мердігерлердің мемлекеттік сатып алу шоттарынан ақшаны түпкілікті алушы қосалқы мердігерлерге (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өндірушілерге) аванстық (алдын-ала) төлемді жасалған шарт сомасының 30 пайызынан аспайтын мөлшерде аударуы төлем тапсырмасы негізінде жүзеге асырылады.";

      387-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "387. Жүргізілген төлемдердің болжамдық көлемі республикалық және жергілікті бюджеттерге түсетін түсімдер болжамдау көлемі мен тиісті бюджеттің шотындағы бюджет қаражатының қалдығынан (қолма-қол ақша тапшылығы) артып кеткен және мемлекеттік бағалы қағаздар шығару немесе жоғары тұрған бюджеттен қарыз алуды жүзеге асыру арқылы алдағы айда ақша тарту үдерісін ұйымдастыру мүмкін болмаған кезде, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган бюджеттік бағдарламалар бойынша осы Ереженің 2-тарауының 4-параграфында белгіленген тәртіппен бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің өтінімдері негізінде алдағы кезеңге жоспарлы тағайындауларды ауыстыру жолымен қаржыландырудың жиынтық жоспарына өзгеріс енгізеді.";

      115-1-қосымшасы алып тасталсын;

      осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес көрсетілген Ережеге 115-3-қосымшамен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қаржы министрінің
2023 жылғы 20 ақпандағы
№ 189 бұйрығына
қосымша
  Бюджеттің атқарылуы және
оған кассалық қызмет
көрсету ережесіне
115-3–қосымша
  Нысан

Мемлекеттік мекеме қазынашылық қолдау кезінде тапсырыс беруші ________________

      ________________________________________________________

      Қазынашылық қолдау кезіндегі бас мердігер __________________

      Құрылыс объектісі __________________________

      Төлем сертификаты № _____

      күні "___" ________

Төлеуге жататын тауарлар, жұмыстар, қызметтер сипаттамасы

Шарт бойынша жалпы құны (тенге)

Құны (тенге)

Ескертпе




























Төлеуге барлығы






      Қазынашылық қолдау кезінде тапсырыс беруші ________________________________

                                                тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы

      Мөр орны

      Қазынашылық қолдау кезіндегі

      бас мердігер _____________________________ _________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) қолы

      Мөр орны

      күні